Логикалық есептер
Логикалық есептер

#1 слайд
© FokinaLidia Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.
Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы
19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2
жасқа толады.
Қанша жылдан кейін анасы мен үш
қызының қосынды жасы теңеседі?
Ойлынып көр.
1 слайд
© FokinaLidia Қашан теңеседі Бір ананың үш қызы болады. Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға, ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады. Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр.
#2 слайд
© FokinaLidia Жауабы
Алдымен үш қызымен шешесінің жас
айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір
жылда шешесінің жасы 1-ге, үш
қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен
1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол
10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына
5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін
шешесі мен үш қызының жасы бірдей
болады.
2 слайд
© FokinaLidia Жауабы Алдымен үш қызымен шешесінің жас айырмасын табу керек. Ол 10 жас. Бір жылда шешесінің жасы 1-ге, үш қызынікі 3-ке артады. Олай болса 3-тен 1-ді шегеру керек. 2 саны шығады. Ол 10 айырмаға сай келеді, яғни 1 санына 5 жас сәйкес. Демек, бес жылдан кейін шешесі мен үш қызының жасы бірдей болады.
#3 слайд
© FokinaLidia Тапқыр тұтқын
Бір патша тұтқынға түскен дұшпан
әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе
айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып
өлтірткіземін, егер шын болса дарға
асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір
нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не
айтты екен?
3 слайд
© FokinaLidia Тапқыр тұтқын Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай дейді: «Маған бірдеңе айт, егер айтқан сөзің өтірік болса атып өлтірткіземін, егер шын болса дарға асып өлтіртемін.» Сонда әлгі тұтқын бір нәрсе айтып, аман қалыпты. Тұтқын не айтты екен?
#4 слайд
© FokinaLidia Мені атып өлтірткізесің» депті.
Егер оны атып өлтірсе,
шындықты айтқан
болатындықтан асып өлтірілуі
қажет болады. Егер оны асып
өлтіртсе өтірік айтқан болып,
атып өлтірілуді қажет етер еді. -
4 слайд
© FokinaLidia Мені атып өлтірткізесің» депті. Егер оны атып өлтірсе, шындықты айтқан болатындықтан асып өлтірілуі қажет болады. Егер оны асып өлтіртсе өтірік айтқан болып, атып өлтірілуді қажет етер еді. -
#5 слайд
© FokinaLidia Жаңғақтар
Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар,
ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды
үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп
жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып
келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген
алмаларының мөлшеріне тең келетіндей
етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша
қаншадан түседі?
5 слайд
© FokinaLidia Жаңғақтар Мұраттың 7, Мақсаттың 8 алмасы бар, ал Асанның алмасы жоқ. Алмаларды үшеуі бес бестен теңдей қылып бөліп жейді. Кейін Асан үйінен 30 жаңғақ алып келеді. Мұрат пен Мақсатқа берген алмаларының мөлшеріне тең келетіндей етіп бөлістіріп береді. Екеуіне қанша қаншадан түседі?
#6 слайд
© FokinaLidia Жауабы
Мұратқа 12 жаңғақ,
Мақсатқа 18 жаңғақ
беріледі.
6 слайд
© FokinaLidia Жауабы Мұратқа 12 жаңғақ, Мақсатқа 18 жаңғақ беріледі.
#7 слайд
© FokinaLidia Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп,
«Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге
беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін
әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым,
2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда
әкесі баласына «Кітапты оқымағансың»
деп жауап беріпті. Баласының кітапты
оқымағанын әкесі қайдан білген?
7 слайд
© FokinaLidia Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, саған 2000 теңге беремін», депті. Баласы 1 аптадан кейін әкесіне келіп, «Әке кітапты оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» дейді. Сонда әкесі баласына «Кітапты оқымағансың» деп жауап беріпті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білген?
#8 слайд
© FokinaLidia Жауабы
Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде
болған.
8 слайд
© FokinaLidia Жауабы Өйткені 2000 теңге кітаптың ішінде болған.
#9 слайд
© FokinaLidia Қанша балық
Бір аю әр күні алдыңғы жеген
күніндегіден 6 балық артық жей отырып
5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші
күні қанша балық жеген?
9 слайд
© FokinaLidia Қанша балық Бір аю әр күні алдыңғы жеген күніндегіден 6 балық артық жей отырып 5 күн ішінде 100 балық жейді. Аю бірінші күні қанша балық жеген?
#10 слайд
© FokinaLidia Жауабы
Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100
5Х=40,
Х=8 балық.
10 слайд
© FokinaLidia Жауабы Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100 5Х=40, Х=8 балық.
#11 слайд
© FokinaLidia Үш лампа
Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың
қосқышы (включатель) басқа бөлмеде.
Лампалардың барлығы сөнік тұр.
Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана
баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға
тиесілі екенін бір рет қана барып келіп
қалай анықтауға болады?
11 слайд
© FokinaLidia Үш лампа Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы (включатель) басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөнік тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?
#12 слайд
© FokinaLidia Жауабы
Әуелі бір қосқышты басып, 5 минуттай
күткеннен соң оны сөндіріп басқа
қосқышты басамыз. Бөлмеге келгенде
сөніп тұрған бірақ ыстық лампа әуелгі
қосып өшірген бірінші қосқышқа тиесілі.
Жанып тұрған лампа екінші қосқышқа,
ал сөніп суық болып тұрған лампа еш
тимеген үшінші қосқышқа тиесілі.
12 слайд
© FokinaLidia Жауабы Әуелі бір қосқышты басып, 5 минуттай күткеннен соң оны сөндіріп басқа қосқышты басамыз. Бөлмеге келгенде сөніп тұрған бірақ ыстық лампа әуелгі қосып өшірген бірінші қосқышқа тиесілі. Жанып тұрған лампа екінші қосқышқа, ал сөніп суық болып тұрған лампа еш тимеген үшінші қосқышқа тиесілі.
#13 слайд
© FokinaLidia 3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын
болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы
үшін қанша сағат керек?
13 слайд
© FokinaLidia 3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек?
#14 слайд
© FokinaLidia Жауабы
3 сағат
14 слайд
© FokinaLidia Жауабы 3 сағат
#15 слайд
© FokinaLidia А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б
қаласына қонғанда сағат 10:00 болады.
Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де
ұшып, А қаласына қонғанда сағат 20:00-
ді көрсетеді. Бірдей жылдамдықпен
барып келген ұшақтың А қаласынан Б
қаласына баруы немесе Б қаласынан А
қаласына қайтуы қанша сағат?
15 слайд
© FokinaLidia А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат 20:00- ді көрсетеді. Бірдей жылдамдықпен барып келген ұшақтың А қаласынан Б қаласына баруы немесе Б қаласынан А қаласына қайтуы қанша сағат?
#16 слайд
© FokinaLidia А мен Б қалаларының уақыттарында 2
сағат айырмашылық бар және екі қала
арасындағы сапар 4 сағатқа созылады.
16 слайд
© FokinaLidia А мен Б қалаларының уақыттарында 2 сағат айырмашылық бар және екі қала арасындағы сапар 4 сағатқа созылады.
шағым қалдыра аласыз













