Материалдар / Мектепшілік олимпиада 7сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мектепшілік олимпиада 7сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыға логиканы жақсартуға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2021
569
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ДӘРІС 1 Ветеринариялық токсикология пәніне кіріспе. Дәрістің жоспары: 1.Пәнге анықтама. Ветеринарлық токсикологияның маңызы м

1 слайд
  ДӘРІС 1 Ветеринариялық токсикология пәніне кіріспе. Дәрістің жоспары: 1.Пәнге анықтама. Ветеринарлық токсикологияның маңызы мен міндеті. Басқа ғылымдармен байланысы. 2. Уланудың негізгі себептері. 3.Улар, оларды анықтау. Улардың жіктелуі, улы заттардың токсикодинамика және токсикокинетика. Дәрістің мақсаты: Студенттерге у және улану жайлы мәліметтер жеткізу. Түйін сөздер: Токсин, пестицид, токсикодинамика, токсикокинетика.

Токсикология –улы заттардың мал организміне әсерін, олардың қасиетіне организмнің сезімталдығын, улану себептерін, сонымен бір

2 слайд
Токсикология –улы заттардың мал организміне әсерін, олардың қасиетіне организмнің сезімталдығын, улану себептерін, сонымен бірге диагноз қоюын, емдеу және алдын-алу жолдарын зерттейтін ғылым. Токсикология гректің “toxicon”-улы зат, у-садақ ұшының уы және logos – ілім деген сөзден шыққан. Басқаша айтқанда, улы заттарды зерттейтін ғылым. Олар өсімдіктерге жинақталып жануарлар организміне төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін: Топырақ-өсімдік-жануарлар-жануар өнімі-адам.

Токсикология басқа пәндермен тығыз байланысты, себебі: олар әр алуан уларды зерттейді  ботаника (улы өсімдіктерді)  микробиол

3 слайд
Токсикология басқа пәндермен тығыз байланысты, себебі: олар әр алуан уларды зерттейді  ботаника (улы өсімдіктерді)  микробиология (токсиндерді бөлетін патогендік микроорганизмдер)  паразитология (уытты заттар бөлетін гельминттер)  зоология (улы жәндіктер және бауырымен жорғалаушылар)  микология (улы-зардапты саңырауқұлақтар)  химия (уытты бейорганикалық және органикалық қосылыстар)  патфизиология  фармакология  клиникалық диагностика, терапия  патанатомия  биохимия(гармондардың,ферменттердің п/б өзгеруі) ъ  зоотехникалық пәндер(зоогигена, мал азықтандыру)  эпизоотлогия  ветсан сараптау.      

Токсикологияның міндеттері  пестицидтердің , минералды тыңайтқыштардың, улы өсімдікт

4 слайд
Токсикологияның міндеттері  пестицидтердің , минералды тыңайтқыштардың, улы өсімдіктердің, жемге қосылатын қосылыстардың уыттылығын және кумулятивті әсерін анықтау.  улы заттардың биохимиялық және молекулярлық уытты әсерін (токсикодинамикасын) зерттеу  улы заттардың организмде сіңірілу құбылысын (токсикокинетика), таралуын, жинақталуын және олардың организмнен бөлініп шығу динамикасын эксперименталды тұрғыдан анықтау.  жануарлардың пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен, улы өсімдіктермен және басқа да улы заттармен уланғанда диагноз қою тәсілдерін, профилактикалық шаралар және антидотты (суға қарсы) терапияны жоғары дәрежеде жүргізу.  жемдегі, судағы, жануарлар өнімдеріндегі,мүшелері мен ұлпаларындағы даралаған (шабындықтар, жайылымдар,суаттар т.б.) улы заттардың мөлшерін анықтау.  жануарлар,балықтар мен аралардың пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен т.б. улы заттармен уланғанда олардан алынатын өнімдерге (сүт, ет, май, жұмыртқа, бал) ветсан экспертизалық баға беру.  токсикозданған ауылшаруашылық малдарды диагнозын, профилактикасын және емдеу әдістерін дұрыс жүргізу үшін жаңа әдістемелік нұсқаулар енгізу. Қорыта айтқанда ветеринарлық токсикологияның 2 міндеті бар:  уланудың алдын алу  жануарларға дұрыс дәрежеде көмектесу  

Уланудың негізгі себептері  улы химикаттарды сақтағанда, тасымалдағанда және қолданғанда қауіпсіздік шараларын және санитарлық

5 слайд
Уланудың негізгі себептері  улы химикаттарды сақтағанда, тасымалдағанда және қолданғанда қауіпсіздік шараларын және санитарлық ережелерді дұрыс сақтамау;  құрама жем шығаратын зауыттарда жемнің сапасын бақыламау;  жайылымдық және шабындық жерлерді дұрыс бақыламау;  өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау кезінде қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана білмеу;  егін және мал шаруашылығы маңдарының бір-бірімен байланысының жоқтығы;  егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар, минералдық тыңайтқыштар, улы өсімдіктер, туралы білімінің таяздығы.  ауылшаруашылық мамандарының арасында улы заттар туралы үгіт-насихат жұмыстарының нашар жүргізілуінен.

 жалпы токсикология – жануарлардың улануының жалпы заңдылықтарын, улану себептерін, уланудың даму механизмін және малды емде

6 слайд
  жалпы токсикология – жануарлардың улануының жалпы заңдылықтарын, улану себептерін, уланудың даму механизмін және малды емдеп, алдын-алу шараларын зерттейді.  Жеке токсикология – белгілі бір улы заттың жануарлардың белгілі бір тобына әсерін және организмге түскен уға қарсы организмнің оған қарсы жауап қайтару реакциясын, клиникалық көрінісін зерттейді.

Жеке токсикология 4 бөліктен тұрады:  минералдық және синтетикалық қосылыстардан улану.  өсімдік тектес улардан улану.  сапа

7 слайд
Жеке токсикология 4 бөліктен тұрады:  минералдық және синтетикалық қосылыстардан улану.  өсімдік тектес улардан улану.  сапасыз азықтардан улану  жануар тектес улармен улану.

Ветеринарлық токсикологияда дозаның мынадай түрлері бар (улы заттар токсиметриясының негізгі параметрлері) :  Lim ac – (ав

8 слайд
Ветеринарлық токсикологияда дозаның мынадай түрлері бар (улы заттар токсиметриясының негізгі параметрлері) :  Lim ac – (автордың көрсеткіші бойынша оның ). Улы заттардың ең төменгі дозасы – мұнда улы заттар ағзада белгілі бір деңгейде функционалдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық белгілері байқалмайды (ас,мг/кг) (улы заттарды бір рет ішке немесе тері астына қолданған дозасы).  ЛД 0 – 2 жетідей бақылау ішінде жануарлар төтеп бере алатын заттардың ең жоғарғы дозасы. Мұнда ағзада айтарлықтай патологиялық өзгерістер пайда болғанымен жануарлар өлімге ұшырамайды.  ЛД 50 - улы заттардың орташа дәрежеде өлімге душар еткізетін дозасы. Бұл улы заттардың 2 апталық бақылау мерзімінде жануарлардың 50% өлімге душар еткізетін дозасы.  ЛД 100 – улы заттардың толық өлімге душар еткізетін дозасы.  Cl 50 және Cl 100 – бұл 20 температурада 2 сағат мерзімде жануарларды 50 және 100 %-ке дейін өлімге душар еткізетін улы заттардың мг/м 3 ауадағы концентрациясы.

Барлық улы заттар мынадай 2 топқа бөлінеді:  Экзогенді – сыртқы ортадан түсетін уытты заттар. Экзогенді улы заттар өз

9 слайд
Барлық улы заттар мынадай 2 топқа бөлінеді:  Экзогенді – сыртқы ортадан түсетін уытты заттар. Экзогенді улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: - Минерал тектес улы заттарға ауыр металл тұздары жатады (сынап, қорғасын, жез, молибден, таллий, барий және олардың қосындылары және т.б.). - Органикалық улы заттарға – пестицидтер, органикалық қышқылдар және т.б. - Өсімдік тектес улы заттарға - алколоидтар, глюкозиттер, сапониндер, эфир майлары т.б. жатады . - Жануар тектес улы заттарға – жылан, ара және буын аяқтылар улары, бактерия, вирус және басқа да микроорганизмдердің токксиндері жатады.  эндогенді – ағзаның өзінде қалыпты тіршілік әрекеті кезінде және әртүрлі ауру кезінде пайда болатын уытты заттар(индол, скатол, нитрат, нитриттердің ыдырау өнімдері).

Улы заттардың жіктелуі (классификация) . өндіріс саласында қолдануы жағынан (зиянкестерге қарсы ) пестицидер мынадай топтарға бө

10 слайд
Улы заттардың жіктелуі (классификация) . өндіріс саласында қолдануы жағынан (зиянкестерге қарсы ) пестицидер мынадай топтарға бөлінеді:  акарицидтер – кенелерге қарсы қолданылады  арборицидтер – милиорация кезінде шөппен талдарды өсірмеу үшін қолданылады  альгицидтер – су қоймаларындағы балдырларға қарсы  аттрактанттар – зиянды жәндіктерді өзіне жақындататындар  антитрактанты - зиянды жәндіктерді өзіне жақындатпайтындар  гербицидтер – арам өсімдіктерге қарсы  дефолианттар – тех.өсімдіктердің жапырақ түсіруге;  десиканттар - өсімдіктерді құрғатады;  зооцид және родентицидтер – кеміргіштерге қарсы;  инсектицидер – зиянды жәндіктерге қарсы  ларвицидтер – личинкаларға қарсы;  нематоцидтер – жұмыр құрттарға қарсы  овицидтер – жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы;  ретарданттар - өсімдіктердің өсуін реттейді;  репелленттер – жәндіктерді үркіту үшін  фунгицидтер - әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы  ихтиоцидтер – арам балықтарға қарсы  хемостерилянттар - жәндіктердің еркегінен ұрғашыларын стерильдеу

Пестицидтер химиялық құрылымы бойынша: - Фосфорорганикалық (ФОҚ) , - хлорорганикалық (ХОҚ), - карбоматтар,

11 слайд
Пестицидтер химиялық құрылымы бойынша: - Фосфорорганикалық (ФОҚ) , - хлорорганикалық (ХОҚ), - карбоматтар, - сынап қосылыстары, - хлорфеноксисірке қышқылының, мочевина және триазин туындылары, - гетероциклдік , - мыс, циан-, радон және фтор қосылыстарына бөлінеді.

Улы заттар өздерінің қасиетіне байланысты, жергілікті және жалпы (резорбтивті ) әсер етеді.  Жергілікті әсері – ағзаның белгіл

12 слайд
Улы заттар өздерінің қасиетіне байланысты, жергілікті және жалпы (резорбтивті ) әсер етеді.  Жергілікті әсері – ағзаның белгілі бір бөлігіне әсер етіп ағзаның жалпы реакциясы өзгермейді.  Жалпы әсері – улы заттар қанға сорылып бүкіл ағзаға әсер етіп клиникалық көрінісі байқалады.

Улы заттар ағзаға эмбриогенді, тератогенді, мутагенді, канцерогенді және аллергиялық әсер етеді.  эмбриогенді әсерде – эмбрион

13 слайд
Улы заттар ағзаға эмбриогенді, тератогенді, мутагенді, канцерогенді және аллергиялық әсер етеді.  эмбриогенді әсерде – эмбриондардың өсіп-өнуін тоқтатады.  тератогенді әсерде – эмбриондардың өсіп өнуі жойылмағанымен әртүрлі қолайсыз жағдайларға ұщырайды(кемістік).  мутагенді әсерде – жыныс мүшелерінің қызметі нашарлап, дұрыс дамып жетілмеген ұрпақтар пайда болады.  канцерогенді әсерде – клетка элементтерінің өсуі шектен тыс көбейіп зарарлы ісікке ұшырайды.  аллергиялық әсерде - әртүрлі аллергиялық реакциялар пайда болады

ТОКСИКОДИНАМИКА– улы заттардың жануарлардың ағзасына әсер ету механизмін зерттейді. ТОКСИКОКИНЕТИКА – улы заттардың ағза

14 слайд
ТОКСИКОДИНАМИКА– улы заттардың жануарлардың ағзасына әсер ету механизмін зерттейді. ТОКСИКОКИНЕТИКА – улы заттардың ағзаға сіңірілу, таралу , жиналу және ағзадан бөліну заңдылықтарын зерттейді. Ағзаға енген улы заттар тотығады, тотықсызданады, гидролизге және басқа да диссимиляциялық өзгерістерге түседі. Мысалы: бензол– феноксибензолға, формальдегид – құмырсқа қышқылына айналады. Тоықсыздану тотығуға қарағанда сиректеу кездеседі. Мысалы: өте уытты келетін нитриттер уыттығы аз нитриттерге айналады.

15 слайд