1 слайд
ДӘРІС 1
Ветеринариялық токсикология пәніне кіріспе.
Дәрістің жоспары:
1.Пәнге анықтама. Ветеринарлық токсикологияның
маңызы мен міндеті. Басқа ғылымдармен
байланысы.
2. Уланудың негізгі себептері.
3.Улар, оларды анықтау. Улардың жіктелуі, улы
заттардың токсикодинамика және токсикокинетика.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге у және улану
жайлы мәліметтер жеткізу.
Түйін сөздер: Токсин, пестицид, токсикодинамика,
токсикокинетика.
2 слайд
Токсикология –улы заттардың мал организміне әсерін,
олардың қасиетіне организмнің сезімталдығын, улану
себептерін, сонымен бірге диагноз қоюын, емдеу және
алдын-алу жолдарын зерттейтін ғылым.
Токсикология гректің “toxicon”-улы зат, у-садақ ұшының
уы және logos – ілім деген сөзден шыққан. Басқаша
айтқанда, улы заттарды зерттейтін ғылым.
Олар өсімдіктерге жинақталып жануарлар организміне
төмендегідей тізбек бойынша өтуі мүмкін:
Топырақ-өсімдік-жануарлар-жануар өнімі-адам.
3 слайд
Токсикология басқа пәндермен тығыз байланысты, себебі: олар әр алуан уларды
зерттейді
ботаника (улы өсімдіктерді)
микробиология (токсиндерді бөлетін патогендік микроорганизмдер)
паразитология (уытты заттар бөлетін гельминттер)
зоология (улы жәндіктер және бауырымен жорғалаушылар)
микология (улы-зардапты саңырауқұлақтар)
химия (уытты бейорганикалық және органикалық қосылыстар)
патфизиология
фармакология
клиникалық диагностика, терапия
патанатомия
биохимия(гармондардың,ферменттердің п/б өзгеруі) ъ
зоотехникалық пәндер(зоогигена, мал азықтандыру)
эпизоотлогия
ветсан сараптау.
4 слайд
Токсикологияның міндеттері
пестицидтердің , минералды тыңайтқыштардың, улы өсімдіктердің, жемге қосылатын
қосылыстардың уыттылығын және кумулятивті әсерін анықтау.
улы заттардың биохимиялық және молекулярлық уытты әсерін (токсикодинамикасын)
зерттеу
улы заттардың организмде сіңірілу құбылысын (токсикокинетика), таралуын,
жинақталуын және олардың организмнен бөлініп шығу динамикасын эксперименталды
тұрғыдан анықтау.
жануарлардың пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен, улы өсімдіктермен және
басқа да улы заттармен уланғанда диагноз қою тәсілдерін, профилактикалық шаралар
және антидотты (суға қарсы) терапияны жоғары дәрежеде жүргізу.
жемдегі, судағы, жануарлар өнімдеріндегі,мүшелері мен ұлпаларындағы даралаған
(шабындықтар, жайылымдар,суаттар т.б.) улы заттардың мөлшерін анықтау.
жануарлар,балықтар мен аралардың пестицидтермен, минералды тыңайтқыштармен т.б.
улы заттармен уланғанда олардан алынатын өнімдерге (сүт, ет, май, жұмыртқа, бал)
ветсан экспертизалық баға беру.
токсикозданған ауылшаруашылық малдарды диагнозын, профилактикасын және емдеу
әдістерін дұрыс жүргізу үшін жаңа әдістемелік нұсқаулар енгізу.
Қорыта айтқанда ветеринарлық токсикологияның 2 міндеті бар:
уланудың алдын алу
жануарларға дұрыс дәрежеде көмектесу
5 слайд
Уланудың негізгі себептері
улы химикаттарды сақтағанда, тасымалдағанда және
қолданғанда қауіпсіздік шараларын және санитарлық
ережелерді дұрыс сақтамау;
құрама жем шығаратын зауыттарда жемнің сапасын бақыламау;
жайылымдық және шабындық жерлерді дұрыс бақыламау;
өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден қорғау кезінде
қолданылатын химиялық заттарды дұрыс қолдана білмеу;
егін және мал шаруашылығы маңдарының бір-бірімен
байланысының жоқтығы;
егін және мал шаруашылығы мамандарының улы химикаттар,
минералдық тыңайтқыштар, улы өсімдіктер, туралы білімінің
таяздығы.
ауылшаруашылық мамандарының арасында улы заттар туралы
үгіт-насихат жұмыстарының нашар жүргізілуінен.
6 слайд
жалпы токсикология – жануарлардың улануының жалпы
заңдылықтарын, улану себептерін, уланудың даму
механизмін және малды емдеп, алдын-алу шараларын
зерттейді.
Жеке токсикология – белгілі бір улы заттың
жануарлардың белгілі бір тобына әсерін және
организмге түскен уға қарсы организмнің оған қарсы
жауап қайтару реакциясын, клиникалық көрінісін
зерттейді.
7 слайд
Жеке токсикология 4 бөліктен тұрады:
минералдық және синтетикалық қосылыстардан
улану.
өсімдік тектес улардан улану.
сапасыз азықтардан улану
жануар тектес улармен улану.
8 слайд
Ветеринарлық токсикологияда дозаның мынадай түрлері
бар (улы заттар токсиметриясының негізгі
параметрлері) :
Lim ac – (автордың көрсеткіші бойынша оның ). Улы заттардың ең
төменгі дозасы – мұнда улы заттар ағзада белгілі бір деңгейде
функционалдық өзгерістер туғызғанымен, уланудың клиникалық
белгілері байқалмайды (ас,мг/кг) (улы заттарды бір рет ішке немесе тері
астына қолданған дозасы).
ЛД
0 – 2 жетідей бақылау ішінде жануарлар төтеп бере алатын заттардың
ең жоғарғы дозасы. Мұнда ағзада айтарлықтай патологиялық өзгерістер
пайда болғанымен жануарлар өлімге ұшырамайды.
ЛД
50 - улы заттардың орташа дәрежеде өлімге душар еткізетін дозасы. Бұл
улы заттардың 2 апталық бақылау мерзімінде жануарлардың 50% өлімге
душар еткізетін дозасы.
ЛД
100 – улы заттардың толық өлімге душар еткізетін дозасы.
Cl
50 және Cl
100 – бұл 20 температурада 2 сағат мерзімде жануарларды 50
және 100 %-ке дейін өлімге душар еткізетін улы заттардың мг/м 3
ауадағы
концентрациясы.
9 слайд
Барлық улы заттар мынадай 2 топқа
бөлінеді:
Экзогенді – сыртқы ортадан түсетін уытты заттар.
Экзогенді улы заттар өз кезегінде мынадай түрлерге
бөлінеді:
- Минерал тектес улы заттарға ауыр металл тұздары
жатады (сынап, қорғасын, жез, молибден, таллий, барий
және олардың қосындылары және т.б.).
- Органикалық улы заттарға – пестицидтер, органикалық
қышқылдар және т.б.
- Өсімдік тектес улы заттарға - алколоидтар,
глюкозиттер, сапониндер, эфир майлары т.б. жатады .
- Жануар тектес улы заттарға – жылан, ара және буын
аяқтылар улары, бактерия, вирус және басқа да
микроорганизмдердің токксиндері жатады.
эндогенді – ағзаның өзінде қалыпты тіршілік әрекеті
кезінде және әртүрлі ауру кезінде пайда болатын уытты
заттар(индол, скатол, нитрат, нитриттердің ыдырау
өнімдері).
10 слайд
Улы заттардың жіктелуі (классификация) .
өндіріс саласында қолдануы жағынан (зиянкестерге қарсы ) пестицидер мынадай топтарға бөлінеді:
акарицидтер – кенелерге қарсы қолданылады
арборицидтер – милиорация кезінде шөппен талдарды өсірмеу үшін қолданылады
альгицидтер – су қоймаларындағы балдырларға қарсы
аттрактанттар – зиянды жәндіктерді өзіне жақындататындар
антитрактанты - зиянды жәндіктерді өзіне жақындатпайтындар
гербицидтер – арам өсімдіктерге қарсы
дефолианттар – тех.өсімдіктердің жапырақ түсіруге;
десиканттар - өсімдіктерді құрғатады;
зооцид және родентицидтер – кеміргіштерге қарсы;
инсектицидер – зиянды жәндіктерге қарсы
ларвицидтер – личинкаларға қарсы;
нематоцидтер – жұмыр құрттарға қарсы
овицидтер – жәндіктердің жұмыртқаларына қарсы;
ретарданттар - өсімдіктердің өсуін реттейді;
репелленттер – жәндіктерді үркіту үшін
фунгицидтер - әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы
ихтиоцидтер – арам балықтарға қарсы
хемостерилянттар - жәндіктердің еркегінен ұрғашыларын стерильдеу
11 слайд
Пестицидтер химиялық құрылымы бойынша:
- Фосфорорганикалық (ФОҚ) ,
- хлорорганикалық (ХОҚ),
- карбоматтар,
- сынап қосылыстары,
- хлорфеноксисірке қышқылының,
мочевина және триазин туындылары,
- гетероциклдік ,
- мыс, циан-, радон және фтор
қосылыстарына бөлінеді.
12 слайд
Улы заттар өздерінің қасиетіне байланысты,
жергілікті және жалпы (резорбтивті ) әсер етеді.
Жергілікті әсері – ағзаның белгілі бір бөлігіне
әсер етіп ағзаның жалпы реакциясы өзгермейді.
Жалпы әсері – улы заттар қанға сорылып бүкіл
ағзаға әсер етіп клиникалық көрінісі байқалады.
13 слайд
Улы заттар ағзаға эмбриогенді, тератогенді, мутагенді, канцерогенді және
аллергиялық әсер етеді.
эмбриогенді әсерде – эмбриондардың өсіп-өнуін
тоқтатады.
тератогенді әсерде – эмбриондардың өсіп өнуі
жойылмағанымен әртүрлі қолайсыз жағдайларға
ұщырайды(кемістік).
мутагенді әсерде – жыныс мүшелерінің қызметі
нашарлап, дұрыс дамып жетілмеген ұрпақтар пайда
болады.
канцерогенді әсерде – клетка элементтерінің өсуі шектен
тыс көбейіп зарарлы ісікке ұшырайды.
аллергиялық әсерде - әртүрлі аллергиялық реакциялар
пайда болады
14 слайд
ТОКСИКОДИНАМИКА– улы заттардың
жануарлардың ағзасына әсер ету механизмін
зерттейді.
ТОКСИКОКИНЕТИКА – улы заттардың ағзаға
сіңірілу, таралу , жиналу және ағзадан бөліну
заңдылықтарын зерттейді.
Ағзаға енген улы заттар тотығады, тотықсызданады,
гидролизге және басқа да диссимиляциялық
өзгерістерге түседі. Мысалы: бензол– феноксибензолға,
формальдегид – құмырсқа қышқылына айналады.
Тоықсыздану тотығуға қарағанда сиректеу кездеседі.
Мысалы: өте уытты келетін нитриттер уыттығы аз
нитриттерге айналады.
15 слайд
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз