Мобильді қосымшаларды құру. Мобильді қосымшаның интерфейсі...




1 слайд
Мобильді қосымшаларды құру.
Мобильді қосымшаның
интерфейсі...
11.4.1.1 конструкторда мобильді қосымшаның
достық интерфейсін құру;
1 слайд
Мобильді қосымшаларды құру. Мобильді қосымшаның интерфейсі... 11.4.1.1 конструкторда мобильді қосымшаның достық интерфейсін құру;

2 слайд
Ой сергіту жаттығуы. Миға шабуыл сұрақтары
- Қосымшаларды жиі қолданасыңдар ма?
– Өздерің қолданған маңызды қосымшаға мысал келтіріңдер.
– Қосымшалардың түрі көбейіп жатқанын байқадыңдар ма?
(Ө) «БІЛЕМІН. БІЛГІМ КЕЛЕДІ. БІЛДІМ» кестесін
құру (оқушыларға кесте беріледі, оның 1 және 2
бағанын толтырады).
Білемін Білгім келедіБілдім
2 слайд
Ой сергіту жаттығуы. Миға шабуыл сұрақтары - Қосымшаларды жиі қолданасыңдар ма? – Өздерің қолданған маңызды қосымшаға мысал келтіріңдер. – Қосымшалардың түрі көбейіп жатқанын байқадыңдар ма? (Ө) «БІЛЕМІН. БІЛГІМ КЕЛЕДІ. БІЛДІМ» кестесін құру (оқушыларға кесте беріледі, оның 1 және 2 бағанын толтырады). Білемін Білгім келедіБілдім

3 слайд
3
Оқулықтағы жаңа материалды оқу
Мобильді қосымша (ағылш.mobile app) – нақты платформа
(iOS , Android, Windows Phone және т.б.) үшін әзірленген смартфондарда,
планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған
программалық жасақтама.
Мобильді қосымшаларды құру кезеңдері:
• мобильді қосымшаны құру мақсаты;
• техникалық құралдарын түгендеу. Нақты сметаны құру;
• брейнсторминг (миға шабуыл,яғни идеяны ұжымдық түрде білдіру арқылы
мәселенің шешімін табу әдісі) және эскиздер;
• интерфейс стилін таңдау;
• қосымша дизайнын әзірлеу;
• программалау;
• қосымшаны жариялау және тестілеу.
3 слайд
3 Оқулықтағы жаңа материалды оқу Мобильді қосымша (ағылш.mobile app) – нақты платформа (iOS , Android, Windows Phone және т.б.) үшін әзірленген смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған программалық жасақтама. Мобильді қосымшаларды құру кезеңдері: • мобильді қосымшаны құру мақсаты; • техникалық құралдарын түгендеу. Нақты сметаны құру; • брейнсторминг (миға шабуыл,яғни идеяны ұжымдық түрде білдіру арқылы мәселенің шешімін табу әдісі) және эскиздер; • интерфейс стилін таңдау; • қосымша дизайнын әзірлеу; • программалау; • қосымшаны жариялау және тестілеу.

4 слайд
4
Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды құру – қазіргі кезде программалаудың
танымал және сұранысқа ие бағыттарының бірі. Визуалды программалау ортасы
алгоритмдеу және программалау саласында мобильдік қосымшаларын құруды үйренуге
мүмкіндік береді. Мұндай орталарда программалаудың мәтіндік тілінің орнына дайын іс-
әрекеттері, әлеуметтік желілермен, веб-сайттармен немесе құрылғының сенсорларымен
жұмыс істеу функциялары және т.б. бар визуалды логикалық блоктар қолданылады.
Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы мультимедиалық мазмұнды MIT (Massachusetts
Institute of Technology) App Inventor (http://ai2.appinventor.mit.edu/) – Java және Android SDK
программалау тілін, алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білуді талап етпейтін OS
Android платформасына арналған қосымшаларды визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы. MIT
App Inventorде жұмыс істеу үшін Google немесе Google Apps аккаунты болу қажет, ал
программаларды құру программалық код блоктарын пайдалану арқылы визуалды режимде
жүзеге асырылады.
4 слайд
4 Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды құру – қазіргі кезде программалаудың танымал және сұранысқа ие бағыттарының бірі. Визуалды программалау ортасы алгоритмдеу және программалау саласында мобильдік қосымшаларын құруды үйренуге мүмкіндік береді. Мұндай орталарда программалаудың мәтіндік тілінің орнына дайын іс- әрекеттері, әлеуметтік желілермен, веб-сайттармен немесе құрылғының сенсорларымен жұмыс істеу функциялары және т.б. бар визуалды логикалық блоктар қолданылады. Визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы мультимедиалық мазмұнды MIT (Massachusetts Institute of Technology) App Inventor (http://ai2.appinventor.mit.edu/) – Java және Android SDK программалау тілін, алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білуді талап етпейтін OS Android платформасына арналған қосымшаларды визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы. MIT App Inventorде жұмыс істеу үшін Google немесе Google Apps аккаунты болу қажет, ал программаларды құру программалық код блоктарын пайдалану арқылы визуалды режимде жүзеге асырылады.

5 слайд
5
MIT App Inventor визуалды программалау ортасына кіргеннен кейін, пайдаланушы оның
жобаларының тізімі көрсетілетін бетке түседі. Барлық жасалған жобалар «Менің жобаларым»
бетінде сақталады (60-сурет).
5 слайд
5 MIT App Inventor визуалды программалау ортасына кіргеннен кейін, пайдаланушы оның жобаларының тізімі көрсетілетін бетке түседі. Барлық жасалған жобалар «Менің жобаларым» бетінде сақталады (60-сурет).

6 слайд
6
MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі екі негізгі бөліктен тұрады: дизайнер және
блоктардың редакторы. Дизайнер режимі (61-сурет)
Дизайнер қолданба интерфейсін жасауға арналған.
Бұл режим түрлі компоненттерді: батырмалар,мәтіндік
өрістер, суреттер және т.б. орналастыру үшін
қолданылады.
App Inventor интерфейсі қарапайым және интуитивті. Ол
мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Палитра – қосымша компонентінің жиынтығы. Көру –
мобильді қосымшаның экраны.
Компоненттер – жобадағы компоненттер тізімі.
Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылуға
арналған батырмалар, суреттер, мәтін, мәтінді енгізу
өрістері,интерфейстер сияқты қолданбаның
функционалдық элементтері: акселерометр, GPS (Global
Positioning System), деректерқоры компоненттер деп
аталады.
Акселерометр – ұшақ, ракета, кеме, автокөліктің және
т.б.үдеу, баяулау шамасын көрсететін аспап.
Қасиеттер бөлімінде компоненттердің параметрлері мен
қасиеттері көрсетіледі.
Медиа – пайдаланылатын медиафайлдар тізімі
(суреттер,видео, аудиороликтер және т.б.)
6 слайд
6 MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі екі негізгі бөліктен тұрады: дизайнер және блоктардың редакторы. Дизайнер режимі (61-сурет) Дизайнер қолданба интерфейсін жасауға арналған. Бұл режим түрлі компоненттерді: батырмалар,мәтіндік өрістер, суреттер және т.б. орналастыру үшін қолданылады. App Inventor интерфейсі қарапайым және интуитивті. Ол мынадай негізгі элементтерден тұрады: Палитра – қосымша компонентінің жиынтығы. Көру – мобильді қосымшаның экраны. Компоненттер – жобадағы компоненттер тізімі. Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылуға арналған батырмалар, суреттер, мәтін, мәтінді енгізу өрістері,интерфейстер сияқты қолданбаның функционалдық элементтері: акселерометр, GPS (Global Positioning System), деректерқоры компоненттер деп аталады. Акселерометр – ұшақ, ракета, кеме, автокөліктің және т.б.үдеу, баяулау шамасын көрсететін аспап. Қасиеттер бөлімінде компоненттердің параметрлері мен қасиеттері көрсетіледі. Медиа – пайдаланылатын медиафайлдар тізімі (суреттер,видео, аудиороликтер және т.б.)

7 слайд
7
Блоктар режимі (62-сурет)
Блоктар мобильді қосымшаның логикасын және оның компоненттерін
программалау үшін қолданылады, сендер таңдаған
компоненттер пайдаланушының әртүрлі әрекеттеріне жауап
береді.
Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктардың
негізгі топтары:
1. Кірістірілген блоктар
Басқару – тармақталу, цикл, бірнеше экранмен жұмыс
істеу блоктары және т.б. блоктар
Логика – қосымшадағы логикалық функцияларды пайдалану блоктары.
Математика – математикалық блоктар жиынтығы.
Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығы.
Массивтер – массивтермен, тізімдермен жұмыс істеуге
арналған блоктар.
Түстер – түстермен жұмыс жасайтын блоктар.
Айнымалылар – глобальді және локальді айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін
блоктар.
Процедуралар – программа ішінде параметрлері бар немесе оларсыз рәсімдер мен функцияларды айқындауға
мүмкіндік беретін блоктар.
2. Әрекет блоктары (Screen1) Нақты қосымшаның компоненттерінің әрекеттерін анықтайды. Қажетті
компонентті таңдағанда, қолжетімді блоктар көрсетіледі.
3. Кез келген компонент Бұл блоктар тобы қосымшада бір типті компоненттің көп санын ұйымдастыруға
және басқаруға мүмкіндік береді.
7 слайд
7 Блоктар режимі (62-сурет) Блоктар мобильді қосымшаның логикасын және оның компоненттерін программалау үшін қолданылады, сендер таңдаған компоненттер пайдаланушының әртүрлі әрекеттеріне жауап береді. Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктардың негізгі топтары: 1. Кірістірілген блоктар Басқару – тармақталу, цикл, бірнеше экранмен жұмыс істеу блоктары және т.б. блоктар Логика – қосымшадағы логикалық функцияларды пайдалану блоктары. Математика – математикалық блоктар жиынтығы. Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығы. Массивтер – массивтермен, тізімдермен жұмыс істеуге арналған блоктар. Түстер – түстермен жұмыс жасайтын блоктар. Айнымалылар – глобальді және локальді айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар. Процедуралар – программа ішінде параметрлері бар немесе оларсыз рәсімдер мен функцияларды айқындауға мүмкіндік беретін блоктар. 2. Әрекет блоктары (Screen1) Нақты қосымшаның компоненттерінің әрекеттерін анықтайды. Қажетті компонентті таңдағанда, қолжетімді блоктар көрсетіледі. 3. Кез келген компонент Бұл блоктар тобы қосымшада бір типті компоненттің көп санын ұйымдастыруға және басқаруға мүмкіндік береді.

8 слайд
8
Сұрақтарға жауап берейік
1.Мобильді қосымша дегеніміз не?
2. Қосымшаны құрудың қандай кезеңдерін білесіңдер?
3. MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі қандай
негізгі бөліктерден тұрады?
4. Қандай қызықты мобильді қосымшаларды білесіңдер?
Мысал келтіріңдер.
8 слайд
8 Сұрақтарға жауап берейік 1.Мобильді қосымша дегеніміз не? 2. Қосымшаны құрудың қандай кезеңдерін білесіңдер? 3. MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі қандай негізгі бөліктерден тұрады? 4. Қандай қызықты мобильді қосымшаларды білесіңдер? Мысал келтіріңдер.

9 слайд
9
Мысал: «Hello World» қарапайым мобильді қосымшасын құру. Мобильді
қосымшаның интерфейсімен жұмыс істеу.
1. Мәзірден Жоба Жаңа жобаны бастау (Проект Начать
⇒ ⇒
новый проект) деп ашып, жоба атауына HelloWorld деп
жазамыз (63-сурет).
9 слайд
9 Мысал: «Hello World» қарапайым мобильді қосымшасын құру. Мобильді қосымшаның интерфейсімен жұмыс істеу. 1. Мәзірден Жоба Жаңа жобаны бастау (Проект Начать ⇒ ⇒ новый проект) деп ашып, жоба атауына HelloWorld деп жазамыз (63-сурет).

10 слайд
10
2. Экранда екі Жазу (Надпись)компонентін
орналастырамыз
(64-сурет).
3. Screen1 экранының қасиеттерін өзгертеміз (65-сурет):
Көлденеңінен туралау (Выровнять По Горизонтали) –
Центр:
3, Тігінен туралау (Выровнять По Вертикали) – Центр: 2,
Фон
түсі– ұнайтын түсті таңдаймыз.
4. Жазу1 компонентінің қасиеттері: қалың қаріп, курсивті
қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Hello World!
5. Жазу2 компонентінің қасиеттері: қалың қаріп, курсивті
қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Менің атым – Абылай
10 слайд
10 2. Экранда екі Жазу (Надпись)компонентін орналастырамыз (64-сурет). 3. Screen1 экранының қасиеттерін өзгертеміз (65-сурет): Көлденеңінен туралау (Выровнять По Горизонтали) – Центр: 3, Тігінен туралау (Выровнять По Вертикали) – Центр: 2, Фон түсі– ұнайтын түсті таңдаймыз. 4. Жазу1 компонентінің қасиеттері: қалың қаріп, курсивті қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Hello World! 5. Жазу2 компонентінің қасиеттері: қалың қаріп, курсивті қаріп, қаріп өлшемі – 16, мәтін – Менің атым – Абылай

11 слайд
Сұрақтарға жауап берейік
1.Мобильді қосымша дегеніміз не?
2. Қосымшаны құрудың қандай кезеңдерін
білесіңдер?
3. MIT App Inventor программалау тілінің
интерфейсі қандай негізгі бөліктерден тұрады?
4. Қандай қызықты мобильді қосымшаларды
білесіңдер?
Мысал келтіріңдер.
11 слайд
Сұрақтарға жауап берейік 1.Мобильді қосымша дегеніміз не? 2. Қосымшаны құрудың қандай кезеңдерін білесіңдер? 3. MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі қандай негізгі бөліктерден тұрады? 4. Қандай қызықты мобильді қосымшаларды білесіңдер? Мысал келтіріңдер.

12 слайд
12 слайд

13 слайд
13
Компьютерде орындайық
А тапсырмасы. Жаңа жоба құрып, атын өздерің ойлап
табыңдар. Экранда Жазу, Батырма компоненттерін
орналастырыңдар. Өз қалауларыңмен компоненттердің
қасиеттерін өзгертіңдер.
В тапсырмасы. Фонның түсін өзгертіп, сурет жүктеңдер:
Медиа Суретті жүктеу Шолу Суретті таңдау.
⇒ ⇒ ⇒
С тапсырмасы. Фондық суретті жүктеңдер.
13 слайд
13 Компьютерде орындайық А тапсырмасы. Жаңа жоба құрып, атын өздерің ойлап табыңдар. Экранда Жазу, Батырма компоненттерін орналастырыңдар. Өз қалауларыңмен компоненттердің қасиеттерін өзгертіңдер. В тапсырмасы. Фонның түсін өзгертіп, сурет жүктеңдер: Медиа Суретті жүктеу Шолу Суретті таңдау. ⇒ ⇒ ⇒ С тапсырмасы. Фондық суретті жүктеңдер.

14 слайд
14
Ой бөлісейік
1.Қазіргі таңда кез келген жанға мобильді қосымшаларға
жүгіну маңызды ма?
2. Интернеттен қазақстандық өнертапқыш Тимур Рысбековтің
мобильді телефонмен Жерде басқарылатын ғарыштық робот
туралы ақпаратты тауып оқыңдар. Оны бүгінгі тақырыппен
байланыстырып талқылаңдар
Не білдім ?
Не үйрендім?
Не қиындық туындады
14 слайд
14 Ой бөлісейік 1.Қазіргі таңда кез келген жанға мобильді қосымшаларға жүгіну маңызды ма? 2. Интернеттен қазақстандық өнертапқыш Тимур Рысбековтің мобильді телефонмен Жерде басқарылатын ғарыштық робот туралы ақпаратты тауып оқыңдар. Оны бүгінгі тақырыппен байланыстырып талқылаңдар Не білдім ? Не үйрендім? Не қиындық туындады

15 слайд
Ещё больше шаблонов на сайте
УчебныеПрезентации.рф
15 слайд
Ещё больше шаблонов на сайте УчебныеПрезентации.рф