Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық (Эссе)

Тақырып бойынша 25 материал табылды

Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық (Эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық (Эссе)
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық (Эссе) Ақырын жүріп анық бас Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға –

#1 слайд
Мұғалім әлемдегі ең үздік мамандық (Эссе) Ақырын жүріп анық бас Еңбегің кетпес далаға Ұстаздық еткен жалықпас Үйретуден балаға – деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, шәкірт тәрбиелеу жолында адал еңбегімен, әр шәкірттің жүрегінен жол тауып, білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге аяқ бастырып, олардың жетістігіне қуана білген мұғалім еңбегінің орасан зор екені бәріне ақиқат. Болашақтың тізгінін ұстайтын, жас ұрпаққа саналы білім мен тәрбие беру ісінде өзіндік орны бар ерекше мамандық иесі бұл – мұғалім. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін құрметтейтін, үлгі тұтатын мұғалім мамандығы әлемде ең жоғарғы, сыйлы мамандықтардың қатарында. Мұғалім болу кез келгеннің қолынан келетін оңай іс емес. Оған жан-жақты дайындығы мол психологиялық тұрғыдан өзін-өзі ұстай алатын, сабылы да салмақты адамдар ғана педагог мамандығын меңгеріп оқушылармен жұмыстана алады. Телефонға термілген баламен жұмыстану қазіргі кезеңде оңайға соқпайтыны анық. Дегенмен осындай қиындықтарды жеңіп қайткен күнде де баланы бір өмірдегі өзіндік кірпіш болып қалануына еңбек сіңіретін мұғалімнің еңбегі ерекше деп білемін. Сондықтан менде осы мұғалімдер қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. 2009 жылы Махамбет ауылының Махамбет ЖОББ мектебіне математика пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым. Ең алғаш «Мұғалім» деген атаққа ие болуым да осы мектептен басталды. Бұл мектеп оқушылары менің армандарымның жүзеге асуына өз үлестерін қосты. «Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай, әр балаға дұрыс тәрбие бере отырып, сапалы білім беру әр мұғалімнің негізгі міндеті деп санаймын. Мектептің жүрегі – мұғалім болса, мүғалімнің жүрегі - шәкірттері. Олар бір бірінен ажырамайтын егіз ұғым. Қиындығы мен қызығы, жауапкершілігі, шығармашылығы қатар жүретін осы бір мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Себебі: Мұғалім – әлемдегі ең үздік мамандық! Эссе жазған математика пәні мұғалімі: Ибрагимов Н.Е. Мектеп директоры: Утебалиев А.Ш.

1 слайд

Файл форматы:
pptx
28.08.2024
259
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі