Музыка және қазақтың киелі домбырасы

#1 слайд
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Сабақтың оқу мақсаттары:
7.Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды
қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен
ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу,
редакциялау
Бағалау критерийлері:
Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды
қолданылу,
берілген сөздердің синонимдік қатарын
ауыстыру,
лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
1 слайд
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы Сабақтың оқу мақсаттары: 7.Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау Бағалау критерийлері: Мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылу, берілген сөздердің синонимдік қатарын ауыстыру, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау
#2 слайд
Тыңдалым алды тапсырма
Қандай ән тыңдағанды ұнатасыңдар?
Домбырамен орындалған әндерді тыңдап көрдіңіздер ме?
Тыңдасаңдар қандай сезімде болдыңдар?
Әнші Мөлдір Әуелбекованың орындауында Кеңес Дүйсекеевтің
«Домбыра туралы баллада» әнін тыңдау.
https://kaztube.kz/video/236219
2 слайд
Тыңдалым алды тапсырма Қандай ән тыңдағанды ұнатасыңдар? Домбырамен орындалған әндерді тыңдап көрдіңіздер ме? Тыңдасаңдар қандай сезімде болдыңдар? Әнші Мөлдір Әуелбекованың орындауында Кеңес Дүйсекеевтің «Домбыра туралы баллада» әнін тыңдау. https://kaztube.kz/video/236219
#3 слайд
Домбыра туралы баллада
Сөзі: Шөмішбай Сариев
Әні: Кеңес Дүйсекеев
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегiнiң, жүрегiнiң, жүрегiнiң дүрсiлi –
Күмбiрлеген домбырасы барында.
Қайырмасы:
Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегiнен жаралған,
Даламыздың үнiсiң сен, домбыра!
Домбыра бұл, үнсiз қалып көрмеген,
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.
Үзiледi, үзiледi, үзiледi әуендер,
Ғашықтардың көз жасындай пернеден.
Қайырмасы:
Домбырадай шежiре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған.
Армандарын, армандарын, армандарын халқымның,
Аманат қып ұрпағына жолдаған.
Қайырмасы:
3 слайд
Домбыра туралы баллада Сөзі: Шөмішбай Сариев Әні: Кеңес Дүйсекеев Күй ойнайды қазағымның қанында, Күй ойнайды қазағымның жанында. Жүрегiнiң, жүрегiнiң, жүрегiнiң дүрсiлi – Күмбiрлеген домбырасы барында. Қайырмасы: Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, Анамыздың сырысың сен, домбыра. Қазағымның жүрегiнен жаралған, Даламыздың үнiсiң сен, домбыра! Домбыра бұл, үнсiз қалып көрмеген, Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген. Үзiледi, үзiледi, үзiледi әуендер, Ғашықтардың көз жасындай пернеден. Қайырмасы: Домбырадай шежiре жыр болмаған, Даламыздың тағдырларын толғаған. Армандарын, армандарын, армандарын халқымның, Аманат қып ұрпағына жолдаған. Қайырмасы:
#4 слайд
Әннен тапқан бейнелі сөздерді топтастырып
жазу.
4 слайд
Әннен тапқан бейнелі сөздерді топтастырып жазу.
#5 слайд
Жазылым алды тапсырма
-Ән мен күй тыңдау да өнер.
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Бұл кімнің өлеңі? Екі жол өлең үзіндісінен не
ұқтыңыздар?
5 слайд
Жазылым алды тапсырма -Ән мен күй тыңдау да өнер. Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй. Бұл кімнің өлеңі? Екі жол өлең үзіндісінен не ұқтыңыздар?
#6 слайд
https://www.youtube.com/watch?v=qiKq7Hnf3i8
«Ортада сұрақ»
- Күй ұнады ма?
- Кімнің күйі? Орындаушысын білесіңдер ме?
Тапсырма.
Жұптық жұмыс.
1 минут ішінде тыңдаған күйден не ұққандарын жұптаса
отырып пікірлеседі, ойларын ортаға салады.
Сол күйді тыңдаған сәттегі сезімдері мен ұққан ойларын
қолдарына берілген домбыра суретіне жазып қабырғаға іледі.
6 слайд
https://www.youtube.com/watch?v=qiKq7Hnf3i8 «Ортада сұрақ» - Күй ұнады ма? - Кімнің күйі? Орындаушысын білесіңдер ме? Тапсырма. Жұптық жұмыс. 1 минут ішінде тыңдаған күйден не ұққандарын жұптаса отырып пікірлеседі, ойларын ортаға салады. Сол күйді тыңдаған сәттегі сезімдері мен ұққан ойларын қолдарына берілген домбыра суретіне жазып қабырғаға іледі.
#7 слайд
Жазылым тапысрмасы.
«Домбырадағы халық шежіресі»
тақырыбына мәтін құрастыру. Көлемі 70-80 сөз.
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша
жазғандарын сынып алдында оқиды.
7 слайд
Жазылым тапысрмасы. «Домбырадағы халық шежіресі» тақырыбына мәтін құрастыру. Көлемі 70-80 сөз. «Ыстық орындық» стратегиясы бойынша жазғандарын сынып алдында оқиды.
#8 слайд
Рефлексия
Сабақтың ең...
Ең....
Ең...
8 слайд
Рефлексия Сабақтың ең... Ең.... Ең...
шағым қалдыра аласыз


