1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
өлшем құралдарының түрлері презентация

#1 слайд
Ө Л Ш Е М Қ Ұ РА Л Д А Р Ы Н Ы Ң
Т Ү РЛ Е Р ІСервис және жаңа технологиялар колледжі
1 слайд
Ө Л Ш Е М Қ Ұ РА Л Д А Р Ы Н Ы Ң Т Ү РЛ Е Р ІСервис және жаңа технологиялар колледжі
#2 слайд
Өлшем құралдарының түрлері
Шама бірлігін іс жүзінде өлшеу үшін
нормаланған қателіктері бар өлшем
құралдары деп аталатын техникалық
құралдар қолданылады.
Өлшем құралдарына жататындар:
•
өлшемдер
•
өлшемдік түрлендіргіштер
•
өлшеуіш аспаптар
•
өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер
•
өлшеуіш жабдықтар.
2 слайд
Өлшем құралдарының түрлері Шама бірлігін іс жүзінде өлшеу үшін нормаланған қателіктері бар өлшем құралдары деп аталатын техникалық құралдар қолданылады. Өлшем құралдарына жататындар: • өлшемдер • өлшемдік түрлендіргіштер • өлшеуіш аспаптар • өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер • өлшеуіш жабдықтар.
#3 слайд
Өлшем
Өлшем (физикалық шаманың өлшемі, ҚР СТ 2.1-
2000) деп берілген мөлшердегі физикалық шаманы
жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем
құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер,
ұзындықтың ұштық өлшемдері, т.б. жатады.
Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер,
сондай-ақ өлшемдер жиыны және магазині
қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі
шамаларды жаңғыртады (кірлер). Көп мәнді
өлшемдер физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін
бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың
ұзынддығын сантиметрмен де, миллиметрмен де
көрсете алады.
3 слайд
Өлшем Өлшем (физикалық шаманың өлшемі, ҚР СТ 2.1- 2000) деп берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер, ұзындықтың ұштық өлшемдері, т.б. жатады. Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ өлшемдер жиыны және магазині қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі шамаларды жаңғыртады (кірлер). Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың ұзынддығын сантиметрмен де, миллиметрмен де көрсете алады.
#4 слайд
Өлшем
Өлшемнің жиындары мен магазиндері
шаманың кейбір аралық немесе қосынды
мәндерін бейнелеуге мүмкіндік алу үшін бір
мәнді және көп мәнді өлшемдердің бірігуін
көрсетеді. Өлшемдер жиыны әр түрлі
мөлшердегі біртекті өлшемдердің
жиынтығын көрсетеді, ол жиынды қолдануға
мүмкіндік береді, мысалы, лабораториялық
кір жиыны.
Өлшемдер магазині – бір
механикалық бүтінге конструктивті
біріктірілген өлшемдер магазині.
4 слайд
Өлшем Өлшемнің жиындары мен магазиндері шаманың кейбір аралық немесе қосынды мәндерін бейнелеуге мүмкіндік алу үшін бір мәнді және көп мәнді өлшемдердің бірігуін көрсетеді. Өлшемдер жиыны әр түрлі мөлшердегі біртекті өлшемдердің жиынтығын көрсетеді, ол жиынды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, лабораториялық кір жиыны. Өлшемдер магазині – бір механикалық бүтінге конструктивті біріктірілген өлшемдер магазині.
#5 слайд
Өлшем
Бір мәнді өлшемдерге стандартты үлгілер және
станддартты заттар жатады. Стандартты үлгі –
белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін орнату
мақсатында метрологиялық аттестациялауға
ұшырайтын, қажетті түрде рәсімделген заттың
белгілі мөлшері (пробасы). Бұл сипаттама
(немесе қасиет) сыртқы ортаның белгіленген
жағдайларында мәні белгілі шама болып
табылады. Мұндай үлгіллерге, мысалы,
қаттылықтың нақты мәндері бар минералдар
жиыны жатады. Олар осы параметрді басқа
минералдардда анықтау үшін пайдаланылады
(қосымшада көрсетілген).
5 слайд
Өлшем Бір мәнді өлшемдерге стандартты үлгілер және станддартты заттар жатады. Стандартты үлгі – белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін орнату мақсатында метрологиялық аттестациялауға ұшырайтын, қажетті түрде рәсімделген заттың белгілі мөлшері (пробасы). Бұл сипаттама (немесе қасиет) сыртқы ортаның белгіленген жағдайларында мәні белгілі шама болып табылады. Мұндай үлгіллерге, мысалы, қаттылықтың нақты мәндері бар минералдар жиыны жатады. Олар осы параметрді басқа минералдардда анықтау үшін пайдаланылады (қосымшада көрсетілген).
#6 слайд
Балл Қаттылық сипаты
0 Тальк қаттылығынан кем
1 Тальк қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ гипс қаттылығынан кем
2 Гипс қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ әк шпатының қаттылығынан кем
3 Әк шпатының қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ плавиктік шпат қаттылығынан кем
4 Плавиктік шпаттың қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ апатиттен жұмсақтау
5 Апатит қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ далалық шпаттан жұмсақтау
6 Далалық шпатының қаттылығына тең немесе одан артық, кварц қаттылығынан кем
7 Кварц қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ топаз қаттылығынан кем
8 Топаз қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ корунд қаттылығынан кем
9 Корунд қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ алмаз қаттылығынан кем
10 Алмаз қаттылығына тең немесе одан артық Қаттылықтың минералогиялық шкаласы
Қосымша
6 слайд
Балл Қаттылық сипаты 0 Тальк қаттылығынан кем 1 Тальк қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ гипс қаттылығынан кем 2 Гипс қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ әк шпатының қаттылығынан кем 3 Әк шпатының қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ плавиктік шпат қаттылығынан кем 4 Плавиктік шпаттың қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ апатиттен жұмсақтау 5 Апатит қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ далалық шпаттан жұмсақтау 6 Далалық шпатының қаттылығына тең немесе одан артық, кварц қаттылығынан кем 7 Кварц қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ топаз қаттылығынан кем 8 Топаз қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ корунд қаттылығынан кем 9 Корунд қаттылығына тең немесе одан артық, бірақ алмаз қаттылығынан кем 10 Алмаз қаттылығына тең немесе одан артық Қаттылықтың минералогиялық шкаласы Қосымша
#7 слайд
Өлшемдерді пайдаланғанда олардың номиналды және
нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын
(дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде
көрсетілген мәнді атайды. Өлшемнің нақты мәні ресми
эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі
ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек.
Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің
қателігі деп аталады. Қателікке таңбасы бойынша
қарама-қарсы шама өлшемде көрсетілген номиналды
мәнге түзетуді білдіреді. Аттестациялау кезінде қателіктер
табылуы мүмкін болғандықтан, өлшемдер разрядтарға
бөлінеді (1,2 разрядты) және разрядты эталондар деп
аталады (үлгілі өлшеуіш құралдар). Оларды өлшем
құралдарды салыстырып тексеру үшін пайдаланады.
Өлшем қателіктерінің шамасы өлшемдерді топтарға
(кластарға) бөлу үшін негіз болады.
7 слайд
Өлшемдерді пайдаланғанда олардың номиналды және нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын (дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде көрсетілген мәнді атайды. Өлшемнің нақты мәні ресми эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек. Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің қателігі деп аталады. Қателікке таңбасы бойынша қарама-қарсы шама өлшемде көрсетілген номиналды мәнге түзетуді білдіреді. Аттестациялау кезінде қателіктер табылуы мүмкін болғандықтан, өлшемдер разрядтарға бөлінеді (1,2 разрядты) және разрядты эталондар деп аталады (үлгілі өлшеуіш құралдар). Оларды өлшем құралдарды салыстырып тексеру үшін пайдаланады. Өлшем қателіктерінің шамасы өлшемдерді топтарға (кластарға) бөлу үшін негіз болады.
#8 слайд
Өлшемдік түрлендіргіш.
Өлшемдік түрлендіргіш – өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу
немесе сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін
қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы
(суретте көрсетілген). Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш
аспаптардың конструкторлық сұлбасы (сызбасына) кіреді, не онымен
бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға
тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш кернеуді күшейту үшін,
компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет болуы мүмкін.
Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін – шығушы шама
деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық сипаты
болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы
шамалар қатынасы саналады. 2 1 3 3
8 слайд
Өлшемдік түрлендіргіш. Өлшемдік түрлендіргіш – өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы (суретте көрсетілген). Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструкторлық сұлбасы (сызбасына) кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш кернеуді күшейту үшін, компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет болуы мүмкін. Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін – шығушы шама деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық сипаты болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы шамалар қатынасы саналады. 2 1 3 3
#9 слайд
Өлшемдік түрлендіргіш.
Түрлендіргіштер мынадай болып
бөлінеді:
* алғашқы (өлшенетін шаманы тікелей
қабылдайтын),
* шығысында шама тіркеу немесе
арақашықтықта тасымалдау үшін ыңғайлы
түрге ауысатын – тасымалдаушы;
* алғашқылармен бірге жұмыс істейтін
және физикалық шаманың тегін өзгертуге
әсер етпейтін – аралық түрлендіргіштер.
9 слайд
Өлшемдік түрлендіргіш. Түрлендіргіштер мынадай болып бөлінеді: * алғашқы (өлшенетін шаманы тікелей қабылдайтын), * шығысында шама тіркеу немесе арақашықтықта тасымалдау үшін ыңғайлы түрге ауысатын – тасымалдаушы; * алғашқылармен бірге жұмыс істейтін және физикалық шаманың тегін өзгертуге әсер етпейтін – аралық түрлендіргіштер.
#10 слайд
Өлшеуіш аспаптар
Өлшеуіш аспаптар – өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға
қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем
құралдары.
Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы
бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы
бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді.
Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр,
вольтметр, термометр жатады.
Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі
шамалармен салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар
ғылыми мақсаттарда кең қолданылады, сондай-ақ
сәулелену көздерінің жарықтығы, сығылған ауаның
қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең
қолданылады.
10 слайд
Өлшеуіш аспаптар Өлшеуіш аспаптар – өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары. Тікелей әсер ету аспаптары сәйкес градуировкасы бар көрсету құрылғыларында өлшенетін шаманы бейнелейді. Мұнда физикалық шама тегі өзгермейді. Тікелей әсер ету аспаптарына, мысалы, амперметр, вольтметр, термометр жатады. Салыстыру аспаптары өлшенетін шаманы мәні белгілі шамалармен салыстыруға арналған. Мұндай аспаптар ғылыми мақсаттарда кең қолданылады, сондай-ақ сәулелену көздерінің жарықтығы, сығылған ауаның қысымы сияқты шамаларды өлшеу үшін тәжірибеде кең қолданылады.
#11 слайд
Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер.
Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер – өлшем
обьектісінің бір немесе бірнеше физикалық
шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен
функционалдық белгісі бойынша біріктірілген
өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай
жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық
жүйеге енуін, өлшеу процесінің
автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау
үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен
сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай
қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де
пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді),
ол әсіресе статистикалық бақылау әдісі үшін,
сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.
11 слайд
Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер. Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер – өлшем обьектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық бақылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.
#12 слайд
Өлшеуіш жабдықтар.
Өлшеуіш жабдықтар – шаманы
өлшеудің қосалқы құралдары. Олар дәлдіктің
жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу
нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін
қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері
қатаң шектелген (құжатта көрсетілген)
температура кезінде дәл болса, термометр
қосалқы құрал бола алады.
Өлшеуіш жабдықтар қосалқы құралдың
өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер
нәтижелеріне белгілі бір қателіктерді
енгізетінін ескерген жөн.
12 слайд
Өлшеуіш жабдықтар. Өлшеуіш жабдықтар – шаманы өлшеудің қосалқы құралдары. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады. Өлшеуіш жабдықтар қосалқы құралдың өзінің қателіктерімен байланысты өлшеулер нәтижелеріне белгілі бір қателіктерді енгізетінін ескерген жөн.
#13 слайд
Өлшеуіш жабдықтар.
Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі
түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар.
Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылғылардың,
технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін
анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар
лабораториялық (ғылыми зерттеулер үшін), өндірістік
(технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз
ету және бақылау үшін) алаңдық (ұшақтар, автомобильдер,
кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір
түрі айрықша көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Осылайша,
өлшемнің лабораториялық құралдары – ең дәл және сезгіш,
ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады.
Өндірістік құралдар өндірістік процестің түрлі факторлары:
температура, ылғалдылық, т.б. сияқты факторлардың әсеріне
қарсы тұру қасиетіне ие. Алаңдық құралдар сыртқы әсер
етулердің кең шектерінде үнемі өзгеріп отыратын
жағдайларда жұмыс істейді.
13 слайд
Өлшеуіш жабдықтар. Метрологиялық ережелер бойынша өлшем құралдары екі түрге бөлінеді: жұмысшы өлшем құралдары және эталондар. Жұмысшы өлшем құралдары техникалық құрылғылардың, технологиялық үдерістердің, сыртқы ортаның параметрлерін анықтау үшін қолданылады. Жұмысшы құралдар лабораториялық (ғылыми зерттеулер үшін), өндірістік (технологиялық үдерістердің сипаттамаларын қамтамасыз ету және бақылау үшін) алаңдық (ұшақтар, автомобильдер, кемелер үшін) болуы мүмкін. Жұмысшы құралдарының әрбір түрі айрықша көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Осылайша, өлшемнің лабораториялық құралдары – ең дәл және сезгіш, ал олардың нәтижелері жоғары тұрақтылықпен сипатталады. Өндірістік құралдар өндірістік процестің түрлі факторлары: температура, ылғалдылық, т.б. сияқты факторлардың әсеріне қарсы тұру қасиетіне ие. Алаңдық құралдар сыртқы әсер етулердің кең шектерінде үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істейді.
#14 слайд
Назарларыңызға
рахмет!!!!
14 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген