Өтебай Тұрманжанов. "Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос-құдалар"
Өтебай Тұрманжанов. "Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос-құдалар"

#1 слайд
Құмырсқалар, аралар -
қиыспас дос - құдалар ӨТЕБАЙ
ТҰРМАНЖАНОВ
1 слайд
Құмырсқалар, аралар - қиыспас дос - құдалар ӨТЕБАЙ ТҰРМАНЖАНОВ
#2 слайд
Х ан , хан ш а, хан –
А ра. (Қ он ы сы орм ан , осы
ара), Қ ы зы өсіп
бойж еткен ,
«К үй еу тап сам
лай ы қ,
Той қы лам , – д еп , –
халайы қ!»
2 слайд
Х ан , хан ш а, хан – А ра. (Қ он ы сы орм ан , осы ара), Қ ы зы өсіп бойж еткен , «К үй еу тап сам лай ы қ, Той қы лам , – д еп , – халайы қ!»
#3 слайд
Құрт,
құмырсқа
,
көбелек,
Шыбын,
шіркей,
бөгелек,
Кетіп
жатты
аттанып,
Маса,
сона,
инелік
«Тойда,
шіркін,
билелік!»
–
Десіп
жатты
баптанып
.
3 слайд
Құрт, құмырсқа , көбелек, Шыбын, шіркей, бөгелек, Кетіп жатты аттанып, Маса, сона, инелік «Тойда, шіркін, билелік!» – Десіп жатты баптанып .
#4 слайд
Қырықаяқ, кене,
өрмекші,
Бұлар да барып
көрмекші,
Бәйгеге түсіп, бақ
сынап.
Жыбырлап
жерде
жұлдызқұрт
«Қалам ба, – деп,
– тойдан сырт»,
Кетіп барад
шапқылап…
4 слайд
Қырықаяқ, кене, өрмекші, Бұлар да барып көрмекші, Бәйгеге түсіп, бақ сынап. Жыбырлап жерде жұлдызқұрт «Қалам ба, – деп, – тойдан сырт», Кетіп барад шапқылап…
#5 слайд
Еңбек сүйгіш аралар,
Қонақ күтіп барабар,
Жүгіріп жүр табақ ап,
5 слайд
Еңбек сүйгіш аралар, Қонақ күтіп барабар, Жүгіріп жүр табақ ап,
#6 слайд
Шықсын, кәне,
сарапқа,
Жол берейік
талапқа.
Қанатты елім
қарасын,
Берсін әділ
бағасын.
Әдемі екен
демеймін,
Әрсіз екен
демеймін,
Хан екен де
демеймін,
Қара екен де
демеймін,
Асырса жұрттан
өнерін.
Қызымды соған
беремін…
6 слайд
Шықсын, кәне, сарапқа, Жол берейік талапқа. Қанатты елім қарасын, Берсін әділ бағасын. Әдемі екен демеймін, Әрсіз екен демеймін, Хан екен де демеймін, Қара екен де демеймін, Асырса жұрттан өнерін. Қызымды соған беремін…
#7 слайд
Көрігіне сыйынып,
Көп алдына иіліп,
Ортаға шықты көбелек.
Қызыл, сары, жасыл, ақ
Қанаттарын қағып қап,
Билеп кетті дөңгелеп.
7 слайд
Көрігіне сыйынып, Көп алдына иіліп, Ортаға шықты көбелек. Қызыл, сары, жасыл, ақ Қанаттарын қағып қап, Билеп кетті дөңгелеп.
#8 слайд
Көбелек құда,
көбелек!
Өнерің өзге бір
бөлек.
Құр сауық қарын
ашырар,
Өнерлі ұл елін
асырар.
«Артық, екен
бағаңыз»,
Сауықшыл екен
балаңыз.
Балаңызға лайық
Басқа бір қыз
қараңыз…
8 слайд
Көбелек құда, көбелек! Өнерің өзге бір бөлек. Құр сауық қарын ашырар, Өнерлі ұл елін асырар. «Артық, екен бағаңыз», Сауықшыл екен балаңыз. Балаңызға лайық Басқа бір қыз қараңыз…
#9 слайд
– Ей, масаеке, масаеке!
Бәйге деген бәсеке,
Озған алар жүлдесін,
Қалған неге күндесін?!
«Қайратты» екен халқыңыз,
Тым ерсі екен салтыңыз,
Қан ғана екен асыңыз,
Қағынған екен жасыңыз,
Қыз сүйетін түрі жоқ,
Жақсылық салттың бірі жоқ,
Адал еңбек тағы жоқ.
(Еңбексіз елдің бағы жоқ.)
Әділ болар бағамыз.
Лайық келмес балаңыз…
9 слайд
– Ей, масаеке, масаеке! Бәйге деген бәсеке, Озған алар жүлдесін, Қалған неге күндесін?! «Қайратты» екен халқыңыз, Тым ерсі екен салтыңыз, Қан ғана екен асыңыз, Қағынған екен жасыңыз, Қыз сүйетін түрі жоқ, Жақсылық салттың бірі жоқ, Адал еңбек тағы жоқ. (Еңбексіз елдің бағы жоқ.) Әділ болар бағамыз. Лайық келмес балаңыз…
#10 слайд
– Сөзіңіз қандай тым
тәтті,
Инелік құда, инелік!
Айта алмай тұрмын
именіп,
Сұлу-ақ екен
сыртыңыз,
Жарамсыз екен
жұртыңыз,
Бұзылған екен
құлқыңыз,
Келмей-ақ тұр
құлпыңыз,
Жазды өткізген
жалтырап,
Қыста отырсаң
қалтырап,
Біреуден кеусен дән
сұрап,
Біреуден жәрдем
мал сұрап,
Төрелік етші өзің-ақ!
Өмір ме осы, ал,
шырақ?
Болса да балаң сұлу,
жас,
Қызыма менің
ұнамас
10 слайд
– Сөзіңіз қандай тым тәтті, Инелік құда, инелік! Айта алмай тұрмын именіп, Сұлу-ақ екен сыртыңыз, Жарамсыз екен жұртыңыз, Бұзылған екен құлқыңыз, Келмей-ақ тұр құлпыңыз, Жазды өткізген жалтырап, Қыста отырсаң қалтырап, Біреуден кеусен дән сұрап, Біреуден жәрдем мал сұрап, Төрелік етші өзің-ақ! Өмір ме осы, ал, шырақ? Болса да балаң сұлу, жас, Қызыма менің ұнамас
#11 слайд
– Ей, өрмекші,
өрмекші!
Сөзіңе кім
ермекші,
Жалған өнер
жарамас,
Арам тамақ,
арам ас
Ондайларға
жаным қас
11 слайд
– Ей, өрмекші, өрмекші! Сөзіңе кім ермекші, Жалған өнер жарамас, Арам тамақ, арам ас Ондайларға жаным қас
#12 слайд
– Сәндікпен жоқ
саудамыз,
Қоңырқай қара
шаруамыз,
Астыққа толған
ауламыз.
Біз кәдімгі
құмырсқа,
Туған жанбыз
жұмысқа
Үйді өзіміз
саламыз,
Дәнді өзіміз
аламыз,
Күнге күйген
денеміз,
Сондықтан біз
қарамыз.
Төгілгенді
жинаймыз,
Шашылғанды
табамыз.
Өлшенеді өмірде
Еңбекпенен
бағамыз.
Еңбек біздің
атамыз!
Еңбек біздің
анамыз!..
12 слайд
– Сәндікпен жоқ саудамыз, Қоңырқай қара шаруамыз, Астыққа толған ауламыз. Біз кәдімгі құмырсқа, Туған жанбыз жұмысқа Үйді өзіміз саламыз, Дәнді өзіміз аламыз, Күнге күйген денеміз, Сондықтан біз қарамыз. Төгілгенді жинаймыз, Шашылғанды табамыз. Өлшенеді өмірде Еңбекпенен бағамыз. Еңбек біздің атамыз! Еңбек біздің анамыз!..
#13 слайд
– Тыңдаңдар! –
деді, – бәріңіз,
Ей, жарандар,
жарандар!
Бері таман
қараңдар,
Сөзім еңді тым
қысқа,
Құдамыз болсын
құмырсқа!
Өзіміздей
тірлікті,
Ынтымақты,
бірлікті,
Өсіп-өнген ел
екен,
Ағып жатқан кен
екен.
Қолтықтары кең
екен,
Бізге нағыз тең
екен…
13 слайд
– Тыңдаңдар! – деді, – бәріңіз, Ей, жарандар, жарандар! Бері таман қараңдар, Сөзім еңді тым қысқа, Құдамыз болсын құмырсқа! Өзіміздей тірлікті, Ынтымақты, бірлікті, Өсіп-өнген ел екен, Ағып жатқан кен екен. Қолтықтары кең екен, Бізге нағыз тең екен…
#14 слайд
Ой, балалар, балалар!
Кез болды той таралар,
Құмырсқа болды – құдалар,
Қызын берді аралар…
Мініп алып бір қойға,
Мен де болдым сол тойда.
Аралардан бал жедім,
Ондай тәтті көрмедім.
Құмырсқадан нан жедім,
Ондай дәмді көрмедім.
14 слайд
Ой, балалар, балалар! Кез болды той таралар, Құмырсқа болды – құдалар, Қызын берді аралар… Мініп алып бір қойға, Мен де болдым сол тойда. Аралардан бал жедім, Ондай тәтті көрмедім. Құмырсқадан нан жедім, Ондай дәмді көрмедім.
шағым қалдыра аласыз













