Презентация Онлайн-шопингтегі алаяқтық
Презентация Онлайн-шопингтегі алаяқтық

#1 слайд
«Онлайн-шопингтегі
алаяқтық»
1 слайд
«Онлайн-шопингтегі алаяқтық»
#2 слайд
•Интернет алаяқтық – киберқылмысқа
жатады. Алаяқтар интернетті
пайдалану арқылы құпия ақпаратқа қол
жеткізіп, шоттағы қаражатыңызды
ұрлайды. Интернет алаяқтықтың
түрлері күн санап артып барады.
Онлайн алаяқтар миллиондаған адамды
алдау үшін күн сайын түрлі айла
ойластырып, жоспар құруда.
2 слайд
•Интернет алаяқтық – киберқылмысқа жатады. Алаяқтар интернетті пайдалану арқылы құпия ақпаратқа қол жеткізіп, шоттағы қаражатыңызды ұрлайды. Интернет алаяқтықтың түрлері күн санап артып барады. Онлайн алаяқтар миллиондаған адамды алдау үшін күн сайын түрлі айла ойластырып, жоспар құруда.
#3 слайд
•1. Алаяқтар өте шыдамды келеді
және стратегия құрып, құрығына
түсіру үшін қолайлы уақытты
іздейді.
•2. Әдетте егде жастағылар
алаяқтардың құрығына оңай
түседі.
•3. Интернеттегі алаяқтар жалған
«дәлелдерді» пайдаланып, сіздің
іші-бауырыңызға кіріп, барынша
сендіруге тырысады.
3 слайд
•1. Алаяқтар өте шыдамды келеді және стратегия құрып, құрығына түсіру үшін қолайлы уақытты іздейді. •2. Әдетте егде жастағылар алаяқтардың құрығына оңай түседі. •3. Интернеттегі алаяқтар жалған «дәлелдерді» пайдаланып, сіздің іші-бауырыңызға кіріп, барынша сендіруге тырысады.
#4 слайд
интернет-дүкенде тауарды таңдап алып, ақшасын
толық төлеп, тауар да жоқ, ақша да жоқ болып
қалатын жағдайлар да кездеседі. Ақша төленді, тауар
жоқ. Мұндай да болады. Сатушылар мұндайда сатып
алушыларды әртүрлі акциялармен, төмен бағамен
қызықтырады, бұл ретте интернет-дүкен сайтында
заңды мекенжайы, иелері туралы деректер және
тұтынушылар үшін маңызды басқа да ақпараттар
болмайды.
4 слайд
интернет-дүкенде тауарды таңдап алып, ақшасын толық төлеп, тауар да жоқ, ақша да жоқ болып қалатын жағдайлар да кездеседі. Ақша төленді, тауар жоқ. Мұндай да болады. Сатушылар мұндайда сатып алушыларды әртүрлі акциялармен, төмен бағамен қызықтырады, бұл ретте интернет-дүкен сайтында заңды мекенжайы, иелері туралы деректер және тұтынушылар үшін маңызды басқа да ақпараттар болмайды.
#5 слайд
•«алдамшы маркетинг» деген де бар. Мұндайда
әлеуметтік желілердегі немесе промосайттар деп
аталатын бір беттік сайттардағы айтарлықтай
агрессивті жарнамада тауарларды үлкен
жеңілдікпен сатып алу ұсынылады, бірақ сатып
алуға уақыт аз беріледі. Мысалы, 50 000 теңге
тұратын ас үйге арналған ғажап аспапты сатып алу
ұсынылады, бірақ жеңілдікпен (осы «ғажайып»
акцияның 50 минуттан кейін аяқталатыны туралы
хабарлайтын таймермен бірге) бар болғаны 23 999
теңгеге ғана. Шын мәнінде бұл тауардың құны үш
есе төмен. Мұны айқын алаяқтық деп атауға
болмайды, бірақ бірнеше есе артық төлемеу және
алдамшы сатушының құрбаны болмау үшін ол
туралы білу керек.
5 слайд
•«алдамшы маркетинг» деген де бар. Мұндайда әлеуметтік желілердегі немесе промосайттар деп аталатын бір беттік сайттардағы айтарлықтай агрессивті жарнамада тауарларды үлкен жеңілдікпен сатып алу ұсынылады, бірақ сатып алуға уақыт аз беріледі. Мысалы, 50 000 теңге тұратын ас үйге арналған ғажап аспапты сатып алу ұсынылады, бірақ жеңілдікпен (осы «ғажайып» акцияның 50 минуттан кейін аяқталатыны туралы хабарлайтын таймермен бірге) бар болғаны 23 999 теңгеге ғана. Шын мәнінде бұл тауардың құны үш есе төмен. Мұны айқын алаяқтық деп атауға болмайды, бірақ бірнеше есе артық төлемеу және алдамшы сатушының құрбаны болмау үшін ол туралы білу керек.
#6 слайд
•Статистика көрсеткендей, алаяқтар жеке
хабарландырулар сайттарында жиі кездеседі. Бұл ретте,
олар өздерін сатушылар емес, сатып алушылар түрінде
көрсетулері әбден ықтимал. Мәселен, сайттардың біріндегі
хабарландыру бойынша жалған сатып алушы сатушының
карточкасына машина үшін алдын ала төлем жасау
ниетімен телефон соққан жағдайлар кездеседі, яғни
машина оған қатты ұнағаны және оны сатып алатынын
айтып, қолы босағанда дереу келуге уәде береді. Одан
кейін сенгіш сатушыға телефон соғып, ақша аудару үшін
карточканың нөмірін, артқы жағындағы кодты және
аударымды растау үшін SMS-кодты айтуын сұрайды.
Жалған сатып алушы, әрине, «құрбанның»
карточкасындағы ақшамен бірге ізін суытып үлгерген.
6 слайд
•Статистика көрсеткендей, алаяқтар жеке хабарландырулар сайттарында жиі кездеседі. Бұл ретте, олар өздерін сатушылар емес, сатып алушылар түрінде көрсетулері әбден ықтимал. Мәселен, сайттардың біріндегі хабарландыру бойынша жалған сатып алушы сатушының карточкасына машина үшін алдын ала төлем жасау ниетімен телефон соққан жағдайлар кездеседі, яғни машина оған қатты ұнағаны және оны сатып алатынын айтып, қолы босағанда дереу келуге уәде береді. Одан кейін сенгіш сатушыға телефон соғып, ақша аудару үшін карточканың нөмірін, артқы жағындағы кодты және аударымды растау үшін SMS-кодты айтуын сұрайды. Жалған сатып алушы, әрине, «құрбанның» карточкасындағы ақшамен бірге ізін суытып үлгерген.
шағым қалдыра аласыз













