Материалдар / Презентация "Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша." 9-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Презентация "Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша." 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
онлайн сабаққа қосымша материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
1883
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
№ 64Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. 9-сынып Технология пәнінің

1 слайд
№ 64Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. 9-сынып Технология пәнінің мұғалімі:Рахметова Аширкүл Бердіқарақызы

 Қазақы кілем – ұлттық үй жи h азы . Кілемнің қазақтар тұрмысында көп тұтылатын түрлері тоқылу ерекшелігіне (түкті, тықыр

2 слайд
 Қазақы кілем – ұлттық үй  жи h азы . Кілемнің  қазақтар  тұрмысында көп тұтылатын түрлері тоқылу ерекшелігіне (түкті, тықыр, барақ), өндірілген орнына ( Алматы  кілемі), тоқылған материалына (жібек, масаты, қалы), ру үлгілеріне (адай кілемі, қоңырат кілемі, керей үлгі, найман үлгі), ою-өрнегі мен түріне (қос, үш, бес гүлді кілем), қосалқы белгілеріне (шашақты кілем, шашақсыз, ақалы) қарай бөлінеді.  Қазба  жұмыстары арқылы белгілі болған байырғы  сақ ,  ғұн ,  үйсін  кілемдерінің тоқылу, көркемделу тәсілдері мен негізгі пайдаланған ою-өрнектері Қазақ кілемі үлгілерімен өте ұқсас. Қазақ кілемі ндегідей қызыл, сары, ақ, қара, аспанкөк түстерді басым қолданған ежелгі кілем үлгілерінің қазіргі үлгіден айырмашылығы – өз дәуірінің  әдет   ғұрпын , салт-жорасы мен кәсібін бейнелегенінде. Ал  ою-өрнектің  көптеген түрлері (қошқар мүйіз, т.б.) негізгі бітімін бұзбай әлі күнге дейін қолданылып келеді. Қазақ кілемі үлгілері мен басқа да түркі халықтары кілем үлгілері арасындағы ұқсастықты ортақ тарихи бастаумен негіздеуге болады, сондай-ақ, көршілес халықтар арасындағы мәдениет алмасуымен де тығыз байланысты. Қазақ кілемі

 Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары к

3 слайд
 Қазақстан жерінде жүннен әртүрлі бұйымдар тоқу ерте заманнан белгілі болған. Алтай жеріндегі археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған тоқыма бұйымдар осыны дәлелдейді. Белгілі ғалымдар М. П. Грязнов пен С.В. Киселев сол заттардың сыртына салынған өрнектер қазіргі алтайлықтар мен қазақтардың, тяньшандық қырғыздардың оюларына өте жақындығын атап көрсеткен.    Коллекция тоқыма өнерінің Қазақстанда дамуы мен қалыптасуын, жер-жерге таралу аймағын толығынан көрсетіп, жасалу уақытының Х I Х ғасырдың соңы мен 1980-шы жылдар аралығы екенін айғақтап отыр. ТОҚЫМА ӨНЕРІ

 Қазақ халқы түкті кілемді жоғары бағалаған. Экспонаттар жинау мақсатымен жүргізілген экспедиция кезіндегі ғылыми жұмыстардың

4 слайд
 Қазақ халқы түкті кілемді жоғары бағалаған. Экспонаттар жинау мақсатымен жүргізілген экспедиция кезіндегі ғылыми жұмыстардың нәтижесінде мұражай қызметкерлеріне Қазақстанның барлық жерінде түкті кілем тоқу ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін сақталып келгені мәлім болды. Қазақтың белгілі ғалымы Әлкей Марғұланның «Қазақтың халық қолөнері» атты кітабында бұрынғы кездегі түкті кілемнің бірнеше түрінің болғандығын айтады. Олар: орта ғасырлардан бері ақсүйектердің еншісі болып келген – орда кілем, көлемі өте үлкен – қалы кілем, тығыз тоқылған – масаты кілем, сүттей аппақ – ақ кілемдер мен қоңырқай түсті немесе сұрғылт түсті кілемдердің болғанын баяндайды.

 Алаша – бүктеуге, жинауға, алып-салуға қолайлы мүлік. Мұны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмек

5 слайд
 Алаша – бүктеуге, жинауға, алып-салуға қолайлы мүлік. Мұны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмекпен тоқылған алашаның ені әдетте 40 – 45 сантиметрден аспайды. Сондықтан бірнеше кесіндісін біріктіре құрауға тура келеді. Бұл үшін шебер тоқылған материалдың ұзына бойы мен енін өлшеп, одан кейін неше бойы кесіп, құрау қажеттігін есептейді. Алаша тоқу өнері

 Әдетте өрмек жіптерінің 35-40 сантиметрдей тоқуға келмей қырқылады. Мұны «өрмектің қырқындысы» дейді. Алашаның бойларын құ

6 слайд
 Әдетте өрмек жіптерінің 35-40 сантиметрдей тоқуға келмей қырқылады. Мұны «өрмектің қырқындысы» дейді. Алашаның бойларын құрау-құрау үшін осы қырқынды жіпті пайдаланған жөн. Бұл жіптер ақ, қара, қызыл, - 4 түсті делік. Ендердің жапсар бойын осы 4 түсті жіпті кезектестіре отырып бұзау тіс тігісімен аралықтарын 1-2 сантиметрдей етіп қосымша сыналана енгізілді де алашаның көлемі үлкейе түседі.

 Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Оның біріншіден «су» өрнегі де, екіншісі «тіс» өрнегі. «Су» өрнег

7 слайд
 Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Оның біріншіден «су» өрнегі де, екіншісі «тіс» өрнегі. «Су» өрнегін өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіп пен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқиды. «Тіс» осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп тоқиды.

 Өрмекте мүйіз, өсімдік, геометриялық фигуралар тәрізді күнделікті өрнектер тоқу кездеседі. Мұндай тоқуды «терме» атайды. Те

8 слайд
 Өрмекте мүйіз, өсімдік, геометриялық фигуралар тәрізді күнделікті өрнектер тоқу кездеседі. Мұндай тоқуды «терме» атайды. Терме өрнегіне жоғары да айтылған жабдықтарды қосымша «ілмек», «өткерме», «мәймөңке» деген жабдықтар қолданылады. Мәймөңке өте жұқа етіліп, жып – жылмағай, бұдырсыз істеледі. Өрмек жіптерін қиып, үзіп, не шатыстырып алмас үшін мәймөңкені өте ептілікпен қолданады.

9 слайд

9 слайд

 Терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, мәймөңкелеу жұмыстарының барлығы да есептеп санау арқылы, әрбір ілінген жіп санын ұмыт

10 слайд
 Терме тоқудағы өткермелеу, ілмектеу, мәймөңкелеу жұмыстарының барлығы да есептеп санау арқылы, әрбір ілінген жіп санын ұмытпай есте сақтау арқылы орындалады.  Термелеп тоқу әдісі қазақтың өрмек өнерінің ең көп тараған және көркем дүниелерді тоқуға ең бір қолайлысы деп саналады. Термелеп тоқу әдісі, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде жақсы дамыған өнер. Сол сияқты бұл әдіс Өзбек, Қырғыз, Қарақалпақ, Түркімен республикаларында да айтарлықтай орын алады. Терме тоқу

 Қазақстанның Қарағанды, Павлодар облыстарында жиі кездесетін өте ертеден келе жатқан өнер. Олардың өз аймақтарына қарай, өр

11 слайд
 Қазақстанның Қарағанды, Павлодар облыстарында жиі кездесетін өте ертеден келе жатқан өнер. Олардың өз аймақтарына қарай, өрнек мәнерінде, тоқу әдістерінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстан терме тоқудың алты түрлі тәсілі бар және олардың атаулары да әр түрлі.  Қайыра теру тәсілімен тоқу құрылатын өрмектің ерсі жібі мен қарсы жібі 3 – 4 түсті бояулармен боялады да, бұлардың екеуі бірдей теріліп, өрмектің екі жағынан тоқылып шығады.

 «Кежім теру» немесе «бұқар теру» тәсілі көп түсті және әр түрлі өрнектен теріліп жасалатын басқұр мен алаша тоқу үшін қолда

12 слайд
 «Кежім теру» немесе «бұқар теру» тәсілі көп түсті және әр түрлі өрнектен теріліп жасалатын басқұр мен алаша тоқу үшін қолданылады. Мұндағы өрнектер ерсісі мен қарсысындағы әр түрлі жіптерден теріліп, бір жіп осы бірнеше түсті жіптерден терілген өрнектің астында бос қалып отырады. Мұндай тоқу әдістері Қырғыстанның оңтүстігінде көп кездеседі. Оны олар кейде «каджари» кейде «бұқари» деп атайды. Кежім теру

 «Орама теру» тәсілдерімен де басқұрлар, алашалар тоқылады. Мұндай жағдайда өрмектің ерсісі, қарсысы және арқауы бәрі бір түс

13 слайд
 «Орама теру» тәсілдерімен де басқұрлар, алашалар тоқылады. Мұндай жағдайда өрмектің ерсісі, қарсысы және арқауы бәрі бір түсті жіппен құрылып тоқылады. Бұған көбінесе ақ не қызыл түсті жіптер қолданылады. Тоқу барысында әр түсті жіптерден өрнек салынып, оны жібі өрмектің ерсісіне қолмен оралып, арқаумен бекітіліп отырылады.  Бір теру тәсілі тек ғана басқұр тоқуға қолданылады. Мұндай басқұрлардың ерсі мен қарсы жібі көбінесе бірыңғай ақ жіппен, кейде қызыл жіптен құрылады да, өрнегі қызыл, қара, көк және басқа түсті жіптер теріледі. Мұның бәрін қазақтың қарапайым өрмегімен жіңішке лента тәріздендіріп тоқиды. Орама теру

 Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқу әсіресе Қызылорда облысында көп дамыған өнер Оған түк орамай, өрнек беретін жіпті ерсі мен

14 слайд
 Тақыр тоқу немесе тақыр кілем тоқу әсіресе Қызылорда облысында көп дамыған өнер Оған түк орамай, өрнек беретін жіпті ерсі мен қарсының өз бойыңда бояп алады да, жай өрмек әдісімен тоқи береді. Тақыр кілемді кейде жіптерін боямай - ақ, ақ жіп пен қара жіпті кезек келтіріп тоқиды. Сөйтіп көлденең жолақ, кейде ұзын жолақ, сондай - ақ кеңірдек өрнектер тоқылып шығады.  Түктеп теру әдісімен енсіз шағын кілем, кілем, қоржын, түрлі төсеніштер тоқылады. Мұндай өрмектің өрнектеуіш жіптері ерсі мен қарсыға аралас бойлай тоқылады. Бой жіптер қатарыңда тұрған өрнектеуіш жіп өрнек бетінде бос қалып отырады да, соңынан ол кеселмен қырқылып тасталады. Осыдан өрмек бетінде түк пайда болады.  Осыдан біраз уақыт бұрын timeturk. Com сайты түрік қолөнершісі әлемдегі ең ұзын алаша тоқығаны туралы хабар таратқан еді. Хатай провинциясының тұрғыны, алаша тоқудың шебері Абдолла Акар Гиннестің рекордтар кітабына енуді алдына мақсат етіп қойыпты. Muslim.kz сайтының жазуынша, ол бұл алашаны бел жазбай 39 күн тоқыған екен. Алашаның ұзындығы - 35 м, ені - 80 см, ал қалыңдығы - 1 мм.

15 слайд

15 слайд