Презентация. Шығыстың жарық жұлдызы Шоқанныың туғанына 190 жыл




1 слайд
Шығыстың жарық жұлдызы
(Этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың
туғанына190 жыл)
Мақсаты: Жарық жұлдыздай жарқырап өмірден өте шыққан
Шоқанның қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуында қосқан
үлесін, оның зерттеулері мен жазбалары Орта Азия
халықтарының тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге
мүмкіндік беретініне тоқтала отырып, оның еңбектеріне
құрметпен қарай білуге тәрбиелеу.
1 слайд
Шығыстың жарық жұлдызы (Этнограф, географ, ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына190 жыл) Мақсаты: Жарық жұлдыздай жарқырап өмірден өте шыққан Шоқанның қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуында қосқан үлесін, оның зерттеулері мен жазбалары Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретініне тоқтала отырып, оның еңбектеріне құрметпен қарай білуге тәрбиелеу.

2 слайд
Шоқан Уәлиханов – чингизидтер
әулетінен шыққан
үш жүздің соңғы ханы
Кенесары Қасымұлының
жиені
Абылай ханның
шөбересі
Әкесі Шыңғыс Уәлиханов –
Омбы облысы Аманқарағай
округінің аға сұлтаны.
Оның атасы Уәли хан –
Абылай ханның 30
ұлының бірі болған.
2 слайд
Шоқан Уәлиханов – чингизидтер әулетінен шыққан үш жүздің соңғы ханы Кенесары Қасымұлының жиені Абылай ханның шөбересі Әкесі Шыңғыс Уәлиханов – Омбы облысы Аманқарағай округінің аға сұлтаны. Оның атасы Уәли хан – Абылай ханның 30 ұлының бірі болған.

3 слайд
Зейнеп Уәлиханова
Белгілі Баянауыл биі
Шорман Күшіковтің қызы
Баянауыл округінің аға
сұлтаны Мұса
Шормановтың апасы
7 ұл 2 қыз
Шоқан
Жақып
Мақы
Махмет
Ахмет
Қозыке
Қоқыш
Ұрқия
Рахия
3 слайд
Зейнеп Уәлиханова Белгілі Баянауыл биі Шорман Күшіковтің қызы Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановтың апасы 7 ұл 2 қыз Шоқан Жақып Мақы Махмет Ахмет Қозыке Қоқыш Ұрқия Рахия

4 слайд
4 слайд

5 слайд
Шоқанның өзіндік пікірлері және Шоқан туралы пікірлер
Шоқан Уәлиханов:
«Тек ақиқат білім
ғана күдіктерден
құтылуға жәрдем
етіп, өмірмен
материалдық әл-
ауқатты бағалауға
үйретеді».
Шоқан Уәлиханов: "Халықтың
тұрмысы мен әдет-ғұрпы, бәрінен
де артық көрініс табады. Өткенді
қастерлеу мен аңыздардың
молдылығы — терістік және Орта
Азия көшпелі халықтарының
ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб
тіліндегідей жасама бояу сөздер
жоқ, ол нағыз таза тіл".
5 слайд
Шоқанның өзіндік пікірлері және Шоқан туралы пікірлер Шоқан Уәлиханов: «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл- ауқатты бағалауға үйретеді». Шоқан Уәлиханов: "Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы, бәрінен де артық көрініс табады. Өткенді қастерлеу мен аңыздардың молдылығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл".

6 слайд
П.П.Семенов-Тян-
Шанский:
«Уалиханов ұлттық
аймақтардың ішінде
ең оқыған, білімді
адамдардың бірі еді».
Д.Қонаев атамыз:
«Шоқандай перзенті
бар менің халқым да
бақытты, осындай
ұлан-ғайыр даланы
еркін жайлаған халқы
бар Шоқан да
бақытты. Сол
Шоқандарымыз көп
болса қане!»
Раушан Иманжүсіп:
«Шоқан Уәлиханов –
қазақ ғылымы
тарихындағы
алғашқы кәсіби
энциклопедист-
ғалым.»
6 слайд
П.П.Семенов-Тян- Шанский: «Уалиханов ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді». Д.Қонаев атамыз: «Шоқандай перзенті бар менің халқым да бақытты, осындай ұлан-ғайыр даланы еркін жайлаған халқы бар Шоқан да бақытты. Сол Шоқандарымыз көп болса қане!» Раушан Иманжүсіп: «Шоқан Уәлиханов – қазақ ғылымы тарихындағы алғашқы кәсіби энциклопедист- ғалым.»

7 слайд
Н.И.Веселовский: «…
Шоқан Уалиханов
шығыстану әлемінің
үстінен құйрықты
жұлдыздай жарқ ете қалды.
Орыстың Шығысты
зерттеуші ғалымдарының
бәрі де ерекше бір құбылыс
деп танып, одан түрік
халықтарының тағдыры
туралы ұлы және маңызды
жаңалықтар ашуды
күткен еді. Бірақ Шоқанның
мезгілсіз өлімі біздің бұл
үмітімізді үзіп кетті».
Т.Н. Потанин: "Бізден жасы
кіші болса да, өзімізбен
салыстырғанда, ол үлкен
сықылды еді, біз оған қарағанда
бала тәрізді едік. Өзінің бізден
артық білетінін, не біздерден
білім жағынан жоғарылығын
білдіруге тырыспаса да,
жолдастардың арасында
болатын жай әңгімелердің
өзінде-ақ оның білімінің бізден
артықтығы танылып қалатын.
Жалпы жолдастарына, соның
ішінде маған, ол еріксіз
"Еуропаға ашқан терезе"
сықылды болды".
Ғабит Мүсірепов:
«Шоқанның
ұлылығы
соншама, біз оны
енді ғана толық
түсіне
бастағандаймыз».
7 слайд
Н.И.Веселовский: «… Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Т.Н. Потанин: "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді, біз оған қарағанда бала тәрізді едік. Өзінің бізден артық білетінін, не біздерден білім жағынан жоғарылығын білдіруге тырыспаса да, жолдастардың арасында болатын жай әңгімелердің өзінде-ақ оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды". Ғабит Мүсірепов: «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз».

8 слайд
Шоқан Уәлихановтың ғылымға қосқан үлесі
1855 жылы Омбыдан
Семейге дейін, Іле
Алатауының етегіне дейінгі
жолды жүріп өтті, мұнда
Верный бекінісінің негізі
қаланған болатын. Ол тарихи
ескерткіштермен танысып,
аңыздарды жазып алды.
1856 жылдың тамызында
Құлжада дипломатиялық миссия
орындады. Сол кезде Қытаймен
әлсіреген сауда қатынастарын реттеу,
даулы шекара мәселелерін шешу
қажет болды.
1856 жылы Ыстықкөлдегі үлкен
экспедицияға қатысты. Ол ауқымды
фольклорлық материалдар мен табиғат
коллекцияларын жинады. Ежелгі қала
мәдениетін, сәулет өнерін және
ескерткіштерді зерттеді. Дала "Илиа-
дасы" деп бағаланған "Манас" жырының
алғашқы ғылыми жазбасын жасады.
1858-1859 жылдары жарты жыл бойы көпес ретінде Шығыс Түркістандағы Қашқарияда
өмір сүрді. Жергілікті ақсүйектер қытай үстемдігіне қарсы күрескенімен, бұл аймақ
бірнеше ғасыр бойы еуропалықтардан оқшау өмір сүрген еді. Уәлиханов Шығыс
Түркістанның өткен тарихы мен қазіргі жағдайы, саяси және экономикалық құрылымы
туралы құнды мәліметтер жинады, бірегей қолжазбалар, монеталар мен тау жыныстары
коллекцияларын алып, тұрғындардың суреттерін және олардың кәсіптерін қарындашпен
салды.
8 слайд
Шоқан Уәлихановтың ғылымға қосқан үлесі 1855 жылы Омбыдан Семейге дейін, Іле Алатауының етегіне дейінгі жолды жүріп өтті, мұнда Верный бекінісінің негізі қаланған болатын. Ол тарихи ескерткіштермен танысып, аңыздарды жазып алды. 1856 жылдың тамызында Құлжада дипломатиялық миссия орындады. Сол кезде Қытаймен әлсіреген сауда қатынастарын реттеу, даулы шекара мәселелерін шешу қажет болды. 1856 жылы Ыстықкөлдегі үлкен экспедицияға қатысты. Ол ауқымды фольклорлық материалдар мен табиғат коллекцияларын жинады. Ежелгі қала мәдениетін, сәулет өнерін және ескерткіштерді зерттеді. Дала "Илиа- дасы" деп бағаланған "Манас" жырының алғашқы ғылыми жазбасын жасады. 1858-1859 жылдары жарты жыл бойы көпес ретінде Шығыс Түркістандағы Қашқарияда өмір сүрді. Жергілікті ақсүйектер қытай үстемдігіне қарсы күрескенімен, бұл аймақ бірнеше ғасыр бойы еуропалықтардан оқшау өмір сүрген еді. Уәлиханов Шығыс Түркістанның өткен тарихы мен қазіргі жағдайы, саяси және экономикалық құрылымы туралы құнды мәліметтер жинады, бірегей қолжазбалар, монеталар мен тау жыныстары коллекцияларын алып, тұрғындардың суреттерін және олардың кәсіптерін қарындашпен салды.

9 слайд
"Шығыс Түркістанның
сипаттамасы";
"Абылай";
"Шона батыр";
"Тарихи Рашиди";
"Қоқан хандығы туралы
жазбалар".
"Қырғыздар туралы
жазбалар" – қырғыз
халқының тарихы мен
мәдениетін терең зерттеген
еңбек.
"Жоңғария очерктері" – бұл
еңбекте ол Жоңғарияның
табиғаты, географиясы, халқы
туралы мәліметтерді
жинақтады.
"Алтышардың немесе
Қытайдың батыс өлкесінің
жағдайы" – Шоқанның
Қашқарияға сапары туралы еңбегі,
онда Шығыс Түркістандағы саяси,
экономикалық және әлеуметтік
жағдайды сипаттаған.
Ғалымның жазған ғылыми еңбектері мыналар:
9 слайд
"Шығыс Түркістанның сипаттамасы"; "Абылай"; "Шона батыр"; "Тарихи Рашиди"; "Қоқан хандығы туралы жазбалар". "Қырғыздар туралы жазбалар" – қырғыз халқының тарихы мен мәдениетін терең зерттеген еңбек. "Жоңғария очерктері" – бұл еңбекте ол Жоңғарияның табиғаты, географиясы, халқы туралы мәліметтерді жинақтады. "Алтышардың немесе Қытайдың батыс өлкесінің жағдайы" – Шоқанның Қашқарияға сапары туралы еңбегі, онда Шығыс Түркістандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайды сипаттаған. Ғалымның жазған ғылыми еңбектері мыналар:

10 слайд
1857 жылы Шоқан Уәлиханов Алатау
қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын,
этнографиясын және халықтық поэзиясын
зерттеді. Қырғыз халқының
энциклопедиялық дастаны "Манасты" жазып
алды.
"Манас", - дейді Шоқан, - қырғыздардың
ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен
жиналып, бір адам – Манастың төңірегіне
топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол
даланың "Илиадасы" тәрізді. Бұл аса зор
эпопеяда қырғыз халқының өмірі, әдет-
ғұрпы, жағрафиясы, діни дәрігерлік
ұғымдары, шетелдермен қарым-қатынасы
түгел қамтылған". "Манас" жырын бірінші
рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына
таныстырған да Шоқан.
Ол, әсіресе, жазғы демалыс
кездерінде ел ішіндегі халық
жырлары мен дастандарын
жазып алып, аңыз-әңгімелерді
жинауға қызықты. Мысалы,
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры
Шоқанның алғашқы жазған
шығармаларының бірі болды.
Шоқан жинаған қазақтың ауыз
әдебиеті үлгілері нұсқаларын,
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
жырын көрнекті шығыс
зерттеушісі, Петербург
университетінің профессоры
И.И.Березин бұл зерттеулерге
назар аударып, жазып алған.
10 слайд
1857 жылы Шоқан Уәлиханов Алатау қырғыздарына сапар шегіп, оның тарихын, этнографиясын және халықтық поэзиясын зерттеді. Қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны "Манасты" жазып алды. "Манас", - дейді Шоқан, - қырғыздардың ескі мифтерінен, аңыздарынан, ертегілерінен жиналып, бір адам – Манастың төңірегіне топталған энциклопедия. Бұл жағынан, ол даланың "Илиадасы" тәрізді. Бұл аса зор эпопеяда қырғыз халқының өмірі, әдет- ғұрпы, жағрафиясы, діни дәрігерлік ұғымдары, шетелдермен қарым-қатынасы түгел қамтылған". "Манас" жырын бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да Шоқан. Ол, әсіресе, жазғы демалыс кездерінде ел ішіндегі халық жырлары мен дастандарын жазып алып, аңыз-әңгімелерді жинауға қызықты. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу жыры Шоқанның алғашқы жазған шығармаларының бірі болды. Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті үлгілері нұсқаларын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын көрнекті шығыс зерттеушісі, Петербург университетінің профессоры И.И.Березин бұл зерттеулерге назар аударып, жазып алған.

11 слайд
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария
сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде
бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті
түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің
еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып
қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол
қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды.
Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер
төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы,
этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы,
географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде
белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның
негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-
JIy провинциясының (Кіші Бұхараның)
шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы»
деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де,
одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші
ғалымдар жоғары бағалады.
Патша үкіметі жас ғалымның
ғылыми ерлік еңбегін жоғары
бағалады.
1860 жылы Санкт-Петербург-
те ол орденмен
марапатталып, әскери шені де
жоғарылатыл-ды. Оны орыс
патшасы II Александрдің өзі
қабылдады. Осы кездесу
кезінде Шоқан патшаға орыс
шенеунікте-рінің қазақ
халқына жақсы қарауы
жайлы өз өтінішін батыл
жеткізді.
11 слайд
1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария сапарына барып қайтты. Шоқанға дейін ол өлкеде бірде-бір зерттеушінің болып қайтуының сәті түспеген еді. Неміс ғалымы Р. Шлагингвейттің еуропалықтар үшін мүлде жабық өлкеге барып қайтпақ болған сапары қайғылы аяқталып, ол қатыгездікпен өлім жазасына душар болған-ды. Шоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы Бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан- JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды. Еңбекті Ресейде де, одан тыс жерлерде де шығысты зерттеуші ғалымдар жоғары бағалады. Патша үкіметі жас ғалымның ғылыми ерлік еңбегін жоғары бағалады. 1860 жылы Санкт-Петербург- те ол орденмен марапатталып, әскери шені де жоғарылатыл-ды. Оны орыс патшасы II Александрдің өзі қабылдады. Осы кездесу кезінде Шоқан патшаға орыс шенеунікте-рінің қазақ халқына жақсы қарауы жайлы өз өтінішін батыл жеткізді.

12 слайд
Шоқан Уәлихановқа сурет салуды үйреткен адам
Шоқан Уәлихановты алғашқы қазақ ғалымы, та-
рихшы, этнограф, саяхатшы ретінде ғана танып
қоймай, суретші екенін де білеміз. Оның осы
қыры дамуына көп үлес қосқан А.Померанцев
деген суретші болған. Кейін екеуі бірге қазақ,
қырғыз ауылдарын аралап, бірі акварельмен,
екіншісі қарандашпен сурет салыпты.
Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу
өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер
саласында қазақтың тұңғыш профессионал
суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым
негізінен портрет, пейзаж және халықтың
тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан
150—дей сурет қалған.
Досы Григорий Потанин былай еске алады:
«(Ол) Померанцевті өзіне жанашыр көрді.
Бұл - жас, көңілді, бейқам Генерал штабының
офицері, бұрынғы біздің бейнелеу өнері
пәні-нің мұғалімі. Оның пәтері нағыз суретші
шеберханасы еді, қожайын да өнерге жақын,
болмысы сымбатты адам ғой. Өзіне келген
кадеттермен бала сияқты ойнап, асыр сала-
тын. Ш.Уәлиханов 15 жасында алғашқы
этюдтарының бірі «Шақырымдағы бағананы»
осы А.Померанцев тапсырмасымен салды».
Академик Әлкей Марғұлан А. Померанцевтің
Шоқан Уәлихановпен араласқаны жас
суретшінің болашақ ғалым-гуманист болуына
көп әсер еткенін айтады. «Олар өмір бойы
дос болып өтті. Олардың идеялары жақын
екені кейінірек бірігіп салған
картиналарында көрінді. Олар қазақ өмірінен
кенеп суретті бірге салды, жақын
ауылдарға сапарға барып жүрді», — деп
жазады Әлкей Марғұлан.
12 слайд
Шоқан Уәлихановқа сурет салуды үйреткен адам Шоқан Уәлихановты алғашқы қазақ ғалымы, та- рихшы, этнограф, саяхатшы ретінде ғана танып қоймай, суретші екенін де білеміз. Оның осы қыры дамуына көп үлес қосқан А.Померанцев деген суретші болған. Кейін екеуі бірге қазақ, қырғыз ауылдарын аралап, бірі акварельмен, екіншісі қарандашпен сурет салыпты. Шоқаннан қалған мұраның бірі бейнелеу өнері туындылары. Олар Шоқанның осы өнер саласында қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ғалым негізінен портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс салтын бейнелеумен айналысты. Одан 150—дей сурет қалған. Досы Григорий Потанин былай еске алады: «(Ол) Померанцевті өзіне жанашыр көрді. Бұл - жас, көңілді, бейқам Генерал штабының офицері, бұрынғы біздің бейнелеу өнері пәні-нің мұғалімі. Оның пәтері нағыз суретші шеберханасы еді, қожайын да өнерге жақын, болмысы сымбатты адам ғой. Өзіне келген кадеттермен бала сияқты ойнап, асыр сала- тын. Ш.Уәлиханов 15 жасында алғашқы этюдтарының бірі «Шақырымдағы бағананы» осы А.Померанцев тапсырмасымен салды». Академик Әлкей Марғұлан А. Померанцевтің Шоқан Уәлихановпен араласқаны жас суретшінің болашақ ғалым-гуманист болуына көп әсер еткенін айтады. «Олар өмір бойы дос болып өтті. Олардың идеялары жақын екені кейінірек бірігіп салған картиналарында көрінді. Олар қазақ өмірінен кенеп суретті бірге салды, жақын ауылдарға сапарға барып жүрді», — деп жазады Әлкей Марғұлан.

13 слайд
Мұның өзі Шоқан өнерінің жан-
жақты екенін, оған курстаста-
рының қызығып, ерекше құр-
метпен қарағанын дәлелдей
түседі. Шоқан кадет корпусында
оқып жүргенде-ақ, саяхатшы-
лардың өмірі мен ісі туралы
жазылған еңбектерге аса қызы-
ғушылықпен қарап, танысты.
Осы еңбектердің ықпал әсерінен
ол саяхатшы болуды, Орта
Азияны арлап жан-жақты
танысуды армандады. Демек,
саяхатшылар өмірі жайлы
жазылған еңбектер болашақ
саяхатшыға бастау көзі болып,
жол нұсқады.
Г.Н.Потанин: «Кадет
корпусының соңғы
курстарында оқып
жүрген кезімізде Шоқан
өзінің әңгімелерімен
менің дәптерімді
толтырды. Біз
қазақтардың сұңқар
салып, саят құру салтын
толық жазып алдық.
Шоқан сұңқарды қалай
баптап күтудің әдісін өте
жақсы білетін. Дауылпаз
бен сұңқардың т.б.
суреттерін салып, ол
менің жазбамды
толықтыра түсетін», –
деп жазды.
Қырағы да зейінді
Шоқанға сурет салу
өнері сол кездің өзінде-
ақ; халық өмірін
бейнелеудің тамаша бір
құралы болып
табылады. Туған жері
Сырымбеттің жазғы
жайлаулар мен мекен
қоныстарының суретін
салумен шұғылданады.
1847-1852 жылдарда
салған суреттерін
Шоқан «корпустан елге
демалысқа барған кезде
салған суреттер» – деп
атайды.
13 слайд
Мұның өзі Шоқан өнерінің жан- жақты екенін, оған курстаста- рының қызығып, ерекше құр- метпен қарағанын дәлелдей түседі. Шоқан кадет корпусында оқып жүргенде-ақ, саяхатшы- лардың өмірі мен ісі туралы жазылған еңбектерге аса қызы- ғушылықпен қарап, танысты. Осы еңбектердің ықпал әсерінен ол саяхатшы болуды, Орта Азияны арлап жан-жақты танысуды армандады. Демек, саяхатшылар өмірі жайлы жазылған еңбектер болашақ саяхатшыға бастау көзі болып, жол нұсқады. Г.Н.Потанин: «Кадет корпусының соңғы курстарында оқып жүрген кезімізде Шоқан өзінің әңгімелерімен менің дәптерімді толтырды. Біз қазақтардың сұңқар салып, саят құру салтын толық жазып алдық. Шоқан сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін өте жақсы білетін. Дауылпаз бен сұңқардың т.б. суреттерін салып, ол менің жазбамды толықтыра түсетін», – деп жазды. Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде- ақ; халық өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Туған жері Сырымбеттің жазғы жайлаулар мен мекен қоныстарының суретін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған суреттерін Шоқан «корпустан елге демалысқа барған кезде салған суреттер» – деп атайды.

14 слайд
14 слайд

15 слайд
15 слайд

16 слайд
16 слайд

17 слайд
Шоқан Уәлиханов туралы 5 дерек
1. Шоқан Уәлихановтың
сүйікті авторлары –
Диккенс пен Теккерей
12 жасқа дейін Шоқан орыс
тілін білмеген, тиісінше,
әлемдік әдебиетті оқуға
мүмкіндігі болмаған. Омбы
кадет корпусына кіргеннен
кейін ғана аталмыш автор-
ларды зерттей бастайды.
«Шоқан тез жетілді, орыс
жолдастарына шаң қап-
тырып кетіп отырды. Олар
Шоқанға қызыға қарайтын.
Ол өте қабілетті еді, оқуға
түспес бұрын да сурет
салды», – деп еске алады
Г. Потанин.
2. Шоқан Уәлиханов әзілқой,
сәнқой болған
Тарих пен мәдениеттің ұлы
білгірі ретінде Шоқан өзіне әдемі
мүсіншелер сатып алудан, сирек
кездесетін кітаптар сатып алудан
бас тартқан жоқ және үлкен
сәнқой болған. «Шоқан әрқашан
ұқыпты киініп жүрді; қыста ол
құндыз жағалы әскери пальтода
жүрді, тырнақтарына дейін
ұқыптылықпен қарап, бір сауса-
ғындағы тырнақты «қытайша»
өсірді. Шоқан әдемі заттарды өте
жақсы көрді. Алайда ол заттарды
бағасына қарап емес, суреті
үшін, бейнеленген ой үшін
таңдайтын», – деп жазады ол
туралы Жарылқап Бейсенбайұлы.
3. Айғаным әжесінің
маноры Шоқан
Уәлихановтың суреттері
бойынша қалпына келтірілді
Айғаным қонысы –
Солтүстік Қазақстан-ның ең
көрнекті туристік жерлерінің
бірі. Бұл көркем шатқалда
XIX ғасырдың басында
император Александр I
жарлығымен Уәли ханның
жесіріне арналған манор
салынды. Үлкен қоршалған
аулада қонақ бөлмесі бар үй,
қызметшілерге арналған үй,
мектеп, мешіт, медресе,
монша және тұрмыстық
қосымшалар болды.
17 слайд
Шоқан Уәлиханов туралы 5 дерек 1. Шоқан Уәлихановтың сүйікті авторлары – Диккенс пен Теккерей 12 жасқа дейін Шоқан орыс тілін білмеген, тиісінше, әлемдік әдебиетті оқуға мүмкіндігі болмаған. Омбы кадет корпусына кіргеннен кейін ғана аталмыш автор- ларды зерттей бастайды. «Шоқан тез жетілді, орыс жолдастарына шаң қап- тырып кетіп отырды. Олар Шоқанға қызыға қарайтын. Ол өте қабілетті еді, оқуға түспес бұрын да сурет салды», – деп еске алады Г. Потанин. 2. Шоқан Уәлиханов әзілқой, сәнқой болған Тарих пен мәдениеттің ұлы білгірі ретінде Шоқан өзіне әдемі мүсіншелер сатып алудан, сирек кездесетін кітаптар сатып алудан бас тартқан жоқ және үлкен сәнқой болған. «Шоқан әрқашан ұқыпты киініп жүрді; қыста ол құндыз жағалы әскери пальтода жүрді, тырнақтарына дейін ұқыптылықпен қарап, бір сауса- ғындағы тырнақты «қытайша» өсірді. Шоқан әдемі заттарды өте жақсы көрді. Алайда ол заттарды бағасына қарап емес, суреті үшін, бейнеленген ой үшін таңдайтын», – деп жазады ол туралы Жарылқап Бейсенбайұлы. 3. Айғаным әжесінің маноры Шоқан Уәлихановтың суреттері бойынша қалпына келтірілді Айғаным қонысы – Солтүстік Қазақстан-ның ең көрнекті туристік жерлерінің бірі. Бұл көркем шатқалда XIX ғасырдың басында император Александр I жарлығымен Уәли ханның жесіріне арналған манор салынды. Үлкен қоршалған аулада қонақ бөлмесі бар үй, қызметшілерге арналған үй, мектеп, мешіт, медресе, монша және тұрмыстық қосымшалар болды.

18 слайд
4. Шоқан жары Айсарамен
алты ай ғана өмір сүрді
Уәлихановтың өмірінің
соңғы жылы оның
өмірбаянында аз зерттелген.
Верныйдан Омбыға барар
жолда ол өзін нашар сезініп,
Алтынемел пикетіне жақын
сұлтан-полковник Тезек
Нұралиннің ауылына түседі.
Сол ауылда шамамен бір жыл
қоныстанып қалады. Біраз
уақыттан кейін денсаулығына
байланысты оған осы ауылда
қалып, Қытайдағы
мұсылмандардың ұлт- азаттық
қозғалысының дамуы туралы
ақпарат жинау ұсынылды..
Бірақ бұл ауылда Шоқан
Уәлихановты ұстап тұрған
жұмысы ғана емес, Тезек
сұлтанның немере ағасы
Көшен Ералиннің қызы,
дала сұлуы Айсара болатын
Күзде олардың некелері
қиылды. Бірақ, өкінішке
орай, олардың некесі ұзақ
уақытқа созылмады. Жарты
жылдан кейін Шоқан
Уәлиханов қайтыс болды.
Олардың балалары
болмады. Ал Айсара,
әменгерлік дәстүр
бойынша, ағасы
Жақыпқа әйел болды.
5. Шоқан өлімінің құпиясы
Шоқан Уәлиханов туберкулездің ашық
түрінен қайтыс болды деп есептеледі.
Алайда, қазіргі зерттеушілер бұл нұсқа-
ны күмәнді деп санайды.Ол қымызды өте
жақсы көретін, ал қымыз туберкулездің
бетін қайтаратыны белгілі.
Шоқанның замандастары да «ауруға»
сенімсіздікпен қарады. «Сібір әкімшілігі
оның Санкт - Петербургте патшамен
танысқанына, патшаның оң қабақ таныт-
қанына ренжіді», – деп жазады А. Гейнс.
«Барлық деректер құпия күйінде қалды.
Бірақ бұл аздаған үзінділер Уәлиханов-
тың империяның шет-шетіне қуғында-
лып, кейіннен уланып өлтірілгенін
көрсетеді», – деп есептейді Дастан
Елдесов.
Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын
берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.
18 слайд
4. Шоқан жары Айсарамен алты ай ғана өмір сүрді Уәлихановтың өмірінің соңғы жылы оның өмірбаянында аз зерттелген. Верныйдан Омбыға барар жолда ол өзін нашар сезініп, Алтынемел пикетіне жақын сұлтан-полковник Тезек Нұралиннің ауылына түседі. Сол ауылда шамамен бір жыл қоныстанып қалады. Біраз уақыттан кейін денсаулығына байланысты оған осы ауылда қалып, Қытайдағы мұсылмандардың ұлт- азаттық қозғалысының дамуы туралы ақпарат жинау ұсынылды.. Бірақ бұл ауылда Шоқан Уәлихановты ұстап тұрған жұмысы ғана емес, Тезек сұлтанның немере ағасы Көшен Ералиннің қызы, дала сұлуы Айсара болатын Күзде олардың некелері қиылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың некесі ұзақ уақытқа созылмады. Жарты жылдан кейін Шоқан Уәлиханов қайтыс болды. Олардың балалары болмады. Ал Айсара, әменгерлік дәстүр бойынша, ағасы Жақыпқа әйел болды. 5. Шоқан өлімінің құпиясы Шоқан Уәлиханов туберкулездің ашық түрінен қайтыс болды деп есептеледі. Алайда, қазіргі зерттеушілер бұл нұсқа- ны күмәнді деп санайды.Ол қымызды өте жақсы көретін, ал қымыз туберкулездің бетін қайтаратыны белгілі. Шоқанның замандастары да «ауруға» сенімсіздікпен қарады. «Сібір әкімшілігі оның Санкт - Петербургте патшамен танысқанына, патшаның оң қабақ таныт- қанына ренжіді», – деп жазады А. Гейнс. «Барлық деректер құпия күйінде қалды. Бірақ бұл аздаған үзінділер Уәлиханов- тың империяның шет-шетіне қуғында- лып, кейіннен уланып өлтірілгенін көрсетеді», – деп есептейді Дастан Елдесов. Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел. Өйткені, ол өз еліне шын берілген қазақ тұрмысын ардақтаушы үздік тұлға.