презентация "Үй тапсырмасын тексерудің тиімді әдістері"
презентация "Үй тапсырмасын тексерудің тиімді әдістері"

#1 слайд
« Үй тапсырмасын тексерудің
тиімді әдістері»
1 слайд
« Үй тапсырмасын тексерудің тиімді әдістері»
#2 слайд
Әдебиеттік оқу пәнінде үй тапсырмасы
көбінесе ауызша сұралатындықтан
оқушылардың көптігі, үйге берілген
немесе түсіндіргелі отырған жаңа
тақырып көлемінің
ауқымдылығы,өзектілігіне байланысты
уақыт тапшылығы т.б кедергілер
туындатып жатады.
2 слайд
Әдебиеттік оқу пәнінде үй тапсырмасы көбінесе ауызша сұралатындықтан оқушылардың көптігі, үйге берілген немесе түсіндіргелі отырған жаңа тақырып көлемінің ауқымдылығы,өзектілігіне байланысты уақыт тапшылығы т.б кедергілер туындатып жатады.
#3 слайд
"Үй тапсырмасы - келесі сабақтың іргетасы"
Ма қ сатым: оқушылардың үй тапсырмасын
тексеру кезіндегі қызығушылығын арттырудың
жолдарын қарастыру.
Өзектілігі: үй тапсырмасын уақытты
үнемдеу арқылы тексеру.
3 слайд
"Үй тапсырмасы - келесі сабақтың іргетасы" Ма қ сатым: оқушылардың үй тапсырмасын тексеру кезіндегі қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру. Өзектілігі: үй тапсырмасын уақытты үнемдеу арқылы тексеру.
#4 слайд
Бала мектепте үйренгенін түйіндеп, көкейіне түюі үшін үйде
өздігімен орындайтын тапсырманың мәні зор.
Әдетте үй тапсырмасын мынадай тәсілдермен тексереді:
бір не бірнеше оқушыны тақтаға шақырып, үйде
оқығанын сұрайды;
жеке карточкалар арқылы;
бала дәптерге жазған үй жұмысын тақтаға көшіріп жазу;
4 слайд
Бала мектепте үйренгенін түйіндеп, көкейіне түюі үшін үйде өздігімен орындайтын тапсырманың мәні зор. Әдетте үй тапсырмасын мынадай тәсілдермен тексереді: бір не бірнеше оқушыны тақтаға шақырып, үйде оқығанын сұрайды; жеке карточкалар арқылы; бала дәптерге жазған үй жұмысын тақтаға көшіріп жазу;
#5 слайд
Ауызша жауап берген балаға оқушы пікір
білдіру;
Өзара тексеріс;
Жазбаша жауап;
Бағдаршам;
Сынып көмегі;
Тыныш сұрау;
Шығармашылық кезең; Тізбекті сұрау;Тосын сұрақтар;Тақырыптық сөзжұмбақ; Авторға сұрақ; Пікірталас;
5 слайд
Ауызша жауап берген балаға оқушы пікір білдіру; Өзара тексеріс; Жазбаша жауап; Бағдаршам; Сынып көмегі; Тыныш сұрау; Шығармашылық кезең; Тізбекті сұрау;Тосын сұрақтар;Тақырыптық сөзжұмбақ; Авторға сұрақ; Пікірталас;
#6 слайд
Үй тапсырмасын бірсарынды қалыптасқан дәстүрмен
тексеру де оқушының үй тапсырмасын орындап келуге
деген құлшынысына кері әсер етеді.
«Сынық вагон»
«Иә жоқ»
«Жедел тест»
6 слайд
Үй тапсырмасын бірсарынды қалыптасқан дәстүрмен тексеру де оқушының үй тапсырмасын орындап келуге деген құлшынысына кері әсер етеді. «Сынық вагон» «Иә жоқ» «Жедел тест»
#7 слайд
"Сынық вагон"
Ең әуелі " сарапшылар" тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты
оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді 3-4 оқушыдан құралады. Олардың
міндеттері басқа оқушыларды мұқият тыңдау, "вагондарды" бір-біріне "тіркеу", " сынық
вагонды" анықтау. Қалған оқушыларға реттік нөмір таратылып беріледі. Бірінші нөмірлі
оқушы ("бірінші вагон") мәтіннің мазмұнын баяндауды бастайды. Сарапшылар ол
оқушыны кез-келген жерден тоқтатып келесі оқушыға ("вагонға") жалғастыруды
бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы "
сынық вагон" болып есептеліп, " рельстен " тақта алдына шығарылады. Ең
соңында сарапшылар "сынық вагондарға" сұрақтар қойып, олардың " жөнделуіне "
мүмкіндік береді.
7 слайд
"Сынық вагон" Ең әуелі " сарапшылар" тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді 3-4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері басқа оқушыларды мұқият тыңдау, "вагондарды" бір-біріне "тіркеу", " сынық вагонды" анықтау. Қалған оқушыларға реттік нөмір таратылып беріледі. Бірінші нөмірлі оқушы ("бірінші вагон") мәтіннің мазмұнын баяндауды бастайды. Сарапшылар ол оқушыны кез-келген жерден тоқтатып келесі оқушыға ("вагонға") жалғастыруды бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы " сынық вагон" болып есептеліп, " рельстен " тақта алдына шығарылады. Ең соңында сарапшылар "сынық вагондарға" сұрақтар қойып, олардың " жөнделуіне " мүмкіндік береді.
#8 слайд
Әдістің тиімділігі: Мұнда сабаққа дайындалмай келген
оқушыны мұғалім " ой, сен сынып қалыпсың ғой,онда келесі
вагондардың жүруіне кедергі жасамай,рельстен шыға ғой" деген
ескерту арқылы тақта алдына ұрсып емес, ойын барысында шығарып,
"енді қалғандарын мұқият тыңдап тұрсаң, жөнделуге мүмкіндік
аласың" деп оқушының сабаққа деген ықыласын арттырып қояды.
Бұл әрекетті ойын ретінде қабылдап тұрған оқушының көңіліне
кірбің түспейді. Бағаны сарапшылар қояды.
8 слайд
Әдістің тиімділігі: Мұнда сабаққа дайындалмай келген оқушыны мұғалім " ой, сен сынып қалыпсың ғой,онда келесі вагондардың жүруіне кедергі жасамай,рельстен шыға ғой" деген ескерту арқылы тақта алдына ұрсып емес, ойын барысында шығарып, "енді қалғандарын мұқият тыңдап тұрсаң, жөнделуге мүмкіндік аласың" деп оқушының сабаққа деген ықыласын арттырып қояды. Бұл әрекетті ойын ретінде қабылдап тұрған оқушының көңіліне кірбің түспейді. Бағаны сарапшылар қояды.
#9 слайд
«Жедел тест»
Бұндай тестті мұғалімнің өзі немесе оқушылар дайындап әкелуге болады.
Тест 5 сұрақтан құралады.Оқушылар бағалау өлшемімен танысады. Әр дұрыс
жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушылар дәптерлеріне бағандап 1-ден 5-ке дейін
сандар жазып қояды. Мұғалім әр тапсырманы оқып тұрғанда оқушылар
сәйкес санның қасына бір ғана сөзбен жауабын жазады. Тапсырма
орындалып болған соң, оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырады.
Тест жауабы тақтаға жазылады. Оқушылар алдарындағы жұмысты бағалау
өлшеміне сәйкес бағалайды.
9 слайд
«Жедел тест» Бұндай тестті мұғалімнің өзі немесе оқушылар дайындап әкелуге болады. Тест 5 сұрақтан құралады.Оқушылар бағалау өлшемімен танысады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушылар дәптерлеріне бағандап 1-ден 5-ке дейін сандар жазып қояды. Мұғалім әр тапсырманы оқып тұрғанда оқушылар сәйкес санның қасына бір ғана сөзбен жауабын жазады. Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырады. Тест жауабы тақтаға жазылады. Оқушылар алдарындағы жұмысты бағалау өлшеміне сәйкес бағалайды.
#10 слайд
Мысалы:"Қабанбай" мәтіні
бойынша Оқушы дәптерінде:
1. Батырдың азан шақырып қойған
есімі? 1. Ерасыл
2. Батыр алдында көсіліп еркін
сөйлейтін адам? 2. Ақтанберді жырау
3. Батырға "Қабанбай" есімін берген
адам? 3. жездесі (Бердәулет)
4. "Дарабоз" деген атты батырға кім
берді? 4. Абылай хан
5. Батыр мен Долан Дашының жекпе
-жегі өткен жер? 5. Сауыр
10 слайд
Мысалы:"Қабанбай" мәтіні бойынша Оқушы дәптерінде: 1. Батырдың азан шақырып қойған есімі? 1. Ерасыл 2. Батыр алдында көсіліп еркін сөйлейтін адам? 2. Ақтанберді жырау 3. Батырға "Қабанбай" есімін берген адам? 3. жездесі (Бердәулет) 4. "Дарабоз" деген атты батырға кім берді? 4. Абылай хан 5. Батыр мен Долан Дашының жекпе -жегі өткен жер? 5. Сауыр
#11 слайд
Бұл әдісті балалар баяндаудан немесе тыңдаудан жалықпас үшін
қолдануға болады. Мұнда әр оқушы мәтін мазмұнына сәйкес келетін
немесе мүлдем қатысы жоқ бір сұрақ дайындап отырады. Сұрақ не
"иә", не " жоқ" деп жауап қайтаратындай болуы тиіс. Егер сұрақ "жоқ"
деп жауап қататындай болып қойылса, онда дұрыс нұсқасын қосып
айтады. Бірінші бастаған оқушы өзі қалаған кез-келген оқушыға
дайындаған сұрағын қояды.Ол сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға
сұрақ қояды. Осылайша аз уақыттың ішінде барлық оқушы қамтылады.
Ең соңғы оқушы сұрағын тапсырманы бастаған оқушыға қояды. Иә, жоқ
11 слайд
Бұл әдісті балалар баяндаудан немесе тыңдаудан жалықпас үшін қолдануға болады. Мұнда әр оқушы мәтін мазмұнына сәйкес келетін немесе мүлдем қатысы жоқ бір сұрақ дайындап отырады. Сұрақ не "иә", не " жоқ" деп жауап қайтаратындай болуы тиіс. Егер сұрақ "жоқ" деп жауап қататындай болып қойылса, онда дұрыс нұсқасын қосып айтады. Бірінші бастаған оқушы өзі қалаған кез-келген оқушыға дайындаған сұрағын қояды.Ол сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қояды. Осылайша аз уақыттың ішінде барлық оқушы қамтылады. Ең соңғы оқушы сұрағын тапсырманы бастаған оқушыға қояды. Иә, жоқ
#12 слайд
Мысалы:Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" әңгімесінің желісі
бойынша сұрақ қоюшы оқушы "Қожа мұғалімнің сөмкесіне тышқан
салды" десе, жауап беруші оқушы "Жоқ, Қожа мұғалімнің сөмкесіне бақа
салды" деп дұрыс нұсқасын айтқаннан кейін өзінің сұрағын келесі
оқушыға қояды.
Әдістің тиімділігі : Оқушылардың ой ұшқырлығы артады.
Кейбір оқушылар мазмұны мәтінге мүлдем сәйкес келмейтін
сұрақты қисынды құрастырады.
12 слайд
Мысалы:Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" әңгімесінің желісі бойынша сұрақ қоюшы оқушы "Қожа мұғалімнің сөмкесіне тышқан салды" десе, жауап беруші оқушы "Жоқ, Қожа мұғалімнің сөмкесіне бақа салды" деп дұрыс нұсқасын айтқаннан кейін өзінің сұрағын келесі оқушыға қояды. Әдістің тиімділігі : Оқушылардың ой ұшқырлығы артады. Кейбір оқушылар мазмұны мәтінге мүлдем сәйкес келмейтін сұрақты қисынды құрастырады.
#13 слайд
Күтілетін нәтиже:
Сыныптағы барлық оқушылардың қамтылуы;
Өткен тақырып пен жаңа тақырып алдында
байланыс орнатылады;Уақыттың тиімді пайдалануы;
13 слайд
Күтілетін нәтиже: Сыныптағы барлық оқушылардың қамтылуы; Өткен тақырып пен жаңа тақырып алдында байланыс орнатылады;Уақыттың тиімді пайдалануы;
#14 слайд
Қорытындылай келе, үй тапсырмасын
күнделікті тексеріп, талдап отыру -
сапалы білімге қол жеткізудің басты
шарттарының бірі.
14 слайд
Қорытындылай келе, үй тапсырмасын күнделікті тексеріп, талдап отыру - сапалы білімге қол жеткізудің басты шарттарының бірі.
шағым қалдыра аласыз













