1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қадыр Мырза Әлі "Кәрі қыран" саағының презентациясы

#1 слайд
1 слайд
#2 слайд
•Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы — Қазақстанның халық жазушысы, ақыны, тәуелсіз “Тарлан”
сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
•Қадір Мырзалиев (немесе Қадыр Мырза Әлі) 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты
кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін
тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы “Балдырғаннан”
бастаған. “Жұлдыз” журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты
хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. “Жазушы” баспасында қазақ поэзиясы
бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі
болған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы “Пионер” журналында жарияланды. Содан бергі уақыт
ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары:
“Көктем” (1959), “Данышпан” (1961), “Сабақ”, “Ой орманы” (1965), “Дала дидары” (1966),
“Бұлбұл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Күміс қоңырау”, (1970), “Домбыра” (екі кітап, 1971
және 1974), “Кеш” (1973), “Жерұйық” (1976), “Қорамсақ”, “Көкпар”, “Қызыл кітап”, “Алақан”
(1981), “Саз сиқыры” (1982), “Күндер-ай” (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы
шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы “Қазығұрт” баспасынан 15 томдығы шыққан.
Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерін аударылған. Ол Овийдің,
Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің,
Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. 1966 жылы “Ой орманы” жинағы үшін
Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы “Жерұйық” жыр кітабы үшін
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қ
•азақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны жаңа мәтіні
авторларының бірі. 2001 жылы тәуелсіз “Тарлан” сыйлығын алды.
•Қадыр Мырза Әлі 2011 жылы қаңтардың 22-і күні дүниеден өтті.
2 слайд
•Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы — Қазақстанның халық жазушысы, ақыны, тәуелсіз “Тарлан” сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. •Қадір Мырзалиев (немесе Қадыр Мырза Әлі) 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы “Балдырғаннан” бастаған. “Жұлдыз” журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. “Жазушы” баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы “Пионер” журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: “Көктем” (1959), “Данышпан” (1961), “Сабақ”, “Ой орманы” (1965), “Дала дидары” (1966), “Бұлбұл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Күміс қоңырау”, (1970), “Домбыра” (екі кітап, 1971 және 1974), “Кеш” (1973), “Жерұйық” (1976), “Қорамсақ”, “Көкпар”, “Қызыл кітап”, “Алақан” (1981), “Саз сиқыры” (1982), “Күндер-ай” (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы “Қазығұрт” баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерін аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған. 1966 жылы “Ой орманы” жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы “Жерұйық” жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қ •азақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы тәуелсіз “Тарлан” сыйлығын алды. •Қадыр Мырза Әлі 2011 жылы қаңтардың 22-і күні дүниеден өтті.
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
1.Қыранға қатысты қандай
кәсіп бар?
2.Қайда тіршілік етеді?
3.Қыранға қандай құстар
жатады?
4 слайд
1.Қыранға қатысты қандай кәсіп бар? 2.Қайда тіршілік етеді? 3.Қыранға қандай құстар жатады?
#5 слайд
Бүркіттің жасына қарай әртүрлі ат беріп отырған:
1 жас- балапан;
2 жас- жас түбіт;
3 жас- жас тірнек;
4 жас- жас түлек;
5 жас- мұзбалақ;
6 жас- көк түбіт;
7 жас- қана.
5 слайд
Бүркіттің жасына қарай әртүрлі ат беріп отырған: 1 жас- балапан; 2 жас- жас түбіт; 3 жас- жас тірнек; 4 жас- жас түлек; 5 жас- мұзбалақ; 6 жас- көк түбіт; 7 жас- қана.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
1- оқушы - мәнерлеп оқиды;
2- оқушы - мазмұнын айтады;
3 –оқушы - көркемделген сөздерді табады;
4- оқушы - мағынасы түсініксіз сөздерді табады;
5- оқушы – жоспар құрады;
7 слайд
1- оқушы - мәнерлеп оқиды; 2- оқушы - мазмұнын айтады; 3 –оқушы - көркемделген сөздерді табады; 4- оқушы - мағынасы түсініксіз сөздерді табады; 5- оқушы – жоспар құрады;
#8 слайд
Қанатынан қаңтардың қары бүркіп
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.
Қырағы көз бүгінде қарауытып,
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Санағанмен өлімнен өмірді артық
Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып.
Тұла бойы құрыстап,
Шабыт қашып,
Денесі де кетіпті ауыр тартып.
8 слайд
Қанатынан қаңтардың қары бүркіп Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп. Қырағы көз бүгінде қарауытып, Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт. Санағанмен өлімнен өмірді артық Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып. Тұла бойы құрыстап, Шабыт қашып, Денесі де кетіпті ауыр тартып.
#9 слайд
Тұсы бар ма тауының бұлт артпаған!
Тау бүркіті ол,
Далаға бұлт тарпаған.
Қайран күндер:
Қиядан құйылғанда
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!
Түлкі түгіл,
Түсетін қасқырыңа,
Қасқырыңа –
Албасты басқырыңа,
Өткір еді – ау ақ алмас шеңгелі оның
Қайрап – қайрап алғандай тас қырына!
Бауырында таулардың пұшпағы аунап,
О, жастық – ай!
Ауылдан ұшқан аулақ!
Құрыш тырнақ қоладай қайырылып,
Қалғаныма енді оның тышқан аулап?!
9 слайд
Тұсы бар ма тауының бұлт артпаған! Тау бүркіті ол, Далаға бұлт тарпаған. Қайран күндер: Қиядан құйылғанда Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған! Түлкі түгіл, Түсетін қасқырыңа, Қасқырыңа – Албасты басқырыңа, Өткір еді – ау ақ алмас шеңгелі оның Қайрап – қайрап алғандай тас қырына! Бауырында таулардың пұшпағы аунап, О, жастық – ай! Ауылдан ұшқан аулақ! Құрыш тырнақ қоладай қайырылып, Қалғаныма енді оның тышқан аулап?!
#10 слайд
Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп,
Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп.
Қалғаны ма?
Ендеше
Бұл тірлікті
Қырандарша өтейін тәрк етіп.
О, дүние, білсемші өтеріңді!
Деген оймен шау бүркіт көтерілді.
Көтерілді,
Өртенген самолеттей
Қанатының астында от өрілді.
Көк аспанның
Бұлт емес –
Мұң қаптаған
Кезде
Қыран қыран ба үн қатпаған?!
Шаңқ етті де шау бүркіт
Заулап келіп,
Қойып кетті көк тасқа күн қақтаған!
10 слайд
Сеңгір-сеңгір бұлттарды жарып өтіп, Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп. Қалғаны ма? Ендеше Бұл тірлікті Қырандарша өтейін тәрк етіп. О, дүние, білсемші өтеріңді! Деген оймен шау бүркіт көтерілді. Көтерілді, Өртенген самолеттей Қанатының астында от өрілді. Көк аспанның Бұлт емес – Мұң қаптаған Кезде Қыран қыран ба үн қатпаған?! Шаңқ етті де шау бүркіт Заулап келіп, Қойып кетті көк тасқа күн қақтаған!
#11 слайд
Күрсінді тау ақ қарлы –
Ақ кебінді.
Кәрі қыран осылай тапты өлімді.
Жасын түскен дөңгелек шарайнайдай
Пай-пай шіркін!
Көк тасың қақ бөлінді!
Қыран еді бұл неткен құдіретті!
Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті.
Көрген кезде осыны
Шіміркеніп,
Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті!
Сабақ алып шежіре көне күннен,
Бәрін көздің өткізіп елегінен,
Қыранша өмір сүргенің –
Қандай бақыт!
Қандай бақыт-
Қыранша өле білген!
11 слайд
Күрсінді тау ақ қарлы – Ақ кебінді. Кәрі қыран осылай тапты өлімді. Жасын түскен дөңгелек шарайнайдай Пай-пай шіркін! Көк тасың қақ бөлінді! Қыран еді бұл неткен құдіретті! Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті. Көрген кезде осыны Шіміркеніп, Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті! Сабақ алып шежіре көне күннен, Бәрін көздің өткізіп елегінен, Қыранша өмір сүргенің – Қандай бақыт! Қандай бақыт- Қыранша өле білген!
#12 слайд
Өжет
қырағы
қайсар
сақ осал жас
Тәжірбиесіз
аңғал
12 слайд
Өжет қырағы қайсар сақ осал жас Тәжірбиесіз аңғал
#13 слайд
1.“Қыран қияда өледі” дегенді қалай
түсінесіздер?
2.Қыран неге намыстанады?
3.“Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті”
дегенді қалай түсінесіз?
4.Қыранның соңғы шешіміне не себеп
болды?
13 слайд
1.“Қыран қияда өледі” дегенді қалай түсінесіздер? 2.Қыран неге намыстанады? 3.“Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті” дегенді қалай түсінесіз? 4.Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
#14 слайд
“Тауға ұшам, қуат алып қыранның
қанатынан....” тақырыбына эссе,
өлең жазу, мазмұнына сәйкес
сурет салу.
14 слайд
“Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан....” тақырыбына эссе, өлең жазу, мазмұнына сәйкес сурет салу.
#15 слайд
15 слайд

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген