Қажығали Мұханбетқалиұлы жайында презентация

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қажығали Мұханбетқалиұлы жайында презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл "Тар кезең" романын жазған Қажығали Мұханбетқалиұлы жайында қысқаша мәлімет айтылады
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Қажығали Мұханбетқа лиұлы (1942-2020)

#1 слайд
Қажығали Мұханбетқа лиұлы (1942-2020)

1 слайд

Қажығали Мұханбетқа лиұлы (1942-2020)

Қысқаша өмірбаяны •Қажығали Мұханбетқалиұлы - 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы , Кемерши ауылында туғ

#2 слайд
Қысқаша өмірбаяны •Қажығали Мұханбетқалиұлы - 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы , Кемерши ауылында  туған. 2020 жылы 13 шілдеде коронавирустан көз жұмды . •Еңбек жолы: •1965 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін үздік бітірген. Одан кейін Ақтөбе облыстық радио және телевидение комитетінде, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, «Қазақстан» баспасында, «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор, аға редактор, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналының бас редакторы болған. Кейінгі жылдары ҚР Президенті аппаратында, Парламенті, «Таң Шолпан» журналында қызмет істеген.

2 слайд

Еңбектері •Р.Акутагаева, С.Моэм, П.Мэриме, Ти де Мопассан, Д.Фонвизин, С.Чубек, Л.Хонвано, Дж.Одинаев, Х.Абдуллин, т.б. жазуш

#3 слайд
Еңбектері •Р.Акутагаева, С.Моэм, П.Мэриме, Ти де Мопассан, Д.Фонвизин, С.Чубек, Л.Хонвано, Дж.Одинаев, Х.Абдуллин, т.б. жазушылардың жекелеген әңгімелерін және түрікмен жазушысы Т.Жүмагелдиновтың «Егес» атты кітабын, орыс жазушысы А.Скалонның «Бақыттың алтайы түлкісі» атты әңгімелер мен повестер жинағын қазақ тіліне аударған. Өзінің де бірқатар әңгімелері шет елдерде жарияланған ұжымдық жинақтарға енген. «Сырым батыр» атты романының алғашқы тарауларын әдеби журналдарда жариялады. «Сырым Датұлы» жинағын құрастырып, алғы сөзі мен түсініктемелерін жазған. Шығармалары: Жұлдызды түндер. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1972; Тоғай сыбдыры. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Жаңғырық. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1978; Старые друзья. Рассказы и повести. А., «Жазушы», 1981; Қайдасың сен, махаббат. Әңгімелер мен повестер. А., «Жалын», 1984; Дороги жизни. Рассказы и повесть. А., «Жазушы», 1986; Сынық терезе. Әңгімелер мен хикаяттар. «Елорда», 2003; Жалғыз жиен. Әңгімелер менповестер. «Жазушы», 2005; Алабұға, аққайран. «Бауыр», 2008. 2003 жылы ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған медалімен марапатталған, Байғанин ауданының Құрметті азаматы.

3 слайд

•Оймақтай ғана оқиғаға ойдай мағына сыйғыза алатын прозашы, адам құлқынындағы құбылмалылықтан басталатын дәуірлік трагедиялар

#4 слайд
•Оймақтай ғана оқиғаға ойдай мағына сыйғыза алатын прозашы, адам құлқынындағы құбылмалылықтан басталатын дәуірлік трагедиялар мен әлеуметтік драмалар өзегін дөп басады. Сезім иірімдеріне зер сала отырып, замана қабілетін зерделейді. Әдебиеттің төл табиғаты мен басты міндеті адамның өзін өзі ұғып, өзіне өзінің жаны аши білуіне баулу екендігін терең түсініп, қатаң қадағалайтын суреткер өзгермелі уақыт пен тез есейіп келе жатқан ұрпақтың қатаң талабына шымбайға батар шындығымен, еріксіз ден қойғызар шынайлығымен жауап бере алатын шымыр шығармалар тудырады. •Қ.Мұханбетқалиев қазақтың Х VІІІ ғасырдағы отаршылдық езгіге қарсы күресінің басшысы, әрі би, әрі батыр Сырым Датұлы туралы ұзақ жылдар бойы зерттеу жүргізіп, тұлға туралы республикалық «Арыс» баспасынан «Сырым Датұлы» (2004) атты жинағы, әдебиет пен өнер туралы, қоғам туралы сан түрлі пікірлер мен мақалалардан тұратын «Тоғысар арнамыз бір толғанғанда...» (2010) атты кітаптары жарыққа шықты. Тәуелсіздік жылдарында жазылған сүбелі еңбегі батыр, би, қайраткер Сырым Датұлы туралы баяндалған «Тар кезең» тарихи романы 2012 жылы оқырмандарына жол тартты.

4 слайд

Жазушының бұл кітабына «Мінез», «Сынық терезе», «Қаңтардың қарасуық түні», «Ит жылғы оқиға» секілді әңгімелері мен жұр

#5 слайд
Жазушының бұл кітабына «Мінез», «Сынық терезе», «Қаңтардың қарасуық түні», «Ит жылғы оқиға» секілді әңгімелері мен жұртшылықтан жылы лебіз естіген бірқатар белгілі туындылары еніп отыр. Кітап екі бөлімнен тұрады; бірінші бөлім, негізінен, қазіргі қала тіршілігіне арналған. Екінші бөлімге бүгінгі ауыл өмірін арқау еткен шығармалар енгізілген. Автордың бұл кітабына әр жылдары әдебиет пен өнер туралы жазған мақалалары; пікірталас кезінде сөйлеген сөздері және әріптестерімен сыр- сұхбаттары; бірқатар тарихи тұлғалар жөніндегі зерттеу еңбектері енгізіліп, бірінші рет жеке кітап болып жарық көріп отыр. «Жұлдызды түндер» - Қажығали Мұханбетқалиевтің тұңғыш кітабы. Бұған автордың туған жер, адамгершілік, азаматтық парыз туралы әңгімелері еніп отыр. Жас жазушының не туралы жазса да, барынша шынайы баяндауға талпынуы оқушысын қуантарлық. Жазушының бұл кітабына оқырмандарға кеңінен таныс, әдеби орта әлдеқашан мойындаған белгілі-белгілі туындылары еніп отыр. Қаламгердің қай шығармасын оқысаңыз да, қала мен дала өмірін бірдей жақсы білетіндігі айқын сезіледі.

5 слайд

«Тар кезең» романы (Жазушының көлемді туындысы)

#6 слайд
«Тар кезең» романы (Жазушының көлемді туындысы)

6 слайд

«Тар кезең» романы (Жазушының көлемді туындысы)

•Қилы кезеңде ел тағдырына деген жауапкершілікті өз мойындарына алған – Бейбақты Сырым бастаған қазақтың білікті билері мен бат

#7 слайд
•Қилы кезеңде ел тағдырына деген жауапкершілікті өз мойындарына алған – Бейбақты Сырым бастаған қазақтың білікті билері мен батырлары, ақсақалды ағалары еді... Белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» аталатын романы халық тағдыры таразыға түскен осынау қиын кезеңнің оқиғаларын кең тыныспен, аса байыпты да байсалды көрсете білген, шын мәніндегі көркем туынды екеніне оқыған жұрттың көзі анық жетер деп ойлаймыз . • Мемлекеттік сыйлыққа ие болған «Тар кезең» романына жазушы ширек ғасыр өмірін арнаған екен. Ұлттық архивте, Орынбордағы және Ресейдің өзге архивтерінде сарылып отырып, болашақ романына тарихи нұсқа болатын құнды құжаттар тапқаны рас. Сол қолға түскен жәдігерлерді сараптай отырып, ой елегінен өткізді, көркем дүниені өмірге әкелді. Академик Зейнолла Қабдолов айтқандай : «Жазушыға ұшқыр қиял мен көркем ой» керек екенін де сол шақта жүрегімен түйсінді. Иә, еңбегі зая кетпеді. Туған елінің басына түскен сол бір тауқыметті заманның зарын айтып, көкіректерге тас боп байланған шер-шеменін қағаз бетіне түсірген жазушының «Тар кезеңі» Елбасы тарапынан да үлкен қолдауға ие болды. •Шығарма тақырыбы — Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс болса, идеясы — жас ұрпақты отаншылдыққа баулу. Өз елін, туған жерін қастерлеп, қорғай білуге, ұлттық құндылықтарды, салт-сананы сақтауға шақыру. •Романның экспозициясы, яғни, оқиғаның басталуы – Орынбор генерал-губернаторы қызметіне Игельстромның тағайындалуы. Осы тұста жазушы патшалық Ресейдің басқыншылық саясатын көрсетеді. Ресей боданындағы елдерді тек қарудың күшімен ғана емес, алдап-арбап тұзаққа түсіру керектігін алдына мақсат етіп қойған патша ағзам шенеуніктері қызметінің миссионерлік сипатын ашық баяндайды.

7 слайд

НАЗАРЛАРЫҢ ЫЗҒА РАҚМЕТ!

#8 слайд
НАЗАРЛАРЫҢ ЫЗҒА РАҚМЕТ!

8 слайд

НАЗАРЛАРЫҢ ЫЗҒА РАҚМЕТ!

Файл форматы:
pptx
20.11.2024
682
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі