Қазақ халқының қалыптасуы (видео сабақ)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
1 слайд
2 слайд
2 слайд
3 слайд
Алматы облысы
Есік гуманитарлық-экономикалық
колледжі
Қоғамдық пәндер оқытушысы
Жакыпбаев Алмас Исагулович
3 слайд
Алматы облысы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі Қоғамдық пәндер оқытушысы Жакыпбаев Алмас Исагулович
4 слайд
Пәні: Қазақстан тарихы
Мамандығы: 010800-Музыкалық
білім беру
Біліктілігі: 0108013-Мектепке
дейінгі және негізгі орта білім
беру ұйымдарындағы музыка
пәнінің мұғалімі
1-курс
4 слайд
Пәні: Қазақстан тарихы Мамандығы: 010800-Музыкалық білім беру Біліктілігі: 0108013-Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка пәнінің мұғалімі 1-курс
5 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Қазақ халқының қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімгерлерге «қазақ» атауының шығу
тарихын, қазақ халқының негізін құраған
тайпалар мен жүздердің пайда
болуын,олардың орналасу аймақтарын
ашып көрсету.
5 слайд
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасуы. Сабақтың мақсаты: Білімгерлерге «қазақ» атауының шығу тарихын, қазақ халқының негізін құраған тайпалар мен жүздердің пайда болуын,олардың орналасу аймақтарын ашып көрсету.
6 слайд
Күтілетін нәтиже:
Қазақ халқының қалыптасуы және оның негізгі
кезеңдері туралы мағлұмат алады;
Тарихи деректерді қолдана отырып білімдерін
толықтырады;
Пікір айту сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Тақырыпқа тән терминология:
Халық, «қазақ» атауы, қазақ жүздері, этносаяси
бірлестік, этнос, этноним, ұлт, Алаш, ру, ата-
аймақ.
6 слайд
Күтілетін нәтиже: Қазақ халқының қалыптасуы және оның негізгі кезеңдері туралы мағлұмат алады; Тарихи деректерді қолдана отырып білімдерін толықтырады; Пікір айту сөйлеу мәдениеті қалыптасады. Тақырыпқа тән терминология: Халық, «қазақ» атауы, қазақ жүздері, этносаяси бірлестік, этнос, этноним, ұлт, Алаш, ру, ата- аймақ.
7 слайд
Қазақстан жерін қола дәуірінде
мекендеген адамдардың түр-сипаты
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін
мекендеген тайпалардың
антропологиясы
Түрік дәуірінің антропологиясы
Халық болып қалыптасу үдерісі
Этносаяси , аумақтық тұтастық
Алаш атауы
Қазақ атауы
Қазақ жүздері Жоспары
7 слайд
Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы Түрік дәуірінің антропологиясы Халық болып қалыптасу үдерісі Этносаяси , аумақтық тұтастық Алаш атауы Қазақ атауы Қазақ жүздері Жоспары
8 слайд
Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың
түр-сипаты
Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-
мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени
бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді.
Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық
және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып,
зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын
андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат
еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас.
Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бет-пішіні
дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу болып
келеді.
8 слайд
Қазақстан жерін қола дәуірінде мекендеген адамдардың түр-сипаты Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1- мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бет-пішіні дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу болып келеді.
9 слайд
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін
мекендеген тайпалардың антропологиясы
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн,
сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас
сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау,
көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу
болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық
тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен
де сақтардың бет әлпетінде еуропоидтік тұрпаттың
өзгере бастағаны мынадай белгілерден байқалады:
бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана
түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы
бола бастайды.
9 слайд
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың антропологиясы Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропоидтік тұрпаттың өзгере бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.
10 слайд
10 слайд
11 слайд
11 слайд
12 слайд
Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан
біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті
алғышарттың бірі — оның дербес
мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап
алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған
мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының,
содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр
хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ
мемлекеттілігінің, этностық аумағының
қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ
руларының аталған мемлекеттердің құрамында
бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да
кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік
құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі.
XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік
ерекшеліктері қалыптаса бастады.
12 слайд
Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.
13 слайд
Этнос теориясымен айналысушы
ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің
әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:
Ру-тайпа. Халық Ұлт
13 слайд
Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады: Ру-тайпа. Халық Ұлт
14 слайд
Алаш атауы
Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш
мыңы" . Қадырғали Жалайыри көрсеткен "Алаш
мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық
ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине,
анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп
этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери
одақты еске салса, "қазақ", әрине, таза этностық
ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей
сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін
Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт,
ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың
құрамында шашырап жүрген найман, алшын,
дулат және осы сияқты кезінде тұтас ру-
тайпалардың шағын топтары ендігі уақытта
біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды.
14 слайд
Алаш атауы Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы" . Қадырғали Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", әрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас ру- тайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды.
15 слайд
"Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни
қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында
Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды
кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс
елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы
мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ.
Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар
берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы
тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш
мыңы", кейінірек ( XV ғ. екінші жартысынан бастап)
"Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден
ұмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына
айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—
XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және
"қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда
өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы
Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың
туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының
нық және жиі аталуы соның айғағы.
15 слайд
"Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек ( XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден ұмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI— XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы.
16 слайд
Қазақ атауы
этимологиясының жиырмадан астам
түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ"
деген сөз "қаз" және "ақ" деген
сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай
тізілген көш керуеніне қарап
қойылған ат", — дейді немесе:
"қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз
және "сақ" — көне замандағы сақтар
атауынан құралған және "хас-сақ" —
нағыз сақ деген ұғымды береді", —
дейді.«Қазақ"
16 слайд
Қазақ атауы этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.«Қазақ"
17 слайд
X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында
Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс
жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл
деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне
дейінгі жерді жаулап алған қыпшақтар яғни , қазақтар туралы айтылады,
немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де
мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры
Константин : "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп
хабарлайды.
1245 жылы мәмлүктік Египет
мемлекетін басқарған қыпшақтар
араб-қыпшақ сөздігін жасатқан.
Онда "қазақ" деген сөзді "еркін,
кезбе" деп аударады. Бұл
терминге әлеуметтік мағына
беріліп, өз руынан, тайпасынан
бөлініп шығып, өзінше еркін өмір
сүріп, күн көрген топты атайды. "Қазақ" термині XV ғасырдың 50-
жылдарында Шу мен Талас
өзендерінің аралығына өзбек ханы
Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған
тайпа топтарына бекітілген.
Біртіндеп "қазақ" термині этностық
мәнге ие болған.« Қазақ”-сөзінің
мағынасы
17 слайд
X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерді жаулап алған қыпшақтар яғни , қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин : "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. 1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбе" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды. "Қазақ" термині XV ғасырдың 50- жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.« Қазақ”-сөзінің мағынасы
18 слайд
Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты.
Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі
пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы
Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы
мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі
шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған
байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш
жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының
аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз,
Орта жүз, Кіші жүзден тұрады. Қазақ жүздері
18 слайд
Қазақ халқымен «жүз» ұғымы тығыз байланысты. Жүз ұғымының пайда болуы туралы түрлі пікірлер бар. Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне қоныстанды. Қазақ халқы мекендеп, тіршілік жасаған жерлерде үш түрлі шаруашылық аймақ пайда болды. Осыған байланысты осы аумақта мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді. «Жүз» дегеніміз-тайпалар одағының аумақтық ірі бірлестігі. Қазақ халқы Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүзден тұрады. Қазақ жүздері
19 слайд
Ұлы жүзді Орта жүз Кіші жүз
Ақарыс деп атайды.
Оның мекендеген
жерлері: Оңтүстік
Қазақстан, Жетісу (Іле,
Шу, Талас өзендері,
Сырдарияның жоғарғы
ағысы, Алатау баурайы).
Ұлы жүз құрамы Дулат,
Албан, Суан, Сары
үйсін, Сырғалы, Ысты,
Ошақты, Шапырашты,
Шанышқылы, Қаңлы,
Жалайыр сияқты
рулардан тұрады. Бекарыс деп атаған.
Оған: Арғын, Найман,
Қыпшақ, Керей, Уақ,
Қоңырат сияқты
тайпалар енген. Бұл
тайпалардың
мекендеген өңірлері
Орталық және Шығыс
Қазақстан, Ертіс, Есіл,
Нұра, Тобыл-Сарысу
өзендерінің бойы,
Алтай Тарбағатай
таулары, Балқаш,
Бетпақдалаға дейін
созылып жатыр. Жанарыс деп атайды.
Оның құрамына Табын,
Адай, Шөмекей,
Жағалбайлы, Алшын,
Шекті, Төртқара, Тама,
Серкеш т.б. тайпалары
жатады. Олардың
мекендеген жері
оңтүстігінде Сырдария
және Каспий теңізінің
жағалауы, солтүстігі
Жайық, Ырғыз, Тобыл
өзендерінің бойы.
19 слайд
Ұлы жүзді Орта жүз Кіші жүз Ақарыс деп атайды. Оның мекендеген жерлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендері, Сырдарияның жоғарғы ағысы, Алатау баурайы). Ұлы жүз құрамы Дулат, Албан, Суан, Сары үйсін, Сырғалы, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Жалайыр сияқты рулардан тұрады. Бекарыс деп атаған. Оған: Арғын, Найман, Қыпшақ, Керей, Уақ, Қоңырат сияқты тайпалар енген. Бұл тайпалардың мекендеген өңірлері Орталық және Шығыс Қазақстан, Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл-Сарысу өзендерінің бойы, Алтай Тарбағатай таулары, Балқаш, Бетпақдалаға дейін созылып жатыр. Жанарыс деп атайды. Оның құрамына Табын, Адай, Шөмекей, Жағалбайлы, Алшын, Шекті, Төртқара, Тама, Серкеш т.б. тайпалары жатады. Олардың мекендеген жері оңтүстігінде Сырдария және Каспий теңізінің жағалауы, солтүстігі Жайық, Ырғыз, Тобыл өзендерінің бойы.
20 слайд
20 слайд
21 слайд
БҮГІНГІ САБАҚТЫ ТҮСІНГЕНІМІЗДІ ТЕКСЕРУ
ҮШІН БІРНЕШЕ ТАПСЫРМА ОРЫНДАЙЫҚ.
Тұжырымдардың «қате-дұрыс» екендігін табу
1. Б.з.б.1 мың жылдықтың басында қазақ жерінде
монголоидтық өңді андрон тайпалары өмір сүрген.
•
2. Қазақ жерінде өмір сүрген-сақ тайпалары, тілі жағынан
түркі тілдес болған.
•
3. Біздің заманымыздың І мың жылдықтың ортасынан
бастап Қазақстан аумағының біраз жерін түркі тілді
тайпалар мекендеді.
•
4. VI ғасырда ежелгі түрік мемлекеттері – Түрік, Батыс
Түрік қағанаты, Шығыс Түрік, кейінірек Қарлұқ және
Оғыз мемлекеттері, Қимақ қағанаты мен Қыпшақ хандығы
құрылды. 1-тапсырма
21 слайд
БҮГІНГІ САБАҚТЫ ТҮСІНГЕНІМІЗДІ ТЕКСЕРУ ҮШІН БІРНЕШЕ ТАПСЫРМА ОРЫНДАЙЫҚ. Тұжырымдардың «қате-дұрыс» екендігін табу 1. Б.з.б.1 мың жылдықтың басында қазақ жерінде монголоидтық өңді андрон тайпалары өмір сүрген. • 2. Қазақ жерінде өмір сүрген-сақ тайпалары, тілі жағынан түркі тілдес болған. • 3. Біздің заманымыздың І мың жылдықтың ортасынан бастап Қазақстан аумағының біраз жерін түркі тілді тайпалар мекендеді. • 4. VI ғасырда ежелгі түрік мемлекеттері – Түрік, Батыс Түрік қағанаты, Шығыс Түрік, кейінірек Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері, Қимақ қағанаты мен Қыпшақ хандығы құрылды. 1-тапсырма
22 слайд
•
5. XI-XII ғасырларда Ертістен Еділге (Волгаға) дейінгі
ұлан-байтақ жерде мекендеген түрік тайпалары мен
рулары өздерін «қазақтар» деп атаған.
•
6. Ғалымдардың пікірінше, қазақ халқының құрылуы
ХІІІ ғ. аяқталған.
•
7. ХІ V- Х V ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстан
аумағын мекендеген тайпалар бір тілде – түрік тілінде
сөйледі.
•
8. Халық дегеніміз – тілі, тұрмыс-тіршілігі, рухани
мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, сыртқы бет-
бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде бірлесіп мекендеген
адамдар қоғамы.
•
9. "Қазақ» сөзі тұңғыш рет 1245 жылы жазылған
грек-латын сөздігінде кездеседі.
•
10. «Қазақ» атауы көне түрік тілінде
«отырықшы» деген мағынаны білдіреді.
22 слайд
• 5. XI-XII ғасырларда Ертістен Еділге (Волгаға) дейінгі ұлан-байтақ жерде мекендеген түрік тайпалары мен рулары өздерін «қазақтар» деп атаған. • 6. Ғалымдардың пікірінше, қазақ халқының құрылуы ХІІІ ғ. аяқталған. • 7. ХІ V- Х V ғасырдың алғашқы жартысында Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар бір тілде – түрік тілінде сөйледі. • 8. Халық дегеніміз – тілі, тұрмыс-тіршілігі, рухани мәдениеті ортақ, бір-бірімен туысқан, сыртқы бет- бейнесі ұқсас, белгілі бір жерде бірлесіп мекендеген адамдар қоғамы. • 9. "Қазақ» сөзі тұңғыш рет 1245 жылы жазылған грек-латын сөздігінде кездеседі. • 10. «Қазақ» атауы көне түрік тілінде «отырықшы» деген мағынаны білдіреді.
23 слайд
Ұғымдар мен терминдердің мағынасын
сәйкестендіру.
Ұғымдар мен
терминдер Мағынасы
1. ЭТНОС көне түрік тілінде «еркін адамдар»
2. ХАЛЫҚ қандай да бір аумақта тұрақты дамыған адамдар
жиынтығы
3. ЖҮЗ өз тілі, қалыптасқан мәдениеті, өзіндік ұлттық
мінез -құлқы бар және тұрақты бір аумақта өмір
сүретін халық
4. ҰЛТ белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан бірыңғай
тілі, мәдениеті, психологиясы, ділі (менталитеті),
салт-дәстүрі, шаруашылығы, өмір салты бар
халық
5. ҚАЗАҚ Қазақ халқының үш рулық-тайпалық
бірлестіктері 2-тапсырма
23 слайд
Ұғымдар мен терминдердің мағынасын сәйкестендіру. Ұғымдар мен терминдер Мағынасы 1. ЭТНОС көне түрік тілінде «еркін адамдар» 2. ХАЛЫҚ қандай да бір аумақта тұрақты дамыған адамдар жиынтығы 3. ЖҮЗ өз тілі, қалыптасқан мәдениеті, өзіндік ұлттық мінез -құлқы бар және тұрақты бір аумақта өмір сүретін халық 4. ҰЛТ белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан бірыңғай тілі, мәдениеті, психологиясы, ділі (менталитеті), салт-дәстүрі, шаруашылығы, өмір салты бар халық 5. ҚАЗАҚ Қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктері 2-тапсырма
24 слайд
Кері байланыс
24 слайд
Кері байланыс
25 слайд
1.«Қазақ халқының
қалыптасуы, жүздердің
пайда болуы» тарихи саяси
жағдайынан хронокарта
жасау.
2.Өз отбасының шежіре
ағашын жаса 7-ата Үй тапсырмасы:
Оқытушымен кері байланыс: Эл. почта
A.l.m.a.z_86@mail.ru
87478367753 WhatsApp мобильді қосымшасы немесе
«Платонус» электронды күнделігі
25 слайд
1.«Қазақ халқының қалыптасуы, жүздердің пайда болуы» тарихи саяси жағдайынан хронокарта жасау. 2.Өз отбасының шежіре ағашын жаса 7-ата Үй тапсырмасы: Оқытушымен кері байланыс: Эл. почта A.l.m.a.z_86@mail.ru 87478367753 WhatsApp мобильді қосымшасы немесе «Платонус» электронды күнделігі
26 слайд
Үй тапсырмасын орындауда қолданылатын
оқу-әдістемелік құралдар:
Негізгі: Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы,
1994ж.
Х.К.Ермұханова Қазақстан тарихы А., Шың
кітабы, 2007 ж.
Мусин Ч Қазақстан тарихы. Алматы, 2000ж
Қосымша: Т.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан
тарихын оқытудың теориясы мен
әдістемесі. А, Ғылым 2003 ж.
М. Мағауин Қазақ тарихының әліппесі.
Алматы,1994ж
https://agartu.com/533-aza-halyny-alypt
asuy-zhzderd-payda-boluy.html
26 слайд
Үй тапсырмасын орындауда қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар: Негізгі: Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994ж. Х.К.Ермұханова Қазақстан тарихы А., Шың кітабы, 2007 ж. Мусин Ч Қазақстан тарихы. Алматы, 2000ж Қосымша: Т.Т. Тұрлығұл. Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. А, Ғылым 2003 ж. М. Мағауин Қазақ тарихының әліппесі. Алматы,1994ж https://agartu.com/533-aza-halyny-alypt asuy-zhzderd-payda-boluy.html
27 слайд
# Біз біргеміз
# Біз үйдеміз
27 слайд
# Біз біргеміз # Біз үйдеміз