Қазақ халқының ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдері

#1 слайд
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ
Орындаушысы:
7 “б”сынып оқушысы –
Ахметова Милана
Жетекшісі:
қазақ тілі мен әдебиеті
мұғалімі-Мусатаева С.Т.
1 слайд
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ Орындаушысы: 7 “б”сынып оқушысы – Ахметова Милана Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі-Мусатаева С.Т.
#2 слайд
Тақырыбы:
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Мазмұны:
І Кіріспе
1. Қазақ халқының ұлттық киімдері
ІІ Негізгі бөлім
1. Қазақ жерін мекендеген ежелгі
көшпенді халықтардың киімдері
2. Киімнің негізгі түрлері
1.1Бас киімдер
1.2Ерлердің бас киімдері
3. Тымаққа қатысты әдет-ғұрып
4. Әйелдердің бас киімдері
5.Бас киімге қауырсын тағу дәстүрі
туралы
6.Бас киімге қатысты ырымдар мен
тыйымдар
ІІІ. Қорытынды
2 слайд
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімдері Мазмұны: І Кіріспе 1. Қазақ халқының ұлттық киімдері ІІ Негізгі бөлім 1. Қазақ жерін мекендеген ежелгі көшпенді халықтардың киімдері 2. Киімнің негізгі түрлері 1.1Бас киімдер 1.2Ерлердің бас киімдері 3. Тымаққа қатысты әдет-ғұрып 4. Әйелдердің бас киімдері 5.Бас киімге қауырсын тағу дәстүрі туралы 6.Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар ІІІ. Қорытынды
#3 слайд
Кіріспе
Ұлттық киім –бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды
әдет –ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты
хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке
толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр
кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер
киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім
үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі
тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа.
т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар
онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ
төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай –ақ, қазақ
жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше
қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.
3 слайд
Кіріспе Ұлттық киім –бай тарихи – мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырларды әдет –ғұрып, салт-дәстүр халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан –жақты хабардар етеді. Қазақ халқының кимі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтың ұлттық киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Қазір өзіміз күнделікті киіп жүрген бірқатар киім үлгілері сақ дәуірінен бастау алады. Соның бірі, қазақ халқының ұлттық бас киімі тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай –ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған.
#4 слайд
Әйелдердің бас киімдері:
1. сәукеле
2. бөрiк
3. қарқара
4. кимешек
5. жаулық
6. күндiк
7. желек
8. шәлi
(жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар)
9. бүркенiш
10. бергек
11. қасаба
12. тақия
13. шылауыш
14. жаулық
4 слайд
Әйелдердің бас киімдері: 1. сәукеле 2. бөрiк 3. қарқара 4. кимешек 5. жаулық 6. күндiк 7. желек 8. шәлi (жiбек, шiлтер, оюлы түрi бар) 9. бүркенiш 10. бергек 11. қасаба 12. тақия 13. шылауыш 14. жаулық
#5 слайд
Тымақ
Тымақ – қасиетті баскиім. Оны айырбастауға
болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы
атадан балаға мұра есебінде қалып отырған.
Ел арасында: «Шала туып, тымаққа салып өсірген
екен», -деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте
шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар.
Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке
салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға
ыңғайлы болады. Шала туған сәбидің неше күні кем
күн кереболса, соншагенің әр басына ілініп
қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы
есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің
қырқыншы басына бала тымақтан алынып, әдетте
жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Егер
бала қыста туса, онда үй қабырғасына шеге
қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадыры мен
қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну
керек.
5 слайд
Тымақ Тымақ – қасиетті баскиім. Оны айырбастауға болмайды, аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде қалып отырған. Ел арасында: «Шала туып, тымаққа салып өсірген екен», -деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Шала туған сәбидің неше күні кем күн кереболса, соншагенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күн кем болса, керегенің қырқыншы басына бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, онда үй қабырғасына шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадыры мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну керек.
#6 слайд
Есік обасының «Алтын адамның» бас киімінде де төрт алтын қауырсын
қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне көп қауырсынды
бас киім киген адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс
халықтарының құс қауырсындарын тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы
тастағы суреттерде осындай қауырсынды бас киім киген, малдас құрып отырған
адам суреті бейнеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле
шашқан дөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының
бейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басы, көзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген
киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі,
суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейді. Бас киімге қауырсын тағу-
барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың
болмысының аспан. Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.
6 слайд
Есік обасының «Алтын адамның» бас киімінде де төрт алтын қауырсын қадалғанын, ал онымен бірге табылған заттардың ішінде бетіне көп қауырсынды бас киім киген адам басы салынған жүзік болған. Яқи, жүзік америкада үндіс халықтарының құс қауырсындарын тізіп тағатын бас киімге ұқсас. Ал Тамғалы тастағы суреттерде осындай қауырсынды бас киім киген, малдас құрып отырған адам суреті бейнеленсе, көне түркі заманы петрогливтерде кездесетін, басы сәуле шашқан дөңгелек түрінде салынатын бұл шарфты бейнені күн құдайының бейнесіне ұқсайды. Олар да адамның басы, көзі мұрны, аузы көрсетілуі, киген киімі, оның жағасы, өңірі, белбеуі сияқты нақтылы детальдары бинеленуі, суреттегі құдай емес, нақты адам екенін дәлелдейді. Бас киімге қауырсын тағу- барлық халықтарда мифтік наным бойынша жерлері адамның рухтың болмысының аспан. Әлемінен байланыста екендігін білдіреді.
#7 слайд
Бас киімге қатысты ырымдар
мен тыйымдар.
Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар мен ата –бабалар
аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім –бас киім үйдің
құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп
есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым –
тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге
бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту
етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға
болады.
Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке
іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды.
«Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас
айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген наным бар.
Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ.
Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге
болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына
жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел
адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі
сөнеді, рухы жасиды.
7 слайд
Бас киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жоғарғы сакралды әлемдегі рухтар мен ата –бабалар аруағы мен (шекараласатын) бөлікті киім –бас киім үйдің құты мен берекесі, Басқа қонған бақтың (тұрағы) деп есептеледі. Сондықтан да бас киімге қатысты ырым – тиымдар кешені сол құтпен берекені сақтауға , баянды етуге бағытталады. Айталық, олардың қатарына бас киімді тарту етпеу, ауыстырып кимеу, қабаттамау сияқтыларды атауға болады. Бас киімді кез келген жерге тастай салуға болмайды, биікке іліп қою керек. Әсіресе астыға басып отыруға болмайды. «Себебі бастан бақ таяды, бас ауруына тап болады. Бас айналып, тіл байланып, иман қашады.» деген наным бар. Адамның басынан қадырлі, ақылынан қасиетті ештеңе жоқ. Сонымен бірге бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың барлығы адамның мандайына жазылады, сондықтан бас киімнің орны ерекше. Ер адам әйел адамның киімін кимейді, жаулығын салмайды. Себебі еректігі сөнеді, рухы жасиды.
#8 слайд
Киім – денені ауа райынан, сыртқы ортаның
зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне
киюге арналған жасанды жамылғы түрі,
тұтыныс бұйымы.
Киімнің шығуы адам еңбегінің
ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен
мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім
қоғамдық материалдық және рухани құрамдас
бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл
адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір
қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық
құндылықтар болса, екіншіден- ол адамның
қабілетін эстетикалық жағынан өзгертетін
қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған
ғимараттар, еңбек, тұрмыс заттары мен қатар,
киім де өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде
дамуын, климаттық жағдайын, халықтың ұлттық
ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын
көрсетеді.
Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың
түрлі әсерлерінен қорғап, өзінің практикалық
қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп-
эстетикалық қызметін атқарған. Ағаш
жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғы,
лұпа сияқты алғашқы киімдер, адам алғашқы
пайда болып, үңгірлер жартас қуыстарын
паналап, ағаш бұтақтары мен шөп –шалам,
қамыстан лашық, қалытқылар жасап, табиғатпен
үйлесім тапқан кезден басталған.
8 слайд
Киім – денені ауа райынан, сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі, тұтыныс бұйымы. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамдық материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден- ол адамның қабілетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері. Бізді қоршаған ғимараттар, еңбек, тұрмыс заттары мен қатар, киім де өндірістік күштердің тарихи кезеңдерде дамуын, климаттық жағдайын, халықтың ұлттық ерекшелігін, оның әсемдікке деген талғамын көрсетеді. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғап, өзінің практикалық қызметін атқарса, адам денесіне сән беріп- эстетикалық қызметін атқарған. Ағаш жапырақтарынан, аң терілерінен дөрекі жамылғы, лұпа сияқты алғашқы киімдер, адам алғашқы пайда болып, үңгірлер жартас қуыстарын паналап, ағаш бұтақтары мен шөп –шалам, қамыстан лашық, қалытқылар жасап, табиғатпен үйлесім тапқан кезден басталған.
#9 слайд
Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф
С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай
iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және
кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр
киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп
тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға
барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киет iн
сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер ж iгiт
егеске түсерде, соғысқа барарда ки iмдердiң ең
жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi -
көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей,
сырттық киiмдерге - шапан, күпi, кеудеше, тон,
шидем, сулық киiмдерге— шекпен, қаптал
шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.
Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi
тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бей iмделе
дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени-
экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени
тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi
сөзсiз.
Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет,
камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына
үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген.
Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп
өрнектеген ақ шыт тартады.
9 слайд
Киім тақырыбына қалам тартқан этнограф С.Қасиманов қазақтың киімін сипатына қарай iштiк, сырттық, сулық, бiр киер, сәндiк және кейбiрiнде салтанат ғұрып киiмi деп бөледі. Бiр киер киiм деп қымбат маталардан әшекейлеп тiгiлген, той-думандарға, жиын-топтарға барғанда, өзге елге сапарға шыққанда киет iн сәндi киiмдердi атаған. Қазақ салтында ер ж iгiт егеске түсерде, соғысқа барарда ки iмдердiң ең жақсы көрнектiсiн киген. Iштiк киiмдерi - көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей, сырттық киiмдерге - шапан, күпi, кеудеше, тон, шидем, сулық киiмдерге— шекпен, қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады. Қазақтың ұлттық киiм үлгiлерiнiң көшпелi тұрмыс пен құбылмалы ауа райына бей iмделе дамуына көршi халықтармен арадағы мәдени- экономикалық байланыс, шаруашылық-мәдени тип, тiршiлiк қамы мәдениетi әсер еткендiгi сөзсiз. Жас қыздар бүрмелі етекті көйлек, бешпет, камзол, қынама бел киімдер киеді. Бастарына үкі кепеш, аяқтарына мәсі, оюлы кебістер киген. Бойжеткен қыздар кәмшат бөрік киеді, сәндеп өрнектеген ақ шыт тартады.
#10 слайд
Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы
сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді
де, балалы болған соң сәукелесін тастап,
шылауыш орамал жамылады. Жас келін
деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін
желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба
көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп,
бірнеше балалы болған соң кимешек
шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен
шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал
ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір
әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты
кимешектің үстінен тартады. Әйелдер
тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы
елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара,
күрең болады.
Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм
ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық,
сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей,
кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар.
Әшекей, ажар жағынан қыз бен кел iншек
киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт
бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа
арналып тiгiледi.
10 слайд
Тұрмысқа шыққан қыздар алғашқы жылы сәукеле, күнделікті өмірде желек киеді де, балалы болған соң сәукелесін тастап, шылауыш орамал жамылады. Жас келін деп үлкен кісілерді көрген кезде бетін желегімен көлегейлеп жүреді, бұл иба көрсеткені. Әлеуметтік мәртебесі бекіп, бірнеше балалы болған соң кимешек шылауыш киеді. Кимешекті қызыл жіппен шым кестелеп кисе күйеуі барлығын, ал ақ жіппен жай ғана су тартып кисе жесір әйел екендігін көрсетеді. Шылауышты кимешектің үстінен тартады. Әйелдер тері бұлғары мәсі-кебіс, қыста қозы елтірісінен ішік киеді. Елтірі ішік ақ, қара, күрең болады. Әйел киiмдерiнiң қазақ елiнiң бәрiне мәлiм ортақ түрлерi: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебiс-мәсi, көкiрекше сияқты заттар. Әшекей, ажар жағынан қыз бен кел iншек киiмдерi, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбiшелердiң киiмдерi деп төрт топқа арналып тiгiледi.
#11 слайд
Қазақ ұлттық киімдерінің
тарихи
Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты.
Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы
сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып
өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата –
бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен
дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер
біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Мыңдаған
жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киіміміз қазақ этносы
көшпенді өмір салтын ХІХ ғасырға дейін сақтап келген
халықтардың бірі болғандықтан көшпенді өмір салтына
ыңғайлы функционалды және эстетикалық
құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. Қазақ
киімдеріне ежелгі Қазақстан териториясын мекендеген
сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті Қазақ мемлекетінің
құрылуы Ресейге қосылуы, ревалюция кезеңі, кеңес
өкметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты.
11 слайд
Қазақ ұлттық киімдерінің тарихи Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты. Бізге көшпенділер бірнеше мыңдаған жылдар бойы сақтаған салт дәстүрін, киім кию мәдениетін, ғажайып өркениетін мұраға қалдырып кетті. Осы ата – бабаларымыздың өткен тарихы, олар жасап кеткен дүниелер күні бүгінге дейін маңызын жоймай, мұрагер біздің қызығушылығымызды тудырып отыр. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық киіміміз қазақ этносы көшпенді өмір салтын ХІХ ғасырға дейін сақтап келген халықтардың бірі болғандықтан көшпенді өмір салтына ыңғайлы функционалды және эстетикалық құндылықтарын өз бойына сақтап қалды. Қазақ киімдеріне ежелгі Қазақстан териториясын мекендеген сақтар, ғұндар, түркілер мәдениеті Қазақ мемлекетінің құрылуы Ресейге қосылуы, ревалюция кезеңі, кеңес өкметінің орнауы сияқты тарихи оқиғалар көрініс тапты.
#12 слайд
Бүгін тарихтың барлық беттері ашылып бітті деп айту
ертерек. Әсіресе еліміздің мәдениетінің бастауларынан
хабар беретін ежелгі заманғы тарих жөнімен мәліметтер
мардымсыз. Осы ретте археологияның ғылыми ашқан
жаңалықтарының берері ұшаң-теңіз. Археологиялық
экспедициялардың нәтижелері Қазақстанның кең даласына
бірнеше мәдениеттің болғанын дәлелдеп отыр. Бұл
мәдениеттер бірін-бір толықтырып, қоғамның дамуына
ықпал еткен. Археология ғылымында біздің заманымызға
дейінгі І мың жылдықта қазіргі Орта Азиямен
Қазақстанның байтақ өлкесінде сақтардың қоныстануы
жөнінде көптеген мағлұматтар бар. Гректер, парсылар
оларды скивтер, қытайлықтар- сэ деп атаған. Ғалымдар
мекендеген жерлеріне байланысты сақтарды еуропалық
және азиялық сақтар деп бөледі. Сақтар көптеген
тайпалардан тұрған. Бұл мағлұмат бойынша «шошақ
бөрікті» тигахаут –сақтар Шаш «Ташкент», солтүстік
Қырғызстан, Онтүстік Қазақстан жерлеріне қоныстанған.
Қорғандар осы сақ тайпаларынан қалған. Кемал Ақшевтың
айтуы бойынша тиграхаут сақтар бұл жерлерден басқа
батыс өңірінде – Онтүстік Арал маңында және шығыста –
Таулы Алтай да қоныстанған.
12 слайд
Бүгін тарихтың барлық беттері ашылып бітті деп айту ертерек. Әсіресе еліміздің мәдениетінің бастауларынан хабар беретін ежелгі заманғы тарих жөнімен мәліметтер мардымсыз. Осы ретте археологияның ғылыми ашқан жаңалықтарының берері ұшаң-теңіз. Археологиялық экспедициялардың нәтижелері Қазақстанның кең даласына бірнеше мәдениеттің болғанын дәлелдеп отыр. Бұл мәдениеттер бірін-бір толықтырып, қоғамның дамуына ықпал еткен. Археология ғылымында біздің заманымызға дейінгі І мың жылдықта қазіргі Орта Азиямен Қазақстанның байтақ өлкесінде сақтардың қоныстануы жөнінде көптеген мағлұматтар бар. Гректер, парсылар оларды скивтер, қытайлықтар- сэ деп атаған. Ғалымдар мекендеген жерлеріне байланысты сақтарды еуропалық және азиялық сақтар деп бөледі. Сақтар көптеген тайпалардан тұрған. Бұл мағлұмат бойынша «шошақ бөрікті» тигахаут –сақтар Шаш «Ташкент», солтүстік Қырғызстан, Онтүстік Қазақстан жерлеріне қоныстанған. Қорғандар осы сақ тайпаларынан қалған. Кемал Ақшевтың айтуы бойынша тиграхаут сақтар бұл жерлерден басқа батыс өңірінде – Онтүстік Арал маңында және шығыста – Таулы Алтай да қоныстанған.
#13 слайд
ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың
ұлттық киімдерін зерттеген Захарова И.В.
мен Ходжаева Р.Р ер адамдардың бас
киімдерін төмендегідей түрлерге бөледі:
1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп
матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан
киетін кішігірім бас киім тақия;
2. Мақтадан тігілген кішкентай, етегі
терімен көмкерілген бас киім- төбетей;
3. Киізден тігілген бас киім- қалпақ;
4. Қалың матадан тігілген басшылық
«Күләпара»;
5. Тері қапталған жылы бас киім- бөрік;
6. Ақ терісінен жасалып суықта киілетін
бас киім –тымақ;
13 слайд
ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген Захарова И.В. мен Ходжаева Р.Р ер адамдардың бас киімдерін төмендегідей түрлерге бөледі: 1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім тақия; 2. Мақтадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім- төбетей; 3. Киізден тігілген бас киім- қалпақ; 4. Қалың матадан тігілген басшылық «Күләпара»; 5. Тері қапталған жылы бас киім- бөрік; 6. Ақ терісінен жасалып суықта киілетін бас киім –тымақ;
#14 слайд
Еркектің баскиімі сан жағынан онша көп
емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты,
жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы,
дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын,
жалбағай (делбегей, басшылық, далбай,
күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте,
бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі,
үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа
және т.б), қырпу(ішті бөрік).
Тақия кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты
маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу)
тігілген бас киім. Оны қалыңдау, жұмсақ
маталардан астар тігіп, астарына жүн немесе
мақта салып жасайтын түрлері де болған.
Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады.
Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп
тігеді. Тақияны, еркектер үлкен баскиімнің
астына міндетті түрде бас киім ретінде
ұстанған.
14 слайд
Еркектің баскиімі сан жағынан онша көп емес: қалпақ, бөрік, тымақ, (жекей, құлақты, жаба салма, қайырма, төрт, сегіз сайлы, дөңгелек төбелі, шошақ төбе) құлақшын, жалбағай (делбегей, басшылық, далбай, күлапара), көпеш (құстаңдай, қолкесте, бізкесте түрлері бар), жепелер, тақия (зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа және т.б), қырпу(ішті бөрік). Тақия кішігірім сәтен, шұға барқыт сияқты маталардан әр түрлі тәсілмен (сыру, кестелеу) тігілген бас киім. Оны қалыңдау, жұмсақ маталардан астар тігіп, астарына жүн немесе мақта салып жасайтын түрлері де болған. Ерлерге арналған тақияның кестесі де болады. Тақияның 4 сай немесе дөңгелек төбел етіп тігеді. Тақияны, еркектер үлкен баскиімнің астына міндетті түрде бас киім ретінде ұстанған.
#15 слайд
Тақияның түрлері
Тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді.
Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар
орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән.
Сондай –ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа
тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында тігілген
тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған.
Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір, конус тәрізді де болған. Төбелері доғал, жатыңқы
тақияларда қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді
тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен әдептеуде
қолданылған. Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе
жігіттер киген. Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады.
15 слайд
Тақияның түрлері Тақияныңда түрлері көп: зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа. т.б түрге бөлінеді. Етегі аласа төрт сай болып келетін, кестелі шошақ тақиялар онтүстікте кездеседі. Тегеріш тақиялар орта жүзде көбірек кездеседі. Ал жалпақ төбелі, биік, тостаған сияқты қаптама тақия кіші жүзге тән. Сондай –ақ, қазақ жерінде қазақы, ноғайша оқалы тақия, оқа шекке тақия, сырма тақия, тікше қатипа тақия, шошақ төбе тақия тәрізді тақия түрлері кең таралған. ХІХ ғасырдың 2 жартысында тігілген тақиялардың төменгі жағы (етегі жиегі) кеңейіп келген 5-7 см, төбелері 4 бұрышты сайдан тұрған. Сайлардың пошымына сәйкес төбесі үшкір, конус тәрізді де болған. Төбелері доғал, жатыңқы тақияларда қолданылған. Қатты болу үшін етегі мен төбелерінің тігісін жиілетіп жүргізген. Сәнді тақияларды кестелеп тіккен, шеттері мен тігістерін кантраст мақта қиындылары мен әдептеуде қолданылған. Жібек пен алтын немесе күміс зерлермен кестеленген барқыт тақияларды көбінесе жігіттер киген. Ерлерге арналған тақияның кестесі де, кестелісі де, кестесізі де болады.
#16 слайд
Қалпақ
Қалпақ –киізден немесе қалың
матадан тігілген, биік төбелі ерлер бас
киімі. Оны күз бен көктемде, салқын
таулы өңірлерде жаз айларында
тәңертенгі және кешкі мезгілдерде
киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең
ке...
16 слайд
Қалпақ Қалпақ –киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі. Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында тәңертенгі және кешкі мезгілдерде киеді. Төбесі шошақ биіктеу, етегі кең ке...
шағым қалдыра аласыз













