Материалдар / Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2024
284
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Қазақ тілі тарихын зерттеудің Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістеріәдістері

1 слайд

Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістеріҚазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері Тарихи салыстырмалы әдіс Ретроспективті әді

2 слайд
Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдістеріҚазақ тілі тарихын зерттеудің әдістері Тарихи салыстырмалы әдіс Ретроспективті әдіс Іштей реконструкция тәсілі Типологиялық салыстыру тәсілі Ареалдық әдіс Синхронды сипаттау әдісі Типологиялық модификация немесе тілдік универсалий әдісі

Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс. Бұл әдістің басты шарты - тілдердің, тілдік фактілердің тарихи бай

3 слайд
Тілдің тарихи дамуын зерттеуде қолданылатын басты әдіс. Бұл әдістің басты шарты - тілдердің, тілдік фактілердің тарихи байланысы мен жүйесін сақтай отырып салыстыру. Бұл әдісті қолданудың мақсаты – қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының жобасын (реконструкция) жасау. Тарихи-салыстырмалы әдістің қолданылатын мынадай негізгі орындары бар: Тарихи-салыстырмалыТарихи-салыстырмалы әдісәдіс Бір тілдің әр кезеңге қатысты, бірақ бір жүйеге жататын, қызметі мен семантикалық жағынан бір-біріне эквивалент болатын фактілерін салыстыру; Бір уақытта өмір сүрген, өмір сүретін, бір-біріне тілдік, тарихи жақындығы бар тілдер материалдарын салыстыру. Алайда, бір топқа жататын тілдердің өзара байланысы бірыңғай болып келмейтін кездері болады. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ, не ноғай тілдері, қазақ тілі, ноғай тілі арқылы татар, башқұрт тілдерімен немесе бүкіл қыпшақ тілдерімен ұштасады, қазақ тілі қыпшақ тілдері арқылы оғыз тілдерімен ұштасады, содан кейін ғана якут немесе чуваш тілдерімен салыстыруға мүмкіндік туады.

Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер қ

4 слайд
Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарды анықтап, оларды сол тілдер құрамындағы диалектілік айырмашылықтармен салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік туады. Тарихи-салыстырма әдісті ретроспективтік тәсілмен іске асыру – зерттеудің негізгі бағыттарының бірі. Екінші сөзбен, зерттеу бүгінгі тілдің сипатын айқындаудан басталып көне дәуірге қарай жүреді. Мысалы: айақ~адақ, шор: азақ, якут: атах, көне түркі: адақ. Сон-да й~з<д/т дыбыс ауысуы келіп шығады. Қазіргі тілдердің ішінде якут тілі ғана көне түркілік сипатқа жақын қолданысты сақтаған. Олай болса, қазақ тіліндегі ел адақтау тіркесі де көненің «қалдығы», айақ сөзімен түбірлес, бірі ескі күйді, бірі жаңа дәуірді танытады. Ретроспективтік тәсіл, сонымен, туыс тілдер фактілерін көне мұралар тілі фактілерімен салыстыруды мақсат тұтады.

Салыстырылатын фактілер семантика, функция, грамматикалық жақтарымен қатар, диахрондық езгерістер тұрғысынан да қарастырыл

5 слайд
Салыстырылатын фактілер семантика, функция, грамматикалық жақтарымен қатар, диахрондық езгерістер тұрғысынан да қарастырылады. Бұл тәсілдің бір тіл фактілерін синхрондық тұрғыдан салыстыруға негізделген түрі. Іштей реконструкция тәсілі синхрондық фактілерді салыстыру арқылы диахрондық қорытынды жасауды көздейді. Бұл тәсіл бойынша тіл құрамындағы элементтер өзара салыстырылады да, өзгерістің бағыты мен түрі айқындалады. Мысалы, ке-л, ке-т және бе-рі, ә-рі, алдыңғыларда ортақ түбір ке-, екінші топ сөздерде қосымшалар ортақ, түбірлердің ортақтығын түсіндіру үшін жазба ескерткіштер мен туыс тілдер фактілеріне жүгіну керек: бұ жақ, о жақ, со жақ, ана жақ ортақ түбір екі түрлі: о~а және бұ~ со. Алдыңғы ортақ түбір соңғымен (бұ)~(со) салыстырғанда ерекше көрінетіндер б, с элементтері. Бұ және со сөздерінің екі түрлі мәнде ұғынылуы да (бұ - осы жерде - менің айналамда, со - сол жерде, сенің айналаңда) б және с элементтеріне байланысты. Осылардың бәрін еске алсақ, бұ және со сөздерін екі түрлі элементтерден құралған: б, с - локативтік мән бергендер, ұ және а - сілтеулік мән бергендер деп қарауға әбден болады.

Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады.Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфе

6 слайд
Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады.Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Қазіргі түркологияда қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, алтайлық (қырғыз) вокализм, қарағас вокализмі тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау көбіне-көп типологиялық салыстыра қарастырудың нәтижесі. Түркі вокализмінің аталған түрлерін анықтау сол тілдердің фонологиялық жүйелерін синхрондық түрғыдан салыстыруға негізделеді. Зерттелетін мәселенің ерекшелігіне қарай типологиялық салыстыру әдісі қолданылады.Типологиялық салыстыру әдісі жеке морфемаларды, жеке тілдік элементтерді қарастырмайды, материалдық элементтердің ұқсас, ұқсас еместігіне қарамай, жүйелік қатынастар арқылы көрінетін тілдік ярустарды салыстыруда қолданылады. Қазіргі түркологияда қыпшақтық вокализм, оғыздық вокализм, алтайлық (қырғыз) вокализм, қарағас вокализмі тәрізді дауысты дыбыстар жүйелерін анықтау көбіне-көп типологиялық салыстыра қарастырудың нәтижесі. Түркі вокализмінің аталған түрлерін анықтау сол тілдердің фонологиялық жүйелерін синхрондық түрғыдан салыстыруға негізделеді.

Ареалдық әдіс туыс, бір-бірі

7 слайд
Ареалдық әдіс туыс, бір-біріне жақын тілдердің белгілі бір регионда шектесуінің нәтижелерін ғана зерттеп қоймайды, географиялық орналасуы жағынан өзара шектесетін туыс емес тілдердің де өзара ықпалдасуының нәтижелерін іздестіреді. Тілдер мен диалектілердің ықпалдасу процесінің бағыты мен орнын айқындауға ареалдық әдіс археология мен этнографиялық мәліметтерді де пайдалана алады. Мысалы, қазақ тілінің батыс говорлар тобына түрікмен, ноғай, татар тілдерінің ықпалы болғандығын айқындау ареалдық әдісті қолдану арқылы жүреді. Батыс говорлар тобы дегенде бірыңғай, бірөңкей қарастырылмай, оңтүстік-батыс, батыс, солтүстік-батыс тәрізді региондарға жіктеп, олардың әрқайсысына тән тарихи-әлеуметтік, этникалық ерекшеліктер болғандығы еске алынады. Оңтүстік-батысқа орналасқан қазақ тайпалары оғыз тектес рулармен шектессе, батыстағы олардың ағайындары ноғайлармен, башқұрттармен араласты. Солардың барлығы да қазақ тіліне ықпал етті, із қалдырды.

Белгілі бір дәуірдегі тілді жан- жақты сипаттауға құрылады. Бұндай зерттеулердің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғ

8 слайд
Белгілі бір дәуірдегі тілді жан- жақты сипаттауға құрылады. Бұндай зерттеулердің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғни, тілдік функциялар мен қатынастардың даму, өзгеру тарихы, тіл семантикасының даму, өзгеру, жаңару тарихы жасалуға тиіс болады. Белгілі бір дәуірдегі тілді жан- жақты сипаттауға құрылады. Бұндай зерттеулердің нәтижесінде тілдің динамикалық тарихы, яғни, тілдік функциялар мен қатынастардың даму, өзгеру тарихы, тіл семантикасының даму, өзгеру, жаңару тарихы жасалуға тиіс болады. Белгілі бір мұралар тілін сипаттау жолымен ол тілдің актив заңдылықтарымен қатар өнімсіз құбылыстарын, тілдік жүйесіне түгелдей не ішінара әсер ететін езгерістермен қатар, ондай ықпалсыз бейтарап өзгерістерін, түгелдей дәлелдеп шығуды көздейді. Белгілі бір мұралар тілін сипаттау жолымен ол тілдің актив заңдылықтарымен қатар өнімсіз құбылыстарын, тілдік жүйесіне түгелдей не ішінара әсер ететін езгерістермен қатар, ондай ықпалсыз бейтарап өзгерістерін, түгелдей дәлелдеп шығуды көздейді.

Ортақ заңдылықтар ортақ ерекшеліктер түрінде екі түрлі семьяға жататын тілдерде кездесуі мүмкін немесе белгілі бір семья

9 слайд
Ортақ заңдылықтар ортақ ерекшеліктер түрінде екі түрлі семьяға жататын тілдерде кездесуі мүмкін немесе белгілі бір семья тілдерінің ерекше белгісі деп қаралатын құбылыс (не құбылыстар) басқа да семьялар тілдерінде ұшырасуы мүмкін. Айталық, сөздің қатаң дауыссыздардан басталуы баскы буынның екпінді болуымен ұштасып жатуы тек түркі тілдерінің ерекшелігі емес, герман тілдерінде де бар заңдылық. Сондай-ақ сөздің анлауты мен инлаутында й - ж (дж) дыбыс сәйкестігі, немесе дыбыс ауысуының болуы түркі тілдерімен қатар Индия мен Иран тілдерінде де бар. Ортақ заңдылықтар ортақ ерекшеліктер түрінде екі түрлі семьяға жататын тілдерде кездесуі мүмкін немесе белгілі бір семья тілдерінің ерекше белгісі деп қаралатын құбылыс (не құбылыстар) басқа да семьялар тілдерінде ұшырасуы мүмкін. Айталық, сөздің қатаң дауыссыздардан басталуы баскы буынның екпінді болуымен ұштасып жатуы тек түркі тілдерінің ерекшелігі емес, герман тілдерінде де бар заңдылық. Сондай-ақ сөздің анлауты мен инлаутында й - ж (дж) дыбыс сәйкестігі, немесе дыбыс ауысуының болуы түркі тілдерімен қатар Индия мен Иран тілдерінде де бар.