Қазақстан аумағы дамуының геологиялық тарихы.Қазақстанның басты орфографиялық нысандары.
Қазақстан аумағы дамуының геологиялық тарихы.Қазақстанның басты орфографиялық нысандары.

#1 слайд
Тақырыбы:
Қазақстан аумағы дамуының геологиялық
тарихы.Қазақстанның басты орографиялық
нысандары.
Оқу мақсаты:
9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту
негізінде
Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын
және тектоникалық құрылымын анықтайды;
9.3.1.2 Қазақстанның басты орографиялық
нысандарын сипаттайды;
1 слайд
Тақырыбы: Қазақстан аумағы дамуының геологиялық тарихы.Қазақстанның басты орографиялық нысандары. Оқу мақсаты: 9.3.1.1 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде Қазақстанның жер бедерінің геологиялық тарихын және тектоникалық құрылымын анықтайды; 9.3.1.2 Қазақстанның басты орографиялық нысандарын сипаттайды;
#2 слайд
Қазақстанның аумағының геологиялық даму тарихы
біртекті емес,алуан түрлі болып келеді.
2 слайд
Қазақстанның аумағының геологиялық даму тарихы біртекті емес,алуан түрлі болып келеді.
#3 слайд
Геохронологиялық кесте 1900 жылы Дүниежүзілік
геологиялық конгресте бекітілген (1-кесте). Ол да
ұдайы жетілдіріліп отырады. Жер қыртысының
даму тарихындағы эралар-ұзақ кезеңге
топтастырылған. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең
алғашқы тіршілік бастамасы Жердің көне
геологиялық тарихына байланысты. Бұл уақыт
архей (грекше археос – «көне тіршілік») деп
аталады. Одан кейінгі уақыттар протерозой
(грекше протерос – «алғашқы»), палеозой (грекше
палеос – «ескі»), мезозой (грекше мезос – «орта»),
кайнозой (грекше кайнос – «жаңа») болып бөлінеді.
Эралар өз кезегінде дəуірлерге бөлінген. Əдетте,
олардың атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы
табылған орындарына қарай, жергілікті жер
атауларына (кембрий, девон, пермь, юра) немесе
халықтардың атына (ордовик, силур),
жыныстардың құрамына (тас көмір, бор)
байланысты аталады.
3 слайд
Геохронологиялық кесте 1900 жылы Дүниежүзілік геологиялық конгресте бекітілген (1-кесте). Ол да ұдайы жетілдіріліп отырады. Жер қыртысының даму тарихындағы эралар-ұзақ кезеңге топтастырылған. Жер тарихы бес эраға бөлінеді. Ең алғашқы тіршілік бастамасы Жердің көне геологиялық тарихына байланысты. Бұл уақыт архей (грекше археос – «көне тіршілік») деп аталады. Одан кейінгі уақыттар протерозой (грекше протерос – «алғашқы»), палеозой (грекше палеос – «ескі»), мезозой (грекше мезос – «орта»), кайнозой (грекше кайнос – «жаңа») болып бөлінеді. Эралар өз кезегінде дəуірлерге бөлінген. Əдетте, олардың атаулары шөгінді жыныстардың алғашқы табылған орындарына қарай, жергілікті жер атауларына (кембрий, девон, пермь, юра) немесе халықтардың атына (ордовик, силур), жыныстардың құрамына (тас көмір, бор) байланысты аталады.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Жазықтар- жер бетінің аз тілімденген, тегіс алқабы.
Жазықтардың түрлері: төбелі, тегіс.
Абсолют биіктігіне қарай 3 түрі бар:
1. Абсолют биіктігі 200м төмен жазық- ойпат.
2. Абсолют биіктігі 200м-500м дейінгі жазық- қырат.
3. Абсолют биіктігі 500м жоғары жазық- үстірт.
5 слайд
Жазықтар- жер бетінің аз тілімденген, тегіс алқабы. Жазықтардың түрлері: төбелі, тегіс. Абсолют биіктігіне қарай 3 түрі бар: 1. Абсолют биіктігі 200м төмен жазық- ойпат. 2. Абсолют биіктігі 200м-500м дейінгі жазық- қырат. 3. Абсолют биіктігі 500м жоғары жазық- үстірт.
#6 слайд
Үстірт- бұл ойпатты жазықтардан кемерлермен
шектелетін,әлсіз тілімделген,
төбесі тегіс көтеріңкі жазық.
Ойпат, ойпатты жазық --ой, ойпаң жазық,
мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін
орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістік алып
жатқан жазық телімі.
Таулардың ұзақ уақыт бойы мүжілуінің
нәтижесінде денудациялық жазықтар пайда
болады.Олар қатты кристалды жыныстардан
тұрады.
6 слайд
Үстірт- бұл ойпатты жазықтардан кемерлермен шектелетін,әлсіз тілімделген, төбесі тегіс көтеріңкі жазық. Ойпат, ойпатты жазық --ой, ойпаң жазық, мұхит деңгейінен есептегенде 200 м биіктікке дейін орналасқан, құрлықтағы айтарлықтай кеңістік алып жатқан жазық телімі. Таулардың ұзақ уақыт бойы мүжілуінің нәтижесінде денудациялық жазықтар пайда болады.Олар қатты кристалды жыныстардан тұрады.
#7 слайд
Тау- айналасынан оқшау,анық байқалатын етегі,беткейі,шыңы
бар көтереңкі жер.
Таулар биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді.
1.400-1000м-ге дейінгі аласа тау.
2.1000-2000м-ге дейін ораташа тау.
3.2000м-ден асатын биік тау.
Дүниежүзіндегі ең биік тау жүйесі-Гималай тауындағы
Джомолунгма (Эверест).
Ең ескі тау –Орал таулары.
Орташа таулар: Карпат,Қырым тауы.
Қатпарлы таулар:Альпі,Кавказ,Кордильер.
Қатпарлы-жақпарлы таулар: Алтай,Тянь-Шань.
7 слайд
Тау- айналасынан оқшау,анық байқалатын етегі,беткейі,шыңы бар көтереңкі жер. Таулар биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді. 1.400-1000м-ге дейінгі аласа тау. 2.1000-2000м-ге дейін ораташа тау. 3.2000м-ден асатын биік тау. Дүниежүзіндегі ең биік тау жүйесі-Гималай тауындағы Джомолунгма (Эверест). Ең ескі тау –Орал таулары. Орташа таулар: Карпат,Қырым тауы. Қатпарлы таулар:Альпі,Кавказ,Кордильер. Қатпарлы-жақпарлы таулар: Алтай,Тянь-Шань.
#8 слайд
Тапсырмалар.
1-тапсырма. Кітаптағы мәтін мен қосымша мәліметтерді пайдалана
отырып,атластың геологиялық және тектоникалық картасындағы Шығыс
Еуропа,Батыс Сібір жазықтарына Сарыарқаға жоспар бойынша сиппатама беріңдер.
1.Жер бедері;
2.қалыптасқан кезеңі;
3.тектоникалық құрылымы;
4.Геологиялық құрылымы;
2-тапсырма. Қазақстанның физикалық картасын қолданып, географиялық нысандарды
анықтаңыз
Жазықтар мен
ойпаттар Таулар Қыраттар
..
8 слайд
Тапсырмалар. 1-тапсырма. Кітаптағы мәтін мен қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,атластың геологиялық және тектоникалық картасындағы Шығыс Еуропа,Батыс Сібір жазықтарына Сарыарқаға жоспар бойынша сиппатама беріңдер. 1.Жер бедері; 2.қалыптасқан кезеңі; 3.тектоникалық құрылымы; 4.Геологиялық құрылымы; 2-тапсырма. Қазақстанның физикалық картасын қолданып, географиялық нысандарды анықтаңыз Жазықтар мен ойпаттар Таулар Қыраттар ..
#9 слайд
9 слайд
шағым қалдыра аласыз













