Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдары




1 слайд
Қазақтың
математика
саласы бойынша
атақты
ғалымдары
1 слайд
Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдары

2 слайд
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков
(1891- 1970) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,
Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш жоғары
математика оқулығының авторы,
математика саласы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор.
2 слайд
Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891- 1970) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш жоғары математика оқулығының авторы, математика саласы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор.

3 слайд
•Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген
жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі
зиялылардың бірі болған. 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп
қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер
гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология
институтының тау-кен факультетіне қабылданады.
•Қазақ автономиясын құруда Ә.Ермековтің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі
жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайтуға халықты
ағарту сияқты нақты істерге бағытталғандығына көз жеткіземіз. Қарқаралыда мектеп
ашады, Ташкент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқиды. «Ұлы
математика курсы» 1-бөлім (1935), «Қазақ тілінің математика терминдері» (1936) атты оқулық,
кітаптарды жарыққа шығарады. Қазақ арасынан тұңғыш математика ғылымының профессоры
атағын алады.Сонымен бірге нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала—Халық
шаруашылығын жоспарлау комитетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады. 1929-1930
жылдары бір топ қазақ зиялылары абақтыға алынып, тергеуге түскенде, Ә.Ермековті де түрмеге
қоса қамайды.Алаш ісінің мүлдем құртылып, ұрпақтық сабақтастық үзіліп қалмау және ұлт
зиялылары болашақты ойлап, Алаштың жас түлек дарындары М.Әуезов пен Ә.Ермековті сақтап
қалу мақсатында олар, «кінәларын мойындап» сол жолы бостандыққа шығады.
•Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә.Ермековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып,
1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен қайта ұсталып,
1958 жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, Қарағанды Мемлекеттік
техникалық университетінде математикадан дәріс оқиды.1970 жылы қайтыс болады.
3 слайд
•Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған. 1899 жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады. •Қазақ автономиясын құруда Ә.Ермековтің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайтуға халықты ағарту сияқты нақты істерге бағытталғандығына көз жеткіземіз. Қарқаралыда мектеп ашады, Ташкент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқиды. «Ұлы математика курсы» 1-бөлім (1935), «Қазақ тілінің математика терминдері» (1936) атты оқулық, кітаптарды жарыққа шығарады. Қазақ арасынан тұңғыш математика ғылымының профессоры атағын алады.Сонымен бірге нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала—Халық шаруашылығын жоспарлау комитетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады. 1929-1930 жылдары бір топ қазақ зиялылары абақтыға алынып, тергеуге түскенде, Ә.Ермековті де түрмеге қоса қамайды.Алаш ісінің мүлдем құртылып, ұрпақтық сабақтастық үзіліп қалмау және ұлт зиялылары болашақты ойлап, Алаштың жас түлек дарындары М.Әуезов пен Ә.Ермековті сақтап қалу мақсатында олар, «кінәларын мойындап» сол жолы бостандыққа шығады. •Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә.Ермековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен қайта ұсталып, 1958 жылы босайды. 1957 жылы 26 қарашада толық ақталып, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде математикадан дәріс оқиды.1970 жылы қайтыс болады.

4 слайд
(1907-1942) – математика саласы бойынша
қазақтан шыққан тұңғыш доцент,
алғашқы ғылым кандидаттарының бірі.
Сәдуақас Боқаев
4 слайд
(1907-1942) – математика саласы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш доцент, алғашқы ғылым кандидаттарының бірі. Сәдуақас Боқаев

5 слайд
Қазақстандағы жоғары математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары –
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы
қазақ ұлттық университетінің физика-математика факультетінің негізін қалаушылардың
бірі.С.Боқаев 1907 жылы 17 наурызда Семей облысы , Абай ауданы, Көкбай
ауылында дүниеге келген.Сауатын Зайсанда ашады. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнінен
бастап інісі Тайыр Жомарбаевтың (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және
драматург) пен Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне берді. Соның арқасында мектеп
бағдарламасы көлеміндегі математиканы жақсы игеріп,олар оны Орынбор халық ағарту
институтының физика-математика бөліміне оқуға жіберген.Осы институтта сабақ
берген К.И.Торопов қабілетін байқап,институт директоры Қ.Тоқыбаевтың алдында
С.Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Ол Орынбор халық ағарту
институтының физика-математика бөлімін, 1928 ж І–Мәскеу мемлекеттік
университетінің астрономия-математика бөліміне оқуға қабылданады.
1932ж. Мәскеу университеттін бітіріп, сол жылы осы университеттің аспирантурасына
түскен.Бірақ Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты оны 1932 ж.Алматыға шақыртып
алады.1932—36ж. Қазақ педагогикалық инcтитутында ассистент, кафедра
меңгерушісі, декан, профессор болды, мұнымен қатар ол 1935—36 ж. ҚазМУ-де кафедра
меңгерушісі қызметін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан лекция
оқыды.Боқаев Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер,арнаулы функциялар,конформдық
түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен
айналысты.Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын
құрастырды. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның
мүшесі болды. С.Боқаев 1937 жылы жалған жаламен қамауға алынып, Архангельск облысына
айдауға жіберіледі.1942 жылы айдауда жүріп қайтыс болады.
5 слайд
Қазақстандағы жоғары математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің физика-математика факультетінің негізін қалаушылардың бірі.С.Боқаев 1907 жылы 17 наурызда Семей облысы , Абай ауданы, Көкбай ауылында дүниеге келген.Сауатын Зайсанда ашады. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнінен бастап інісі Тайыр Жомарбаевтың (қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, ақын және драматург) пен Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне берді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлеміндегі математиканы жақсы игеріп,олар оны Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөліміне оқуға жіберген.Осы институтта сабақ берген К.И.Торопов қабілетін байқап,институт директоры Қ.Тоқыбаевтың алдында С.Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Ол Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөлімін, 1928 ж І–Мәскеу мемлекеттік университетінің астрономия-математика бөліміне оқуға қабылданады. 1932ж. Мәскеу университеттін бітіріп, сол жылы осы университеттің аспирантурасына түскен.Бірақ Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты оны 1932 ж.Алматыға шақыртып алады.1932—36ж. Қазақ педагогикалық инcтитутында ассистент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор болды, мұнымен қатар ол 1935—36 ж. ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан лекция оқыды.Боқаев Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер,арнаулы функциялар,конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты.Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды. С.Боқаев 1937 жылы жалған жаламен қамауға алынып, Архангельск облысына айдауға жіберіледі.1942 жылы айдауда жүріп қайтыс болады.

6 слайд
(1907– 1938) – қазақтан шыққан тұңғыш
физика-математика
ғылым кандидаттарының бірі, доцент.
Ибадулла Ақбергенов
6 слайд
(1907– 1938) – қазақтан шыққан тұңғыш физика-математика ғылым кандидаттарының бірі, доцент. Ибадулла Ақбергенов

7 слайд
•Ибадулла Акбергенов 1907 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының
Созақ ауданында дүниеге келген.
•1923 жылы Ташкент қаласындағы Казақ Институтының дайындық бөліміне оқуға
түсті. 1929-30 жылдар аралығында №6 балалар үйінде жұмыс істеді. 1931 ж. Ташкент
Орта Азия университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1932 ж. сол
университеттің аспирантурасына түсіп, 1934 ж.Ленинград мемлекеттік университетінің
аспирантурасына ауыстырылады. 1934 ж. профессор Л.В. Канторовичтің (1964 жылдан
КСРО ғылым академиясының академигі) жетекшілігімен «Интегралдық теңдеулерді
жуықтап шешу тәсілдері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған.
•1935 – 36 ж. Ташкент Орта Азия университетінде қызмет істейді. 1936 ж. ҚазМУ-
дың математика анализ кафедрасының меңгерушілігіне шақырылды. ҚазМУ-де қызмет
атқарған. 1936 – 38 ж. Ибадулла Ақбергенов студенттерге математика пәнінің сол
уақыттағы деңгейге сәйкес берілуіне өте көп еңбек сіңірді. ҚазМУ-ге Мәскеуден
И.П. Натансон, В.Л. Гончаров, Н.Н. Назаров сияқты белгілі профессорларды
шақыртты, оқытушылар мен студенттерге дәріс тыңдатуды ұйымдастырды. Оның
теориялық жағынан өте жоғары «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің
жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» деп аталатын ғылыми еңбегі сол
жылдары жарияланды. Мұнда қолданылған тәсіл кейін көптеген математиктердің
еңбектерінде одан әрі дамытылды.
•1938 жылы 17 наурызда №41 бұйрықпен 15 наурыз күні жұмысқа шықпағанына
байланысты жұмыстан босатылды. Ал ол ДКНБ РК-ның құжаттары бойынша 14
наурыз күні қамауға алынған. 1938 жылы 11 қарашада ату жазасына кесілді. 1957
жылы 29 тамызда ақталды.
7 слайд
•Ибадулла Акбергенов 1907 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. •1923 жылы Ташкент қаласындағы Казақ Институтының дайындық бөліміне оқуға түсті. 1929-30 жылдар аралығында №6 балалар үйінде жұмыс істеді. 1931 ж. Ташкент Орта Азия университетінің физика-математика факультетін бітірген. 1932 ж. сол университеттің аспирантурасына түсіп, 1934 ж.Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасына ауыстырылады. 1934 ж. профессор Л.В. Канторовичтің (1964 жылдан КСРО ғылым академиясының академигі) жетекшілігімен «Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешу тәсілдері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. •1935 – 36 ж. Ташкент Орта Азия университетінде қызмет істейді. 1936 ж. ҚазМУ- дың математика анализ кафедрасының меңгерушілігіне шақырылды. ҚазМУ-де қызмет атқарған. 1936 – 38 ж. Ибадулла Ақбергенов студенттерге математика пәнінің сол уақыттағы деңгейге сәйкес берілуіне өте көп еңбек сіңірді. ҚазМУ-ге Мәскеуден И.П. Натансон, В.Л. Гончаров, Н.Н. Назаров сияқты белгілі профессорларды шақыртты, оқытушылар мен студенттерге дәріс тыңдатуды ұйымдастырды. Оның теориялық жағынан өте жоғары «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» деп аталатын ғылыми еңбегі сол жылдары жарияланды. Мұнда қолданылған тәсіл кейін көптеген математиктердің еңбектерінде одан әрі дамытылды. •1938 жылы 17 наурызда №41 бұйрықпен 15 наурыз күні жұмысқа шықпағанына байланысты жұмыстан босатылды. Ал ол ДКНБ РК-ның құжаттары бойынша 14 наурыз күні қамауға алынған. 1938 жылы 11 қарашада ату жазасына кесілді. 1957 жылы 29 тамызда ақталды.

8 слайд
(1911-1989)–ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның
еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның
Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы
8 слайд
(1911-1989)–ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

9 слайд
1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ
педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика
факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті)
аспирантурасын тамамдаған.
1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, декан,
директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым
академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты
құрылған. О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және
механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым
академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-
1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары
бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының
Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне,
дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы
мен оның методологиясына арналған.
О.Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Ол республикамызда
математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер
мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы
оқулығын шығарған. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық
жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы.
9 слайд
1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған. О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969- 1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. О.Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы.

10 слайд
(1917-1989) – белгілі қазақ математигі, физика-математика
ғылымдарының докторы (1961), Қазақ ССР ҒА-ның академигі
(1962) Ұлы Отан соғысының ардагері.
Асан Дабысұлы Тайманов
10 слайд
(1917-1989) – белгілі қазақ математигі, физика-математика ғылымдарының докторы (1961), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1962) Ұлы Отан соғысының ардагері. Асан Дабысұлы Тайманов

11 слайд
•Ол Орал облысы, Орда ауданы, Бейсен ауылында туған. Он жастағы Асан мұғалім Ахметфаиз
Тажетдинов көмегімен орда кеңшарындағы балалар үйіне орналастырылып, тәрбиеленеді. Кейін
педагогикалық училищеге айналдырылған Сломихиндегі шаруа жастар мектебінде оқыды. Оны
үздік бітіріп, 1933 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, оны
бітіргеннен кейін математика кафедрасының кіші мұғалімдігіне қалдырылды. Осы мезгілде
М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті механика-математика факультетінің
сырттай оқыту бөліміне емтихан тапсырып, студент атанады. Оның үшінші курсын бітіргеннен
кейін, 1938 жылы А.Д.Тайманов Ленин атындағы Москваның мемлекеттік педагогикалық
институтының аспирантурасында 1941 жылға дейін оқыды.
•Қазақстанның шақыруымен Асан Дабысұлы 1947 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда
педагогика институтына қызметке келді. Мұнда ол физика-математика факультетінде математика
кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Онда ол 1954 жылға дейін болды.
•1955-1960 жылдар арасында 20 ғылыми еңбек жарық көрді. Өзінің айналысып жүрген
дескриптивтік жиындар теориясының көзқарастарын модельдер теориясының талай
проблемаларына пайдаланып, Таймановтық индуктивтік процесті ашты, Тайманов критерийін
ашты.
•1960 жыл да Асан Дабысұлына жайлы жыл болды. «Жоғары алгебра» мамандығы бойынша аға
ғылыми қызметкер атағы берілді. Ондай атақ ілуде біреуге беріледі. Бұдан әргі Тайманов жолы
СССР Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесімен байланысты. Мұнда ол Математика
институтында және Новосибирск университетінде қызмет істеді. А.Д.Тайманов 1961жылы ғылым
докторы болса, 1962 жылдан академик. 1968 жылы ол Алматыға шақырылды, бірақ ол 1970 жылы
қайта Сібірге оралды. Асан Дабысұлы 107 ғылыми еңбек жазып, бірнеше ғылым докторы мен
кандидаттарын даярлады. Асан Дабысұлы математикалық логикадан ұйымдастырылған он төрт
халықаралық конгрестің жетекшісі болды. Мұндай құрметке дүниежүзінде бірде-бір математиктің
қолы жетпеген. Ол математиктер бекзадасы. Өзінің ақтық тілегімен Москвада жерленген .
11 слайд
•Ол Орал облысы, Орда ауданы, Бейсен ауылында туған. Он жастағы Асан мұғалім Ахметфаиз Тажетдинов көмегімен орда кеңшарындағы балалар үйіне орналастырылып, тәрбиеленеді. Кейін педагогикалық училищеге айналдырылған Сломихиндегі шаруа жастар мектебінде оқыды. Оны үздік бітіріп, 1933 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, оны бітіргеннен кейін математика кафедрасының кіші мұғалімдігіне қалдырылды. Осы мезгілде М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті механика-математика факультетінің сырттай оқыту бөліміне емтихан тапсырып, студент атанады. Оның үшінші курсын бітіргеннен кейін, 1938 жылы А.Д.Тайманов Ленин атындағы Москваның мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында 1941 жылға дейін оқыды. •Қазақстанның шақыруымен Асан Дабысұлы 1947 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтына қызметке келді. Мұнда ол физика-математика факультетінде математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Онда ол 1954 жылға дейін болды. •1955-1960 жылдар арасында 20 ғылыми еңбек жарық көрді. Өзінің айналысып жүрген дескриптивтік жиындар теориясының көзқарастарын модельдер теориясының талай проблемаларына пайдаланып, Таймановтық индуктивтік процесті ашты, Тайманов критерийін ашты. •1960 жыл да Асан Дабысұлына жайлы жыл болды. «Жоғары алгебра» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді. Ондай атақ ілуде біреуге беріледі. Бұдан әргі Тайманов жолы СССР Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесімен байланысты. Мұнда ол Математика институтында және Новосибирск университетінде қызмет істеді. А.Д.Тайманов 1961жылы ғылым докторы болса, 1962 жылдан академик. 1968 жылы ол Алматыға шақырылды, бірақ ол 1970 жылы қайта Сібірге оралды. Асан Дабысұлы 107 ғылыми еңбек жазып, бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлады. Асан Дабысұлы математикалық логикадан ұйымдастырылған он төрт халықаралық конгрестің жетекшісі болды. Мұндай құрметке дүниежүзінде бірде-бір математиктің қолы жетпеген. Ол математиктер бекзадасы. Өзінің ақтық тілегімен Москвада жерленген .

12 слайд
(25.08.1923, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа
ауылы – 21.06.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы
(1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі
(1972). Функция теориясы бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші ғылым докторы.
Аманов Төлеубай Ыдырысұлы
12 слайд
(25.08.1923, Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – 21.06.1978, Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1972). Функция теориясы бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші ғылым докторы. Аманов Төлеубай Ыдырысұлы

13 слайд
•1940–42 ж. Семей педагогикалық институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа
аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып,
сол жылы педагогикалық институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53
ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант,
1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика
кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының
Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра
меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры
болды.
•Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру
теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық
диссертациясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол
класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғылыми
еңбектің авторы.
13 слайд
•1940–42 ж. Семей педагогикалық институтының студенті. 1943 ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған. 1944 ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы педагогикалық институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды. •Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертациясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

14 слайд
белгілі ғалым – математик, математикалық физиканың дифференциалдық
теңдеулері мен функционалдық анализ салаларында маман, оның
жалпыланған аналитикалық функциялар, математикалық физика
теңдеулерінің шеттік есептері, функционалдық кеңістіктердегі ерекше
интегралдық теңдеулер теориясына қосқан үлестері өте зор.
Назарбай Қыдырұлы Білиев
14 слайд
белгілі ғалым – математик, математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері мен функционалдық анализ салаларында маман, оның жалпыланған аналитикалық функциялар, математикалық физика теңдеулерінің шеттік есептері, функционалдық кеңістіктердегі ерекше интегралдық теңдеулер теориясына қосқан үлестері өте зор. Назарбай Қыдырұлы Білиев

15 слайд
Н.Қ.Білиев 1935 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданы
Жарқамыс поселкесінде қызметкер жанұясында дүниеге келген.Н.Қ.Білиев 1952 жылы
ҚазМУ-дің физика – математика факультетінің математика бөліміне оқуға түсті. 1960
жылы Н.Қ.Білиев Москваға барып ССРО ҒА МИ аспирантурасына түсті. Оның бірінші
ғылыми жетекшісі физика – математика ғылымдарының кандидаты (көп ұзамай докторы)
В.С.Виноградов болды. 1965 жылы «...
15 слайд
Н.Қ.Білиев 1935 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Жарқамыс поселкесінде қызметкер жанұясында дүниеге келген.Н.Қ.Білиев 1952 жылы ҚазМУ-дің физика – математика факультетінің математика бөліміне оқуға түсті. 1960 жылы Н.Қ.Білиев Москваға барып ССРО ҒА МИ аспирантурасына түсті. Оның бірінші ғылыми жетекшісі физика – математика ғылымдарының кандидаты (көп ұзамай докторы) В.С.Виноградов болды. 1965 жылы «...