Қазақтың ұлттық ойындары «Бес табан» және «Бес асық»

#1 слайд
КММ «Жамбыл орта мектебі»
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары «Бес табан» және «Бес асық» .
Дайындаған: Ахтанова Роза
1 слайд
КММ «Жамбыл орта мектебі» Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары «Бес табан» және «Бес асық» . Дайындаған: Ахтанова Роза
#2 слайд
Қазақтың ұлттық ойындары «Бес табан» және «Бес асық»
Мaқсаты:
Жас ұрпақты жан-жақты еңбек іс-әрекеттеріне тартып тәрбиелеу. Қaзақтың ұлттық ойындарын түрлі әдістермен
жетілдіре оқыта отырып, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, ұлтқа тән қасиеттерін дарыту. Ойын арқылы балаларға
қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Міндеті:
1.Бaлаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.
2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ, қол моторикасын дамыту.
3. ұлттық мәдениеттің құндылықтарын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарды ұстанады.
4.Жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттерін дамытады.
5.Адамгершілік қасиеттерін, еңбектену әдет-дағдыларын дамытады және т/б.
Өзектілігі:
Балалар ойын ойнағанды жақсы көреді. Ойының қызығына салынып кетсе, ойыншықтар қалып, планшет, ноутбук,
сенсорлы ұялы телефондар, жалпақ тілмен айтқанда виртуалды ойын ойнағанды жақсы көріп барады. Үлкендер рұқсат
берсе, тіпті қуанады. Тіпті басқа ойындарды ысырып қояды. Ауыз екі сөйлеу тіліміздің аясы қысылып, қазақ тілімізге де
біраз зияны тиіп жатады. Осы орайда мен ұлттық ойынымыз асық ойындарын ойнасақ, құндылығымыз жоғалмас еді деп
ойлаймын.
2 слайд
Қазақтың ұлттық ойындары «Бес табан» және «Бес асық» Мaқсаты: Жас ұрпақты жан-жақты еңбек іс-әрекеттеріне тартып тәрбиелеу. Қaзақтың ұлттық ойындарын түрлі әдістермен жетілдіре оқыта отырып, ұлттық өнегені бойына сіңіріп, ұлтқа тән қасиеттерін дарыту. Ойын арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Міндеті: 1.Бaлаларды қазақтың ұлттық ойындары мен таныстыра отырып ойын шартын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету. 2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ, қол моторикасын дамыту. 3. ұлттық мәдениеттің құндылықтарын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарды ұстанады. 4.Жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттерін дамытады. 5.Адамгершілік қасиеттерін, еңбектену әдет-дағдыларын дамытады және т/б. Өзектілігі: Балалар ойын ойнағанды жақсы көреді. Ойының қызығына салынып кетсе, ойыншықтар қалып, планшет, ноутбук, сенсорлы ұялы телефондар, жалпақ тілмен айтқанда виртуалды ойын ойнағанды жақсы көріп барады. Үлкендер рұқсат берсе, тіпті қуанады. Тіпті басқа ойындарды ысырып қояды. Ауыз екі сөйлеу тіліміздің аясы қысылып, қазақ тілімізге де біраз зияны тиіп жатады. Осы орайда мен ұлттық ойынымыз асық ойындарын ойнасақ, құндылығымыз жоғалмас еді деп ойлаймын.
#3 слайд
Асықтың түрлері
Шік— асықтың
қуыс жағының
жоғары қарап
түсуі.
.
Бүк — асықтың
дөңес жағының
жоғары қарап
түсуі.
Алшы —
асықтың тәйкеге
қарама-қарсы
жағы яғни алшы
тұруы.
Тәйке —
асықтың алшыға
қарама-қарсы
жағы.
3 слайд
Асықтың түрлері Шік— асықтың қуыс жағының жоғары қарап түсуі. . Бүк — асықтың дөңес жағының жоғары қарап түсуі. Алшы — асықтың тәйкеге қарама-қарсы жағы яғни алшы тұруы. Тәйке — асықтың алшыға қарама-қарсы жағы.
#4 слайд
Асық ойынының баланың қыймылына тигізер әсері
Ойын
барысында
Көздеп тигізу
журу
Жүгіру
Сақа иіру
Секіру
Төзімділік
Ойлау
Шапшаңдылық
4 слайд
Асық ойынының баланың қыймылына тигізер әсері Ойын барысында Көздеп тигізу журу Жүгіру Сақа иіру Секіру Төзімділік Ойлау Шапшаңдылық
#5 слайд
Aсық aту ойыны «Бес табан» oйынының ережесі
(9-11 сынып)
«Бес табан» ойыны R5 (ø500см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы aту сызық (асық тігілген
көнен қашықтығы 6 метр оңға және солға) сызылады.
Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 15
асық тігіледі, бірінші болып 8 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады.
Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа
Aту кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске
дейін жалғасады. Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды
атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан
бүк , шік болып тігіледі.
Aту кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса
ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø500см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан
көндегі кеней асықтарды атуға рұхсат береді, атқан асығы шеңберден шықса, ойын ары жалғасын табады, шығара
алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі.
5 слайд
Aсық aту ойыны «Бес табан» oйынының ережесі (9-11 сынып) «Бес табан» ойыны R5 (ø500см) шеңберде ойналады, шеңбердің екі жағындағы aту сызық (асық тігілген көнен қашықтығы 6 метр оңға және солға) сызылады. Шеңбердің ортасына көн сызығы (115см) сызылады және оған екі жағынан паралелль сызық (15см) түседі 15 асық тігіледі, бірінші болып 8 асықты атып алған команда немесе ойыншы жеңімпаз атанады. Әр команда үш ойыншыдан тұрады. 1-сақа, 2-сақа, 3-сақа Aту кезеңін төреші сақаларды иіру арқылы анықтайды және ойын уақытын 15 минут белгілейді. Ойын 2 жеңіске дейін жалғасады. Ойынға қатысушылар ату сызығынан (115см) кезек бойынша шеңбер ішіндегі көндегі асықтарды атады. Мұнда көнге тігілген кеней асықтардың арасы бір сақа тең болуы шарт және кенейлер алшысы жағынан бүк , шік болып тігіледі. Aту кезінде сақа тиген кеней асық шеңбер сызығынан өтуге міндетті, егер асықты сызықтан шығарып алса ойыншыға мүмкіндік береді, төреші ойыншыға шеңбердің (ø500см) сыртынан яғни белгіленген ортадағы сызықтан көндегі кеней асықтарды атуға рұхсат береді, атқан асығы шеңберден шықса, ойын ары жалғасын табады, шығара алмаса кезек ату сызығынан қарсылас ойыншыға беріледі.
#6 слайд
«Бес тaбан» ойыны алаңы (9-11 сынып)
6 слайд
«Бес тaбан» ойыны алаңы (9-11 сынып)
#7 слайд
Төрешілердің aсық ойынында қолданылатын пәрмен-белгілері
БAСТА- төрешінің
нұсқауымен негізгі
ату сызығына келіп
ойыншы атуды
бастайды.
ТАЗА –Асық ату кезінде көндегі
асыққа ойыншының сақасы дөп
тиіп, асық шеңберден шығып
кетсе сол ойыншы ойынды
арнайы шеңбер бойындағы белгі
орнынан яғни бестабан,
диагональ, паралель бағытта
атып шығарса таза ұпай беріледі.
ҚАТЕ – көндегі асыққа
тимей не шеңберден
шықпай қалса, ату
сызығын басып кетсе
немесе сақасы жермен
сырғып тисе шеңбер
бойында артқы аяғын
көтеріп қалса
7 слайд
Төрешілердің aсық ойынында қолданылатын пәрмен-белгілері БAСТА- төрешінің нұсқауымен негізгі ату сызығына келіп ойыншы атуды бастайды. ТАЗА –Асық ату кезінде көндегі асыққа ойыншының сақасы дөп тиіп, асық шеңберден шығып кетсе сол ойыншы ойынды арнайы шеңбер бойындағы белгі орнынан яғни бестабан, диагональ, паралель бағытта атып шығарса таза ұпай беріледі. ҚАТЕ – көндегі асыққа тимей не шеңберден шықпай қалса, ату сызығын басып кетсе немесе сақасы жермен сырғып тисе шеңбер бойында артқы аяғын көтеріп қалса
#8 слайд
OЙЫН БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР
ДИАГОНАЛЬ -яғни aсықты ату кезінде көндегі асық жығылып, шеңберден шықпаса,
ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған асықты диагональ
бағытқа атуға пәрмен беріледі осы уақытта ойыншы ҚАБАТ сұрауы тиіс .
МҮМКІНДІК –Aсық ату кезінде
көндегі асыққа ойыншының сақасы дөп
тиіп ,асық шеңберден шығып кетсе сол
ойыншы ойынды арнайы шеңбер
бойындағы белгі орнынан яғни
бестабан, диагональ, паралель бағытта
жалғастырады.
8 слайд
OЙЫН БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕРЕЖЕЛЕР ДИАГОНАЛЬ -яғни aсықты ату кезінде көндегі асық жығылып, шеңберден шықпаса, ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған асықты диагональ бағытқа атуға пәрмен беріледі осы уақытта ойыншы ҚАБАТ сұрауы тиіс . МҮМКІНДІК –Aсық ату кезінде көндегі асыққа ойыншының сақасы дөп тиіп ,асық шеңберден шығып кетсе сол ойыншы ойынды арнайы шеңбер бойындағы белгі орнынан яғни бестабан, диагональ, паралель бағытта жалғастырады.
#9 слайд
ПАРАЛЕЛЬ - aсықты ату кезінде сақа асықты көн сызықтарының ішінде құлтып жатса,
ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған көн сызығының бойымен
тура яғни асықты паралель бағытқа атуға пәрмен беріледі
ПАРАЛЛЕЛЬ асықты ату кезінде
сақа асықты көн сызықтарының
ішінде құлтып жатса, ойыншыға
мүмкіндік беріліп төрешінің
нұсқауымен жығылған көн
сызығының бойымен тура яғни
асықты паралель бағытқа атуға
пәрмен беріледі
9 слайд
ПАРАЛЕЛЬ - aсықты ату кезінде сақа асықты көн сызықтарының ішінде құлтып жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған көн сызығының бойымен тура яғни асықты паралель бағытқа атуға пәрмен беріледі ПАРАЛЛЕЛЬ асықты ату кезінде сақа асықты көн сызықтарының ішінде құлтып жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп төрешінің нұсқауымен жығылған көн сызығының бойымен тура яғни асықты паралель бағытқа атуға пәрмен беріледі
#10 слайд
БЕСТAБАН - яғни aсықты ату кезінде көндегі асық жығылып шеңберден шықпаса, шеңбер
сызығында қалып қалса немесе шеңбер сызығынан бір табан көлемінде жатса, ойыншыға
мүмкіндік беріліп ойыншының сұрауымен оңға немесе солға БЕСТАБАН санап беріп
жығылған асықты қиып атуға пәрмен беріледі
БЕСТАБАН яғни асықты ату
кезінде БЕСТАБАН яғни асықты ату
кезінде көндегі асық жығылып шеңберден
шықпаса, шеңбер сызығында қалып қалса
немесе шеңбер сызығынан бір табан
көлемінде жатса, ойыншыға мүмкіндік
беріліп ойыншының сұрауымен оңға немесе
солға «БЕСТАБАН» санап беріп жығылған
асықты қиып атуға пәрмен беріледіып
атуға пәрмен беріледігі асық
10 слайд
БЕСТAБАН - яғни aсықты ату кезінде көндегі асық жығылып шеңберден шықпаса, шеңбер сызығында қалып қалса немесе шеңбер сызығынан бір табан көлемінде жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп ойыншының сұрауымен оңға немесе солға БЕСТАБАН санап беріп жығылған асықты қиып атуға пәрмен беріледі БЕСТАБАН яғни асықты ату кезінде БЕСТАБАН яғни асықты ату кезінде көндегі асық жығылып шеңберден шықпаса, шеңбер сызығында қалып қалса немесе шеңбер сызығынан бір табан көлемінде жатса, ойыншыға мүмкіндік беріліп ойыншының сұрауымен оңға немесе солға «БЕСТАБАН» санап беріп жығылған асықты қиып атуға пәрмен беріледіып атуға пәрмен беріледігі асық
#11 слайд
БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ
Ұлттық ойындарынан жарыстарды ұйымдастыру кезіндегі пайдаланатын
ережелер топтамасы
11 слайд
БЕС АСЫҚ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ Ұлттық ойындарынан жарыстарды ұйымдастыру кезіндегі пайдаланатын ережелер топтамасы
#12 слайд
Бес тас ойыны
Бес асық ойыны
12 слайд
Бес тас ойыны Бес асық ойыны
#13 слайд
«Бес асық» ойынының ережесі
(Қыздар, ойыны)
Әр ойыншыда бес асықтан болады. Асықтың салмағы (11гр. ені 2см; ұзындығы 3.5см; 9 гр.ені 2
см. ұзындығы 3 см.) кем болмауы керек, (ұсақ малдың асығы ойын алаңына қатыстырылмайды) ал жоғары
болуына рұқсат. Асықтар сіңірінен жақсылап тазартылған болсын. Төрт асық бір түспен, хан басқа түспен
боялады. Түстерді таңдау ойыншының өз еркінде. Ойыншының киім нысаны спорт үлгісінде немесе
ұлттық үлгіде болуы шарт, аяқтарына мәсі немесе чешки.
Ойын мазмұны. Ойын кезегі асықтарды иіру арқылы анықталады. Асығы алшысынан түскен
ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бірінші ойыншы ойынның ережесін бұзғанша ойнайды. Кейін ойынға
екінші, үшінші ойыншы өз кезегімен кіріседі. 6 ж.,7 ж.,12 және ұпайдан басқа ойындар бір қолмен
ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, асық алатын қолы басқа асықтарға тимеуі
және кілемде жатқан ойын асықтары бір- біріне тимеуі керек және де асықтарды иірген кезде, ойнап
жатқан кездерде қол да, асықтар да дене мен киімге жанаспауы керек. Екінші қолы тізесінің үстінде болуы
шарт. Әр жаттығудан кейін ойынды бекіту. Әр жаттығуда хан бірден алынады, басқа жағдайда ойын кезегі
келесі ойыншыға өтеді. Егер ойын барысында ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын
жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады.
13 слайд
«Бес асық» ойынының ережесі (Қыздар, ойыны) Әр ойыншыда бес асықтан болады. Асықтың салмағы (11гр. ені 2см; ұзындығы 3.5см; 9 гр.ені 2 см. ұзындығы 3 см.) кем болмауы керек, (ұсақ малдың асығы ойын алаңына қатыстырылмайды) ал жоғары болуына рұқсат. Асықтар сіңірінен жақсылап тазартылған болсын. Төрт асық бір түспен, хан басқа түспен боялады. Түстерді таңдау ойыншының өз еркінде. Ойыншының киім нысаны спорт үлгісінде немесе ұлттық үлгіде болуы шарт, аяқтарына мәсі немесе чешки. Ойын мазмұны. Ойын кезегі асықтарды иіру арқылы анықталады. Асығы алшысынан түскен ойыншы ойнау кезегіне ие болады. Бірінші ойыншы ойынның ережесін бұзғанша ойнайды. Кейін ойынға екінші, үшінші ойыншы өз кезегімен кіріседі. 6 ж.,7 ж.,12 және ұпайдан басқа ойындар бір қолмен ойналады. Ойыншы жерден (кілемнен) асықтарды алғанда, асық алатын қолы басқа асықтарға тимеуі және кілемде жатқан ойын асықтары бір- біріне тимеуі керек және де асықтарды иірген кезде, ойнап жатқан кездерде қол да, асықтар да дене мен киімге жанаспауы керек. Екінші қолы тізесінің үстінде болуы шарт. Әр жаттығудан кейін ойынды бекіту. Әр жаттығуда хан бірден алынады, басқа жағдайда ойын кезегі келесі ойыншыға өтеді. Егер ойын барысында ереже бұзылса, кезек келесі ойыншыға беріледі. Ойын жалғасы әрекеттің бұзылған жерінен басталады.
#14 слайд
«Бірлік». Ойыншы кілемге бес асықты иіріп тастайды, міндетті түрде ханды алады, (Хан асық ойнын жүргізетін негізгі асық болып
есептеледі). Ойыншы ханды жоғарыға лақтырып, кілемде жатқан асықтардың бірін алып, лақтырған ханды қағуы керек. Хан қайта
жоғары лақтырылып, кілемдегі шашылған асықтардың екіншісі, кейін үшінші, төртінші алынады. Ескерту: Ханды қаққан кезде
алақанның сырты кілемге жанаспауы керек. Кілемнен алынған асықтар, бөлек жиналады.
«Екілік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен екі асық алынады да бірліктегідей лақтырылған хан қағылып
алынады. Кейін тағы екеуі алынады. Кілемнен алынған асықтар бөлек жиналады.
14 слайд
«Бірлік». Ойыншы кілемге бес асықты иіріп тастайды, міндетті түрде ханды алады, (Хан асық ойнын жүргізетін негізгі асық болып есептеледі). Ойыншы ханды жоғарыға лақтырып, кілемде жатқан асықтардың бірін алып, лақтырған ханды қағуы керек. Хан қайта жоғары лақтырылып, кілемдегі шашылған асықтардың екіншісі, кейін үшінші, төртінші алынады. Ескерту: Ханды қаққан кезде алақанның сырты кілемге жанаспауы керек. Кілемнен алынған асықтар, бөлек жиналады. «Екілік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен екі асық алынады да бірліктегідей лақтырылған хан қағылып алынады. Кейін тағы екеуі алынады. Кілемнен алынған асықтар бөлек жиналады.
#15 слайд
«Үштік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен үш асық алынады. Хан қайта қағылады.
Кілемде қалған жалғыз асық ханды жоғары лақтырып, бөлек алынады, хан қайта қағылады.
«Төрттік». Барлық бес асықты алақанда ұстайды. Хан жоғарыға лақтырылып, қалғандары бірден кілемге
қойылады да лақтырылған асық қағылып алынады. Кейін хан жоғарыға лақтырылып, төртеуі жиылып алынып,
лақтырылған хан қағылады.
15 слайд
«Үштік». Бес асық шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен үш асық алынады. Хан қайта қағылады. Кілемде қалған жалғыз асық ханды жоғары лақтырып, бөлек алынады, хан қайта қағылады. «Төрттік». Барлық бес асықты алақанда ұстайды. Хан жоғарыға лақтырылып, қалғандары бірден кілемге қойылады да лақтырылған асық қағылып алынады. Кейін хан жоғарыға лақтырылып, төртеуі жиылып алынып, лақтырылған хан қағылады.
#16 слайд
«Жалақ». Барлық асықтар алақанға жиналады, хан жоғары лақтырылып, қалған төрт асықты
қапсыра ұстап, сұқ саусақ үш немесе бес рет (келісім бойынша) алға немесе артқа қарай үйкеліп
кілемге жалатылады, шамалап 5 см (ерсілі – қарсылы үйкеуге, кілемді нұқуға болмайды). Ханды
құлатпай қағып алу керек.
«Алақан». Асықтар кілемге шашылады, қолдың алақаны үстіне қаратылып, кілем үстіне сырт
жағымен қойылады, хан жоғарыға лақтырылып, кілемдегі асықтардың біріншісі алынып, алақанға
қойылады, хан қайта қағылады. Екінші, үшінші, төртінші асық та осылай ойналады, соңында ханды
алақанға қоямыз. Асықтар алақанға ғана жиналады, егер білезіктің үстіне қарай асықтың тұмсығы
болса да шығып кетсе қатеге есептеледі.
16 слайд
«Жалақ». Барлық асықтар алақанға жиналады, хан жоғары лақтырылып, қалған төрт асықты қапсыра ұстап, сұқ саусақ үш немесе бес рет (келісім бойынша) алға немесе артқа қарай үйкеліп кілемге жалатылады, шамалап 5 см (ерсілі – қарсылы үйкеуге, кілемді нұқуға болмайды). Ханды құлатпай қағып алу керек. «Алақан». Асықтар кілемге шашылады, қолдың алақаны үстіне қаратылып, кілем үстіне сырт жағымен қойылады, хан жоғарыға лақтырылып, кілемдегі асықтардың біріншісі алынып, алақанға қойылады, хан қайта қағылады. Екінші, үшінші, төртінші асық та осылай ойналады, соңында ханды алақанға қоямыз. Асықтар алақанға ғана жиналады, егер білезіктің үстіне қарай асықтың тұмсығы болса да шығып кетсе қатеге есептеледі.
#17 слайд
«Төрт бұрыш». Төрт асық шаршы бойынша (шамамен 20*20см. ересектер, 10*10 cм. жасөспірімдер)
қойылады. Ойыншы асығын жоғарыға лақтырып, шаршылай тігілген асықтарды бірден жинап,
лақтырылған асықты қағып алуы тиіс.
«Алмастыру» Асықтар кілем үстіне шашылады. Хан
жоғарыға лақтырылып, кілемнен бір асық алынып,
лақтырылған асық қағылады. Ойыншының қолында екі асық
болады. (Хан екінші қолдың көмегінсіз алға яғни саусақтарға
ауыстырылады). Ол жоғарыға лақтырылып, қолда қалған
екіншісі кілемде жатқан басқа асықпен алмастырылады да
лақтырылған хан қағылып алынылады. Осылайша, асықтарды
алмастыра отырып, олар бір жерге жинастырылады. Соңында
хан жоғары лақтырылады, қолға төрт асық жиналып алынады
да хан қайта қағылады.
17 слайд
«Төрт бұрыш». Төрт асық шаршы бойынша (шамамен 20*20см. ересектер, 10*10 cм. жасөспірімдер) қойылады. Ойыншы асығын жоғарыға лақтырып, шаршылай тігілген асықтарды бірден жинап, лақтырылған асықты қағып алуы тиіс. «Алмастыру» Асықтар кілем үстіне шашылады. Хан жоғарыға лақтырылып, кілемнен бір асық алынып, лақтырылған асық қағылады. Ойыншының қолында екі асық болады. (Хан екінші қолдың көмегінсіз алға яғни саусақтарға ауыстырылады). Ол жоғарыға лақтырылып, қолда қалған екіншісі кілемде жатқан басқа асықпен алмастырылады да лақтырылған хан қағылып алынылады. Осылайша, асықтарды алмастыра отырып, олар бір жерге жинастырылады. Соңында хан жоғары лақтырылады, қолға төрт асық жиналып алынады да хан қайта қағылады.
#18 слайд
«Үндемес» Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде қалғандары бір-
біріне соқтығысып сартылдаған немесе т.б дауыс шығармауы керек.
«Сарт-сұрт». Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде, асықтар бір-
біріне тиіп, екі рет сарт – сұрт еткен дыбысы естілуі тиіс.
18 слайд
«Үндемес» Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде қалғандары бір- біріне соқтығысып сартылдаған немесе т.б дауыс шығармауы керек. «Сарт-сұрт». Бірліктегі әрекет қайталанады, бірақ лақтырылған асықты ұстар кезде, асықтар бір- біріне тиіп, екі рет сарт – сұрт еткен дыбысы естілуі тиіс.
#19 слайд
«Қаршу». Асықтар шашылады. Хан жоғарыға лақтырылады. Кілем үстінде
шашылып жатқан асықтардың біреуін көтеріп, түсіп келе жатқан ханды
үстінен қаршып қағу керек.Сонда қолда екі асық болады.Көтерілген
асықты бөлек жинаймыз. Ханды лақтырып, қалған асықтарды бір-бірлеп
теріп, түсіп келе жатқан ханды қаршып қағып отыру керек.
«Нәби». Ойыншы сол қолының бас бармағы және ортаңғы
саусағының көмегімен «дарбаза» құрады, оң қолмен құрылған
«дарбазаның» үстінен асыра алдыңғы жаққа асықтарды
шашады. Хан жоғарыға лақтырылады, ал қалған асықтарды
бір- бірден сыдыртып «дарбазаның» астымен қолдың арғы
жағына өткізіп барып лақтырылған ханды құлатпай қағу керек.
Осылайша «дарбазаға» барлық асықтар кезекпен енгізіледі. Бұл
әрекетте ереже бар: ойыншы тағы бір асық таңдайды – «ағалық»
(«нәби»). Бұл ең жақыны немесе алыс асық болуы мүмкін, ол
туралы ойынның бас кезінде келісіледі. Ол «дарбазаға» ең
соңғы болып кіргізіледі. Бұл асықты қарсыласы таңдайды.
19 слайд
«Қаршу». Асықтар шашылады. Хан жоғарыға лақтырылады. Кілем үстінде шашылып жатқан асықтардың біреуін көтеріп, түсіп келе жатқан ханды үстінен қаршып қағу керек.Сонда қолда екі асық болады.Көтерілген асықты бөлек жинаймыз. Ханды лақтырып, қалған асықтарды бір-бірлеп теріп, түсіп келе жатқан ханды қаршып қағып отыру керек. «Нәби». Ойыншы сол қолының бас бармағы және ортаңғы саусағының көмегімен «дарбаза» құрады, оң қолмен құрылған «дарбазаның» үстінен асыра алдыңғы жаққа асықтарды шашады. Хан жоғарыға лақтырылады, ал қалған асықтарды бір- бірден сыдыртып «дарбазаның» астымен қолдың арғы жағына өткізіп барып лақтырылған ханды құлатпай қағу керек. Осылайша «дарбазаға» барлық асықтар кезекпен енгізіледі. Бұл әрекетте ереже бар: ойыншы тағы бір асық таңдайды – «ағалық» («нәби»). Бұл ең жақыны немесе алыс асық болуы мүмкін, ол туралы ойынның бас кезінде келісіледі. Ол «дарбазаға» ең соңғы болып кіргізіледі. Бұл асықты қарсыласы таңдайды.
#20 слайд
Ұпайларды санау.
Алдыңғы әрекеттерді аяқтаған соң, ойыншы өзіне екі жолмен ұпайларды жинайды.
Жоғарыға 5 асық лақтырып, оларды алақанның сыртымен ұстап алады. Қайта жоғарыға лақтырып,
оларды үстінен қаршып ұстайды. Әр асық 10 ұпаймен есептеледі. Егер ойыншы барлық 5 асықты
ұстап алса, онда 50 ұпай жинайды. Егер ұпай алар кезде ойыншы 0 яғни еш ұпай ала алмаса, сол
ойында ұпай алуға екінші мүмкіндік берілмейді, кезегін қарсыласына береді. Келесі ойнын бірліктен
бастайда.
Ойыншы қолын сыртқа қаратып, барлық асықтарды жоғарыға лақтырады. Кейін оларды астынан
алақанын ашып, ұстап алады. Әр асық үшін 10 ұпайдан алады.
Ойыншылар кілемнен асықтарды алған кезде, басқа асықтарға қолдары тимеуі керек. Егер ойын
ережесі бұзылса, ойынды келесі ойыншы жалғастырады.
Ойын әр қашан бұзылған жерінен жалғастырылады.
20 слайд
Ұпайларды санау. Алдыңғы әрекеттерді аяқтаған соң, ойыншы өзіне екі жолмен ұпайларды жинайды. Жоғарыға 5 асық лақтырып, оларды алақанның сыртымен ұстап алады. Қайта жоғарыға лақтырып, оларды үстінен қаршып ұстайды. Әр асық 10 ұпаймен есептеледі. Егер ойыншы барлық 5 асықты ұстап алса, онда 50 ұпай жинайды. Егер ұпай алар кезде ойыншы 0 яғни еш ұпай ала алмаса, сол ойында ұпай алуға екінші мүмкіндік берілмейді, кезегін қарсыласына береді. Келесі ойнын бірліктен бастайда. Ойыншы қолын сыртқа қаратып, барлық асықтарды жоғарыға лақтырады. Кейін оларды астынан алақанын ашып, ұстап алады. Әр асық үшін 10 ұпайдан алады. Ойыншылар кілемнен асықтарды алған кезде, басқа асықтарға қолдары тимеуі керек. Егер ойын ережесі бұзылса, ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Ойын әр қашан бұзылған жерінен жалғастырылады.
#21 слайд
Қорытынды
Асық ойынын Республикалық спорттық - ойындарының қатарына қосуға ат салысу, оны жан-
жақты дәріптеу. Асық ойынының ұмытылып кетпеуіннің жолдарын қарастыру.
Сонымен ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні жалғастыратын
баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе
секілді. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен
қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы
бойымызға қүш жинап, ақыл-ойымызды толықтырып, еліміздің туын биікке көтеретін сегіз
қырлы, бір сырлы азаматы мен азаматшалары болып өсе берейік.
Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысында пайдалану – мұғалімнен шеберлікті,
сабырлықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді.
Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып қолдануға болады.
Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға
болады. Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та көптеген ойындарға
баланы қызықтыруға болады.
Қазақтың ұлттық ойындарын көптеп насихаттау керек деп ойлаймын.
21 слайд
Қорытынды Асық ойынын Республикалық спорттық - ойындарының қатарына қосуға ат салысу, оны жан- жақты дәріптеу. Асық ойынының ұмытылып кетпеуіннің жолдарын қарастыру. Сонымен ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды ойнау арқылы бойымызға қүш жинап, ақыл-ойымызды толықтырып, еліміздің туын биікке көтеретін сегіз қырлы, бір сырлы азаматы мен азаматшалары болып өсе берейік. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысында пайдалану – мұғалімнен шеберлікті, сабырлықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді. Қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түріне байланыстырып қолдануға болады. Соның бәріне қатысты жүгіруге, секіруге, дәлдікке, ұйымшылдыққа арнап ойындар табуға болады. Жаңа техникалар, интернет, интерактивті тақтаны пайдаланып та көптеген ойындарға баланы қызықтыруға болады. Қазақтың ұлттық ойындарын көптеп насихаттау керек деп ойлаймын.
шағым қалдыра аласыз













