Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақтың ұлттық ойыны "Бес тас"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойынның баланың жетілуіне, ой-санасының дамуына, ептілігіне қосар үлесі мол. Ол әсіресе баланың биологиялық дамуы үшін де аса пайдалы. Ол бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіреді. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрететін қасиетке ие.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Қазақтың ұлттық ойындары Қазақтың ұлттық ойындары Бес тас ойыныБес тас ойыныШ.Уәлиханов атындағы №10 о

#1 слайд
Қазақтың ұлттық ойындары Қазақтың ұлттық ойындары Бес тас ойыныБес тас ойыныШ.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы

1 слайд

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға бес тас ойынының ойналу ережесін түсіндіру.  Ұлтымыздың барлық ұлтты

#2 слайд
Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға бес тас ойынының ойналу ережесін түсіндіру.  Ұлтымыздың барлық ұлттық салт- дәстүрлерін, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту.

2 слайд

Сабақтың міндеттері: 1.Икемділігін арттыру. 2.ой – өрісін дамыту. 3. Ептілікке тәрбиелеу . • 6.2.3.1.Қолайлы оқу ортасын қал

#3 слайд
Сабақтың міндеттері: 1.Икемділігін арттыру. 2.ой – өрісін дамыту. 3. Ептілікке тәрбиелеу . • 6.2.3.1.Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана біл. • 6.2.6.1.Жарыс іс-әрекеттерін және төрелік ету ережелерін түсіне білу.

3 слайд

«Бес тас» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары аға

#4 слайд
«Бес тас»  — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді.

4 слайд

Қазақ ұлттық ойындарында "асық ату", "сақина салмақ", "тоғызқұмалақ", "алты бақан", "ақсүйек", "Ләңгі", "А

#5 слайд
Қазақ ұлттық ойындарында "асық ату", "сақина салмақ", "тоғызқұмалақ", "алты бақан", "ақсүйек", "Ләңгі", "Ақ сандық, көк сандық" және "көкпар" қатарлылармен тең тұратын бұл ойынның тарихы да өте ежелгі дәуірлерге барып тірелетіні анық.

5 слайд

Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігі» еңбегінде бестас ойыны туралы мағлұмат кездеседі. Бұл мағлұматтар

#6 слайд
Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігі» еңбегінде бестас ойыны туралы мағлұмат кездеседі. Бұл мағлұматтар арқылы «бестас» ойынының сақ-ғұндардан бері келе жатқан ойын екеніне көз жеткізуге болады. Ойыншыны жылдамдыққа, қағылездікке, тез шешім қабылдауға үйрететін, тарихы сонау ежелден басталатын таспен ойналатын ойынның «бестас» аталу себебі ойында бес тастың пайдаланылуымен байланысты.

6 слайд

Ойын «балта шабу», «тоқылдақ», «тарақтау», «құдыққа салу», «қуалау», «кедергі» сияқты көп кезеңнен тұрады.

#7 слайд
Ойын «балта шабу», «тоқылдақ», «тарақтау», «құдыққа салу», «қуалау», «кедергі» сияқты көп кезеңнен тұрады. «Кедергі» аталатын кезеңге ойынды әбден меңгерген, епті, қағылездер ғана өте алған.

7 слайд

Ойын түрлері «үштік», «төрттік» деп аталады. Одан кейін «жалау» деген түрі, «нәби» сынды бірнеше кезеңі

#8 слайд
Ойын түрлері «үштік», «төрттік» деп аталады. Одан кейін «жалау» деген түрі, «нәби» сынды бірнеше кезеңі бар. Мысалы, «жалау» ойынында төрт тасты жерге тастап, қолдағы қақпа тасты алып, оң қолыңызбен жерге 3 не 5 рет жалатуыңыз керек. Сонда сіз осы кезеңнен өткен болып есептелесіз. 3 не 5 рет жалату ойын басында ойыншылардың өзара ақылдасуына, келісуіне байланысты. Осылайша бестас ойынының кезеңдері, тәртіптері, түрлері жалғаса береді.

8 слайд

«Бес тас» ойынының шарттары: Бестас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға 5 домалақ тас немесе асық пай

#9 слайд
«Бес тас» ойынының шарттары:   Бестас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға 5 домалақ тас немесе асық пайдаланылады.

9 слайд

Ойын барысы: Ойнаушылар ең алдымен, кім - кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар ке

#10 слайд
Ойын барысы: Ойнаушылар ең алдымен, кім - кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады осы тәсілді бес рет қайталайды соңында алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз –тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.

10 слайд

 Әр ойын өзіндік ережесімен ерекше. Бекітілген ережелері – ойынның қаңқасы іспетті. Ойынға әбден машықта

#11 слайд
 Әр ойын өзіндік ережесімен ерекше. Бекітілген ережелері – ойынның қаңқасы іспетті. Ойынға әбден машықтанған адам мен қолына алғаш тас ұстаған ойыншыны ажырату оңай. Ал адамзат баласы еңбек құралдары есебінде тас, ағаш, сүйектерді қолданып жүргенде пайда болып, қалыптасқан бестас ойынын ойнаудың өз ережелері бар.  Кез-келген ойын белгілі бір ережеге, тәртіпке бағынатыны анық. Бестас ойынын да ата-бабаларымыз сондай бір керемет ережелермен бекіткен. Яғни бірінші қатысатын адам саны анықталады. Ойынға қатысатын адам санына шектеу шоқ. Кемінде екі адамнан басталады. Ойынға қатынасушылар дөңгелене отырады. Ойнау үшін қолға епті, ұстауға ыңғайлы тастар таңдалып алынады. Көбінесе қойдың құмалағынан үлкенірек домалақ бес тас таңдалады. Кейде асықтармен ойнау да кездеседі.

11 слайд

Ойнаушылар ең алдымен, кім - кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес та

#12 слайд
Ойнаушылар ең алдымен, кім - кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады осы тәсілді бес рет қайталайды соңында алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз –тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.

12 слайд

Бұл ойынның бірқанша кезеңдері бар, сол бойынша жарысады.  Бірінші тәсіл: Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды

#13 слайд
Бұл ойынның бірқанша кезеңдері бар, сол бойынша жарысады.  Бірінші тәсіл:  Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары серпіп жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады.

13 слайд

 Екінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілм

#14 слайд
 Екінші тәсіл:  Бес тасты еденге шаша тастап ішінен өзіне қолайлы бір тасты алады да, жоғарыдағы тәсілмен жерде жатқан тастарды екі-екіден жиып алады.

14 слайд

 Үшінші тәсіл: Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біре

#15 слайд
 Үшінші тәсіл:  Еденге бес тасты шаша тастайтайды да, ішінен біреуін алып, жоғары лақтырып, алдымен біреуін іліп алып, лақтырған тасын тосып алады, сонан соң жерде жатқан үш тасты сол тәсілмен бірден жиып алуы керек.  Төртінші тәсіл:  Бес тасты қолына алады да, біреуін жоғары серпіп жіберіп, қолындағы төрт тасты жерге койып, жоғары серпіген тасын қағып алады. Сонан соң ол тасты жоғары қарай қайта лақтырып, жерге қойған төрт тасты жинап алып, жоғары лақтырған тасты қоса қағып алады.

15 слайд

 Бесінші тәсіл: Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынаш

#16 слайд
 Бесінші тәсіл:  Бес тасты уысына алып, бірін жоғары қарай серпіп жібереді де, тасты алақанына қыса ұстап, шынашағымен еденді үш, не бес рет (ойыншылардың алдын ала келісімі бойынша) сипап өтіп (жалап өтіп деп те айтады) лақтырған тасын қағып алады.  Алтыншы тәсіл:  Төрт тасты бұрышқа (төрт) орналастырып (мөлшерін алдын ала келіседі), бір тасты жоғары серпе тастайды да, төрт тасты жедел теріп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгереді.

16 слайд

 Жетінші тәсіл: Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жер

#17 слайд
 Жетінші тәсіл:  Бес тасты еденге шаша тастайды да, арасынан бір тасты алып, оны жоғары серпіп жібереді де, жердегі тастарды жиып алып, лақтырған тасын қайта қағып алады. Сонан соң оны сол қолына салады да, жоғары серпе лақтырып, жерге түсірмей, қайта қағып алады.  Сегізінші тәсіл:  Тастарды еденге тастайды да, арасынан біреуін алып жоғары лақтыра отырып, жерде жатқан тастарды бір-бірлеп алақанына жинай береді. Осы тәсілмен жерден тасты (төрт) жиып алады.

17 слайд

 Тоғызыншы тәсіл: Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.  Оны

#18 слайд
 Тоғызыншы тәсіл:  Бірінші тәсілдегі қайталанады. Бірақ тастарды қағып алған кезде тастар бір-біріне тимеу керек.  Оныншы тәсіл:  Бірінші тәсіл қайталанады. Бірақ жерден іліп алған тасңа жоғарыдан қағып алған тас дәл тиюі керек.

18 слайд

 Он бірінші тәсіл: Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын же

#19 слайд
 Он бірінші тәсіл:  Сол қолының бас бармағы мен (сұқ қолын ортан қолының үстіне айқастыра ұстап) ортан қолын жерге тіреп тұрып, оң қолымен сол қолының астына әкеліп сыртынан асыра бес тасты алдыға қарай тастайды да, ішінен бір тасты «ата» деп белгілейді. Оны «Нәби» деп атайды. «Нәбиді» (атаны) белгілейтін отырған ойыншылар. Ол иілген қолдың астына өткізуге қиын бір тас болады. He тас өткізетін жерге тақау, не ең алыс түскен тас болады. Ойыншы жерде жатқан «Нәбиден» басңа тастардың бірін алып, оны жоғары серпе тастап отырып, барлык, тастарды біртіндеп иілген қолдардың астынан өткізеді де, ең соңында «Нәбиді» өткізеді. Жоғары лақтырып отырған тасын жерге түсірмеумен бірге «Нәби» сайлаған тасңа да басқа тастарды тигізуге болмайды.

19 слайд

Кейде бестас ойынын асықпен де ойнайды

#20 слайд
Кейде бестас ойынын асықпен де ойнайды

20 слайд

Кейде бестас ойынын асықпен де ойнайды

Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді. • Бірінші жол: бес тасты уыс

#21 слайд
Барлық тәсілдерді мүлтіксіз өткізген ойыншы өзіне жазылатын ұпайды екі жолмен белгілейді. • Бірінші жол: бес тасты уысына алады да, жоғары лақтырып, алақанымен қағып алады. Сонан соң оны екінші рет лақтырып, қолының сыртымен қағып алуы керек. Әр тас он ұпайдан есептеледі. Бес тас елу ұпай болады. • Екінші жол: Бес тасты жоғары лақтырады да, жоғарыдан төмен қарай қақшып, қағып алады. Мұнда да бір тас он ұпай деп белгіленеді. Бес тасты түгел қағып алса, елу ұпай алады. Әр тәсілді орындаған кезде қойылатын шартты бұзған ойыншы кезегін келесі ойыншыға береді де, өзіне қайта кезек келгенше көруші болып отырады. Қайта кезек алған кезде, қай тәсілден қателік жіберсе, сол тәсілден бастап ойнайды.

21 слайд

Ойынның маңызы: Халқымыздың асыл мұрасында баланың физиологиялық тұрғыдан жетілуіне ғана емес, қағылез, епті

#22 слайд
Ойынның маңызы: Халқымыздың асыл мұрасында баланың физиологиялық тұрғыдан жетілуіне ғана емес, қағылез, епті, алғыр болуына себін тигізетін ойындар баршылық. Өз кезегінде ол дана бабамыздың балаға, оның тәрбиесіне бей-жай қарамағанын, баса назар аударғанын білдірсе керек. Ал бұл ұлттық тәрбие, ұлттық білімнің түп-тамыры біз ойлағаннан анағұрлым тереңде жатқан тәрізді. Ойынның баланың жетілуіне, ой-санасының дамуына, ептілігіне қосар үлесі мол. Ол әсіресе баланың биологиялық дамуы үшін де аса пайдалы. Ол бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіреді. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрететін қасиетке ие.

22 слайд

Бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген қазақ халқы әсіресе баланың ойынына мән беріп, бестас ойынына ерте баули

#23 слайд
Бала тәрбиесіне аса көңіл бөлген қазақ халқы әсіресе баланың ойынына мән беріп, бестас ойынына ерте баули бастаған. Бестас ойынында баланың саусақтарының қимылдауы арқылы адамның он екі мүшесіне қимыл жүреді. Сөйтіп, бала жылдамдыққа, ептілікке, дәл тигізуге, тез ойлауға машықтанады. Көбіне үлкен кісілері нәби кезеңіне дейін біледі, бірақ кезінде бұл ойынның деңгейлерін одан да әрі ойнағаны байқалады. Оған дәлел – «қуалау», «үй үстіне үй тігу», «кедергі», «теріс айналдырып қағып алу» деген сынды ары қарай жалғасатын деңгейлері де бар. Мысалы, теріс айналдырып қағып алу дегеніміз – оң қолымен лақтырған тасты қолды айналдырып теріс қағып алу. Мұның өзі буын-буынның қозғалысына, денедегі он екі мүшеміздің қозғалуына, адамды ептілікке тәрбиелейтіндігіне дәлел болады.

23 слайд

1.Асық немесе таспен ойналатын ойын түрі қалай аталады? 2. Оны кімдер ойнайды? 3. «Бес тас» қандай ойын? 4.Неше ойнау түрі

#24 слайд
1.Асық немесе таспен ойналатын ойын түрі қалай аталады? 2. Оны кімдер ойнайды? 3. «Бес тас» қандай ойын? 4.Неше ойнау түрі,тәсілі бар? 5.Ұпайды қалай алады? 6.Әр тас (бір тас) неше ұпайға ие. 7.Қандай тәсілдері бар?

24 слайд

Назарларыңызға рақмет!

#25 слайд
Назарларыңызға рақмет!

25 слайд

Назарларыңызға рақмет!

Файл форматы:
ppt
12.04.2021
2407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12