"Қобыланды батыр" жыры презентация 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қобыланды батыр" жыры презентация 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫ

#1 слайд
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫ

1 слайд

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫ

Оқу мақсаты: • әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; • көркем шығармадағы кейіпкерлер

#2 слайд
Оқу мақсаты: • әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы мен сюжеттік дамуын сипаттау; • көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс – әрекеті арқылы образын ашу.

2 слайд

Сабақ барысында кездесетін әдеби терминдер:  Әдеби жанр – ауызша және жазбаша жазылған көркем шығармалардың түрі.

#3 слайд
Сабақ барысында кездесетін әдеби терминдер:  Әдеби жанр – ауызша және жазбаша жазылған көркем шығармалардың түрі.  Шығарманың сюжеті – шығармада баяндалған оқиғалар тізбегі.  Шығарманың фабуласы – шығармадағы тұтас оқиғалар мазмұнын қысқаша баяндау.

3 слайд

«Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір

#4 слайд
«Қобыланды батыр» жыры – қазақ халқының мазмұны бай да салалы эпостық дастандарының бірі. Жыр көп замандар бойы өмір сүріп, ірі – ірі эпос айтушылардың қолынан өткен.

4 слайд

Жырдың ертегілік және тарихи – реалдық арқауы бар. Сюжеттің аңыздық ұйытқысы Оғыз – Қыпшақ ұлысы кезінде туа ба

#5 слайд
Жырдың ертегілік және тарихи – реалдық арқауы бар. Сюжеттің аңыздық ұйытқысы Оғыз – Қыпшақ ұлысы кезінде туа бастаған. Жырдың бергі жердегі мазмұны моңғол, иран, жоңғар шабуылы, одан қалса қазақтардың кейінгі кезеңдерде қалмақтармен болған күресіне негізделген.

5 слайд

#6 слайд

6 слайд

Қобыланды батыр жыры Баяғы өткен заманда Қыпшақ елінде Тоқтарбай деген бір бай өмір сүріпті. Сексенге жетсе де, То

#7 слайд
Қобыланды батыр жыры Баяғы өткен заманда Қыпшақ елінде Тоқтарбай деген бір бай өмір сүріпті. Сексенге жетсе де, Тоқтарбай бір перзентке зар болады. Елу жастағы бәйбішесі Аналықты ертіп алып, бала сүю үшін барлық киелі жерлерге барып шығады. Ақыры тілектері қабыл болып Қобыланды деген ұл, Қарлығаш атты қызды болады. Қобыланды мықты жігіт болып өседі. Алты жасында жылқысын бағып жатқан Естеміске барады. Естеміс сары ауыз балапан Қобыландыға садақ атуды, киік аулауды, жауынгерлік өнерді барлығын үйретеді. Арада біраз жылдар өтеді. Бір күні Қобыланды таудың арғы бетінде Қызылбас деген ел бар екенін біледі. Ол елдің ханы Көктім аймақ екенін, оның Құртқа деген қызы барынан хабардар болады. Хан қызына үйлену үшін ай астындағы бақанға қағылған алтын теңгені атып түсіру керектігін естіп, дереу жолға шығады.

7 слайд

Жырдың алғашқы бөліміне байланысты сұрақтарға жауап берейік. 1. Қобыландының әкесінің есімі? 2. Тоқтарбай қай елден шыққан?

#8 слайд
Жырдың алғашқы бөліміне байланысты сұрақтарға жауап берейік. 1. Қобыландының әкесінің есімі? 2. Тоқтарбай қай елден шыққан? 3. Қобыландыға садақ атуды, аң аулауды, жауынгерлік өнерді үйреткен адам? 4. Қызылбас елінің ханы?

8 слайд

Қобыланды Қызылбас елін өз мергендігімен таң қалдырып, алтын теңгені атып түсіріп, Құртқаға үйленбек болады. Алайд

#9 слайд
Қобыланды Қызылбас елін өз мергендігімен таң қалдырып, алтын теңгені атып түсіріп, Құртқаға үйленбек болады. Алайда, сол мезетте Қызыл ер батырдан «Құртқаны алам десе, әуелі мені жеңсін»- деген хабар келеді. Қобыланды батыр айқаста Қызыл ер батырды жеңеді. Көктім аймақ қызын ұзатады. Құртқаға қырық түйе қазына, қырық құл, қырық күң жасау беріп сапарға шығарып салады. Бұл сапарда Құртқа көшінің алдынан бір үйір жылқы шығады. Жылқы шетінде жайылып жүрген көк биеге Құртқаның бірден көзі түсіпті. Қобыланды сол биені иесінен сұрап алады. Көк бие құлындайды. Құртқа құлынның аяғын жерге түсірмей, бірден өз шапанына орап алады. Арада біраз уақыт өтеді. Қазан деген батыр Ноғайлының Қырлы және Сырлы деген қалаларын басып алады. Бұны естіген қырық мың үйлі елден шыққан Қараман батыр ашуланып, қол жинап Қазан батырға аттану үшін Қобыландыға келеді.

9 слайд

Осы бөлімге байланысты сұрақтар: 1. Қобыландымен айқасқан батырдың есімі? 2. Құртқа көшінде қандай жағдай орын алды? 3. Қараман

#10 слайд
Осы бөлімге байланысты сұрақтар: 1. Қобыландымен айқасқан батырдың есімі? 2. Құртқа көшінде қандай жағдай орын алды? 3. Қараман батырмен күрескен батырдың есімі?

10 слайд

Алайда Құртқа «Бұл соғысқа Тайбурыл дайын емес» деп Қобыланды мен Тайбурылдың соғысқа аттануына қарсы болады. С

#11 слайд
Алайда Құртқа «Бұл соғысқа Тайбурыл дайын емес» деп Қобыланды мен Тайбурылдың соғысқа аттануына қарсы болады. Сонда да Қобыланды Тайбурылға мініп жолға шығады. Қобыланды Қараман батырды қуып жетеді. Бір қаланы өзі жалғыз жаулап алады. 12 күннен кейін Қобыландыға Қараман батыр келіп көмек сұрайды. Екеуі бірге Қырлы қалаға соғысқа аттанады. Бұл соғыста Тайбурыл алты қабат ордан секіріп, қаланың қақ ортасына түседі. Қобыланды Қазан батырды, оның қырық мың әскерін жалғыз өзі жеңеді. Жауды жеңген соң Қараман Қобыландыға былай дейді: -Мына әскердің барлығын жіберейік те, жолдан Көбікті ханның жылқысын айдап кетейік,-дейді. Қобыланды келіседі. Осы жолда жылқының ішіндегі тарлан ат Тайбурылға жеткізбейді. Бұл жорықта батырлар шаршап, ұйықтап кетеді. Осы сәтте Көбікті хан келіп Қобыланды мен Қараманды тұтқынға алады. Баласы Біршімбайды қалмақтың ханы Алшағырға жіберіп, Қобыландының елін шап деп бұйрық береді. Арада біраз уақыт өтеді. Зынданда жатқан Қобыланды мен Қараманды Көбікті ханның қызы Қарлыға құтқарады. Зынданнан шыққан Қобыланды ашуланып, Көбікті ханды, өз елін шапқан қалмақтың ханы Алшағырды өлтіреді. Сөйтіп еліне қайтып, Құртқа екеуі бақытты да баянды ғұмыр кешіпті.

11 слайд

Жырдың соңғы бөліміне арналған сұрақтар: 1. Қобыланды мен Қараман батыр соғысқа аттанған қала? 2. Батырлар жауды жеңді ме? 3. Қа

#12 слайд
Жырдың соңғы бөліміне арналған сұрақтар: 1. Қобыланды мен Қараман батыр соғысқа аттанған қала? 2. Батырлар жауды жеңді ме? 3. Қараман Қобыландыға қандай ұсыныс айтты? 4. Қобыланды мен Қараман батыр кімнің тұтқынына түсті? 5. Біршімбай қай ханның баласы? 6. Зынданда жатқан Қобыланды мен Қараман батырды құтқарған кейіпкер? 7. Жырдың соңы немен аяқталды?

12 слайд

Жырдың сюжеттік дамуы Шығарманың композициясы Оқиғаның дамуы Оқиғаның басталуы: Сексенге жасы жеткен Тоқтарбай мен елудегі А

#13 слайд
Жырдың сюжеттік дамуы Шығарманың композициясы Оқиғаның дамуы Оқиғаның басталуы: Сексенге жасы жеткен Тоқтарбай мен елудегі Аналық бәйбішенің баласыздықтан қайғымен қан жұтып, қабырғасы қайысқан кезде бір ұл, бір қыз көріп қуанышқа кенелуі. Оқиғаның байланысуы Қобыландының таудың арғы бетінде Қызылбастың елі барлығын, Көктім аймақ ханы барын, оның Құртқа деген қызы барын, ай астындағы бақанға қағылған алтын теңгені атып түсірген батыр Құртқа сұлуды алатынын естуі. Құртқа көші, Тайбурылды сүйіншіге сұрап алуы. Оқиғаның дамуы Қараман батырдың Қараспан тауын жайлаған қалың қыпшақ елінің батыры Қобыланды еріне келуі. Қазанға қарсы соғысқа серік болуға шақыруы.

13 слайд

Оқиғаның шиеленісі – оқиғалардың дамуы өз шегіне жетіп, шешімін таппаған жаңа оқиғалар легінің пайда болуы. Қобыланды сертінд

#14 слайд
Оқиғаның шиеленісі – оқиғалардың дамуы өз шегіне жетіп, шешімін таппаған жаңа оқиғалар легінің пайда болуы. Қобыланды сертінде тұрып, Сырлы қаланы алып, Қазанды өлтіруі. Қараманның сөзіне еріп Көбікті ханның атын айдап кетпек болғанда тұтқынға түсуі. Қарлыға сұлудың Қобыландыға ғашық болып, Қараман екеуіне көмектесуі. Оқиғаның шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы. Адамдар арасындағы қарым – қатынастың мейлінше күшейіп, өрбіген жері. Қобыландының Алшағыр ханның қамауында жатқан ел-жұртының жағдайын әйелі Құртқадан естуі. Көмекке Қарлыға сұлу, Қараман және Орақ батырдың келуі. Оқиғаның шешімі – шешуші кезең, күрделі күрестің бітіуі. Қобыландының Алшағырды өлтіруі, ел – жұртын үш ай, үй күн дегенде Қараспан тауындағы Азулы көлі бойына тұрақтандырып, бақытты өмір кешуі.

14 слайд

Миға шабуыл Жырдағы кейіпкерлерді атайық 1. Аналық және Қарлығаш кім? 2. Құртқа кімнің қызы? Қобыландыға кім болып келеді? 3.

#15 слайд
Миға шабуыл Жырдағы кейіпкерлерді атайық 1. Аналық және Қарлығаш кім? 2. Құртқа кімнің қызы? Қобыландыға кім болып келеді? 3. Қарлыға кім?

15 слайд

Венн диаграммасы арқылы батырлар жыры мен ертегіні салыстырайық Батырлар жыры Ұқсастығы

#16 слайд
Венн диаграммасы арқылы батырлар жыры мен ертегіні салыстырайық Батырлар жыры Ұқсастығы Ертегілер

16 слайд

Файл форматы:
pptx
02.11.2020
8540
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі