Материалдар / Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта тұралы мәліметтер және түсініктемелер. Адам денсаулығына әсер ететін химиялық,физикалық және биологиялық факторлар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2022
250
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН АДАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН АДАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

1 слайд
ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН АДАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН АДАМНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

1 . Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі туралы түсінік бер у. 2. Сабақт

2 слайд
1 . Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі туралы түсінік бер у. 2. Сабақтың бары сы: а) Ұйымдастыру кезеңі : Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін тексеру. ә ) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі: - қауіптілік дегеніміз не? - қауіптіліктің белгілері қандай? - қауіпті жағдайлар қалай жіктеледі? - адамның тіршілік ету ортасы туралы не білесіңдер? Оның қандай өлшемдері бар? - қандай жағдайлар механикалық жарақаттануға әкелуі мүмкін және олардың алдын алу үшін не істеу керек? - тexника қауіпсіздігінің зерттеу нысаны не? - «еңбекті қорғау», «қоршаған орта» ұғымдарының мән- мағынасын ашыңдар. Олардың маңызы неде?

б ) Негізгі бөлім : Қоршаған орта туралы түсінік. Қоршаған орта туралы түсінікке табиғи, әлеуметтік, мәдени және са

3 слайд
б ) Негізгі бөлім : Қоршаған орта туралы түсінік. Қоршаған орта туралы түсінікке табиғи, әлеуметтік, мәдени және саяси жағдайлар кіреді. Олар дамудың жағдайы мен сипатын анықтай отырып, өзара бір-бірімен, сондай-ақ тірі және өлі организмдермен әрекеттеседі. Біз аталған түсінікті физикалық, химиялық және биологиялық факторларға сүйене отырып және адам денсаулығына әсері тұрғысынан жан жақты қарастырамыз. Қоршаған орта амасферада топырақ пен суда болатын көптеген физикалық, химиялық және биологиялық факторлардан түзілген. Бұлар адамның тірішілік ететін ортасын қалыптастырып, адамның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Алайда бұл факторлардың адам ағзасына әссе етуі шамадан тыс күшейген немесе керісінше әлсіреген кездегі кейбір жағдаятта олар адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Денсаулық нашарлауының екінші нұсқасы – жоғарыда айтылған техносфера факторларының әсері. Бұл қауіпті өндiрiстерге, технологияларға бақылау жасаудың бұзылуы орын алған жағдайда байқалады.

Адамның тіршілік әрекеті Жер қабықшасының бір бөлігі болып табылатын және сан алуан тірі организмнің өмір сүруіне

4 слайд
Адамның тіршілік әрекеті Жер қабықшасының бір бөлігі болып табылатын және сан алуан тірі организмнің өмір сүруіне қажетті қасиеттерге ие биосферада өтеді. Литосфера, гидросфера мен атмосфера – биосфераның құрамдас беліктері. Литосфера - Жер шарының шөrінді және базальтты жыныстардан түзілген қатты қабығының жоғары бөлігі. Тірі организмдердің ең үлкен тығыздығы топырақ қабатында (орташаа 12 – 50 см) тіркелген.

Адамның тіршілік әрекеті Жер қабықшасының бір бөлігі болып табылатын және сан алуан тірі организмнің өмір сүруіне

5 слайд
Адамның тіршілік әрекеті Жер қабықшасының бір бөлігі болып табылатын және сан алуан тірі организмнің өмір сүруіне қажетті қасиеттерге ие биосферада өтеді. Литосфера, гидросфера мен атмосфера – биосфераның құрамдас беліктері. Литосфера - Жер шарының шөrінді және базальтты жыныстардан түзілген қатты қабығының жоғары бөлігі. Тірі организмдердің ең үлкен тығыздығы топырақ қабатында (орташаа 12 – 50 см) тіркелген. Гидросфера – Жер бетіндегі Дүниежүзілік мұхит суымен түзілген су қабығы ( оның 70 % -дан астам ауданын алып жатыр ). Атмосфера тропосферамен және стратосфераның бір бөлігінен құралған және көп мөлшердегі газдың қоспасы болып табылады. Осылайша, биосфераның шекарасы Дүниежүзілік мұхиттың түбі мен стратосферада орналасқан. Ол оттектің белсенді пішінімен, негізінен, озонның өзімен түзілген озон қабаты деп аталатын қабат болып табылады. Биосфера шектерінен тыс жерлерде ең қарапайым организмдер тек ерекше пішінде, мысалы споралар түрінде ғана өмір сүре алуы мүмкін, ал неғүрлым жоғары дамыған организмдер болса өледі. Заттардың алмасуы, жер биосферасындағы физикалық, химиялық және биохимиялық процестердің белсенділігі Күнмен сәулелену энергиясының мөлшерімен реттеледі.

Құрылымдық-функциялық жағынан биосфера тірі және өлі табиғаттан түзілген. Осы екі құрамдас үздіксіз өзара әрекеттес

6 слайд
Құрылымдық-функциялық жағынан биосфера тірі және өлі табиғаттан түзілген. Осы екі құрамдас үздіксіз өзара әрекеттестікте болады. Оның заңдылықтарын экология ғылымы зерттейді. Экологияның тар аядағы түсінігі тіршілік ететін ортасында организмге әсер ететін экологиялық факторлардың жиынтығы ретіндегі тіршілік ету ортасы болып табылады. Экологиялық факторлар тірі организмге оның дамуындағы кез келген сатысында тікелей әсер ететін ортаның элементтері болып табылады. Оларды үш топқа бөлуге болады: биотикалық, абиотикалық және антропогендік: 1) биотикалық факторлар – тірі организмдердің бір - біріне әсері; 2) абиотикалық факторлар – өлі табиғат элементтерінің тірі организмге әсерінің нәтижесі; 3) антропогенді факторлар – адам қызметінің әртүрлі салалары элементтерінің қоршаған ортаға әсері. Адамға әсер ететін экологиялық факторлардың оң немесе кері әсері болуы мүмкін. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғау үшін адам тохносфераны жасады. Бұдан кейін оның шекарасы кеңейді, өйткені адамзат қоршаған ортаны белсенді түрде қайта құра бастады.

Техносфера – адамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне барынша үздік сәйкестендіру мақсатымен адамдар мен техника

7 слайд
Техносфера – адамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне барынша үздік сәйкестендіру мақсатымен адамдар мен техникалық құралдардың табиғи ортаға (биосфераға) тікелей және жанама әсер етуінің көмегімен пайда болған тіршілік ету ортасы. Адамзат дамуының заманауи эволюциялық кезеңіне мынадай белгілер: халық саны мен тығыздығының өсуі, қалалану, энергия тасымалдауыштарды өндіру мен оларды тұтынудың артуы, көлік құралдарының дамуы мен ауылшаруашылығын патенсивтендіру тән. Бұл жағдайда адам денсаулығына физикалық, химиялық және биологиялық зиянды факторлар: табиғи және антропогенді (адам қызметінен туындаған) факторлар әсер етеді. Адам денсаулығына әсер ететін химиялық, физикалық және биологиялық факторлар. Көбінесе технологиялық процестерге арналған уытты заттар, тұрмыстық химия заттары, ауылшаруашылық тыңайтқыштары, дәрілік препараттар (қолдану жөніндегі нұсқаулық бұзылған кезде), ішімдік пен оның жалған өнімдері химиялық қауіпті және зиянды факторлар болып табылады.

Химиялық заттарды қауіпсіз қолдану шарттары бұзылған жағдайда: оның мөлшері мен aғзағa ену жолы өзгерсе, әсер ету

8 слайд
Химиялық заттарды қауіпсіз қолдану шарттары бұзылған жағдайда: оның мөлшері мен aғзағa ену жолы өзгерсе, әсер ету ұзақтығы артса, және т.б. денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Мысалы, теңіздің тұщы суы адам терісіне, бұлшықеттер мен буындардың қабынуына қарсы әсер етеді, ал оны ішсе, ми нейрондарының зақымдануы байқалады. Сан алуан патогенді микроорганизмдер: вирустар, бактериялар, қарапайымдылар және т.б., сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар биологиялық қауіпті және зиянды факторлар болып табылады. Улы өсімдіктердің 10 мыңнан астам түрі мен улы жануарлардың 5 мыңнан астам түрі бар . Денсаулықты бұзатын физикалық факторларға магнитті және электрмагнитті өрістер, температуралық әсер ету, инфрадыбыс пен ультрадыбыс, иондандырушы сәулелену, барометрлік қысымның өзгеруі, механикалық тербелістер мен әсер етулер жатады. Химиялық, физикалық және биологиялық зиянды және қауіпті факторлар адамның тіршілік әрекеті жағдайларын нашарлатуы (жанама әсер ету), сондай-ақ оның өзіне патогенді әсер етуі (тікелей есер ету) мүмкін.

Литосферада зиянды жане қауіпті факторлар әсерінің салдары топырақтың батпақтануынан, жыралардың, жер ойықтарының қа

9 слайд
Литосферада зиянды жане қауіпті факторлар әсерінің салдары топырақтың батпақтануынан, жыралардың, жер ойықтарының қалыптасуынан көрінеді. Топырақ қабатына аса көп залал келтіреді. Осыған байланысты оның бүлінуі жағымсыз салдармен қатар жүреді. Казіргі уақытта топырақтың бүлінуі мен оның құнарлылығы өзгеруінің негізгі себебі антропогенді қызмет болып табылады. Мегаполистердің, металлургия, химия және қайта өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының, жылу электр стансыларының айналасындағы бірнеше ондаған шақырым жер ауыр металдардың тұздарымен, көпциклді көмірсутектермен, күкірт, қорғасын, кобальт, никель, фтордың уытты қосылыстарымен ластанған. Бұл қосылыстар жиналған жерлерде техногенді шөлдер қалыптасады. Топырақтың химиялық құрамының өзгеруі адамдардың денсаулығына әсер етеді. Онда ауыр металдар мен тұздар, сондай- ақ көпциклді сутектің болуы онкологиялық аурулардың пайда болу тәуекелін арттырып отыр. Йодтың жетіспеуінен қалқанша безінің гормондар бөліп шығаруы азаяды, ал кальцийдің тапшылығы тірек- қимыл жүйесінің қызметін бұзады.

Ірі қалалар мен уытты шығарындылары бар кәсіпорынды қоршаған орманнан саңырауқұлақтар мен жидектерді жинап, тамаққа пайд

10 слайд
Ірі қалалар мен уытты шығарындылары бар кәсіпорынды қоршаған орманнан саңырауқұлақтар мен жидектерді жинап, тамаққа пайдалану ұсынылмайды, өйткені оларға топырақтан уытты қосылыстар келіп түсуі мүмкін. Ал бұл улануға немесе өлімге келеді. Бүгінде қоқысты жинау, сақтау және қайта өңдеу әлем бойынша басты мәселе болып отыр. Қоқысты қайта өңдеу кәсіпорындарының жеткіліксіздігінен қалалар мен елді мекендер айналасында қоқыс үйінділері пайда болды. Олар кеміргіштер мен осында мекендейтін

жабайы жануарлар арқылы жұқпалы аурулардың таралуына, сумен жабдықтау көздерінің уытты заттармен және патогенді фло

11 слайд
жабайы жануарлар арқылы жұқпалы аурулардың таралуына, сумен жабдықтау көздерінің уытты заттармен және патогенді флорамен ластануына, сондай - ақ тұрақты жағымсыз иіске әкеп соғуда. Қазіргі кезде гидросферада күрделі жағдай қалыптасты. Бұл халық денсаулығы нашарлауының басты себептерінің біріне айналды. Биосферада су мөлшерінің жеткілікті екендігіне қарамастан, шаруашылық мақсаты үшін жарамды су мөлшері өте аз – барлық су ресурсының 20% - ға жуығын ғана құрайды. Табиғаттағы судың құрамы физикалық, химиялық және санитарлық гигиеналық көрсеткіштері бойынша бағаланады. Физикалық көрсеткіштерге температура, өлшенген заттардың құрамы, түсi, иісі мен дәмі жатады. Судың химиялық құрамы параметрлер кешенімен: иондық құрамымен, кермектігімен, сілтілігімен, тотыққыштығымен, қышқыл сілтілік жай-күйінің көрсеткішімен (рН), құрғақ қалдығымен, жалпы тұз құрамымен, еріген оттек, күкіртсутек, белсенді хлор мен бос көмірқышқыл құрамымен сипатталады. Гидросфера ластануының басты себебі антропогенді қызмет, атап айтқанда, суды өндірістік мақсат үшін пайдалану болып табылады. Теңіз бен басқа да су айдындарына ағын сулар мен өндірістік қалдықтарды ағызу нәтижесінде судың химиялық құрамы өзгерді,

мұнай өнімдері өндірісінің қалдықтары оттектің келіп түсуіне бөгет жасай отырып, балық пен басқа да суды мекендеу

12 слайд
мұнай өнімдері өндірісінің қалдықтары оттектің келіп түсуіне бөгет жасай отырып, балық пен басқа да суды мекендеушілердің қырылуына әкелді. Табиғат пен адамдардың денсаулығына мұнай немесе мұнай өнімдерін тасымалдайтын ірі теңіз кемелерінң апатқа ұшырауы орасан зор залал келтіреді. Мысалы, 1989 жылы Аляска жағалауында «Валдиз» танкерінің апатқа ұшырауы кезінде 1 млн - нан астам құс, түлендердің 95 % -ы, 50 кит, албырт пен майшабақтың миллиардтаған дарағы қырылды. Осы уақытқа дейін теңіз жануарларынан көмірсутектердің канцерогенді құрамдастары табылуда, жергілікті халықтың арасында онкологиялық аурулардың жоғары тәуекелі орын алған. ДСҰ-ның мәліметтері бойынша, дүниежүзіндегі барлық жұқпалы аурудың 80 % -ға жуығы ауызсудың қанағаттанғысыз сапасына байланысты. Суға патогенді флора түсуінің негізгі жолы – су айдындарына, оның ішінде су қоймаларына олардың жағалауларындағы тұрғын үй құрылыстарынан, өзен кемелерінен қоқыс тастау, жағалаулардан келіп түсетін шайындылар. Судың химиялық құрамының өзгеруі, атап айтқанда, оның кермектігінің артуы несеп тасы ауруының дамуына жағдай жасайды.

Ал фтор құрамы артқан кезде флюороз: тістің беткі қабатында (эмаль) дақтар мен эрозиялардың пайда болып, олардың

13 слайд
Ал фтор құрамы артқан кезде флюороз: тістің беткі қабатында (эмаль) дақтар мен эрозиялардың пайда болып, олардың омырылғыштығы артады. Судағы ауыр металдар адамдардың улануына әкеледі. Мұндай жағдайда өліммен аяқталатын оқиғалар жиі байқалады. Атмосфера – Жердегі тіршіліктің міндетті шарты. Ол Күн энергиясынын артығын, энергияның адам денсаулығы үшін қауіпті кейбір түрлерін сіңіре және тойтара отырып, қорғау қызметін орындайды, климатты, сондай-ақ биосферадағы алмасу процесін реттейді. Атмосфераның ластануы – адамға, биосфераға және техносфераға жағымсыз әсер ететін газдың, қатты және сұйық бөлшектердің, жылудың, тербелістердің, сәулеленулердің жинақталуы. Ол табиғи (жанар тау күлінің лақтырылуы, жердің қандай да бір аспан денесі мен қақтығысуынан кейін биікке жетерлген шаң т.б.) және антропогенді процестің (өндіріс пен жылудың газтәріздес қалдықтарының шығарылуы) нәтижесі болуы мүмкін. Ластандырушылар ретінде органикалық отынды жағудың соңғы өнімдері, қызған газ, жарықтың жасанды көзі, оның ішінде лазерлік, электромагнитті өрістер, радиоактивті бөлшектер, биологиялық нысандар әрекет етеді.

Атмосфера ластануынын кейібір түрлері биосфераның және техносфераның жай-күйін айтарлықтай нашарлатады, сондай-ақ ада

14 слайд
Атмосфера ластануынын кейібір түрлері биосфераның және техносфераның жай-күйін айтарлықтай нашарлатады, сондай-ақ адамдардың денсаулығына кері әсер етеді. Оларға жылыжайлық әсер, озон тесіктері мен қышқыл жаңбырлар жатады. Жылыжайлық әсер атмосферада көмірқышқылдарының жинқаталуы, оның ультракүлгін сәулеленуі үшiн өткiзгіштігінің артуы және жер бетінен шағылған инфрақызыл сәулеленуді бөгеу нәтижесінде дамиды.

Бұл жинақтала келе ғаламшардағы температураның тұрақты артуына келеді. Бұл табиғи апаттарға (мұздықтардың еруі мен

15 слайд
Бұл жинақтала келе ғаламшардағы температураның тұрақты артуына келеді. Бұл табиғи апаттарға (мұздықтардың еруі мен Дүниежүзілік мұхит деңгей...