Материалдар / Қоянның пайдасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қоянның пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қаңтар 2019
17793
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қоянның пайдасы. Орындаған: Сапакова А. Ж Бастауыш сынып мұғалімі

1 слайд
Қоянның пайдасы. Орындаған: Сапакова А. Ж Бастауыш сынып мұғалімі

Аннотация Ғылыми жұмыста қояндардың түрлері мен үй қояндарының пайдасы мен өсіру жолдары , оның ауыл шаруашылығына кел

2 слайд
Аннотация  Ғылыми жұмыста қояндардың түрлері мен үй қояндарының пайдасы мен өсіру жолдары , оның ауыл шаруашылығына келтіретін пайдасы туралы қарастырылған. Бұл жұмыста қояндарды өсіру арқылы мол табысқа жететіні дәлелденген.

Мақсаты: Үй қояндарының адам денсаулығына пайдасы мен оны ауыл шаруашылығында өсіру арқылы мол табысқа жет

3 слайд
Мақсаты:   Үй қояндарының адам денсаулығына пайдасы мен оны ауыл шаруашылығында өсіру арқылы мол табысқа жету жолдарын анықтау.

Гипотеза. Егер ауыл шаруашылығында үй қояндарын өсірсе мол табысқа жетуге болады. Зерттеу жұмысы: Үй қояны. Міндеттері:

4 слайд
Гипотеза.  Егер ауыл шаруашылығында үй қояндарын өсірсе мол табысқа жетуге болады.   Зерттеу жұмысы: Үй қояны.   Міндеттері: • Әдебиеттермен танысу. • Зерттеу жұмысын жургізу. • Қорытынды шығару.

Мазмұны. Ι. Кіріспе.

5 слайд
Мазмұны.   Ι.       Кіріспе.                                                             5 бет ΙΙ.      Дала және үй қояндарыньң түрлері.           5-8 бет ΙΙΙ.     Үй қояндарын өсіру.                                      8-9 бет ΙV.    Қояндардың пайдасы                            9 бет V Қояннан алынатын табыс көзі 10 бет VII.   Қорытынды.                                                      12 бет VIII.  Қолданылған әдебиеттер.                                13 бет

Кіріспе. Үй қояны – қоян тұқымдасына жататын. Жабайы үй қояны Испания мен Оңт. Францияда кең тараған. Ол қолға үйретілген қоя

6 слайд
Кіріспе. Үй қояны – қоян тұқымдасына жататын. Жабайы үй қояны Испания мен Оңт. Францияда кең тараған. Ол қолға үйретілген қояннан 40-50 см кіші, салмағы 1,5-2 кг, түсі жыл маусымына сай өзгеріп, маусым бойынша көжектейді. Азығын түнде іздейді, қолға тез үйретіледі. Үй қоянының 60-тан аса тұқымы бүкіл дүние жүзіне тараған. Ол тез жетіліп, шапшаң көбейеді.

ΙΙ. Қоянның Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Орқоян – қоянтәрізділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа, шақылдақтар жат

7 слайд
ΙΙ. Қоянның Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Орқоян  – қоянтәрізділер отрядының өкілі, бұл отрядқа қояннан басқа, шақылдақтар жатады. Қоянның Қазақстанда 3 түрі кездеседі.   Орқоян – осылардың ішіндегі ең үлкені (денесінің ұзындығы 50-70см, салмағы 4- 6кг). Басқа қояндар сияқты мұның да артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда ұзынырак, сондықтан секіріп жүгіреді. Жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жетеді, қуғыннан қашқанда көбіне кілт бұрылыстар жасап, ирек-ирек жұгіреді. Жазда терісінің түсі сұр, ал қыста қатты ағарады, бірақ ақ қоянның айырмасы, құйрығының үсті қысы-жазы қара жолақты. Құлағының жоғарғы жағында жалпақ қара жолақ болады. Ымырт және түнде белсенді, қыста кейде күндіз де белсенді. 12 жылдай өмір сүреді. Аналығы жылына екі рет, 44-46 күн буаздықтан кейін, 6 көжектен дүниеге әкеледі. Көжектері көздері ашық, денесі жүнмен қапталған, өзінше қозғала алатындай ширақ болып туылады. Негізгі жаулары – қасқыр мен түлкі, кейде дала қыраны мен бүркіт те қоян алады. Қазақстанда аңшылар жылына 3000-дай қоян аулайды.

Ақ қоян – орқоянға өте ұқсас, денесі шамалы кішілеу (салмағы 3- 4кг). Олар көбіне бірге мекендейді. Ақ қоянның ерекшелік

8 слайд
Ақ қоян   – орқоянға өте ұқсас, денесі шамалы кішілеу (салмағы 3- 4кг). Олар көбіне бірге мекендейді. Ақ қоянның ерекшеліктері: құлағының сырт жағында ақ жолағы бар (құлағының іші қара), құйрығы қысқа, әрі дөңгелек. Қыста терісінің бояуы ағарады, сондықтан ақ, қоян деп аталады. «Ақ қоян» тоғайлар мен өзен, көлдердің жағалауларындағы қамыстарда тіршілік етеді. Негізгі жаулары – қасқыр, түлкі. Басқа қояндар сияқты, аң аулау мысаны болып табылады.

Құмқоян – Қазақстанда мекендейтін үш қоянның ішіндегі ең кішкентайы (деңесінің ұзындығы 50 см, салмағы 2,5кг). Қазақстанның

9 слайд
Құмқоян   – Қазақстанда мекендейтін үш қоянның ішіндегі ең кішкентайы (деңесінің ұзындығы 50 см, салмағы 2,5кг). Қазақстанның оңтустік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түрі. Ін қазбайды, күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланады. Жатқанда жүні үйпаланбай және бөтен дыбыстарды есту үшін басын желге қаратып жатады, жел бағыты ауысқан сайын, бұл да бағытын ауыстырып отырады. Басқа қояндар сияқты бұл да жылына 4 рет көбейеді, бір көбейгенде 3 -7 көжек туады. Көжектері үстін қалың жүн басқан және көздері ашық болып туады. Аналығы алғашқы кезде көжектерінің қастарынан ешқайда кетпей, қамқор болады. Құмқоян қасқыр, түлкі, дала мысығы және ірі қанатты жыртқыштар – бүркіт, кезқүйрық, тілеміш, тіпті шөл қарғасының да негізгі қорегі болып табылады. Үкі қояндарға көп зиян келтіреді. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құмқоян терісін даярлайтын болған .

Үй қояны өсіру Үй қояны– қоян тұқымдасына жататын сүтқоректі жануар. . Жеке шаруашылықта үй қояндарын ұстаудың көптеген

10 слайд
Үй қояны өсіру Үй қояны– қоян тұқымдасына жататын   сүтқоректі жануар. . Жеке шаруашылықта үй қояндарын ұстаудың көптеген тәсілдері бар. Бір өңірлерде кең қораларда оларды еркін ұстау әлі де қолданылады. Бірақ бұл тәсілдің өз кемшіліктері баршылық. Ең біріншісі – көжектеудің бақылаусыз қалуы, өйткені әртүрлі жастағы еркектері мен ұрғашылары бір жерде ұсталады, сондай‑ақ ұрғашы қояндар өздерінің ұяшығын терең ін етіп жасайтындықтан, жаңа туған көжектерді алу да оңайға соқпайды. Үй қояндарын бұлай асырау тиімсіз. Ең тиімдісі – үй қояндарын жеке немесе топтық торларда асырау. Қоян торларын ағаштар отырғызылған құрғақтау учаскелерге орналастыру қажет. Торды аймақтағы қолжетімді кез келген құрылыс материалынан жасауға болады. Тор конструкциясы жағынан қарапайым, жануарларға ыңғайлы, әрі оларды асырауға, яғни жем беруге, қояндарды бақылауға, астын тазалауға қолайлы болуы керек. Ең дұрысы  – жерден 0,8 –1,0 мбиіктікке орналастыру. Торлар бір немесе екі орындық болуы мүмкін.  

Үй қояны өсімтал әрі тез жетіледі, материалдың және еңбек шығынын көп қажет етпейді. Үй қояндары – етті тұқым,

11 слайд
Үй қояны өсімтал әрі тез жетіледі, материалдың және еңбек шығынын көп қажет етпейді. Үй қояндары – етті тұқым, етті – терілі тұқым болып бөлінеді. Қоянның етті – терілі тұқымдарына: кеңес мардері, шиншилла, шампань, т.б., жатады. Етті тұқымдарына: үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян, күміс түсті, қара коңыр, үлпілдек жүнді ақ қоян, т.б түбітті қояндарға татар қояны және ангор қоянын жатқызады. Қоянның еті дәмді, тез қорырылатындықтан жас балаларға, кәрі адамдарға және асқазан, бауыр ауруларына өте пайдалы. Терісі жеңді, жылы, әдемі болады. Оны өнеркәсіпте кеңінен пайдаланады. Алынатын өнімдердің түрлеріне қарай үй қояны етті, терілі және түбітті тұқымдарға бөлінеді. Көптеген етті- терілі тұқымның ірілерінің салмағы 5 кг – ға жетеді, етті бағыттағылары орта есеппен 3,7 – 4,5 кг тартады. Ет, тері, түбіт алу мақсатында қоян өсіретін мал шаруашылығының бір саласы. Үй қоянының жыныстық жетілуі әдетте 3,5-4,5 айлық кезіне қарай аяқталады, бірақ оларды бұдан біраз кешірек шағылыстырады. Үлкен ақ және сұр қоян секілді кеш жетілетін тұқымның жас ұрғашыларын олардың тірідей салмағы кемінде 3,5 кг болатын 5 айлық кезінде ғана шағылыстыру керек. Қояндардың көжектенуіне бір апта қалғанда  торға  ішіне  төсеніш салынып, дезинфекцияланған ұялы жәшік қою қажет. Егер көжектейтін орын тұрақты болса, оларды дезинфекциялайды, оған таза жұмсақ сабан немесе ағаш жаңқасын төсейді. Көжектенуіне 3-4 күн қалғанда ұрғашы қоян ұя жасай бастайды, оған озінің бауыры мен төсін жұлып алған тубітін төсейді. Көжектеу алдында және одан кейін науада таза су болуға тиіс, өйткені бұл кезде аналық қоян өте шөліркейді, сондықтан құюлы су болмаса өз төлін жеп қоюы мүмкін. Қоян көбіне түнде көжектейді. Көжектеу аяқталысымен ұяны тексеріп, ондағы өлі және әлсіз көжектерді алу керек.

Қоянның етті-терілі тұқымдары Үлкен ақ қоян Шампань Шиншила Қоянның түбітті тұқымдары Мардер Күміс қоян Қара-қоңыр қоян Қо

12 слайд
Қоянның етті-терілі тұқымдары Үлкен ақ қоян Шампань Шиншила Қоянның түбітті тұқымдары Мардер Күміс қоян Қара-қоңыр қоян Қоянның етті тұқымдары Ангор қояны Үлпілдек жүнді қоян

Көжектер 11- күнге қарай көзін ашады. Туғанына 45-60 күн болған көжектерді жынысына қарай топтастырып, енелеріне

13 слайд
  Көжектер 11- күнге қарай көзін ашады. Туғанына 45-60 күн болған көжектерді жынысына қарай топтастырып, енелерінен бөледі де, еденнің ауданы әр көжекке 0,1-0,15 шаршы метрден келетін торға орналастырады. Бөлінген көжек міндетті түрде жерден көтеріңкі етіп орнатылған торда ұстауға тиіс. Ішек-қарын ауруларынан сактандыру ушін көжекке енесінен айырған айда, енесіменн бірге жеп үйренген азықтардан беру керек. Тұқымға қалдырылған аталықтарды 3 айлық кезеңінде торға бір- бірден, аналықтарды – екі- екіден бөліп орналастырған жөн.

Көжектердің негізгі жемі: – көк (шөптер, тамыржемістілер сабақтары, қырыққабат, күнбағыс жапырағы, топинамбур, жүгері са

14 слайд
Көжектердің негізгі  жемі: – көк (шөптер, тамыржемістілер сабақтары, қырыққабат, күнбағыс жапырағы,  топинамбур, жүгері сабағы мен жапырағы); – сөлді (тамыржемістер, бақша дақылдары мен бақша шаруашылығының қалдықтары, сүрлем); – қатты (сабан, собық, бұта жемі); – концентрлендірілген (арпаның, сұлының, бидайдың, жүгерінің, ірі бұршақтылардың астықжемі және қалдықтары: жом, шрот, аралас жем, кебектер); – ұсақталған (шөп ұны, жом, астық үгінділері, етсүйекті немесе балықты ұн және микроэлементтер); – минералдар (тұз, бор, сүйек ұны).

Үй қоянын азықтандыру. Үй қоянына беретін азықтардың құрамында оның организімінің тіршілік әрекетіне қажетті

15 слайд
Үй қоянын азықтандыру.   Үй қоянына беретін азықтардың құрамында оның организімінің тіршілік әрекетіне қажетті заттардың бәрі болуға тиіс. Негізгі азықтары: шөп, пішен, тамыр түйнек жемістер, ас пен бақша дақылдарының қалдықтары. Үй қояны бұршақты астық тұқымдас дақылдар қоспасын, бақбақты түйе жапырақты, ақбас, жусанды, аюбалдырғанды, түймешетенді, иманжапырақты, жоңышқаны, сиыр жоңышқы, теңгежапырақты, бидайықты, сондай ақ сәбізді қызылшаны жақсы жейді. Жабайы есетін шөптермен азықтандырғанда улы өсімдіктерден сақ болу керек. Егер қоянның асқорытуы бұзылса, оған шөп беруді барынша азайтып, рационына пішен қосу керек. Қызылшаның, тарының жас пәлегін, капуста жапырақтарын алдымен жуып, одан соң аз-аздан (үлкен қоянға 300г, көжегіне 30-40г) берген жөн. Қоянға шырынды азықтардан сәбіз, мал азықтық қызылша, капуста, асқабақ берген пайдалы. Үй қоянын белгілі бір мезгілде күніне 2-3 рет азықтандырады. Азықты астауға салып береді.

16 слайд

Үй қояндарын көбейту. Қояндардың көбеюге дайындығы 3-3,5 айында басталады, бірақ оларды бұл жаста шағылыстыруға бол

17 слайд
Үй қояндарын көбейту.   Қояндардың көбеюге дайындығы 3-3,5 айында басталады, бірақ оларды бұл жаста шағылыстыруға болмайды, өйткені олардың ағзасы әлі де толыққанды қалыптасып бітпейді. Ірі тұқымды ұрғашы қояндарды бес айлығында салмағы 3,5 кг. болғанда, ал орташа тұқымдыларды төрт айдан асқанда, салмағы кемінде 2,5 кг- ға жеткенде шағылыстыру ұсынылады. Қояндардың өмір сүру ұзақтығы – 5-8 жыл, бірақ олардың өнім беруі үш жылды құрайды, өйткені жасы ұлғайған сайын қояндардың көбею мүмкіндігі төмендейді. Қояндар көбеюінің жоғары интенсивтілігі олардың көп көжектеуімен (бір ұрғашысы 5-7, жекелеген жағдайларда 17-ге дейін көжектей алады), буаздылығының қысқамерзімдігімен (30 күн), ерте физиологиялық жетілуімен және буаздық пен сүттілікті қатар алу мүмкіндігімен байланысты, бұның бәрі бір ұрғашы қояннан жылына 4- 5 көжек алуға мүмкіндік береді. Ұрғашылары жыл бойы төлдей береді, тек күзде ғана олардың шағылысу белсенділігі біршама төмендейді.

Қояндардың пайдасы: Ғалымдар үй қояны жеті айлығына дейін ядролық қалдықтарды, сондай-ақ гербицид пен пестицидті бойына сіңірм

18 слайд
Қояндардың пайдасы: Ғалымдар үй қояны жеті айлығына дейін ядролық қалдықтарды, сондай-ақ гербицид пен пестицидті бойына сіңірмейтінін дәлелдеді.Қалқанқұлақ қояндардың бір ерекшелігі – ешқашан ауырмайтындығында. Вакцина салынбайды. Қоян етінде холестерин мүлдем жоқ. Есесіне қоян еті ақуызға, витамин мен минералға бай. Қоян еті гипертония мен тағам аллергиясына шалдыққандарға, ішек құрылысы мен өт жолдары ауыратындарға таптырмайтын тағам. Әрі иммунитетті көтеретін қасиеті бар. Адам ағзасы 95 пайызға қорытып қабылдайды. Сонан соң бұл экологиялық таза ет болған соң емдік қасиеті бар. Адам ағзасынан токсиндерді, шлактарды, радиацияларды шығарады. Адам иммунитетін суық ауруларына қарсы күшейтеді. Қоян еті дәмді болып, тәбетті ашады, етінің талшықтары жіңішке және жұмсақ болып оңай қорытылады. сондықтан, аурудан жаңа сауыққан, дене қуаты әлсіз және қарттардың тұтынуна өте сай келеді. Шөлді құмды өңірлерде кездесетін дала қоянының бауыздау қанымен бетті сүртсе жүздегі секпіл мен қара дақты кетіреді. Қоянның бас сүйегін күйдіріп, оның күлін жарты килөграм балға араластырып, күніне бір шәй қасықтан 3 рет жеп жүрсе, талма ауыруын жазады, еті де ем болады. Қоянның шикі майын жас баланың алаң ـ қуаң шыққан тісінің қызыл иегіне үйкеп, ауық ـ ауық жағып отырса, бала тісі біркелкі болып тез шығады.

Қоян өсіру өзге тірлікке қарағанда аса табысты іс. Оның үлпілдек жүнді терісінің өзіне сұраныс жоғары. Ең бастыс

19 слайд
Қоян өсіру өзге тірлікке қарағанда аса табысты іс. Оның үлпілдек жүнді терісінің өзіне сұраныс жоғары. Ең бастысы үй жануары жылдам көбейеді. Аналығы бір жылда 40-қа дейін көжек табады. Қоян өсіру шаруашылығы түрлі өнім шығаруға мүмкіндік береді. Теріні өңдеу өндірісі үшін үй қоянының терісі пайдаланылады. Ол әртүрлі манто, бас киім, жаға, жәкет пен тондар өндірісі үшін пайдаланылады. Жүнді жабынының сипаты бойынша олар тәуір жүнді, қысқа жүнді және ұзынжүнді болып келеді. Тәуіржүнді үй қояндарынан сұр дәу, ақ дәу қоянын, жылтыр жүндісін, қара‑қоңырын, шілтекүмістісін, веналық көгілдір түстісін, шиншилланы, көбелек тәріздісін және т.б. өсіреді. Бұл үй қояндарының  сыртқы жүндерінің ұзындығы 3-4 см. дейін жетеді, астынғы жағының мамығы жартылай болып келеді. Таза салмағы 7 кг, ал кей жағдайда тіпті  9 кг-ге жетеді. Қысқажүнді үй қояндарының сыртқы жүндерінің ұзындығы 2 см-ге жетеді; кейде оның ұзындығы мамығымен бірдей, бірақ көп жағдайда мамығынан қысқарақ болады. Сондықтан да қысқа жүнді үй қояндарының терісі жұмсақ әрі барқыт тәрізді болып келеді. Олардың терілерін қырықпай, әрі жұлмай тері бұйымдарын өңдеу үшін пайдаланады Ең мамықты тұқымы  – ақ мамық...