Материалдар / С. Қасымов пен Кенесары басқарған ұлт-азаттық қозғалысы.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

С. Қасымов пен Кенесары басқарған ұлт-азаттық қозғалысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Көтерілістің негізгі алғышарттарын, себептерін, мақсатын, көтеріліс барысын қарау. Көтерілістің басылу және жеңілу себептерін анықтау. 1783-1787 жылдардағы Қазақстандағы саяси оқиғалардың дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын көрсету. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің отаршылдыққа қарсы болғанын көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Мамыр 2020
416
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1 слайд
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

Мақсаты: Білімділік: Ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қа

2 слайд
Мақсаты: Білімділік: Ұлт-азаттық қозғалыстың алғы шарттарын, сипатын, ерекшелігін, мақсатын ашып көрсете отырып, Кенесары Қасымұлы батыр, хан, көсем, дипломат халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен мемлекет қайраткері екендігін, “ұлт-азаттық қозғалыс”, “тәуелсіздік” ұғымын қалыптастыру, жан-жақты талдай білуге баулу. Дамытушылық: 1837–1847 жылдары Кенесары бастаған ұлт- азаттық қозғалыс тақырыбын қортындылай келіп, түйіткілдерді сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделі кешендерді талдай білуге және олардың арасындағы байланыстарды айқындай білуге, идеологиялық құбылыстардың таптық мәнін аша білуге баулу. Тәрбиелік: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана-сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру, өз көзқарасын дәлелдей алатын қоғамның саяси дамуын түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстырмалы сараптау, талдау. Көрнекілігі: интерактивті т

3 слайд
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстырмалы сараптау, талдау. Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд. Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. II . Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар дайындаған тест бойынша бірін-бірі тексереді. IIІ. Жаңа сабақты оқытудың жоспары: 1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері. 2. Кенесары Қасымұлы аса көрнекті мемлекет қайраткері. 3. Көтерілістің басталуы. 4. Қазақ хандығының қалпына келтірілуі. 5. Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты. 6. Қарулы күштердің құрылуы. 7. Патша үкіметінің жазалау әрекеттері. 8. Долгов және Герн бастаған елшіліктердің Кенесары ордасына келуі. 9. Кенесары Қасымұлының қоқан хандығымен күресі. 10. Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі. 11. Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары. 12. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. 13. Көтерілістің тарихи маңызы. IV. Сабақты бекіту. V. Оқушыларды бағалау. VI. Үйге тапсырма.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) Кенесары Қасымұлы – хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық

4 слайд
Кенесары Қасымұлы (1802-1847) Кенесары Қасымұлы – хан, қазақтардың патшалық Ресей мен Қоқан хандығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысының басшысы.

Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт-азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағ

5 слайд
Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт-азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген нойанының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы. “ Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді” – деп жазған орыс зерттеушісі Л.Майер.

Кенесары Қасымұлы Абылай ханның немересі.

6 слайд
Кенесары Қасымұлы Абылай ханның немересі.

7 слайд

Көтерілістің басталу себебі: 1. Кіші және орта жүздің хандық билігінің жойылуы; 2. Патша үкіметінің қазақ жерін жаулап алуы; 3

8 слайд
Көтерілістің басталу себебі: 1. Кіші және орта жүздің хандық билігінің жойылуы; 2. Патша үкіметінің қазақ жерін жаулап алуы; 3. Ресейге алым-салық (жасақ, түтін салығы, жол салығы) төлеуден басталды.

Көтерілістің қозғаушы күші: Қарапайым көшпелілер, старшындар, билер, үш жүздің батырлары, сұлтандар. Олардың ішінде: орыс, б

9 слайд
Көтерілістің қозғаушы күші: Қарапайым көшпелілер, старшындар, билер, үш жүздің батырлары, сұлтандар. Олардың ішінде: орыс, башқұрт, өзбек қарақалпақ, түрікмен, поляктар да болды.

Кенесары Қасымұлы. 1837 жылы Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын жеңді. 1838 жылы Кенесары Қоңырқұлжа Құдаймендінің ауылына шабуы

10 слайд
Кенесары Қасымұлы. 1837 жылы Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын жеңді. 1838 жылы Кенесары Қоңырқұлжа Құдаймендінің ауылына шабуыл жасады. Кенесарының қарындасы Бопай Көкшетау округінің ауылына шабуыл жасады. 1838 жылы Ақмола бекінісіне таяу елді мекенді 6 күн бойы қоршап, өртеп жіберді. 1840 жылы Орынбор губернаторы Кенесарыға кешірім жасауға қол жеткізді. 1841 жылы қыркүйекте үш жүздің билігі бас қосып, Кенесарыны хан сайлады. Кенесары билікті сенімді адамдары жасауылдарға тапсырды. Жасауылдар: сот ісімен, шаруашылық мәселелермен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен, әскери істермен айналысты. Зекет – мал өсірушілер, ұшырды – диқандар төледі. Кенесары әскерлері: жүздіктер, мыңдықтарға бөлінді.

Кенесары Қасымұлы. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына шабуыл жасап, малдарын, 10 адамды тұтқынға, оның ішінде Кен

11 слайд
Кенесары Қасымұлы. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына шабуыл жасап, малдарын, 10 адамды тұтқынға, оның ішінде Кенесарының әйелі Күнімжанды алып кетті. 1844 жылдың 20-21 шілдесінде Кенесары Жантөре сұлтанға соққы берді. 1844 жылы тамызды Екатерина станицасына шабуыл жасады. 1845 жылы Орынбор басшылығымен Кенесарының әйелі қайтарылды. 1845 жылы Кенесары Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек, Созақ бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Меркіні де алды. 1847 жылы сәуірде Кенесары Қырғызстанды басып алды. 1847 жылы патша үкіметінен жеңіліс тапты.

Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі. Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатысының шиеленісіп кетуінің өзіндік се

12 слайд
Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі. Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатысының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені, Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.

I деңгей 1. Кенесары қашан хан болып сайланды? 2. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті? 3.

13 слайд
I деңгей 1. Кенесары қашан хан болып сайланды? 2. XIX ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті? 3. Отаршылдық қанауға қарсы, қазақтардың күресін кім басқарды? 4. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай уақытта, қай аймақты қамтыды? 5. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата. Жауабы: 1841 жыл. Жауабы: Шекті, табыл, төртқара, байұлына Жауабы: Абылай ханның немерелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы басқарған. Жауабы: 1837-1847 жылдары, бүкіл Қазақстанды қамтыды. Жауабы: Шеген, Қанқожа Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым.

II деңгей. “Даталар сөйлейді” 1. 1803, 1805, 1841 жылдары – 2. 1838 жылы – 3. 1835, 1842 жылдары – 4. 1843 жылы тамыз айы –

14 слайд
II деңгей. “Даталар сөйлейді” 1. 1803, 1805, 1841 жылдары – 2. 1838 жылы – 3. 1835, 1842 жылдары – 4. 1843 жылы тамыз айы – 5. 1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні - Жауабы: Кенесары қолы Ташкентке аттанды. Жауабы: Кенесары отрядтары Ақмола бекінісін тұтқиылдан шабұлдады. Жауабы: Сібір әскери шебінен жіберілген Сотников тобы Кенесары жасақтарына қарсы шабуылды бастады. Жауабы: 17 тамыз күні полковник Бизановтың қарулы тобы көтерілісшілерге қарсы ешқандай тойтарыс бере алмай, “Ор” бекінісіне қайтып оралды. Жауабы: Кенесары Қасымұлы ірі жеңіске жетті.

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Көтерілістің басталу себептері Көтерілістің мақсаты Көтерілістің баст

15 слайд
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс Көтерілістің басталу себептері Көтерілістің мақсаты Көтерілістің басты қозғаушы күші Көтеріліс қамтылған аймақ Көтерілістің тарихы маңызы

Сырым Датұлы бастаған көтерілістіңКенесары Қасымұлы бастаған көтерілістіңСырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипат

16 слайд
Сырым Датұлы бастаған көтерілістіңКенесары Қасымұлы бастаған көтерілістіңСырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты. “ Венн диаграммасы” Отаршылдық езгіге қарсы бағытталған Қазақ шаруалары, билер, старшындар Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтерілістерФеодалдық топтардың Кенесарыны қолдамауы Кіші жүзді - Еділ-Арал теңізін қамтыған Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Бүкіл Қазақстанды қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс Қазақ феодалдарының арасындағы алауыздық және ру аралық қайшылықтар Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс 14 жылға созылды.Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс 10 жылға созылды

1847 ж. қырғыз манаптарының әскеріменҚорытынды

17 слайд
1847 ж. қырғыз манаптарының әскеріменҚорытынды

Үйге тапсырма: Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша реферат, эссе жазып келу.

18 слайд
Үйге тапсырма: Кенесары Қасымұлының өмірімен байланысты қосымша реферат, эссе жазып келу.