Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері

#1 слайд
Саяси ғылымның
қалыптасуы мен дамуының
негізгі кезеңдеріС . Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті
1 слайд
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріС . Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
#2 слайд
Жоспар
1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер
2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси
ұғымдар
3. Жаңа замандағы саяси ой
4.Марксистік саяси идеялар
5. Қазақ даласындағы саяси ой пікірлер
6. XX ғасырдағы саяси ілім
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
2 слайд
Жоспар 1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер 2. Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси ұғымдар 3. Жаңа замандағы саяси ой 4.Марксистік саяси идеялар 5. Қазақ даласындағы саяси ой пікірлер 6. XX ғасырдағы саяси ілім Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
#3 слайд
1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет
біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын,
құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш
өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі
Шығыс – Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай,
Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті
Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып,
өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика,
геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым
дамыды.
3 слайд
1. Құлдық дәуірдегі саяси ой-пікірлер Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет біркелкі дами қоймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезеңдері болады. Тарихта белгілі ең алғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып, құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс – Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан, Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шығыс мәдениеті Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары болып, өркениеттіліктің үлгісін көрсетті. Мұнда ең алдымен математика, геометрия, астрономия, медицина сияқты нақты ғылымдар басым дамыды.
#4 слайд
Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой
тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік
топқа (сословиеге):
Платон б.з.б.
427-347 Әкімдер;
Қорғаушылар;
Өндірушілер
Әкімдерді фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты,
ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы
керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті
қорғайды. Өндірушілер өмірге керекті қаржылар тауып, мемлекетті
материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды
4 слайд
Платон адамдардың бәрін теңдестірген екен деген ой тумауы керек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа (сословиеге): Платон б.з.б. 427-347 Әкімдер; Қорғаушылар; Өндірушілер Әкімдерді фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты, игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек. Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды. Өндірушілер өмірге керекті қаржылар тауып, мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар билеу ісіне араласпайды
#5 слайд
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды.
Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды
тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты
5 түрге бөлді:
Аристократия Тимократия Олигархия
Демократия Тираиня.
Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-
естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері- адамгершілік, абырой, ар-намыс
деп санады.
5 слайд
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: Аристократия Тимократия Олигархия Демократия Тираиня. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл- естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері- адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
#6 слайд
Аристотельдің ойынша, мемлекет-қауымның дамыған түрі, ал
қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір
игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс
түрдерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және
политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік
құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны
мемлекеттің бұрым түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде
әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді.
Ал бұрыс түрінде олар өз бастауларының пайдасын ойлайтын
көрінеді.
Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс
көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-
ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдығын,
парасаттылығын жоймайды.
6 слайд
Аристотельдің ойынша, мемлекет-қауымның дамыған түрі, ал қауым-отбасының дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрдерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Грециядағы мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны мемлекеттің бұрым түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлайды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастауларының пайдасын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу- ызаға берілмей қоймайды, ал заң болса байсалдығын, парасаттылығын жоймайды.
#7 слайд
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және
құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның
күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша,
құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол
өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай
жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған
орай ол адамдарды құдай жолымен және адам
жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді.
Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп
атайды.
Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын,
Екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын
тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді .
7 слайд
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, Екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді .
#8 слайд
Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси
ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл
бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық
идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін,
идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу
деп те атанды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі
буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы
Никколо Макиавелли (1469—) б олдыЖаңа замандағы саяси ой
8 слайд
Адам мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады. Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атанды. Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы Никколо Макиавелли (1469—) б олдыЖаңа замандағы саяси ой
#9 слайд
Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі терминдерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді
енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді,
халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады.
Мартин Лютер -Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі мемлекеттің ықпалынан, заңынан тысқары
тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасында ол князь-монарх билікті сонда ғана ақылмен
пайдаланады, егер ол билікті кеңшілік деп түсінбей, оны құдай жүктеген міндет деп қараса дейді.
Христиандық билеуші халықтың қызметшісі болуы керек. Лютер Алманияда демократиялық өзгерістер
жасаудан аулақ, бірақ монархқа бағыну керек, үкіметке қарсы шықпау керек дейді.
Томас Мюнцердің -Белсенді революциялық қимыл жасайтын адам болды, өз ғасырынан озып кетті.
Таптық айырмашылық жоқ, жеке меншік жоқ, қоғамның мүшелеріне кедергі тудыратын мемлекеттік
билігі жоқ қоғамдық құрылысты қалады.
Томас Мор -Еңбек міндетті болу керек. Мемлекет пен лауазымды адамдардың басты міндеттері өндірісті
және игіліктерді бөлуді ұйымдастыру дейді. Лауазымды адамдар халық қызметшісі болуы қажет.
Мемлекет басында сайланып қойылатын князь болуы шарт және ол президенттің рөлін атқаруы қажет.
9 слайд
Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі терминдерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады. Мартин Лютер -Адамның еркі, нанымы, жаны, ішкі дүниесі мемлекеттің ықпалынан, заңынан тысқары тұрады деді. Мемлекет туралы тұжырымдамасында ол князь-монарх билікті сонда ғана ақылмен пайдаланады, егер ол билікті кеңшілік деп түсінбей, оны құдай жүктеген міндет деп қараса дейді. Христиандық билеуші халықтың қызметшісі болуы керек. Лютер Алманияда демократиялық өзгерістер жасаудан аулақ, бірақ монархқа бағыну керек, үкіметке қарсы шықпау керек дейді. Томас Мюнцердің -Белсенді революциялық қимыл жасайтын адам болды, өз ғасырынан озып кетті. Таптық айырмашылық жоқ, жеке меншік жоқ, қоғамның мүшелеріне кедергі тудыратын мемлекеттік билігі жоқ қоғамдық құрылысты қалады. Томас Мор -Еңбек міндетті болу керек. Мемлекет пен лауазымды адамдардың басты міндеттері өндірісті және игіліктерді бөлуді ұйымдастыру дейді. Лауазымды адамдар халық қызметшісі болуы қажет. Мемлекет басында сайланып қойылатын князь болуы шарт және ол президенттің рөлін атқаруы қажет.
#10 слайд
Марксистік саяси идеялар
Карл Маркс (1818-1883ж.ж.) философия мен саяси экономия
саласында екі жаңалық жасады
Біріншісі -тарихты материалистік түрғыдан
түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен
өндірістік қатынастардың бірлігі болып
табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі
қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани
процестерді туғызатындығын дәлелдеді.
Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері
үздіксіз дамуда, өндіріс құрал-жабдықтарына
жеке меншікке негізделген буржуазиялық
өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа
келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастар арасындағы терең келе жатқан
антогонизмді тек пролетарлық революция ғана
шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін
орнатуға жеткізеді және коғамды социалистік
жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді.
Екінші жаңалығы-капиталистік
қанаудың сырын әшкерелеген
қосымша құн туралы ілім болды.
Маркс пен Энгельс капитализмнің
орнына социализм келеді, ол
міндетті орындайтын қоғамдық
күш-жұмысшы табы деп үйретті.
Себебі, пролетариат-буржуазиялық
қоғамның ең революцияшыл, ең
ұйымдасқан, ең саналы және
интернационалдық табы
10 слайд
Марксистік саяси идеялар Карл Маркс (1818-1883ж.ж.) философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады Біріншісі -тарихты материалистік түрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстың өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызатындығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дамуда, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өндірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терең келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революция ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және коғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы-капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш-жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат-буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең саналы және интернационалдық табы
#11 слайд
Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін,
бақытқа жеткізетін ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан
адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби
басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы,
білімді, мәдениетті басқару халықты бақыттан бастайды, олардың
іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару
заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан
басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады.
Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген,
кайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз
мемлекетті уағыздайды.Қазақ даласындағы саяси ой пікірлер
11 слайд
Әл Фарабидың ойынша қоғамдағы барлық қиыншылықты жеңетін, бақытқа жеткізетін ақыл-парасат, адамның ақыл-ойы. Сондықтан адам аянбай, тынбай ғылымды, білімді игеруі керек. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз етіп екіге бөледі. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақыттан бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа сүйенген, кайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.Қазақ даласындағы саяси ой пікірлер
#12 слайд
XX ғасырдағы саяси ілім
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орасан зор
өзгерістер болды, XX ғасырдағы саяси ілім мемлекеттік-
монополистік капитализм монополиялар мен
мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық
пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін
одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекеттік,
әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді.
Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде
социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлің ді.
12 слайд
XX ғасырдағы саяси ілім XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орасан зор өзгерістер болды, XX ғасырдағы саяси ілім мемлекеттік- монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық-мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлің ді.
#13 слайд
Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі—
элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген,
сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория
бұрыннан белгілі болатын бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып,
толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.
Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара
алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Моска (1856—1941) «Саяси
ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—
үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты
көпшіліктің (халык, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын
жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны
көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары
шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп
санады. В.Парето (1848—1923) «Жалпы социология жөніндегі
трактаттар деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп
енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (элиталар)
арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы.
13 слайд
Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі— элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Моска (1856—1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың— үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халык, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848—1923) «Жалпы социология жөніндегі трактаттар деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулылар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы.
#14 слайд
Қорытынды
Адамзат тарихының бұрынғысы, бүгінгісі және
болашағын білу қиын. Оны оқып-білу- қазіргі
қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге,
онда әркімнің өз орын анықтауға, егеменді
елісіздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет
құруына белсене араласуына септігін тигізері
сөзсіз.
14 слайд
Қорытынды Адамзат тарихының бұрынғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу- қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орын анықтауға, егеменді елісіздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет құруына белсене араласуына септігін тигізері сөзсіз.
#15 слайд
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Әлемдік саясаттану антологиясы. Алматы. 2005.
2. Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971.
3 . http://kazorta.org/x-asyrda-y-sayasi-ilim/
4 . http://5fan.ru/wievjob.php?id=12309
15 слайд
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Әлемдік саясаттану антологиясы. Алматы. 2005. 2. Аристотель. Политика. Соч.В 4-х томах. Москва. 1971. 3 . http://kazorta.org/x-asyrda-y-sayasi-ilim/ 4 . http://5fan.ru/wievjob.php?id=12309
шағым қалдыра аласыз













