"Шекарашы Раджан Батырханов" тәрбие сағаты




1 слайд
Шекарашы Раджан
Батырханов
Мұғалім: ________________________
1 слайд
Шекарашы Раджан Батырханов Мұғалім: ________________________

2 слайд
Батырханов Раджан Армияұлы (1975-1994)
интернационалист- жауынгер, батыр-шекарашы
Раджан Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан
облысы Катон –Қарағай ауылында туған. 1994 жылы 28
қыркүйекте қазақстан-тәжік шекарасында жауынгерлік
парызын өтеу кезінде қаза тапты. Әкесі – Армия «Алтай»
кеңшарының механизаторы, анасы – Қизат СЭС қызметкері
болып еңбек етті. Раджан 1982 жылы Е.П.Рыков атындағы орта
мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, он жыл оқып білім
алды. Ынта жігері мол, білім алуға құштар, өзінің
шыншылдығымен, адалдығымен достарының арасында беделді
болды.
Көп балалы отбасынан шыққан Раджан айналасындағыларға
көмек жасауға әрқашан да дайын еді.Сабағын жақсы оқыды.
Раджан талантты суретші ғана емес, жақсы спортшы да болды.
Волейболдан мектеп құрама командасының капитаны ретінде
де мектепте спорттық бұқаралық шаралардың қызықты өтуіне
зор үлес қосты. Раджан 1992 жылы орта мектепті бітіріп, орта
білімі туралы аттестат алды.
2 слайд
Батырханов Раджан Армияұлы (1975-1994) интернационалист- жауынгер, батыр-шекарашы Раджан Батырханов 1975 жылы 27 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Катон –Қарағай ауылында туған. 1994 жылы 28 қыркүйекте қазақстан-тәжік шекарасында жауынгерлік парызын өтеу кезінде қаза тапты. Әкесі – Армия «Алтай» кеңшарының механизаторы, анасы – Қизат СЭС қызметкері болып еңбек етті. Раджан 1982 жылы Е.П.Рыков атындағы орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, он жыл оқып білім алды. Ынта жігері мол, білім алуға құштар, өзінің шыншылдығымен, адалдығымен достарының арасында беделді болды. Көп балалы отбасынан шыққан Раджан айналасындағыларға көмек жасауға әрқашан да дайын еді.Сабағын жақсы оқыды. Раджан талантты суретші ғана емес, жақсы спортшы да болды. Волейболдан мектеп құрама командасының капитаны ретінде де мектепте спорттық бұқаралық шаралардың қызықты өтуіне зор үлес қосты. Раджан 1992 жылы орта мектепті бітіріп, орта білімі туралы аттестат алды.

3 слайд
1993 жылы Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып,
әскери борышын Күршімдегі шекарашылар
отрядында атқарды. 1994 жылы Тәжік-
Ауған шекарасындағы Ресей
Федерациясының әскери құрамасының
сапында келісім - шартпен таулы Бадахшан
автономиялық облысының Хорог деген
қалашығының маңында топтастырылған
Қазақстан шекаршылар батальоны
құрамында пулеметші болып қызмет етті.
Әскери борышын өтегеннен кейін Алматы
қаласындағы Жоғарғы Құрылық Әскери
училищісіне құжаттарын тапсырмақ ойы
болды, себебі оның арманы әскери
қызметкер болу еді....
3 слайд
1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылып, әскери борышын Күршімдегі шекарашылар отрядында атқарды. 1994 жылы Тәжік- Ауған шекарасындағы Ресей Федерациясының әскери құрамасының сапында келісім - шартпен таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог деген қалашығының маңында топтастырылған Қазақстан шекаршылар батальоны құрамында пулеметші болып қызмет етті. Әскери борышын өтегеннен кейін Алматы қаласындағы Жоғарғы Құрылық Әскери училищісіне құжаттарын тапсырмақ ойы болды, себебі оның арманы әскери қызметкер болу еді....

4 слайд
1994 жылы 28 қыркүйекте Хакім
бандасының 200-ден астам
қарулы содырлары тоғыз
автокөлікпен ТМД-ның оңтүстік
шекарасын кесіп өтіп, Хорог
қаласына бет алады. Олардың
жолын қазақстан-ресей
шекарашылары кеседі. Биіктік
үшін кескілескен шайқаста ресей
офицері Владимир Селюк пен
Қазақстан қарулы күштерінің кіші
сержанты Раджан Батырханов
бірінше болып көзделген нысанды
алады.
4 слайд
1994 жылы 28 қыркүйекте Хакім бандасының 200-ден астам қарулы содырлары тоғыз автокөлікпен ТМД-ның оңтүстік шекарасын кесіп өтіп, Хорог қаласына бет алады. Олардың жолын қазақстан-ресей шекарашылары кеседі. Биіктік үшін кескілескен шайқаста ресей офицері Владимир Селюк пен Қазақстан қарулы күштерінің кіші сержанты Раджан Батырханов бірінше болып көзделген нысанды алады.

5 слайд
Ауыр жараланған лейтенантты 19 жастағы
қазақ жігіті қарша бораған оқтың астынан
алып шығып, өзі қол автоматынан
содырларға оқ жаудыруын тоқтатпайды.
Сөйтіп бөлімше жауынгерлерінің орын
ауыстырып, моджахеттерді тылдан соғуға
жағдай жасайды. Әскери тапсырманы
орындау барысында қазақ батыры ерлікпен
қаза тапты.
5 слайд
Ауыр жараланған лейтенантты 19 жастағы қазақ жігіті қарша бораған оқтың астынан алып шығып, өзі қол автоматынан содырларға оқ жаудыруын тоқтатпайды. Сөйтіп бөлімше жауынгерлерінің орын ауыстырып, моджахеттерді тылдан соғуға жағдай жасайды. Әскери тапсырманы орындау барысында қазақ батыры ерлікпен қаза тапты.

6 слайд
ҚР Президентінің жарлығымен ТМД шекарасын
қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы
үшін кіші сержант Раджан Батырханов қаза
тапқанннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен
марапатталды. Батырдың туған жері
Катонқарағай ауылындаРаджан атында көше
бар, 2000 жылы 5 қыркүйекте ҚР Үкіметінің
қаулысымен Күршім шекара отрядының
«Чиндагатуй» заставасына Раджан
Батырхановтың есімі беріліп, обелиск
орнатылды. Душанбе қаласында кіші сержант
Раджан Батырханов атында мектеп және көше
бар. Жарыс жеңімпазы ретінде берілген Батыр
шекарашының қаруы - атақты конструктор М.
Калашников автоматын- бүгінде ең үздік
шекарашы ғана ұстай алады. Ең бірінші болып
осы автоматты ұстаған үздік жауынгер- сержант
Дидар Хамзин.
6 слайд
ҚР Президентінің жарлығымен ТМД шекарасын қорғау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін кіші сержант Раджан Батырханов қаза тапқанннан кейін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Батырдың туған жері Катонқарағай ауылындаРаджан атында көше бар, 2000 жылы 5 қыркүйекте ҚР Үкіметінің қаулысымен Күршім шекара отрядының «Чиндагатуй» заставасына Раджан Батырхановтың есімі беріліп, обелиск орнатылды. Душанбе қаласында кіші сержант Раджан Батырханов атында мектеп және көше бар. Жарыс жеңімпазы ретінде берілген Батыр шекарашының қаруы - атақты конструктор М. Калашников автоматын- бүгінде ең үздік шекарашы ғана ұстай алады. Ең бірінші болып осы автоматты ұстаған үздік жауынгер- сержант Дидар Хамзин.

7 слайд
Шекарашы Раджан Батырханов
туралы видеоролик
https://youtu.be/_D3ahWviSco
7 слайд
Шекарашы Раджан Батырханов туралы видеоролик https://youtu.be/_D3ahWviSco

8 слайд
8 слайд

9 слайд
9 слайд

10 слайд
10 слайд

11 слайд
Сөз жұмбақты шешу
1.Жанұя сөзінің
синонимі?
2.Мемлекеттік
рәміздердің бірі?
3.Ең жақын адам?
4.Қасиетті тағам?
11 слайд
Сөз жұмбақты шешу 1.Жанұя сөзінің синонимі? 2.Мемлекеттік рәміздердің бірі? 3.Ең жақын адам? 4.Қасиетті тағам?

12 слайд
Кіші сержант Раджан Батыр
хановтың ерлігі ел жадын
да.
Батыр-шекарашы тұр
ған, білім
алған ауылдағы жал
пы білім
беретін мектеп, Катон
қарағайдағы
көше және Шы
ғыс Қазақстан
облысындағы шекара жасағы
бүгінде оның есімімен аталады.
12 слайд
Кіші сержант Раджан Батыр хановтың ерлігі ел жадын да. Батыр-шекарашы тұр ған, білім алған ауылдағы жал пы білім беретін мектеп, Катон қарағайдағы көше және Шы ғыс Қазақстан облысындағы шекара жасағы бүгінде оның есімімен аталады.

13 слайд
13 слайд