Сөйлем мүшелері

#1 слайд
Сөйлем мүшелері
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы
сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ
тілінде бес сөйлем мүшесі бар:
бастауыш
баяндауыш
толықтауыш
пысықтауыш
анықтауыш
1 слайд
Сөйлем мүшелері Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш баяндауыш толықтауыш пысықтауыш анықтауыш
#2 слайд
Сөйлем мүшесінің белгілері:
1) толық мағыналы сөз болу керек;
2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып
тұру керек;
3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына
жауап беру керек.
Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық
мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі
бір сұраққа жауап беріп тұр.
2 слайд
Сөйлем мүшесінің белгілері: 1) толық мағыналы сөз болу керек; 2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек; 3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек. Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр.
#3 слайд
Сөйлем мүшелері құрамына қарай
дара
үйірлі
күрделі
3 слайд
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара үйірлі күрделі
#4 слайд
Сөйлем мүшелері атқаратын
қызметіне қарай
тұрлаулы мүшелер тұрлаусыз мүшелер
Бұлардың
ішінде бастауыш пен
баяндауыш сөйлем
құрауға негіз болады,
сондықтан тұрлаулы
мүшелер деп аталады.
Ал анықтауыш,
толықтауыш,
пысықтауыштар өздігінен
сөйлем құрай алмайды,
тек берілген
ойдың шеңберін кеңейтеді,
сондықтан бұлар тұрлаусыз
мүшелер деп аталады.
4 слайд
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер тұрлаусыз мүшелер Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.
#5 слайд
Құрылысына
қарай бөлінуі
Мысалдар
Дара
бастауыш
Балалар (кімдер?)
саяхаттан
көңілді
оралды.
Күрделі
бастауыш
Ел көру, жер тану (не?) –
ер
жігітке
лайық қасиет.
Үйірлі
бастауыш
Жұмысы жоқтық
(не?) аздырар
адам
баласын.
Анамның айтқаны (не?)
әлі
есімде
сақтаулы.
Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның
иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады.
Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем?
Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер?
Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі
Құрылысына
қарай бөлінуі
Мысалдар
Дара бастауыш
Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді
оралды.
Күрделі бастауыш
Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке
лайық қасиет.
Үйірлі бастауыш
Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам
баласын.
Анамның айтқаны (не?) әлі есімде
сақтаулы.
5 слайд
Құрылысына қарай бөлінуі Мысалдар Дара бастауыш Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды. Күрделі бастауыш Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет. Үйірлі бастауыш Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын. Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы. Атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы сөйлем мүшесі бастауыш деп аталады. Бастауыштың сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің? Нең? Кіміңіз? Неңіз? Кімі? Несі? Кімдер? Нелер? Бастауыштың құрылысына қарай бөлінуі Құрылысына қарай бөлінуі Мысалдар Дара бастауыш Балалар (кімдер?) саяхаттан көңілді оралды. Күрделі бастауыш Ел көру, жер тану (не?) – ер жігітке лайық қасиет. Үйірлі бастауыш Жұмысы жоқтық (не?) аздырар адам баласын. Анамның айтқаны (не?) әлі есімде сақтаулы.
#6 слайд
Сөз табы Мысалдар
Зат
есім
Жетімкөлге
биыл аққулар (нелер?)
оралмады.
Сын
есім
Үлкендер
(кімдер?)
төрге, кішілер
(кімдер?)
есік жаққа
жайғасты.
Сан
есім
Алтау (кім?)
ала
болса,
ауыздағы
кетеді
,
төртеу (кім?)
түгел
болса,
төбедегі келеді.
Есімдік
Кейбіреулер
(кімдер?) бұл
сұрақтан
тосылып
қалды.
Есімше
тұлғалы етістік
Оқыған (кім?) жетер
мұратқа, оқымаған
(кім?) қалар
ұятқа.
Тұйық
етістік
Сыпайы сөйлеу (не?)
–
әдептіліктің
белгісі.
Одағай
Әжемнің
уһлі
(несі?)
көбейіп
кетті.
Үстеу
Еріншектің
ертеңі
(несі?)
бітпес.
Еліктеу
сөз
Дабыр-дүбір
(не?) жақыннан
естіле
бастады.
Сөз табы Мысалдар
Зат есім
Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?)
оралмады.
Сын есім
Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер
(кімдер?) есік жаққа жайғасты.
Сан есім
Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді,
төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді.
Есімдік
Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып
қалды.
Есімше тұлғалы етістік
Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған
(кім?) қалар ұятқа.
Тұйық етістік Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі.
Одағай Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті.
Үстеу Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес.
Еліктеу сөз Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады.
Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі
6 слайд
Сөз табы Мысалдар Зат есім Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады. Сын есім Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты. Сан есім Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді , төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді. Есімдік Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды. Есімше тұлғалы етістік Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа. Тұйық етістік Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі. Одағай Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті. Үстеу Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес. Еліктеу сөз Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады. Сөз табы Мысалдар Зат есім Жетімкөлге биыл аққулар (нелер?) оралмады. Сын есім Үлкендер (кімдер?) төрге, кішілер (кімдер?) есік жаққа жайғасты. Сан есім Алтау (кім?) ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу (кім?) түгел болса, төбедегі келеді. Есімдік Кейбіреулер (кімдер?) бұл сұрақтан тосылып қалды. Есімше тұлғалы етістік Оқыған (кім?) жетер мұратқа, оқымаған (кім?) қалар ұятқа. Тұйық етістік Сыпайы сөйлеу (не?) – әдептіліктің белгісі. Одағай Әжемнің уһлі (несі?) көбейіп кетті. Үстеу Еріншектің ертеңі (несі?) бітпес. Еліктеу сөз Дабыр-дүбір (не?) жақыннан естіле бастады. Бастауыш болатын сөз таптарының кестесі
#7 слайд
Баяндауыш
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның
қай шақта болғанын білдіріп,
сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш
деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа
жауап береді.
Баяндауыштың негізгі белгілері:
1) бастауыштың жай-күйін білдіреді;
2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады;
3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады;
4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады;
5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының
сұрағына жауап береді.
7 слайд
Баяндауыш Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұратын тұрлаулы мүше баяндауыш деп аталады. Баяндауыш қайтті, не істеді, не қылды? деген сұраққа жауап береді. Баяндауыштың негізгі белгілері: 1) бастауыштың жай-күйін білдіреді; 2) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады; 3) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады; 4) сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтап тұрады; 5) қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.
#8 слайд
Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке
бөлінеді.
Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі
жамырай күлді. Дәмеш осы
үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай.
Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп
сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырайкүліп
жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді.
Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңғалған
жоқ. Оның бар мақсаты –тезірек ер жету.
8 слайд
Баяндауыш дара, күрделі және үйірлі болып үшке бөлінеді. Дара баяндауыш бір сөзден жасалады. Бұл сөзге бәрі жамырай күлді. Дәмеш осы үйдің үлкені. Жолаушылар саны – отыздай. Күрделі баяндауыш екі немесе одан да көп сөзден тұрады. Бұл сөзге бәрі жамырайкүліп жіберді. Дәмеш осы үйдің үлкені еді. Үйірлі баяндауыш Тілек бұл сөзге онша таңғалған жоқ. Оның бар мақсаты –тезірек ер жету.
#9 слайд
Құрылысына
қарай бөлінуі
Мысалдар
Дара
Басты
байлық
– денсаулық.
Саябақ
–
демалыс
орны.
Күрделі
Әр
ата-ана өз
баласынан үміт күтеді.
Үйірлі
Бұл
дүниенің бақыты
– мұратқа қол жеткізу.
Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің
көзін қалың бұлтбүркей бастады.
Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі
– қарт майдангер Қуандық қария.
Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр,
бұлтты.
Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу.
Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға
айтпағы – осы.
9 слайд
Құрылысына қарай бөлінуі Мысалдар Дара Басты байлық – денсаулық. Саябақ – демалыс орны. Күрделі Әр ата-ана өз баласынан үміт күтеді. Үйірлі Бұл дүниенің бақыты – мұратқа қол жеткізу. Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Көп кешікпей күннің көзін қалың бұлтбүркей бастады. Баяндауыш зат есімнен де болады. Машинадан түскеннің бірі – қарт майдангер Қуандық қария. Баяндауыш сын есімнен де болады. Күз аспаны бұлыңғыр, бұлтты. Баяндауыш сан есімнен де болады. Бұл үйдегі адам саны – жетеу. Баяндауыш есімдіктен де болады. Жамал апайдың жастарға айтпағы – осы.
#10 слайд
Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып,
пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш,
анықтауыш және пысықтауыш жатады.
•Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық
мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.
•Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып
тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.
•Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері:
1)атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес
септік жалғауларын меңгеріп тұрады;
• 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік
шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады;
• 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады;
• 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде?
Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім
жайында? деген сұрақтарға жауап береді;
•5) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.
10 слайд
Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады. •Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады. •Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады. •Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1)атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; • 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; • 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; • 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; •5) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу.
#11 слайд
Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады:
тура толықтауыш;
жанама толықтауыш.
11 слайд
Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: тура толықтауыш; жанама толықтауыш.
#12 слайд
Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат
есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз
таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық,
иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп
аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше?
Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап
береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен
үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып
келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды.
Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген
серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты.
Тілек сегізінші(нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі
анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады.
Мысалы, күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, се
гізінші сынып, т.б.
12 слайд
Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Күрең (қандай?) ат еш нәрседен үрікпей сұлу (қандай?) жүрісімен сылаң қағып келеді. Екінші (нешінші?) соққыдан есін жинай алмай қалды. Қалиқа – Ұлжанның (кімнің?) ауылдан ертіп келген серігі. Шеткі (қай?) үйден көңілді (қандай?) әуен естіліп жатты. Тілек сегізінші(нешінші?) сыныпта оқиды. Анықтауыш өзі анықтайтын мүшемен қабыса және матаса байланысады. Мысалы, күрең ат, сұлу жүріспен, Ұлжанның серігі, шеткі үй, се гізінші сынып, т.б.
#13 слайд
Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған
баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан
айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп
аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері?
Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін?
Пысықтауыштың негізгі белгілері:
1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-
қимыл жағынан пысықтап тұрады;
2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін?
Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді;
3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.
13 слайд
Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі. Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қалай? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Не үшін? Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын- қимыл жағынан пысықтап тұрады; 2) Қашан? Қайда? Қалай? Қайтіп? Неге? Не үшін? Неліктен? деген сұрақтарға жауап береді; 3) байланысу түрлері: қабысу, меңгеру, жанасу.
#14 слайд
Пысықтауыш мағыналық жағынан
алты түрге бөлінеді:
мақсат
мезгіл
амал
мөлшер
себеп
мекен
П
ы
с
ы
қ
т
а
у
ы
ш
14 слайд
Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді: мақсат мезгіл амал мөлшер себеп мекен П ы с ы қ т а у ы ш
#15 слайд
Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің
кестесі:
15 слайд
Пысықтауыштың мағыналық жағынан бөлінуінің кестесі:
#16 слайд
•Пысықтауыштың мағыналық түрлері
•Сұрақтары
•Мысалдар
•Мезгіл пысықтауыш
•Қашан? Қай кезде?
•Қай уақытта?
•Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді.
•Мекен пысықтауыш
•Қайда?
•Қай жерде? Қай
•жақта? Қайдан?
•Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ
аттылы төменге қарай түсіп келеді.
•Мақсат пысықтауыш
•Кім үшін?
•Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен?
•Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды.
•Амал пысықтауыш
•Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше?
•Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр.
•Себеп пысықтауыш
•Неліктен?
•Не себепті?
•Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді.
•Мөлшер пысықтауыш
•Қанша? Қалай?
•Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.
16 слайд
•Пысықтауыштың мағыналық түрлері •Сұрақтары •Мысалдар •Мезгіл пысықтауыш •Қашан? Қай кезде? •Қай уақытта? •Жолаушылар кешке қарай аттанбақшы. Ол биыл мектеп бітіреді. •Мекен пысықтауыш •Қайда? •Қай жерде? Қай •жақта? Қайдан? •Оқушылар қала сыртына демалуға бармақшы. Ата-анасы жайлауға көшкелі жатыр. Жоғарыдан бір топ аттылы төменге қарай түсіп келеді. •Мақсат пысықтауыш •Кім үшін? •Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? •Кітапханадан кітап алғалы келді. Айдос жорта білмегенсіп отырды. •Амал пысықтауыш •Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? •Әйгерім бұл сөзге жымиып күлді. Жас әнші бұлбұлша сайрады. Бала үлкендерше сөйлеп отыр. •Себеп пысықтауыш •Неліктен? •Не себепті? •Жұмысты бітірмегендіктен уақытында тапсыра алмады. Олар шаршағаннан сөйлеуге шамасы келмеді. •Мөлшер пысықтауыш •Қанша? Қалай? •Шешен ұзақ сөйледі. Оқушылар тапсырманы жаппай орындады.
шағым қалдыра аласыз













