Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формаларын оқыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формаларын оқыту жолдары Тексерген: Жапарқұлова Н.А Орындаған: Мұқажан Мақпа

#1 слайд
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формаларын оқыту жолдары Тексерген: Жапарқұлова Н.А Орындаған: Мұқажан Мақпал 431-топ

1 слайд

1950 жылдарға дейін сөз тіркесін сөз таптары негізінде қарамай, сөйлем мүшелері негізінде қарау орын алып келді. Бірақ ғалым

#2 слайд
1950 жылдарға дейін сөз тіркесін сөз таптары негізінде қарамай, сөйлем мүшелері негізінде қарау орын алып келді. Бірақ ғалымдардың көпшілігі сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде қарау, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жібереді, сондықтан сөз тіркесін сөз таптары негізінде қарау керек деген пікірді ұсынды. Тіл фактілері де сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде емес, сөз таптары негізінде топтастыруды қажет етеді. Сондықтан сөз тіркесін топтастыруда алдымен оның басыңқы сыңарының қай сөз табынан, оның грамматикалық табиғатын айқындау мақсатында бағыныңқы сыңарының да қай сөз табынан жасалғандығы негізге алынады. Сөз тіркесінің түрлерін есімді сөз тіркестері, етістікті сөз тіркестері және ортақ басыңқылы сөз тіркестері деп бөліп қарау осы негізге сүйенеді.

2 слайд

Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірле

#3 слайд
Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен байланысу формалары. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері туралы да ғалымдардың пікірлері әртүрлі. М. Балақаев сөз бен сөзді байланыстырушы дәнекер болатын синтаксистік тәсілдерге септік, тәуелдік, жіктік, көптік жалғауларын және шылауларды (септеуліктер, жалғаулықтар), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны жатқызады да, сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын синтетикалық тәсіл, ал қосымшаларсыз орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын аналитикалық тәсіл деп қарайды.

3 слайд

Р.Әміров синтетикалық тәсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар (жалғаулык, септеулік), сөздердің орын тәртібі мен

#4 слайд
Р.Әміров синтетикалық тәсілге септік, жіктік, көптік жалғауларын, шылаулар (жалғаулык, септеулік), сөздердің орын тәртібі мен интонацияны аналитикалық тәсілге жатқызады. О. С. Ахманова, Т.Сайрамбаевтар сөз тіркесінің байланысу тәсілдерін синтетикалық, аналитикалық, аналитика-синтетикалық деп үшке бөледі. Ә.Аблақов, Е.Ағманов, С.М.Исаевтардың еңбегінде бұл мәселе жан-жақты талданған. Ғалымдардың ойынша, сөздердің байланысу тәсілдері де, байланысу түрлері де сөз тіркесі нысанасында қара-луы қажет. Себебі қазақ тіліндегі сөз бен сөзді байланыстыратын амалдар алуан түрлі. Осындай тәсілдердің арқасында сөздер өзара байланысқа түсіп, тізбектеліп, сөйлем құрамына енеді. Сөздер бір- бірімен байланысқанда белгілі бір зандылықтарға сүйеніп байланысады. Мәселен, жүгіре-жүгіре шаршады тіркесін алайық. Осындағы жүгіре-жүгіре сөзі қосарлану тәсілі арқылы жасалған, яғни қос сөзге тән тәсіл, бірақ нәтижесі сөз тіркесі емес, қос сөз. Сол сияқты Ботакөз, итмұрын, соқыртеке сөздеріндегі байланыстыру амалы - бірігу тәсілі, нәтижесі біріккен сөз. Әрине, біріккен сөздер тарихи тұрғыдан алғанда сөз тіркесінің қатарына жатқаны күмән туғызбайды. Бірақ тілдің дамуы барысында олар сөз тіркесі құрамынан шығып, біріккен сөзге айналған. Сөздердің байланысу тәсілдерін оқулықтарда: қосымшалар арқылы байланысуы; септеулік арқылы байланысуы; орын тәртібі арқылы байланысу интонация арқылы байланысуы деп береді.

4 слайд

көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды, тек өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейді. Қазақ тілінде

#5 слайд
көптік жалғаулары әр уақытта сөз бен сөзді байланыстыра алмайды, тек өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейді. Қазақ тілінде көптік жалғау 2-жақта жіктік жалғауымен қабаттасып келгенде ғана сөз байланыстыруға қатысады: сендер оқушысыңдар, сендер келгенсіңдер, отырғансыңдар, сендердің айтқыларың келмейді. Ал жіктік жалғауы арқылы жасалған сөз тіркестері сөйлемнің қаңқасын құрайды, себебі жіктік жалғауы арқылы байланысқан сөздер көбінесе бастауыш және баяндауыштан тұрады, бір-бірімен қиыса байланысады. Сондықтан қиыса байланысқан сөз тіркестері сөйлемнің аясында қаралуы керек. Себебі, қиысу екі жақты байланысқа негізделеді, яғни бірінші сөз атау септігінде тұрып, екінші сыңары атау септікте тұрған сөздің қай жақта тұруына қарай сол жақтағы жіктік жалғауда жұмсалады.

5 слайд

Кейінгі кездері ғалымдар қосымшалар арқылы байланысу тәсіліне көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланыскан сөз тіркесте

#6 слайд
Кейінгі кездері ғалымдар қосымшалар арқылы байланысу тәсіліне көсемшенің -й, -е, -іп жұрнақтары арқылы байланыскан сөз тіркестерін де жатқызып жүр. Мәселен, мен етпеттей жығылдым (Ж.Тәшенов). Андамай сөйлеген ауырмай өледі (Мақал). Жапырақ көгермей солды, жастық гүлденбей өлді (Мақал). Сөйлемдеріндегі етпеттей жығылдым, аңдамай сөйлеген, ауырмай өлер, көгермей солды, гүлденбей өлді тіркестері көсемшенің -й жұрнағы арқылы өзінен кейінгі сөзбен байланысып тұр. Алайда, сөз тіркестеріндегі сөздердің жұрнақтар арқылы байланысуы жалғаулар арқылы байланысқан сөздердей актив құбылыс емес. Дегенмен тіл фактілерінде кездесіп отырады. Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу тәсілінің қосымша тәсілінен өзіндік ерекшелігі бар. Яғни қосымшалар арқылы байланысқа түскен сөздер орны жағынан біршама жылжымалы, еркін болатын болса, қосымшасыз байланысқан сөздердің орны тұрақты, орнықты болады. Орын тәртібі арқылы байланысқан биік тау, үлкен бөлме, алтын сағат тәрізді тіркестерді тау биік, бөлме үлкен, сағат алтын деп өзгертетін болсақ, онда бұл тіркестер предикаттық катынасты білдіреді.

6 слайд

Интонация тәсілінің есім сөздерден жасалған сөйлем мен анықтауыш сөздерден жасалған сөз тіркестерінің жігін ажыратуда атқаратын

#7 слайд
Интонация тәсілінің есім сөздерден жасалған сөйлем мен анықтауыш сөздерден жасалған сөз тіркестерінің жігін ажыратуда атқаратын қызметі зор. Мысалы, Бұл - мұғалім, бұл мұғалім. Бірінші сөйлемде бұл сөзінен кейін кідіріс жасап айтсақ, сөйлем болады, себебі, бастауыш баяндауыштық құрылым бар. Ал екіншісінде кідіріс жасамасақ, анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесі болады. Сөздердің байланысу формалары. Ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формаларына қиысу, матасу, қабысу, меңгеру, жанасуды жатқызады. М. Балақаев жанасуды қабысудың бір түрі ретінде береді. Тіл ғылымында қиысуды сөз тіркесі аясында қарау керек пе, не сөйлем ретінде қарастыру керек пе деген сұрақ төңірегінде айтыс-тартыс көп.

7 слайд

...қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байлан

#8 слайд
...қиысу сөз байланысының бір жолы (тәсілі) болып табылады. Осы жағынан қиысу сабақтаса (бір сыңары екіншісіне бағына) байланысудан да, салаласа (бір-біріне бағынбай тең дәрежеде, бірыңғай) байланысудан да өзгеше. Сондықтан қиыса байланысқан сөздер тобы сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды,байланысқа түскен сыңарлары грамматикалық меншіктілік, қатынастық, объеккілік, мекендік, мезгілдік, себеп-мақсаттық т. б. Сияқты синтаксистік қатынастарды білдірмей, сөз тіркесінің шеңберіне енбейтін субъектілік-предикиттық (бастауыштық-баяндауыштық) қатынасты білдіреді. Сөйтіп, коммуникативті қызмет атқарады"- дейді.

8 слайд

Матасудан кейінгі байланыс түрі - меңгеру. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалғаулары (атау, ілік

#9 слайд
Матасудан кейінгі байланыс түрі - меңгеру. Меңгеріле байланысқан сөз тіркестері бірінші мүшесіне септік жалғаулары (атау, іліктен басқа) жалғану арқылы жасалады. Сөздердің байланысу формаларының келесі бір түрі - қабыса байланысқан сөз тіркесі. Оның бірінші мүшесі де, екінші мүшесі де еш қосымшасыз, қатар тұру арқылы жасалады. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің бірінші сыңары сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Бұл өңір ұлы күйші - Құрманғазының сүйегі жатқанымен де жүрекке өте-мөте ыстық (Р.Жұлдызбек). Мұндағы ұлы күйші тіркесі қабыса байланысқан тіркес, ұлы сөзі сөйлемде анықтауыш қызметін атқарып тұр.

9 слайд

I. Меңгерумен салыстыру. Кейде меңгеру байланысындағы сөздер қатар тұрған кезде септік жалғауы түсіп қалып, қабысуға ұқсайды

#10 слайд
I. Меңгерумен салыстыру. Кейде меңгеру байланысындағы сөздер қатар тұрған кезде септік жалғауы түсіп қалып, қабысуға ұқсайды. Мысалы: Ол хат жазды. Мен қант әкелдім. Хат жазды, қант әкелдім тіркестерінің арасына сөз қойсақ, не алдынан сілтеу есімдігін жалғасақ, жасырын тұрған септік жалғауы ашық тұрады. Хатты жиі жазады. Мына қантты мен әкелдім. 2. Матасумен салыстыру. Матасудың бірінші сыңарындағы ілік септігі жалғауы түсіп қалып, қабыса байланысқан тіркес сияқты болып көрінеді. Мысалы: Әке ақылы, ауыл баласы. Мұндай тіркестердің кабыса емес, матаса байланысып тұрғанын соңғы сөздегі тәуелдік жалғауынан байқауға болады, егер тәуелдік жалғауын түсіріп айтар болсақ, олардың арасындағы грамматикалық байланыс бұзылады, яғни әке бала, ауыл бала болып қалады да, мағынаға нұқсан қеледі. 3. Күрделі сөзбен салыстыру. Бір қарағанда, күрделі сөздің бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланысқан тәрізді болып көрінеді. Мысалы: он бес, жүз отыз, ақ құба және т. б. Күрделі сөздерде сөз тіркесіне тән негізгі белгілер болмайтындықтан, оның бірінші сыңары екіншісімен қабыса байланыспайды.

10 слайд

Файл форматы:
pptx
15.12.2020
1490
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12