Материалдар / шылау сөздер

шылау сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
шылау сөздер
Авторы:
21 Сәуір 2024
211
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
1 Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер, түрлері, емлесі Сабақтың мақсаты: Шылау сөздер, түрлері, ерекшеліктерін еске түсіру, түр

1 слайд
1 Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер, түрлері, емлесі Сабақтың мақсаты: Шылау сөздер, түрлері, ерекшеліктерін еске түсіру, түрлерін ажырата білу, талдау, білімді жинақтау

2Шылау – толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көм

2 слайд
2Шылау  –   толық лексикалық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге  қосымша мән үстейтін көмекші сөздер . Мысалы,  үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты, бірге, туралы, секілді,  т.б. Шылаудың  басқа сөз таптарынан  айырмашылықтары: 1.  Шылаудың  толық лексикалық мағынасы болмайды; 2.  Шылау  сөйлем мүшесі бола алмайды; 3.  Шылау  сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады; 4.  Шылау  толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді; 5.  Шылаулар  түрленбейді,  яғни  көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.

3Шылау сөздер білдіретін мәніне қарай үшке бөлінеді: 1) септеулік шылау; 2) жалғаулық шылау; 3) демеулік шылау. Септеул

3 слайд
3Шылау сөздер  білдіретін мәніне  қарай  үшке  бөлінеді:  1) септеулік шылау;   2) жалғаулық шылау;   3) демеулік шылау. Септеулік шылаулар  белгілі бір  септік тұлғадағы  толық мағыналы сөздермен тіркесіп келіп, оған  мезгілдік, мекендік, амалдық, себептік, мақсаттық  сияқты  үстеме мән  береді. Септеулік  шылаулар  екі түрлі қызмет  атқарады: 1 .  Өзі шылауында жұмсалған сөзге қосымша мән үстеп, оны екінші сөзбен байланыстырып, сөз тіркесін құрайды.  Мысалы,  ел  үшін  тер төгу ;  үйге   қарай   аяңдау ;   туған жер   жайлы  толғану,   Бауыржан   сынды   батыр ,  жүз   қаралы   жылқы, сабақтан   соң  келу,  т.б. 2. Екі сөйлемді сабақтастыра байланыстырады.  Мысалы,  Күн бұлттанған  сайын,  Тілек жас төлдерін ойлай бастады.

4Септеуліктер мына сөздердің шылауында айтылады: 1. Түбір сөздермен немесе атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік

4 слайд
4Септеуліктер  мына сөздердің  шылауында  айтылады: 1. Түбір сөздермен  немесе  атау тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен  тіркесетін  септеуліктер:  сайын, секілді, туралы, тәрізді, сияқты, сынды, жөнінде, жайлы, шамалы, қаралы.  Мысалы, хат  арқылы  хабарлау, осы  үшін  келу, оқу  жайында  сөйлеу, көрген  сайын   қызығу, Әлия   сынды   батыр. 2. Барыс септіктегі  сөздермен тіркесетін  септеуліктер:   шейін, таман, тарта, салым, жуық, тақау, таяу, дейін.   Мысалы,  орманға   дейін   жүгіру ,  түске   қарай   келді ,  жүзге   жуық   жылқы ,  алтыға   таяу   оянды,   кешке   таман   оралды . 3. Шығыс септіктегі  сөздермен тіркесетін  септеуліктер:   соң, гөрі, бері, әрі, бұрын.   Мысалы,  сабақтан   кейін   дайындалу ,  таудан   әрі   асу ,  ағасынан  бұрын   көмектесу . 4. Көмектес септіктегі  сөздермен тіркесетін  септеуліктер:  бірге, қатар, қабат.  Мысалы,  сонымен   бірге ,   досымен   қатар ,  оқумен   қабат .

5Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар Шығыс се

5 слайд
5Атау септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар Барыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар Шығыс септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар Көмектес септік тұлғасындағы сөздермен тіркесетін шылаулар Сайын, үшін, арқылы, секілді, сияқты, тәрізді, сықылды, туралы, жайында, жөнінде, жайлы, шақты, шамалы, қаралы. Шейін, дейін, таман, тарта, жуық, қарай, салым, таяу. Соң, әрі, кейін, бұрын, бері, гөрі Қатар, бірге, қабат, қоса.Септеулік шылау түрлерінің кестесі  

6Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас

6 слайд
6Жалғаулық шылаулар сөз  бен  сөзді, сөйлем  мен  сөйлемді байланыстырады.  Жалғаулықтар  бірыңғай мүшелердің  немесе  салалас құрмаластың сыңарларын  төмендегі мағыналық қатынаста байланыстырады: 1. Ыңғайластық қатынасты  білдіретін  жалғаулықтар :  мен, бен, пен, менен, бенен, пенен, да, де, та, те, және, әрі. 2. Қарсылықтық қатынасты  білдіретін  жалғаулықтар:  бірақ, алайда, дегенмен, әйткенмен, сонда да, әйтпесе. 3. Талғаулықты  немесе  кезектестік  мәнді білдіретін  жалғаулықтар:  әлде, біресе, кейде, яки, бірде, я, не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса. 4. Себеп-салдарлық қатынасты  білдіретін  жалғаулықтар:  себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.

7Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықт

7 слайд
7Жалғаулық шылау түрлерінің кестесі Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар Талғаулықты және кезектес қатынасты білдіретін жалғаулықтар Себеп- салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар Мен, бен, пен, және, әрі, да, де, та, те бірақ, алайда, дегенмен, әйтседе, әйткенмен я, яки, я (не) болмаса, не, немесе, әлде, болмаса, кейде, бірде, біресе Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті

8Демеулік шылаулар сөзге немесе сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеулікт

8 слайд
8Демеулік  шылаулар  сөзге  немесе  сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән, нақтылау мәнін үстейді. Демеуліктер  сөзге не сөйлемге үстейтін мағынасына қарай  алты  түрге бөлінеді: 1. Сұраулық  демеуліктер:  ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі) . Мысалы,  барасың ба? – барамысың? келесің бе? – келемісің? көріп пе ең? – көріппісің? айтып па ең? – айтыппысың? 2. Күшейткіш  демеуліктер:  -ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, - те.  Мысалы,  Осы-ақ, досым-ай, қарағым-ау, Тілек те келді. 3. Шектік (тежеу)  демеуліктері:  ғана (қана) тек . Мысалы,  тек қана, сен ғана. 4. Болжалдық  демеуліктер:  -мыс, -міс.  Мысалы,  болыпты-мыс, өмір сүріпті-міс. 5. Болымсыздық  немесе  қарсы мәнді салыстыру демеуліктері:   түгіл, тұрсын, тұрмақ.  Мысалы,  Ол түгіл, сен тұрмақ. 6. Нақтылау мәнді  демеуліктер :   қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті.  Мысалы,  сол ғой, айтқан-ды, көрген-ді.

9Сұраулық демеулік тер Күшейткіш демеулік тер Шектік (тежеу) демеулік тері Болжал дық демеулік тері Болым сыздық немесе қа

9 слайд
9Сұраулық демеулік тер Күшейткіш демеулік тер Шектік (тежеу) демеулік тері Болжал дық демеулік тері Болым сыздық немесе қарсы мәнді, салысты ру демеулік тері Нақтылау мәнді демеулік тер ма, ме, ба, бе, па, пе, ше -ақ, -ау,-ай, да, де, та, те ғана, қана, тек, -ақ -мыс, -міс түгіл, тұрсын, тұрмақ, екеш қой, ғой,- ды, -ді

10Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс бе

10 слайд
10Және, мен, бен, пен  шылаулары сөз  бен  сөзді,  сөйлем  мен  сөйлемді   байланыстыруда  қолданылады  да,  ешқандай  тыныс белгісі қойылмайды.  Мысалы,  Абай мен Мұхтар және Шәкәрім – қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар. Мен, бен, пен  жалғауы  көмектес септік  жалғауымен  сырт тұлғасы жағынан ұқсас,  алайда  олардың  бір-бірінен  жазуда айырмашылығы  бар.  Көмектес септік  жалғауын  түсіріп айтуға болмайды.  Мысалы,  Жақсымен жолдас бол   деген   сөйлемді  Жақсы жолдас бол  деп  айтуға  болмайды.  Ал  шылауды түсіріп айта аламыз .  Мысалы,  Жақсы мен жаман  дегенді  жақсы, жаман  немесе  жақсы және жаман  деп  айтуға  болады. Да, де, та, те  шылаулары  сөзден  бөлек жазылады.  Да, де, та, те  жалғаулығы  сырт тұлғасы жағынан жатыс септік жалғауымен тұлғалас.  Жатыс  септік  жалғауы  сөзге жалғанып, бірге жазылады ,  оны  түсіріп айтуға  болмайды.  Ал  шылау  бөлек жазылады  және  оны  түсіріп  немесе  басқа жалғаулықпен алмастыруға болады .   Мысалы,  Жасымда ғылым бар деп ескермедім.  –  Жасым ғылым бар деп ескермедім  деп да  жатыс  септік  жалғауын  түсіріп  айтуға  болмайды.  Ал  Жас та, кәрі де риза дегенді Жас пен кәрі немесе жас, кәрі риза  деп  айта  аламыз.

11Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауы сөйлемге сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды да, өзі тіркескен сөзден бөлек жазылад

11 слайд
11Ма, ме, ба, бе, па, пе  шылауы сөйлемге  сұрау мәнін үстеп, сұраулы сөйлем жасайды  да, өзі тіркескен сөзден  бөлек  жазылады. Бұл шылау сыртқы тұлғасы жағынан  - ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе болымсыз етістік   жұрнағымен  ұқсас келеді. Шылау  бөлек  жазылады да, болымсыз етістік жұрнағы түбірге  қосылып бірге  жазылады. Кейде бұл шылау - мы, -мі, - бы, -бі, -пы, -пі  түрінде өзгеріп, сөзге қосылып бірге жазылады. Мысалы, –  Әкесісіз  бе ? –  Әкесі мі сіз? -ақ, -ау, -ай, -мыс, -міс, -ді, -ды  демеуліктері  дефис  арқылы жазылады. Мысалы,  Өзің-ақ бара бер. Күннің суығын-ай. Ертеде бір балықшы болыпты-мыс. Қарағым-ау, неге кешіктің? Бұл жерде бұрын да болған-ды,  т.б.

12Жаңа білімді бекіту Оқулықпен жұмыс Шылау сөздердің түрлеріне сөйлемдер жазып, талдау жасау

12 слайд

13Үйге тапсырма Шылау сөздердің түрлеріне көркем шығармадан сөйлемдер жазып, морфологиялық, синтаксистік талдау жасау

13 слайд

14Рефлексия «3 – 2 – 1» әдісі  Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат.  Қиындық тудырған 2 аспект.  Сабақ барысында туындаған 1

14 слайд
14Рефлексия «3 – 2 – 1» әдісі  Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат.  Қиындық тудырған 2 аспект.  Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ.

Назарларыңызға рақмет! 15

15 слайд
Назарларыңызға рақмет! 15

15 слайд

Назарларыңызға рақмет! 15

Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ