Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
СУРЕТ САЛУДЫҢ
ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІС
- ТӘСІЛДЕРІН
ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ
БАЛАЛАРДЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
ТӘРБИЕШІ: ҚҰДАЙБЕРГЕН АЙДАНА
АҚЕДІЛҚЫЗЫ
1 слайд
СУРЕТ САЛУДЫҢ ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІС - ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ТӘРБИЕШІ: ҚҰДАЙБЕРГЕН АЙДАНА АҚЕДІЛҚЫЗЫ
2 слайд
Мақсаты
Балаларды дәстүрден тыс сурет салудың әдіс –
тәсілдерімен таныстыру, қолдану тиімділігін үйрету,
қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру
арқылы сұлулық сезімін ояту, дүниетанымын
қалыптастырып, шығармашылық белсенділігін дамыту,
ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Міндеті
Баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық
жағымды қарым – қатынастарды өз шығармашылығында
бейнелеу арқылы қалыптастыру, түсті, композицияны
қабылдау сезімдерін жетілдіру, қолдың ұсақ қол
моторикасын жетілдіру
2 слайд
Мақсаты Балаларды дәстүрден тыс сурет салудың әдіс – тәсілдерімен таныстыру, қолдану тиімділігін үйрету, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру арқылы сұлулық сезімін ояту, дүниетанымын қалыптастырып, шығармашылық белсенділігін дамыту, ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Міндеті Баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық жағымды қарым – қатынастарды өз шығармашылығында бейнелеу арқылы қалыптастыру, түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру, қолдың ұсақ қол моторикасын жетілдіру
3 слайд
Сурет салу – көркемдік талғам
қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз
халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық
өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға,
рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге,
сүйе білуге баулиды.
Сурет салу өнерінде балалардың өнерді
қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр
сатылы болуына байланысты, сурет салуға
мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім
беру маңызды. Тәрбиеші баланың сұлулықты
қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату,
оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір,
эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға
дейін жетелеп отыруы тиіс.
3 слайд
Сурет салу – көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Сурет салу өнерінде балалардың өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру маңызды. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
4 слайд
Сурет салуға бейімдеу бағыттары:
- айналаны бақылау және қабылдауын
дамыту;
- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер
туындыларымен таныстыру, көркемдік
талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларды меңгерту.
4 слайд
Сурет салуға бейімдеу бағыттары: - айналаны бақылау және қабылдауын дамыту; - бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру; - іскерлік дағдыларды меңгерту.
5 слайд
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық
тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды
бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді.
Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудың
әдіс-тәсілдерін меңгертеді.
Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау,
жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс
бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату
арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру,
таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос
бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға
жаттықтырады.
Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан,
жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу
ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту,
қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін
дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын
ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге
дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын
меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
5 слайд
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұнды сурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу мен қылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
6 слайд
«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу-
алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір
тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін
(қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға
алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы
заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша,
мақта, мата, поролонды қолдануға болады.
«Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы
сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді.
Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда
жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды
көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады.
Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады.
Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон,
көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп.
6 слайд
«Саусақпен сурет салу әдісі»: Саусақпен сурет салу- алақанмен, саусақпен, табанмен бейнелеудің тағы бір тамаша әдісі. Бұл әдіс гуашь, майлы бояудың қасиетін (қанықтық, жұмсақтық) сезінуге көмектеседі. Балаларға алақан немесе саусаққа әр түсті бояу жағу арқылы заттың суретін салу ұсынылады, сондай-ақ таяқша, мақта, мата, поролонды қолдануға болады. «Бастыру әдісі»: Әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балабақша дәстүріне айналып келеді. Аталмыш техника арқылы жұмыс істеу балаларда жағымды эмоция тудырады, таныс тұрмыстық заттарды көркем сурет салуға қолдану мүмкіншілігін ашады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы: жапырақ, түрлі өсімдіктер, поролон, көкөністер, жүн, алақан, қарындаштың теріс бөлігі, жіп.
7 слайд
«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма
көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық
танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың
көз алдында даярланған штамптар даяр сатып
алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі.
Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан
түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы,
дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп
немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын
кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам
көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне
ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру.
«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер
жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен
сурет салуды жатқызуға болады.Бірақ педагог өте
мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін
орынға қою керек.
7 слайд
«Көкөністер бастырмасы»: Балалар бастырма көмегімен салынған бейнеге ерекше қызығушылық танытады. Әсіресе көкөніс қалдығынан балалардың көз алдында даярланған штамптар даяр сатып алғандарға қарағанда қызығушылықты үдете түседі. Картоп, сәбіз, асқабақ қабығынан, және қызылшадан түрлі пішіндер жасауға болады. Мысалы:шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш даярлау;картоп немесе өзге көкөніс қиығында контур жасап, артығын кесу; штампты гуашқа батыру немесе оған қылқалам көмегімен субояу жағу;қағаз немесе мата бетіне ойлаған сурет шығатындай етіп бастыру. «Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек.
8 слайд
8 слайд
9 слайд
9 слайд
10 слайд
10 слайд
11 слайд
11 слайд
12 слайд
12 слайд
13 слайд
13 слайд
14 слайд
14 слайд
15 слайд
Назарларыңызға
рахмет!!!
15 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!