Материалдар / табысты сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

табысты сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде ұсынылып отыр.Әр мұғалім табысқа жету үшін үшін алға ұмтылады. . Сол ұмтылыстың алғашқы бөлімі-осы табысты сабақ болмақ.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
562
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Табысты сабақтың ерекшеліктері

1 слайд
Табысты сабақтың ерекшеліктері

1 слайд

Табысты сабақтың ерекшеліктері

Оқушыларға сабақта оқып- үйрену ұнайды Ол үшін: • әр сабақта көтеріңкі көңіл-күйге негізделінген жағымды психологиялық атмосфер

2 слайд
Оқушыларға сабақта оқып- үйрену ұнайды Ол үшін: • әр сабақта көтеріңкі көңіл-күйге негізделінген жағымды психологиялық атмосфера құрылады, мұғалім мен оқушылар оны сабақтың негізгі міндеттерінің бірі деп түсінеді, • сабақ жағымды көңіл-күй қалыптастырудан, сенім (раппорт) орнатудан басталады, • әр оқушымен, бүкіл сыныппен ұдайы жағымды қарым-қатынас жасалады, • мұғалім негізінен «дос» интонациясын қолданады, • оқушылар тыңдалымды үйренудің негізі деп түсінеді, • оқушылар ұдайы бір-біріне көмектеседі, • сабақта үнемі оқушы үні ескеріледі, яғни мұғалім әр сабақтан соң оқушы- лармен сабақтың қалай өткені туралы сұхбаттасып, олардың ұсыныстарын сабақты жақсартуда қолданады.

Оқушылар не үйрену керектігін жақсы біледі Ол үшін: • мұғалім оқушыларды уәждеуді (мотивациялауды, қызықтыруды) сабақтың мінде

3 слайд
Оқушылар не үйрену керектігін жақсы біледі Ол үшін: • мұғалім оқушыларды уәждеуді (мотивациялауды, қызықтыруды) сабақтың міндетті бөлігі деп санайды, • сабақ басында мақсаттар талқыланып, күтілетін нәтижелер нақтыланады, • оқушылар сабақтағы тапсырмаларды не үшін орындайтындығын түсінеді, өйткені оларға мақсат, критерийлер мен дескрипторлар ұсынылады, • оқушылар үшін нақты тілдік мақсаттар қойылады, • сабақ басында оқушыларға «мұзжарғыш» («сәбіз») сұрақ қойылады, • әр тапсырма мен әр сабақ рефлексиямен (мақсатқа жеткен-жетпегенді талқылау) аяқталады.

Оқушылардың барлығы да жұмысқа белсенді түрде қатысады Ол үшін: • мұғалімдер «Жасасын оқушы!» қағидасын ұстанады, яғни сабақт

4 слайд
Оқушылардың барлығы да жұмысқа белсенді түрде қатысады Ол үшін: • мұғалімдер «Жасасын оқушы!» қағидасын ұстанады, яғни сабақта оқушыларды жасату керек, оқушы бірінші орында, • мұғалімнің басты міндеті – барлық оқушыларды белсенді әрекеттер жасауға ынталандыру, • сабақ қызықты проблемалық сұрақтан (тапсырмадан) басталады, • Джон Хэттидің «20%:80%» қағидасын ұстану, яғни мұғалім аз сөйлеп және әрекет жасап (сабақ уақытының 20% ғана), оқушыларға сөйлеу мен әрекет жасау мүмкіндігін ұсынады.

Оқушылар табыс пен сәттілік арқылы үйренеді Ол үшін: • оқушының жетістіктері басқа балалардың табыстарымен салыстырылмай, тек

5 слайд
Оқушылар табыс пен сәттілік арқылы үйренеді Ол үшін: • оқушының жетістіктері басқа балалардың табыстарымен салыстырылмай, тек өзінің бұрынғы деңгейімен салыстырылады, • барлық оқушылардың әрбір жетістігі байқалып, жарияланады, қуатталады, • жетістіктерді бекіту үшін оларға талдау мен комментарий жасалады, кері байланыс беріледі, • оқушылардың өз мүмкіншіліктеріне деген сенімін арттырып, оларда жеңімпаз психологиясын қалыптастырылады, • сыныпта әр оқушының есімі 21 реттен кем емес, ал мектепте 1 реттен кем емес мөлшерде көрініс табады (оқушының қабырғаға ілінген жұмыстарынан, фотолардан, суреттерден, т.б.).

«Жасасын қате!» қағидасын ұстану Ол үшін: • қате - кемшілік пен сәтсіздік емес, «қателесу мен туындаған кедергілер - өсу мен

6 слайд
«Жасасын қате!» қағидасын ұстану Ол үшін: • қате - кемшілік пен сәтсіздік емес, «қателесу мен туындаған кедергілер - өсу мен дамудың, жақсарудың қажетті алғышарттары» деп қабылдау, олардан пайдалы қорытынды шығарылады, • «қате идеал тудырады» деп түсініледі, • оқушылардың қателерін байыппен, түсінушілікпен қабылданады, • оқушылар дұрыс жауапқа бағытталады: оларға көмектесу, сұрақтар қою, кері байланыс ұсынылады, • өздігімен қателерді түзеу мүмкіндігін беріледі.

Бағалау оқу мен үйрену деңгейін тексеруге емес, оқушылардың білімі мен үйренуін дамытуға бағытталған Ол үшін: • «қалыптастыруш

7 слайд
Бағалау оқу мен үйрену деңгейін тексеруге емес, оқушылардың білімі мен үйренуін дамытуға бағытталған Ол үшін: • «қалыптастырушы бағалау - әр оқушыға сабақ мақсатына жетуге көмектесу» деп түсініледі, • оқушылардың әрбір әрекетін бақылау, оған талдау жасап, кері байланыс беріледі, • кері байланысты жұмысты жақсарту (тапсырманы дұрыс орындау) мақсатында берілген ұсыныс деп түсініледі, ол үйренудің негізі деп қабылданады, • оқушыларға өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалау тапсырмалары ұсынылады, бұл әрекет қолдау табады, • мұғалім тарапынан және оқушылардың бір-біріне қойған сұрақтары оқушылардың ойлауын айқындап, нақтылап, кеңейтуге бағытталады,

Бағалау оқу мен үйрену деңгейін тексеруге емес, оқушылардың білімі мен үйренуін дамытуға бағытталған • әрбір тапсырма мен әрек

8 слайд
Бағалау оқу мен үйрену деңгейін тексеруге емес, оқушылардың білімі мен үйренуін дамытуға бағытталған • әрбір тапсырма мен әрекеттің орындалуына талдау жасалып, оның «плюстері» мен «минустарының» себептері талқыланып, әрі қарай не жасау керектігі, жұмысты қалай жақсартуға болатындығы нақтыланады, • мұғалім сыныптағы әр оқушыға назар аударып, оған көңіл бөледі, оның табысты түрде үйренуіне мүдделі болады, • оқушылар өздерінің әр жұмысын жақсартуға мүдделі болады, олар өркендеудің шегі жоқ екендігін түсінеді, • әр сабақтан кейін мұғалім 2-3 оқушымен 2-3 минуттық кәсіби сұхбат жүргізіп, олармен сабақты талдап, оны жақсарту жолдарын талқылайды.

Аудиалды, визуалды, кинестетикалық материалдар мен тапсырмаларды қолдану Ол үшін: • тапсырмалар «қарау, тыңдау, сезіну» ауқымы

9 слайд
Аудиалды, визуалды, кинестетикалық материалдар мен тапсырмаларды қолдану Ол үшін: • тапсырмалар «қарау, тыңдау, сезіну» ауқымында ұсынылады, • тақтада көп жазылады, сызылады, • оқу материалдары жазба, сызба, кесте, диаграмма, сурет, слайдтар, видео арқылы ұсынылады, • ұғымдардың суреті салынады, • салыстыру тапсырмалары жиі ұсынылады.

Оқушылар бірін-бірі үйретеді Ол үшін: • әр сабақта бірлескен жұмыс әрекеттері (топтық, жұптық, сыныптық) ұйымдастырылады, • оқу

10 слайд
Оқушылар бірін-бірі үйретеді Ол үшін: • әр сабақта бірлескен жұмыс әрекеттері (топтық, жұптық, сыныптық) ұйымдастырылады, • оқушылар үйренудің ең тиімді әрекеттерінің бірі – басқаларды үйрету екендігін түсінеді, • оқушылар үйренуде бір-біріне жағымды тұрғыдан тәуелді екендігін түсінеді, • оқушыларға әр сабақта бірін-бірі тексеру мүмкіндігі беріледі, • әр сабақта бір-екі оқушы мұғалімнің ассистенті рөлін орындайды, • оқушылардың әрқайсысы оқу жылында кемінде бір рет толық сабақ (40 минут) жүргізеді, • оқушылар басқаларға көмектесуді тамаша адами қасиет деп түсінеді.

Сабақ пен кез келген тапсырма рефлексиямен аяқталады Ол үшін: • әр тапсырма оның қалай орындалғанын қорытындылаумен аяқталады,

11 слайд
Сабақ пен кез келген тапсырма рефлексиямен аяқталады Ол үшін: • әр тапсырма оның қалай орындалғанын қорытындылаумен аяқталады, • сабақ соңында мақсаттарға жеткен-жетпегендігін талқылап, оның дәлелдерін келтіру, білгендерін бағалау, • өз білімдері мен дағдыларын қалай дамыту керектігін айқындау, • оқушылар алған білімдерін болашақта қашан, қайда және қалай қолданатындығын талқылайды.

Оқушылар өзін-өзі басқарады Ол үшін: • әр сыныпта оқушылар өздігімен бірлесе жұмыс жасау және тыңдау ережелері құрастырып, олар

12 слайд
Оқушылар өзін-өзі басқарады Ол үшін: • әр сыныпта оқушылар өздігімен бірлесе жұмыс жасау және тыңдау ережелері құрастырып, оларды қабылдайды, ұстанады, • сынып старосталары әр жарты жылда кезекпен ауыстырылып, әр оқушыға көшбасшы болу мүмкіндігі беріледі, • сабақты негізінен кезекші оқушылар жүргізеді, олар мұғалімнің басты көмекшілері болады, • балаға ықпал өзге балалар арқыылы жасалады, • мектеп пен сыныпта туындаған мәселелердің барлығы да (үлгерім, тәртіп, шаруашылық, т.б.) оқушылардың қатысуымен шешіледі.

Табысты сабақтың ерекшеліктері 1. Оқушыларға сабақта оқып-үйрену ұнайды. 2. Оқушылар не үйрену керектігін жақсы біледі. 3. Оқу

13 слайд
Табысты сабақтың ерекшеліктері 1. Оқушыларға сабақта оқып-үйрену ұнайды. 2. Оқушылар не үйрену керектігін жақсы біледі. 3. Оқушылардың барлығы да жұмысқа белсенді түрде қатысады. 4. Оқушылар табыс пен сәттілік арқылы үйренеді. 5. «Жасасын қате!» қағидасын ұстану. 6. Бағалау оқу мен үйрену деңгейін тексеруге емес, оқушылардың білімі мен үйренуін дамытуға бағытталған. 7. Аудиалды, визуалды, кинестетикалық материалдар мен тапсырма- ларды қолдану. 8. Оқушылар бірін-бірі үйретеді. 9. Сабақ пен кез келген тапсырма рефлексиямен аяқталады. 10. Оқушылар өзін-өзі басқарады.