Материалдар / "Талас ауданынан шыққан атақты адамдар " презентация
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Талас ауданынан шыққан атақты адамдар " презентация

Материал туралы қысқаша түсінік
талас ауданынан шыққан атақты адамдар туралы түсінік беріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2018
970
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Талас ауданынан шыққан өнер адамдары

1 слайд
Талас ауданынан шыққан өнер адамдары

Айтыскер ақындары

2 слайд
Айтыскер ақындары

Шорабек Айдаров Шорабек Айдаров 1955 жылы туылған, Талас ауданы Ойық ауылы – айтыс ақыны. Ақындығымен жастайынан кө

3 слайд
Шорабек Айдаров Шорабек Айдаров   1955  жылы туылған,   Талас ауданы   Ойық ауылы – айтыс ақыны. Ақындығымен жастайынан көзге түсіп, кейін айтыс өнерінде өзіндік ерекшелігімен танылды. Қазіргі уақытта өзінен кейінгі жастарды айтыс өнерінің қыр-сырына баулып, қазақ халқының дәстүрлі айтыс түрлерін дамытуға үлес қосып келеді.  Ілияс Жансүгіровтің  100 жылдық, Мұқағали Мақатаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған респ. айтыстардың жеңімпазы.  

Қамбатыров Ербол Дәулетұлы Ербол Қамбатыров - 22.04.1964 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ау

4 слайд
Қамбатыров Ербол Дәулетұлы Ербол Қамбатыров - 22.04.1964 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген - айтыскер-ақын. Халқымыздың ұлттық өнері мен салт- дәстүрінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген айтулы асаба. Қазақстан Республикасы Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі. «ҚР Мәдениет саласының үздігі». Аудан футболшылары “Намыс” Ардагерлер клубының мүшесі, шебер (вратарь ) қақпашы. Аудан орталығында өткізілетін облыстық, республикалық, халықаралық спартакиадалар мен дәстүрлі бокс, футбол турнирлерінің, түрлі спорттық шаралардың ақпараттық төрешісі.Талас аудандық Бокс федерациясының мүшесі. 1988-2012 жылдар аралығындағы облыстық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері. 1991-1993 жылдары Алматы, Павлодар, Ақтөбе қалаларында өткен республикалық ақындар айтысының жүлдегері. 1993 жылғы Төле бидің 330 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының бас жүлдегері. Қ. Рысқұлбековты еске алуға арналған халықаралық айтыстың, Тараздың 2000 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысының, А.Асқаровтың 85 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысының жеңімпазы.

Досалы Есет Жаңабайұлы Есет Жаңабайұлы Досалы Қазақстан журналистер одағының мүшесі

5 слайд
Досалы Есет Жаңабайұлы Есет Жаңабайұлы Досалы Қазақстан журналистер одағының мүшесі 1977 жылы 9 наурызда Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында туған. Айтыскер ақын. 1993 жылы аудандық, облыстық оқушылар айтысының бас жүлдегері атанды. Облыстық «Наурыз» айтысының бас жүлдегері (2002), Таразда «Ақ орда» қозғалысының қолдауымен өткен «Елбасы Жолдауы-халықтың қолдауы» атты республикалық айтыста ІІІ орын (2005), Облыстық жастар айтысында бас жүлде (2005), осы жылы Талдықорғанда өткен С.Аронұлының 190 жылдығына орай өткен халықаралық ақындар айтысында Қалқа Жапсарбаев атындағы арнайы сыйлықты иеленді. Облысаралық телеайтыстың ІІІ орын (2008), Еліміздің Тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай өткен облыстық ақындар айтысының бас жүлде (2011), Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында өткен республикалық айтыстың ІІ – орын (2013) иегері. Қазіргі таңда облыстық «Арай» жастар газетінде аға тілші болып еңбек еетеді. Әңгіме, өлеңдері республикалық газет- журналда жарияланып тұрады. ҚР Журналистер одағының мүшесі, облыс әкімінің 2009 жылғы «Әдебиет» аталымы бойынша жастар сыйлығының лауреаты.  

Ақын жазушылары

6 слайд
Ақын жазушылары

Оспанәлі Иманалиев ИМАНАЛИЕВ ОСПАНӘЛІ (1927–1997) 21 желтоқсанда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында туған.

7 слайд
Оспанәлі Иманалиев   ИМАНАЛИЕВ ОСПАНӘЛІ (1927–1997) 21 желтоқсанда Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында туған. 1948 жылы Жамбыл зоотехникалықмалдәрігерлік техникумын бітірген. Зоотехник, Талас аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болған. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті мен «Ара» журналында бөлім меңгерушісі болған. Қаламгерлік жолын 50жылдардың соңында бастаған. Сатиралық, лирикалық, прозалық шығармалары ондаған кітап болып жарияланды. «Жалын» бәйгесінің екі рет жүлдегері. Крылов мысалдарын қазақ тіліне аударған. Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Отан ұлы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Бұйрық пен сыйлық. Сықақтар. А., «Жазушы», 1968; Сәуір. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Соқырішек. Сықақтар. А., «Жазушы», 1973; Маймамыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сыңар кебіс. Әзілсықақ әңгімелер мен повесть. А., «Жазушы», 1977; Егізбүйрек. Сықақтар. А., «Жазушы», 1977; Байқадам. Повесть. А., «Жалын», 1980; Жаннат жер. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1981; Жабық конверт. Әзілсықақ әңгімелер. А., «Жазушы», 1983; Парыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985.

Нарша Қашағанұлы Нарша Қашағанұлы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы

8 слайд
Нарша Қашағанұлы   Нарша Қашағанұлы Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Жамбыл облысының Байзақ, Жамбыл және Талас аудандық газеттерінде аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Шапағат» ұлттық газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған. Талас аудандық әкімдігі Тіл басқармасының бастығы, ұлт саясаты жөніндегі комитет төрағасы, аудандық мәдениет басқармасының бастығы болды. Бірнеше аймақтық және республикалық жыр бәйгелерінің жүлдегері. 1998 жылы алғашқы «Өлеңге менің дағы бар таласым» атты жыр кітабы республикалық «Санат» баспасынан жарыққа шықты. Бұл жинаққа ақынның қазір әнші Асқар Жүнісбековтің орындауында елге кеңінен танымал болған «Хат жазып тұр» әнінің мәтіні енген. Өлеңге ән сол жылы жазылады. Сазгер Әуезхан Салабековтің ақын Наршаның өлеңіне жазған алғашқы әні – осы «Хат жазып тұр» болып табылады. Сазгер бұдан кейін ақынның «Анда-санда», «Мен енді өмірге ғашықпын», «Бақыттымыз бәріміз», «Анама» өлеңдеріне әндер жазады. 1999 жылы аталмыш баспадан «Аманатқа адалдық» (Ә.Көпбергенмен бірге) атты сыр-сұхбат кітабы жарық көрген. Одан кейінгі жылдарда әртүрлі баспалардан «Жақсылық жаса адамға», «Туған ел тұлғалары» атты кітаптары басылып шықты. Көптеген эсселері, әдеби портреттер мен мақалалары республикалық басылымдарда жарияланған. Ақиық ақын Нарша Қашағановтың шығармашылығындағы тарихи тұлғаларға арналған жырлар – айшықты әрі ойлы шыққан. Әсіресе, Бөлтірік шешен, Есей би және Саурық батыр жайындағы жырлары, батыр Бауыржанға арнаған өлеңдері айрықша. Нарша ақын сонымен қатар Д.Қонаевпен жүздесіп, сөзін тыңдап, оған біраз жырларын арнаған. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Жазушы» баспасынан «Елде тұрам» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты. Нарша Қашағанұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Талас ауданының құрметті азаматы, Д.А.Қонаев қорының Талас аудандық филиалының директоры. Қазіргі кезде Талас аудандық  тарихи-өлкетану музейінің директоры болып қызмет атқарады. Бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған. Отбасылы. Жұбайы Б.Тұрабай – ғылыми қызметкер, 3 ұлы жоғары білімді, әр салада қызмет істейді.           Шығармалары: - Елде тұрам. Өлеңдер (2009 жыл); - Жақсылық жаса адамға. Жыр кітабы (2008 жыл); - Өлеңге менің дағы бар таласым (1998 жыл).

Күләш Ахметова К. Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орт

9 слайд
Күләш Ахметова   К. Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы» газетінде, 1973-1977 жылдар аралығында республикалық «Қазақстан пионері» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдар аралығында «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде меңгеруші, редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. 1997 жылы жарық көрген «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленді. К.Ахметованың өлең-жырлары бірнеше түркі халықтарының тілдеріне (өзбек, башқұрт, қырғыз және т.б.), сондай-ақ орыс, украин, белорус тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген.   К.Ахметова – А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалаған аудармашы-ақын. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры – ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған. Тараз қаласының құрметті азаматы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері. Тәуелсіздіктің он жылдығына арналған републикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.       Шығарамалары: - Ақ гүлім менің. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1975 жыл; - Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1977 жыл; - Жапырақ – жаздың жүрегі. Өлеңдер, Алматы, «Жазушы» баспасы, 1979 жыл; - Мейрім. Өлеңдер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1981 жыл; - Бұлақтағы жұлдыздар. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1982 жыл; - Ләйлектер қайтып келгенде (орыс тілінде). Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1985 жыл; - Арғымақтар даласы. Өлеңдер. Алматы, «Жалын» баспасы, 1987 жыл; - Дауылдан кейінгі жорық. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1990 жыл; - Наурыз нұры. Өлеңдер. Алматы, «Жазушы» баспасы, 1991 жыл; - Күн шыққанда күліп оян. Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1996 жыл; - Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997 жыл. К.Ахметованың бұдан басқа «Бақ» (2005 жыл), «Құт» (2005 жыл), «Махаббат» (2006 жыл) т.б кітаптары жарық көрген.

Серік Томанов Серік Жапарұлы Томанов 04.03.1956 ж, Талас ауданы , Сәду Шәкіров ауылы (қазіргі С.Шәкіров

10 слайд
Серік Томанов   Серік Жапарұлы Томанов  04.03.1956 ж,  Талас ауданы ,  Сәду Шәкіров ауылы  (қазіргі С.Шәкіров атындағы ауылы) – 07.11.2003, Тараз  қаласы–  ақын ,  журналист . ҚазМУ-ді бітірген (1989). «Ленин жолы» (қазіргі «Талас тынысы» газетінің редакциясында еңбек жолын бастады. Алғашқы өлеңдері осында жарияланды. 1990 ж. Алматыдағы «Балдырған» журналының редакциясында қызмет істеді. 2000 ж. «Адасып жүрген ақбөкен едім» деп аталатын жыр жинағы жарық көрді. Бұл жинақ оқырман қауымның жылы лебізіне ие болды. Ақынның «Аққулар», «Қызыл көйлек киген қыз», «Сатушы қыз», «Аузынан айдың түскен қыз», «Сезімді қайтем тулаған» атты өлеңдеріне сазгерлер ән жазды.

Битама Мырзамбетұлы Битама Мырзамбетұлы 1936 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы жеріндегі Елібай жотасының

11 слайд
Битама Мырзамбетұлы               Битама Мырзамбетұлы  1936 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы жеріндегі Елібай жотасының баурайында, Бөлтірік ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Мамандығы – қаржыгер-экономист.  Битама аға бүкіл еңбек жолында Талас ауданы мен Қаратау қаласында өз мамандығы бойынша әр түрлі жауапты қызметтер атқарып, 1996 жылы зейнеттік демалысқа шыққан. Содан бергі уақытта ағаның өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде үзбей жарияланып келеді. Ақын ағаның бір топ өлеңдері 1999 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан Жамбыл облысы ақын-жазушыларының шығармалар жинағына енген. 2001 жылы «Сенім» баспасынан «Жыр-Ғұмыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. 2002 жылы «Арман-ай» повесі оқырмандар қолына тиіп, прозаға да икемділігін паш етті.  «Ақыл қазы – ар таразы», «Ой – тоғыс», «Өмір өрнектері», «Ғұмыр дария», «Бір атаның балалары» кітаптарының авторы. Битама Мырзамбетұлы – сазгер-ақын, жазушылар, журналистер одағының мүшесі, Талас ауданының құрметті азаматы болған. 2015 жылы 14 маусымда 80 ге қарған шағында дүниеден озды.    

Болат Бекжанов Болат Бекжанов 1958 жылы 4 қарашада Жамбыл облысы , Талас ауданы , Ойық ауылында

12 слайд
Болат Бекжанов   Болат Бекжанов 1958  жылы 4 қарашада  Жамбыл облысы ,  Талас ауданы , Ойық ауылында туған. Жамбыл мәдени-ағарту училищесін, Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған. Еңбек жолын  1978  жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы қазақ драма театрында актер болып бастаған.  1982  жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық кеңшарының Мәдениет үйінің директоры, халық театрының режиссері болып қызмет еткен.  1989  жылдан облыстық телерадио комитетіне режиссер, редактор, аға редактор,  «Ақ жол»  газетінде тілші,  «Шабыт»  гуманитарлық-этнографиялық бірлестігінде ұйымдастырушы, облыстық денсаулық сақтау департаментінде баспасөз орталығының жетекшісі, облыстық «Ақ жол» газетінің әдеби қызметкері, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі — баспасөз жөніндегі хатшысы, облыстық  «Ақ жол»  газетінде әдеби қызметкер болып қызмет еткен. Қазір Жамбыл облыстық  «Ар-Ай»  қоғамдық саяси және танымдық жастар газетінің Бас редакторы.

Шона Смаханұлы Шона Смаханұлы (5.10.1924 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Ойық" совхозы) — қазақ ақыны, сықа

13 слайд
Шона Смаханұлы   Шона Смаханұлы (5.10.1924 жылы туған, Жамбыл облысы, Талас ауданы, "Ойық" совхозы) — қазақ ақыны,  сықақшы  1956 жылы Қазақтың Абай атындағы педағогикалық институтының тіл және  әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді. 1942-43 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943-57 жылы педагогикалық қызмет атқарды. " Мектеп " баспасында редактор (1957-58), " Қазақстан мүғалімі " газетінде бөлім меңгерушісі (1958-63), " Ара " журналында фельетонист (1964-68) болды. 1973 жылдан "Жазушы" баспасы поэзия редакциясының редакторы. Шығармалары Шона СмаханҰлы әдеби шығармашылықпен 1950 жылдан шүғылдана бастады. "Тотияйын" атты туңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан бергі СмаханҰлының "Шимайбек пен Шыңқетпе" (1960), "Қу түлкінің сыбағасы" (1961), "Көріп жүр ғой көздері" (1965), "Үры тіс" (1967), "Үр, тоқпағым, үр" (1970), "Айға ...