Тақырыбы: ЖҚТБ - ғасыр індеті.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тақырыбы: ЖҚТБ - ғасыр індеті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің
дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050»
стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты
бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни,
мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының
бірі халық денсаулығын нығайту.
Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту
мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде
шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас
жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің
болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай
болса, біздің болашағымыз неге байланысты?
1 слайд
Тақырыбы: ЖҚТБ - ғасыр індеті. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өздеріңізге белгілі еліміздің дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтауды басты бағдар ретінде қарастырғанын білесіздер. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту. Адамның ақыл – ойын, денсаулығын, қабілетін дамыту мәселелеріне тікелей қатысы бар маңызды еңбектерінде шығыстың әйгілі ойшыл – ғалымы Әл – Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», – деген екен. Олай болса, біздің болашағымыз неге байланысты?
2 слайд
АҚТҚ-ЖҚТБ дегеніміз не?
Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982
жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк
Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам
иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді.
СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары
Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда
алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге
жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола
облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген.
1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын
жүргізе бастады.
АҚТҚ – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әртүрлі
жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі
жасушаларын зақымдайды.
ЖҚТБ – жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат.
ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан
толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына
қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда
жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас
тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.
2 слайд
АҚТҚ-ЖҚТБ дегеніміз не? Бұл дерт, яғни жұқтырылған иммунитет тапшылығы белгісі туралы ең алғаш рет адамдар 1982 жылы естіді. 1983-1984 жылдары американ ғалымы Роберт Галло мен француз ғалымы Люк Монтонье бір мезгілде бұл аурудың қоздырғышын анықтады. 1986 жылы бұл ауруға «Адам иммун-тапшылығының вирусы» деген ат берді. СПИД 1950 жылдары Африка аумағында белгі беріпті.Содан жылжып 1970 жылдары Америкаға да жеткен. «Құлақ естігенді, көз көреді»-деген. Көп күттірген жоқ, Қазақстанда алғаш сырқат 1987 жылы анықталды. Елімізде бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында 200-ге жуық адам СПИД вирусын жұқтырған. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,Алматы және Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш екі еселенген. 1987 жылы 23 сәуірде СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығы құрылып, өз жұмысын жүргізе бастады. АҚТҚ – адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы – ағзаны әртүрлі жұқпалардан қорғайтын қорғаныс жүйесін зақымдайды. АҚТҚ қорғаныс жүйесінің белгілі жасушаларын зақымдайды. ЖҚТБ – жұқтырған қорғаныс тапшылық белгілері. АҚТҚ-мен байланысты туындайтын сырқат. ЖҚТБ – АҚТҚ жұқпасының соңғы сатысы. Бүгінгі таңға дейін АҚТҚ және ЖҚТБ-дан толықтай айықтыратын дәрі-дәрмек табылмай отыр. Қоздырғыш адам ағзасында өмір бойына қалады. Өкінішке орай, кез келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтырып алуы мүмкін, алайда жұқтыруға әкеліп соқтыру жолдары туралы шынайы ақпаратқа сүйеніп ,тәуекелден бас тартсаң, АҚТҚ және ЖҚТБ-ның таралуының алдын алуға болады.
3 слайд
АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады:
1. АҚТҚ-мен зақымданған донордың
қанын құйғанда немесе мүшелері мен
ұлпаларын салғанда.
2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген
кезде ине мен щприцтерді бірге
қолданғанда.
3. Медициналық манипуляциялар кезінде
залалсыздандырылмаған құралдарды
пайдаланғанда.
4. Жыныстық қатынас арқылы
3 слайд
АҚТҚ төмендегі жолдармен жұғады: 1. АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен ұлпаларын салғанда. 2. Қан тамырларына есірткілерді енгізген кезде ине мен щприцтерді бірге қолданғанда. 3. Медициналық манипуляциялар кезінде залалсыздандырылмаған құралдарды пайдаланғанда. 4. Жыныстық қатынас арқылы
4 слайд
АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда
жұқпайды:
- Қол алысып, құшақтасқанда
— Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана
заттарынан
— Төсек жабдықтары мен киімнен
— Темір және қағаз ақшадан
— Су мен ауадан
— Ойыншықтардан, қолданыстағы
заттардан
— Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан
— Жәндіктердің шағуынан
— Моншада, саунада, бассейінде
— Бой жазу, т.б.
4 слайд
АҚТҚ төменде көрсетілген жағдайда жұқпайды: - Қол алысып, құшақтасқанда — Ыдыс-аяқтан, тамақтан, дәретхана заттарынан — Төсек жабдықтары мен киімнен — Темір және қағаз ақшадан — Су мен ауадан — Ойыншықтардан, қолданыстағы заттардан — Есік тұтқасы мен көліктегі ұстағыштан — Жәндіктердің шағуынан — Моншада, саунада, бассейінде — Бой жазу, т.б.
5 слайд
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге
болады?
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы
келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды
зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана
анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар
екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған
қарсы ендірілген антидене пайда болғанда
анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш
енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы
ақуыздар.
Ауру қалай асқынады?
5 слайд
Адамның АҚТҚ-мен зақымданғанын қалай білуге болады? Адамның АҚТҚ-мен зақымданғандығын сыртқы келбетінен біле алмайсыз. АҚТҚ жұқпасын қанды зертханалық зерттеуге тапсыру арқылы ғана анықтауға болады. Ағзада қоздырғыштың бар екендігі қоздырғыштың табылуынан емес, оған қарсы ендірілген антидене пайда болғанда анықталады. Антиденелер – ағзаға қоздырғыш енгенде, оған қарсы пайда болатын арнайы ақуыздар. Ауру қалай асқынады?
6 слайд
АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру.
Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7
жыл ішінде білінеді.
Аурудың алғашқы белгілері қандай?
Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа
түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын
білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы
ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа
да сырқаттар қосылады.
6 слайд
АҚТҚ жұқпасы – бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде білінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғандығын білдірмейді. Алайда, арнайы емделмесе, жұқпалы ауру әрі қарай дами түседі де, ЖҚТБ-ға әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.
7 слайд
Ситуациялық жағдай:
Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не
істейсіз?
Көмек көрсететін адамға ұсыныс:
Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің
көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін
қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек.
Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік
қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият
жуыңыз.
Топқа жаңадан бала келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен
ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай
болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз?
Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша
береміз» десе не істер едің?
7 слайд
Ситуациялық жағдай: Сіз қансырап жатқан адамға бірінші көмек көрсетуіңіз қажет. Сіз не істейсіз? Көмек көрсететін адамға ұсыныс: Жараны таза, қалың матамен қатты танып байлаңыз. Қанның сіздің көзіңізге, аузыңызға немесе зақымдалған теріңізге түспеуін қадағалаңыз. Қан аққан жерден жоғарырақ таңбаны тағу керек. Шұғыл түрде медицина қызметкерімен байланысыңыз. Дәрігерлік қызмет көрсеткеннен кейін қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз. Топқа жаңадан бала келді. Біраз уақыт өте оның СПИД-пен ауыратынын естідіңіз? Ол баламен қарым-қатынастарыңыз қандай болады деп ойлайсыз? Ол балаға қандай кеңес берер едіңіз? Сіз ақшадан қатты қысылған сәтте «Есірткіні сатсаң көп ақша береміз» десе не істер едің?
8 слайд
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз
асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге
епті де есті емші
1. Ауырып ем іздегенше , ( ..............................)
2. Ішпеген, шылым шекпеген, (.........................................)
3. Қайғы қартайтады. (..........................................................)
4. Адам арақты ішеді, (.................................................. )
5. Жасында темекісін будақтатқан, ( ................................................)
6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (...................................................)
7. Тыста ұзақ жүргенің, (...............................................)
8. Ішпеген, шылым тартпаған, (..................................................)
Қорытынды:
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған.
Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды
аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты,
сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!
8 слайд
Мақал – мәтелдер – ғасырлар бойы сұрыпталып, салмақтанып, кемелденген сөз асылы, парасатты, тәрбиелі, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, сонымен бірге епті де есті емші 1. Ауырып ем іздегенше , ( ..............................) 2. Ішпеген, шылым шекпеген, (.........................................) 3. Қайғы қартайтады. (..........................................................) 4. Адам арақты ішеді, (.................................................. ) 5. Жасында темекісін будақтатқан, ( ................................................) 6. Арақ- ішіп ішіне көшеді, (...................................................) 7. Тыста ұзақ жүргенің, (...............................................) 8. Ішпеген, шылым тартпаған, (..................................................) Қорытынды: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегендіктің белгісі.Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе беріңіздер!