Тақырып: Массаж
Тақырып: Массаж

#1 слайд
Қазақстан
Республикасының
Денсаулық сақтау
Министрлігі Орта Азиялық
медициналық
колледжі
Тақырыбы: МАССАЖ.
Орындаған: Сайдилаханова Донохон
Фазилхановна
1 слайд
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі Орта Азиялық медициналық колледжі Тақырыбы: МАССАЖ. Орындаған: Сайдилаханова Донохон Фазилхановна
#2 слайд
ЖОСПАР:
I. Кіріспе .
II. Негізгі бөлім:
1. Массаж туралы жалпы түсінік.
2. Массаждың тарихы.
3. Массаж бөлмесіне қойылатын
талаптар.
4. Массаждың организмге әсері.
5. Массаж түрлері .
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
2 слайд
ЖОСПАР: I. Кіріспе . II. Негізгі бөлім: 1. Массаж туралы жалпы түсінік. 2. Массаждың тарихы. 3. Массаж бөлмесіне қойылатын талаптар. 4. Массаждың организмге әсері. 5. Массаж түрлері . III. Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
#3 слайд
МАССАЖ – ФРАНЦУЗ СӨЗІНЕН ШЫҚҚАН, ЫСҚЫЛАУ ДЕГЕН
МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ, ОНЫҢ ТҮПКІ ТАМЫРЫН АРАБ ТІЛІНЕН
АЛҒАН (АРАБША «МАСС» - ЖАҚЫНДАУ, СИПАЛАУ).
3 слайд
МАССАЖ – ФРАНЦУЗ СӨЗІНЕН ШЫҚҚАН, ЫСҚЫЛАУ ДЕГЕН МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ, ОНЫҢ ТҮПКІ ТАМЫРЫН АРАБ ТІЛІНЕН АЛҒАН (АРАБША «МАСС» - ЖАҚЫНДАУ, СИПАЛАУ).
#4 слайд
ТАРИХЫ
Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған,
оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет
қолбасшысының табытының ішінде папирус жапырағына
жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне
түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық
дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған
көрінісі ерекше көзге түседі.
Массаж ертедегі Грекиядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер
Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-128 жж.) массажды
құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр
түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып,
массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің
«Медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға
арнаған. Массаждың өрлеуіне ұлкен көмегін тигізген
дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірімізге дейінгі 131-120жж.).
Итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес,
тіпті әскери жағдайда да кең қолданған.
4 слайд
ТАРИХЫ Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Массаж ертедегі Грекиядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-128 жж.) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне ұлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірімізге дейінгі 131-120жж.). Итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес, тіпті әскери жағдайда да кең қолданған.
#5 слайд
Массаждың денеге тигізетін
әсері
Массаж дегеннің өзі адам денесіне
мөлшермен берілетін
механикалық тітіркендіру. Ол
массажистің қолымен немесе
арнайы аппаратпен орындалады.
Осындай тітіркендіруге ішкі
ағзалар, мүшелер қарап қалмай,
өз қызметтерін өзгертіп, массажға
қарсы «жауабын» береді.
Массаждың денеге әсерін, оның
физиологиялық қасиетін атақты
ғалымдар И. М. Сеченов, И. П.
Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А.
Ухтомский т.б. өз еңбектерінде
айқын көрсеткен.
5 слайд
Массаждың денеге тигізетін әсері Массаж дегеннің өзі адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру. Ол массажистің қолымен немесе арнайы аппаратпен орындалады. Осындай тітіркендіруге ішкі ағзалар, мүшелер қарап қалмай, өз қызметтерін өзгертіп, массажға қарсы «жауабын» береді. Массаждың денеге әсерін, оның физиологиялық қасиетін атақты ғалымдар И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, Н. А. Ухтомский т.б. өз еңбектерінде айқын көрсеткен.
#6 слайд
Массаждың әсері өте тереңде жатыр. Ол –
жүйкелі-рефлекторлы, гуморалды және
механикалық ықпал жасау. Массаж жасағанда
теріде, бұлшыұ етте, буындарда жатқан жүйке
талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми
қабығына беріледі. Әрбір жүйке талшықтары
ұштарының өз аттары бар. Мәселен, теріде –
экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан
шыққандар – проприоцептор, қан
тамырларынан кеткендер – ангиорецептор және
ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп
аталады.
6 слайд
Массаждың әсері өте тереңде жатыр. Ол – жүйкелі-рефлекторлы, гуморалды және механикалық ықпал жасау. Массаж жасағанда теріде, бұлшыұ етте, буындарда жатқан жүйке талшықтары тітіркенеді. Ол тітіркеністер ми қабығына беріледі. Әрбір жүйке талшықтары ұштарының өз аттары бар. Мәселен, теріде – экстрорецептор, бұлшық ет, сіңір, шандырдан шыққандар – проприоцептор, қан тамырларынан кеткендер – ангиорецептор және ішкі ағзалардағы – интерорецептор деп аталады.
#7 слайд
Массаж денедегі барлық сұйық
заттардық қозғалысын арттырады.
Мәселен: қан, лимфа, ұлпааралық
сұйықтың, ұлпалардың өзара
созылуы, орын ауыстыруы т.б.
Механикалық фактор зат алмасуын
арттырып, денедегі тоқыраушылыққа
жол бермейді. Массаж жасаған
жердің ыстығын көтереді. Сонымен
массаждан жүйке импульстары
ағындап, мми қыртысына келеді.
Онда қоздыру және тежеу сияқты екі
түрлі толқын пайда болады
7 слайд
Массаж денедегі барлық сұйық заттардық қозғалысын арттырады. Мәселен: қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтың, ұлпалардың өзара созылуы, орын ауыстыруы т.б. Механикалық фактор зат алмасуын арттырып, денедегі тоқыраушылыққа жол бермейді. Массаж жасаған жердің ыстығын көтереді. Сонымен массаждан жүйке импульстары ағындап, мми қыртысына келеді. Онда қоздыру және тежеу сияқты екі түрлі толқын пайда болады
#8 слайд
МАССАЖДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ
Зертеуге қарағанда, массаж адам
денесінде болып отыратын зат
алмасулардың бәріне әсер етеді.
Организм мен оны қоршаған орта
арасында үздіксіз зат және энергия
алмасу процесі жүреді. Сыртқы ортамен
зат алмасу организмге су және азқтық
өнімдердің түсуінен басталады. Олардың
бір бөлігі ас қорыту жолында едуір
қарапайым заттарға ыдырап,
организмнің ішкі ортасы – қан мен
лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге
клеткаларға түседі. Мұнда олар
химиялық өзгерістерге ұшырайды
8 слайд
МАССАЖДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНА ӘСЕРІ Зертеуге қарағанда, массаж адам денесінде болып отыратын зат алмасулардың бәріне әсер етеді. Организм мен оны қоршаған орта арасында үздіксіз зат және энергия алмасу процесі жүреді. Сыртқы ортамен зат алмасу организмге су және азқтық өнімдердің түсуінен басталады. Олардың бір бөлігі ас қорыту жолында едуір қарапайым заттарға ыдырап, организмнің ішкі ортасы – қан мен лимфаға өтеді. Заттар қанмен бірге клеткаларға түседі. Мұнда олар химиялық өзгерістерге ұшырайды
#9 слайд
МАССАЖДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Массаж бірнеше
топқа бөлінеді.
Олар емдеу,
гигиеналық,
косметикалық
және спорттық
массаждар.
Сондай-ақ
осыларға
қосылатын
массаждың тағы
бір түрі —
адамның өзіне-өзі
массаж жасауы
(самомассаж).
9 слайд
МАССАЖДЫҢ ТҮРЛЕРІ Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спорттық массаждар. Сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі — адамның өзіне-өзі массаж жасауы (самомассаж).
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Емдік массаж
Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше
түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір
мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-
профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың
жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа
комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен,
физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп
отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік
бар.
Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың
түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты.
Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына ( жүрек ақауы ,
миокард инфаркты , гипертония, гипотония ауруларында) бір
түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі,
орталық не шеткері жүйке жүйесі зақымданғанда тағы бір
түрі қолданылады.
Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең
қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын
массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік
массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай
алады.
12 слайд
Емдік массаж Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин- профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр ауруларына ( жүрек ақауы , миокард инфаркты , гипертония, гипотония ауруларында) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері жүйке жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар адамдар ғана жасай алады.
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
Гигиеналық массаж
Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын
сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін, ерте
қартайып — тері солып қалмау үшін қолданылады.
Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге
жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім
өзіне - өзі жасай алады.
Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты
таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да оның
артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан
оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам
организмі бірден құлшынып тіршілікке ене
қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін)
біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан қысымы төмен
не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі
массаждьң көмегі өте қажет – ақ.
14 слайд
Гигиеналық массаж Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып — тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өзіне - өзі жасай алады. Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам организмі бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін) біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі массаждьң көмегі өте қажет – ақ.
#15 слайд
Сегменталды массаж
Жұлыннан шыққан жүйке талшықтары ішкі
ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері,
бұлшық ет, ұлпалар т.б.) бірдей әсер етеді.
Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының
арасында тығыз байланыс болады. Осындай
сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері
А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде
арқаның терісін сипалай отырып осы
рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі
органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың
өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты
тексере отырып, анықтап шығады. Сондықтан
осындай сезімтал рефлексогендік аймақты
ашқан авторлардың құрметіне Захарьин Гед
белдеуі не аймағы деп атайды.
15 слайд
Сегменталды массаж Жұлыннан шыққан жүйке талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, ұлпалар т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады. Сондықтан осындай сезімтал рефлексогендік аймақты ашқан авторлардың құрметіне Захарьин Гед белдеуі не аймағы деп атайды.
#16 слайд
Көп ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, осы Захарьин Гед
аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан
бірыңғай жүйке талшықтары және шеткері вегативтік жүйкелер
арқылы іске асады
Дененің белгілі бір бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы
шелді қабат, дәнекер ұлпа, тамырлар, сүйек — барлығы жүйке
талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі
органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі.
Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға,
қолға беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән
өзгерістері байқалады. Басқа қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде
электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, температурасы көтеріңкі,
бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық байқалады.
Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан
ішкі органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан
айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі
ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады.
Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған.
Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге
колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады.
Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары
реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен
шығармаған дүрыс.
16 слайд
Көп ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, осы Захарьин Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай жүйке талшықтары және шеткері вегативтік жүйкелер арқылы іске асады Дененің белгілі бір бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы шелді қабат, дәнекер ұлпа, тамырлар, сүйек — барлығы жүйке талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға, қолға беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады. Басқа қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, температурасы көтеріңкі, бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық байқалады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дүрыс.
#17 слайд
Нүктелі массаж.
Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі
массаж организмнің биологиялық активті
нүктелеріне әсер етеді (2— 10 мм). Клиникалық
тәжірибе және эксперименталды зерттеулер
нүктелі массаждың әсерінен организмде
айтарлықтай өзгерістер болатынын дәлелдеді.
Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы
көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды.
Оны жылжымалы тобископ деген прибор арқылы
оңай анықтауға боладьі. Нүктелі массажды
басқаша акупунктура немесе акупрессура деп те
атайды. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне
ұқсас, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Биологиялық
активті нүкте Захарьин-Гед белдеуімен үнемі
сәйкес келмейді. Нүктелі массаж жасағанда әр
түрлі тәсілдер қолданылады. Оның екі түрі бар:
қоздыру және тежеу. Тежейтін нүктелі массаж
бұлшық етті босатуға және ауырған жерді басуға
бағытталады. Ол үшін бір нүктені—1,5 минут
саусақпен нығарлап басып отырып. оң жаққа
бұрайды (бұранда кіргізгендей), одан соң керісінше
6ұрап саусақты босатқандай басады. Арасында сәл
кідіреді.
17 слайд
Нүктелі массаж. Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді (2— 10 мм). Клиникалық тәжірибе және эксперименталды зерттеулер нүктелі массаждың әсерінен организмде айтарлықтай өзгерістер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген прибор арқылы оңай анықтауға боладьі. Нүктелі массажды басқаша акупунктура немесе акупрессура деп те атайды. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне ұқсас, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Биологиялық активті нүкте Захарьин-Гед белдеуімен үнемі сәйкес келмейді. Нүктелі массаж жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Оның екі түрі бар: қоздыру және тежеу. Тежейтін нүктелі массаж бұлшық етті босатуға және ауырған жерді басуға бағытталады. Ол үшін бір нүктені—1,5 минут саусақпен нығарлап басып отырып. оң жаққа бұрайды (бұранда кіргізгендей), одан соң керісінше 6ұрап саусақты босатқандай басады. Арасында сәл кідіреді.
#18 слайд
Қоздыратын нүктелі массаж
Бұлшық етті қатайту үшін (әлсіреп босап кеткенде)
колданылады. Ол үшін саусақты бір нүктеге қадап 20
—30 секунд дірілдетеді. Әрбір осындай қимылдан
соң қолды жылдам жұлып алады. Әрқайсысын 3 —4
рет қайталайды. Қазіргі кезде ғалымдардыд
айтуынша, адам бойынан 695 нүкте табылған.
Олардың тек 140— 150-ін ғана массажға колданып
жүр. Соньң өзінде көптеген нүктелер өте сирек
пайдаланылады. Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің
орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей
банланысты. Ол бір, екі, үш... саусақтармен немесе
вибрациялық аппаратпен орындалады. Нүктелі
массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек-
қимыл, буын зақымданған кезде немесе классикалық
массаждың алдында денені босаңсытуға,
биологиялық активті нүктелердің, тиімділігін
арттырьш, басқа бір нүктелердің жұмысын тежей
тұру тәсілімен қолданылады.
18 слайд
Қоздыратын нүктелі массаж Бұлшық етті қатайту үшін (әлсіреп босап кеткенде) колданылады. Ол үшін саусақты бір нүктеге қадап 20 —30 секунд дірілдетеді. Әрбір осындай қимылдан соң қолды жылдам жұлып алады. Әрқайсысын 3 —4 рет қайталайды. Қазіргі кезде ғалымдардыд айтуынша, адам бойынан 695 нүкте табылған. Олардың тек 140— 150-ін ғана массажға колданып жүр. Соньң өзінде көптеген нүктелер өте сирек пайдаланылады. Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей банланысты. Ол бір, екі, үш... саусақтармен немесе вибрациялық аппаратпен орындалады. Нүктелі массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек- қимыл, буын зақымданған кезде немесе классикалық массаждың алдында денені босаңсытуға, биологиялық активті нүктелердің, тиімділігін арттырьш, басқа бір нүктелердің жұмысын тежей тұру тәсілімен қолданылады.
#19 слайд
19 слайд
#20 слайд
20 слайд
#21 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ.
21 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ.
#22 слайд
22 слайд
#23 слайд
23 слайд
шағым қалдыра аласыз













