Тәрбиелеу жүйесін тұлғалық-бағыттаушылық тұрғыда қалыптастыру.
Тәрбиелеу жүйесін тұлғалық-бағыттаушылық тұрғыда қалыптастыру.

#1 слайд
Тәрбиелеу жүйесін тұлғалық-бағыттаушылық
тұрғыда қалыптастыру.
1 слайд
Тәрбиелеу жүйесін тұлғалық-бағыттаушылық тұрғыда қалыптастыру.
#2 слайд
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Ғаламдану заманында , әсіресе білім беру
жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар
дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің
салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан-жақты
дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған,
соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан-жақты рухани
жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?
Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы
қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог,
өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін
жаңашыл болуы керек.
2 слайд
КІРІСПЕ БӨЛІМ Ғаламдану заманында , әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан-жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан-жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек? Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.
#3 слайд
* Білім мен тәрбиені үндестіре, тәрбие мазмұнында әлемдік және
ұлттық құндылықтарды бере алатын.
* Білім сапасын бағалаудың жаңа формаларын мониторинг арқылы
бағалау тестерін, ақпараттық коммуникациялық технологияны игере алатын.
Қазіргі заман мұғалімі қандай
болуы керек?
3 слайд
* Білім мен тәрбиені үндестіре, тәрбие мазмұнында әлемдік және ұлттық құндылықтарды бере алатын. * Білім сапасын бағалаудың жаңа формаларын мониторинг арқылы бағалау тестерін, ақпараттық коммуникациялық технологияны игере алатын. Қазіргі заман мұғалімі қандай болуы керек?
#4 слайд
* Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты
зерттелгенімен, тәрбие жүзінде , ұлттық мектептеріміздің оқу-тәрбие
процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың толық
жүзеге асырыла қоймауы- шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке
тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне,
өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын
берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
* Ахмет Байтұрсынов кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан
кіргізеді» деген .
Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін
қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы
балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да, өзінің кім
болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден
өз орнын табуды басты мақсат деп санайды, сондай-ақ өзінің
айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.
4 слайд
* Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты зерттелгенімен, тәрбие жүзінде , ұлттық мектептеріміздің оқу-тәрбие процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы- шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін. * Ахмет Байтұрсынов кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген . Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да, өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсат деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.
#5 слайд
Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол
ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін
қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау- бүгінгі
таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке
тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу-тәрбие
үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті
талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны
зерделей, зерттей отырып іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын
қалыптастыру- заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби
біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы
маман даярлау- бүгінгі өмір талабы.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан
Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде
сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»-деп атап
көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа
кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық
сапасын арттыруға бірден-бір қызмет етуі керек.
5 слайд
Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау- бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру- заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау- бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»-деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет етуі керек.
#6 слайд
* Ойы ұшқыр;
* Шығармашылық қабілеті
жоғары;
* Өмірге икемді;
* Жан жақты дамыған тұлғаны
тәрбиелеу;
Қазіргі заман мектебінің міндеті
6 слайд
* Ойы ұшқыр; * Шығармашылық қабілеті жоғары; * Өмірге икемді; * Жан жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу; Қазіргі заман мектебінің міндеті
#7 слайд
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
* Мектептегі тәрбие берудің сапалы деңгейі – нәтижеге негізделген мазмұндық және құрылымдық үдерістегі тәрбие
жүйесіне тікелей байланысты. Оның негізгі көрсеткішіне тәрбиеленушінің өмірлік өзіндік ұстанымы мен еңбек етуге
саналы таңдау жасай білуі жатады. Бұл оқушыға дара тұлға ретінде қарауды талап етеді. Ал оқушының дара тұлғалақ
сапалары оның бойындағы бейімділік, икемділік негізінде айқындалады. Бұл тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің
өмірлік проблемаларды шешу тәжірибесі және негізгі көптеген әлеуметтік салаларға қатысты функцияларды
орындауымен сабақтасады.
* Құрылымы: Өмірлік тәжірибе элементтерін ескереді
* Әсері: Проблемалық жағдайларды шешуге қолдануға жағдай туғызады
Мүмкіндігі: Өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі басқаруына қолайлы әрекет етеді
Тәрбие жүйесінің тұлғалық-бағыттаушылық тұрғысынан күтілетін нәтижелер:
*Іздену-зерттеу, шығармашылық әрекеттерге тән дағдыларды меңгеру;
*Өз Отанының елжанды азаматы болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйесін түсіну, болып жатқан
әлеуметтік оқиғаларға баға бере білу;
*Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға байланысты біліктерін қолдана алу, жоғары технологияларды меңгеру жағдайын
ескере отырып, қоршаған ортаны сақтауға қамқорлық жасау;
*Мемлекеттік тіл-қазақ тілінде және ұлтаралық қатынас тілінде, шетел тілінде қарым-қатынас жасауға мүдделі болу;
*Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу, оның ішінде нарықтық қатынас жағдайында бағытын және кәсіби
өсуін анықтай алу;
*Әлеуметтік дағдыларды қолдана білу, отбасында, қоғамда, басқа адамдармен бірлескен қызметте өзінің әлеуметтік
рөлін орындай алу;
*Әрекетті шындыққа сай жоспарлау мен ұйымдастыруды өз мүмкіндіктерімен, жеке бас жетістіктерімен
сәйкестендіре алу, өзінің өмірі мен жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну;
*Өз халқының мәдениетін және әлемнің көп қырлы мәдениетін түсіну және бағалау, рухани келісім мен төзімділік
(толеранттық) идеяларын ұстану;
*Салауатты өмір салты және әлеуметтік қызметке қатысты дағдыларды меңгеру.
7 слайд
НЕГІЗГІ БӨЛІМ * Мектептегі тәрбие берудің сапалы деңгейі – нәтижеге негізделген мазмұндық және құрылымдық үдерістегі тәрбие жүйесіне тікелей байланысты. Оның негізгі көрсеткішіне тәрбиеленушінің өмірлік өзіндік ұстанымы мен еңбек етуге саналы таңдау жасай білуі жатады. Бұл оқушыға дара тұлға ретінде қарауды талап етеді. Ал оқушының дара тұлғалақ сапалары оның бойындағы бейімділік, икемділік негізінде айқындалады. Бұл тәрбие мазмұны тәрбиеленушінің өмірлік проблемаларды шешу тәжірибесі және негізгі көптеген әлеуметтік салаларға қатысты функцияларды орындауымен сабақтасады. * Құрылымы: Өмірлік тәжірибе элементтерін ескереді * Әсері: Проблемалық жағдайларды шешуге қолдануға жағдай туғызады Мүмкіндігі: Өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі басқаруына қолайлы әрекет етеді Тәрбие жүйесінің тұлғалық-бағыттаушылық тұрғысынан күтілетін нәтижелер: *Іздену-зерттеу, шығармашылық әрекеттерге тән дағдыларды меңгеру; *Өз Отанының елжанды азаматы болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйесін түсіну, болып жатқан әлеуметтік оқиғаларға баға бере білу; *Экологиялық тепе-теңдікті сақтауға байланысты біліктерін қолдана алу, жоғары технологияларды меңгеру жағдайын ескере отырып, қоршаған ортаны сақтауға қамқорлық жасау; *Мемлекеттік тіл-қазақ тілінде және ұлтаралық қатынас тілінде, шетел тілінде қарым-қатынас жасауға мүдделі болу; *Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу, оның ішінде нарықтық қатынас жағдайында бағытын және кәсіби өсуін анықтай алу; *Әлеуметтік дағдыларды қолдана білу, отбасында, қоғамда, басқа адамдармен бірлескен қызметте өзінің әлеуметтік рөлін орындай алу; *Әрекетті шындыққа сай жоспарлау мен ұйымдастыруды өз мүмкіндіктерімен, жеке бас жетістіктерімен сәйкестендіре алу, өзінің өмірі мен жасаған әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіну; *Өз халқының мәдениетін және әлемнің көп қырлы мәдениетін түсіну және бағалау, рухани келісім мен төзімділік (толеранттық) идеяларын ұстану; *Салауатты өмір салты және әлеуметтік қызметке қатысты дағдыларды меңгеру.
#8 слайд
Мақсаты:
Білім мазмұнының ірі компонентінің бірі, тәрбиелеу
үрдісінің модульдік құрылымын мектеп практикасына ендіру
Міндеттері:
1.Мектеп өмірінде қолданыста келе жатқан тәрбиелеу үрдістерін зерттеу,
саралау;
2.Жеке тұлға ерекшеліктерін анықтау, қоғам сұранысы мен қажетілігін
өтейтін мәдениеті мен талғамы сай азаматты қалыптастыру бағыттарын
зерделеу;
3.Жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиенің негізгі құрылымдарын жобалау;
4.Мақсатты бағдарламалар арқылы тәрбиелеу жұмыстарын тұлғаның
ерекшелік сипаттарын ескере отырып, жоспарлау;
5.Тәрбиелеу үрдісінің негізгі қағидаларының оқыту үрдісіне қодану
аясының кеңеюіне ықпал жасау
Күтілетін нәтижелер:
Тәрбиелу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлау негізінде оқушы мен ата-
ананың білімге көз қарасы оңалады, мектептің әлеуметтік мәртебесі өседі.
Мектептің әлеуметтік мәртебесінің кеңеюі оқыту сапасының
нәтижелілігіне апарады.
8 слайд
Мақсаты: Білім мазмұнының ірі компонентінің бірі, тәрбиелеу үрдісінің модульдік құрылымын мектеп практикасына ендіру Міндеттері: 1.Мектеп өмірінде қолданыста келе жатқан тәрбиелеу үрдістерін зерттеу, саралау; 2.Жеке тұлға ерекшеліктерін анықтау, қоғам сұранысы мен қажетілігін өтейтін мәдениеті мен талғамы сай азаматты қалыптастыру бағыттарын зерделеу; 3.Жеке тұлғаға бағдарланған тәрбиенің негізгі құрылымдарын жобалау; 4.Мақсатты бағдарламалар арқылы тәрбиелеу жұмыстарын тұлғаның ерекшелік сипаттарын ескере отырып, жоспарлау; 5.Тәрбиелеу үрдісінің негізгі қағидаларының оқыту үрдісіне қодану аясының кеңеюіне ықпал жасау Күтілетін нәтижелер: Тәрбиелу үрдісін жеке тұлғаға бағдарлау негізінде оқушы мен ата- ананың білімге көз қарасы оңалады, мектептің әлеуметтік мәртебесі өседі. Мектептің әлеуметтік мәртебесінің кеңеюі оқыту сапасының нәтижелілігіне апарады.
#9 слайд
Ғылыми негіздемесі:
Негізгі идеясы: Оқу-тәрбие мазмұнын модульдік
құрылыммен басқару.
Теориялық маңыздылығы - Тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру
тұлғалық-бағыттаушылық тұрғыда негізделеді.
Практикалық мәнділігі - Мұғалім әлеуметтік қарым-қатынастың
өзгермелі жағдайында тәрбиені іс-әрекет тұрғысында қарауға,
оқушылар адамзаттан ерік-жігерді талап ететін, шынайы
жағдайаттармен араласуға мүмкіндік алады.
9 слайд
Ғылыми негіздемесі: Негізгі идеясы: Оқу-тәрбие мазмұнын модульдік құрылыммен басқару. Теориялық маңыздылығы - Тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыру тұлғалық-бағыттаушылық тұрғыда негізделеді. Практикалық мәнділігі - Мұғалім әлеуметтік қарым-қатынастың өзгермелі жағдайында тәрбиені іс-әрекет тұрғысында қарауға, оқушылар адамзаттан ерік-жігерді талап ететін, шынайы жағдайаттармен араласуға мүмкіндік алады.
#10 слайд
Ресурстық қамтамасыз ету
мәселелері
Жобаны материалдық-техникалық қамтамасыз ету:
Материалдық-техникалық база жасау (тәрбие беру орталығы,
мектептер, ата-аналар университеттері)
Жобаны ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету:
Тәрбиенің жаңа құрылымдарын жасау және мектеп өміріне
ендіру
Жобаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету:
Оқыта отырып тәрбиелеу жүйесінің мазмұны мен құрылымын
жаңартып, барлық жұмысты нормалау негіздерін жасау және
тәрбие беру үрдісін толық стандарттау.
10 слайд
Ресурстық қамтамасыз ету мәселелері Жобаны материалдық-техникалық қамтамасыз ету: Материалдық-техникалық база жасау (тәрбие беру орталығы, мектептер, ата-аналар университеттері) Жобаны ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету: Тәрбиенің жаңа құрылымдарын жасау және мектеп өміріне ендіру Жобаны нормативтік құқықтық қамтамасыз ету: Оқыта отырып тәрбиелеу жүйесінің мазмұны мен құрылымын жаңартып, барлық жұмысты нормалау негіздерін жасау және тәрбие беру үрдісін толық стандарттау.
#11 слайд
Тәрбиелеу жүйесіндегі өзекті проблемалар мен негізгі
қайшылықтар
*Тәрбиелеу жүйесі диагностикалық тұрғыда жобалау мен мақсат
қоюда нақтылықтың жоқтығы
*Жеке тұлғаға бағдарланған тәрбие бағыттарының оқыту
сапасымен шектеліп, оның нәтижесіздікке соқтығуы
*Жеке тұлға ұстанымдарын зерттеуге және тәжірибелі өмірде
қолданысқа ендіруде қолайлы ортаның жасалмағандығы
11 слайд
Тәрбиелеу жүйесіндегі өзекті проблемалар мен негізгі қайшылықтар *Тәрбиелеу жүйесі диагностикалық тұрғыда жобалау мен мақсат қоюда нақтылықтың жоқтығы *Жеке тұлғаға бағдарланған тәрбие бағыттарының оқыту сапасымен шектеліп, оның нәтижесіздікке соқтығуы *Жеке тұлға ұстанымдарын зерттеуге және тәжірибелі өмірде қолданысқа ендіруде қолайлы ортаның жасалмағандығы
#12 слайд
Тұлғаны тәрбиелеуде бағытталған
талаптар
І.Ұйымдастырушылық (негізгі
қағидаларды білу және оны
жүзеге асыру)
ІІ.Ақпаратттық
(әлемдік және отандық
мәдениет жетістіктерін үйрене
білу)
ІV.Қарым-қатынасты реттеу
(Өзін өзгелермен тең қою)
ІІІ.Үйлестірушілік
(мақсат қоя білу және оған
сараптама жасай алу)
12 слайд
Тұлғаны тәрбиелеуде бағытталған талаптар І.Ұйымдастырушылық (негізгі қағидаларды білу және оны жүзеге асыру) ІІ.Ақпаратттық (әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін үйрене білу) ІV.Қарым-қатынасты реттеу (Өзін өзгелермен тең қою) ІІІ.Үйлестірушілік (мақсат қоя білу және оған сараптама жасай алу)
#13 слайд
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
жеке
жұптық топтық
ұжымдық
13 слайд
ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ жеке жұптық топтық ұжымдық
#14 слайд
2016-2017 жылдары:
Тәрбие жұмыстарын диагностикалық негізде басқару
Қызмет бағыты:
1.Педагогикалық мамандарға мониторнигтік, ақпараттық-сараптамалық
көмек көрсету;
2.Тәрбие үрдісінде инновациялық ьехнологияны жүйеелі пайдалану
үшін педагог мамандарға теориялық және практикалық мүмкіндіктер
туғызу;
3.Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында ата-аналар
университетін құру, «Әке» және «Ана» мектебінің жұмысын
жандандыру.
4.Түрлі қоғамдық-мәдени топтармен тығыз қарым-қатынас орнату,
жұмыс мақсатымен танысу, тәжірибе алмасу;
5.Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тәсілдерін табу;
14 слайд
2016-2017 жылдары: Тәрбие жұмыстарын диагностикалық негізде басқару Қызмет бағыты: 1.Педагогикалық мамандарға мониторнигтік, ақпараттық-сараптамалық көмек көрсету; 2.Тәрбие үрдісінде инновациялық ьехнологияны жүйеелі пайдалану үшін педагог мамандарға теориялық және практикалық мүмкіндіктер туғызу; 3.Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында ата-аналар университетін құру, «Әке» және «Ана» мектебінің жұмысын жандандыру. 4.Түрлі қоғамдық-мәдени топтармен тығыз қарым-қатынас орнату, жұмыс мақсатымен танысу, тәжірибе алмасу; 5.Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тәсілдерін табу;
#15 слайд
Күтілетін
нәтижелер:
Педагог мамандардың жұмыс
нәтижесін рейтингілеу негізінде
тәрбие жұмысының ғылыми
тұрғыда дамуын қалыптастыру
мүмкіндігі артады.
Оқушының өзін жеке
тұлға ретінде танып-
білуіне жағдай туады.
Ата-аналармен тығыз
байланыс орнату
негізінде оқушыға тәлім
тәрбие беру үрдісі
жетіледі.
Тәрбие жұмысындағы
шеберлікті дамытуға мүмкіндік
беретін формалар мен
тәсілдерді педагог мамандардың
таңдай білуі қабілеті өседі
15 слайд
Күтілетін нәтижелер: Педагог мамандардың жұмыс нәтижесін рейтингілеу негізінде тәрбие жұмысының ғылыми тұрғыда дамуын қалыптастыру мүмкіндігі артады. Оқушының өзін жеке тұлға ретінде танып- білуіне жағдай туады. Ата-аналармен тығыз байланыс орнату негізінде оқушыға тәлім тәрбие беру үрдісі жетіледі. Тәрбие жұмысындағы шеберлікті дамытуға мүмкіндік беретін формалар мен тәсілдерді педагог мамандардың таңдай білуі қабілеті өседі
#16 слайд
2016-2017 жылдары:
Тәрбие жұмысын ғылыми негізде
ұйымдастыру
2.Ассосациялардың қызметін
мақсатты орталыққа
(клубтарға) біріктіру.
1.Тәрбие жұмысын жетілдіруде
педагогикалық ұжымдағы
бәсекелестік қабілетті арттыру
жағдайында түрлі ассосациялар
құру.
4.Кәсіби, мамандандырылған
мектептер, ЖОО-мен байланыс
орнату арқылы мектептің
тәрбие саласының құрылымын
ғылыми негізде жетілдіру.
3.Оқушылардың өзін-өзі
басқару жүйесін ендіру арқылы
бәсекелестікке қабілетті,
шығармашыл әрі зерттеуші
тұлғаны қалыптастыру.
Қызмет бағыты:
16 слайд
2016-2017 жылдары: Тәрбие жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру 2.Ассосациялардың қызметін мақсатты орталыққа (клубтарға) біріктіру. 1.Тәрбие жұмысын жетілдіруде педагогикалық ұжымдағы бәсекелестік қабілетті арттыру жағдайында түрлі ассосациялар құру. 4.Кәсіби, мамандандырылған мектептер, ЖОО-мен байланыс орнату арқылы мектептің тәрбие саласының құрылымын ғылыми негізде жетілдіру. 3.Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін ендіру арқылы бәсекелестікке қабілетті, шығармашыл әрі зерттеуші тұлғаны қалыптастыру. Қызмет бағыты:
#17 слайд
Күтілетін нәтижелер:
2.Педагогикалық ұжымның
бәсекелестік қабілеті артады .
1.Мектептің тәрбие
саласындағы жұмыстарға
әлеуметтік көзқарас оң
тұрғыда қалыптасады.
4.Мектеп пен жанұяның
ізгілікті қарым-қатынасы
жетіледі.
3.Оқушылардың ізденіс
қабілеті өседі, дүние
танымы кеңейеді.
17 слайд
Күтілетін нәтижелер: 2.Педагогикалық ұжымның бәсекелестік қабілеті артады . 1.Мектептің тәрбие саласындағы жұмыстарға әлеуметтік көзқарас оң тұрғыда қалыптасады. 4.Мектеп пен жанұяның ізгілікті қарым-қатынасы жетіледі. 3.Оқушылардың ізденіс қабілеті өседі, дүние танымы кеңейеді.
#18 слайд
Тәрбие саласының даму
сатылары
1.Тәрбие жұмысының мақсаты,
міндеттерін анықтау үшін
тәрбие үрдісін, педагог
тәрбиешінің кәсіби деңгейін
анықтау;
2.Педагог-тәрбиешілердің
практикалық іс-тәжірибесіндегі
жетістіктер мен проблемаларды
талдау;
3.Педагог-тәрбиешінің кәсіби
шеберлігінің шыңдалуына ықпал
жасау.
І саты: Сараптамалық кезең
18 слайд
Тәрбие саласының даму сатылары 1.Тәрбие жұмысының мақсаты, міндеттерін анықтау үшін тәрбие үрдісін, педагог тәрбиешінің кәсіби деңгейін анықтау; 2.Педагог-тәрбиешілердің практикалық іс-тәжірибесіндегі жетістіктер мен проблемаларды талдау; 3.Педагог-тәрбиешінің кәсіби шеберлігінің шыңдалуына ықпал жасау. І саты: Сараптамалық кезең
#19 слайд
ІІ саты: Теориялық-практикалық кезең
1.Педагог-тәрбиешінің шығармашылық ізденісіне жағдай жасау, өз ісінің
жаңартушысы ретінде бағыт - бағдар беру;
2.Педагог-тәрбиешілердің өзара ізгілікті қарым-қатынас стилін қалыптастыру;
3.Педагог-тәрбиешінің тәрбие үрдісіне қатысты дидактикалық, әдістемелік
біліммен қарулануын дамыту;
4.Тәрбиешілер, ата-аналар, сынып жетекшілерінің эмоционалдық интеллектінің
дамыту бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру (тренинг, сауалнама, зерттеу т.б.)
5.Баланың жас ерекшелігіне сай психологиялық проблемаларды психологпен
бірлесе отырып шешу;
6.Психолог және педагог-тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнату;
7.Педагог-тәрбиешінің оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық, педагогикалық
білімінің терең болуын қамтамасыз ету;
8.Тәрбие үрдісіндегі ақпараттар ағымы жүйелі пайдалану арқылы баланың
эмоционалдық, әлеуметтік өмірінің қалыптасуына жан-жақты талдау жасау;
9.Педагог-тәрбиешілерге тәрбие үрдісіндегі бағдарламалар, стратегиялар,
ақпараттарды меңгеру бағытында оқу курстарын (семинар, тренинг, пікірталас)
ұйымдастыру;
10.Педагог-тәрбиешінің ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жол ашу;
19 слайд
ІІ саты: Теориялық-практикалық кезең 1.Педагог-тәрбиешінің шығармашылық ізденісіне жағдай жасау, өз ісінің жаңартушысы ретінде бағыт - бағдар беру; 2.Педагог-тәрбиешілердің өзара ізгілікті қарым-қатынас стилін қалыптастыру; 3.Педагог-тәрбиешінің тәрбие үрдісіне қатысты дидактикалық, әдістемелік біліммен қарулануын дамыту; 4.Тәрбиешілер, ата-аналар, сынып жетекшілерінің эмоционалдық интеллектінің дамыту бағытындағы жұмыстарын ұйымдастыру (тренинг, сауалнама, зерттеу т.б.) 5.Баланың жас ерекшелігіне сай психологиялық проблемаларды психологпен бірлесе отырып шешу; 6.Психолог және педагог-тәрбиешінің арасында тығыз байланыс орнату; 7.Педагог-тәрбиешінің оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық, педагогикалық білімінің терең болуын қамтамасыз ету; 8.Тәрбие үрдісіндегі ақпараттар ағымы жүйелі пайдалану арқылы баланың эмоционалдық, әлеуметтік өмірінің қалыптасуына жан-жақты талдау жасау; 9.Педагог-тәрбиешілерге тәрбие үрдісіндегі бағдарламалар, стратегиялар, ақпараттарды меңгеру бағытында оқу курстарын (семинар, тренинг, пікірталас) ұйымдастыру; 10.Педагог-тәрбиешінің ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жол ашу;
#20 слайд
1.Мектептегі тәрбие
саласындағы жұмыстарға ата-
аналарды, мақсаты айқын
топтарды, өзге білім беру
ұйымдарын тарту.
2.Тәрбие саласындағы
нәтижелі жұмыстарды білім
жетілдіру, тәжірибе алмасу
курстарында жарнамалау
(көрме, буклет т.б.)
3.Басылымдарға педагог-
тәрбешілердің іс-тәжірибелерін
жариялап отыру.
ІІІ саты: Іс-тәжірибені тарату кезеңі
20 слайд
1.Мектептегі тәрбие саласындағы жұмыстарға ата- аналарды, мақсаты айқын топтарды, өзге білім беру ұйымдарын тарту. 2.Тәрбие саласындағы нәтижелі жұмыстарды білім жетілдіру, тәжірибе алмасу курстарында жарнамалау (көрме, буклет т.б.) 3.Басылымдарға педагог- тәрбешілердің іс-тәжірибелерін жариялап отыру. ІІІ саты: Іс-тәжірибені тарату кезеңі
#21 слайд
Грек философы Платон: Етікші етікті
нашар тіксе, мемлекет бұдан онша зардап
шекпейді, ал мұғалім баланы нашар тәрбиелесе
мемлекетке орасан зиян келеді. Себебі,
мемлекетте надандар мен бұзақылар көбейеді.
Мен бұл ойды былай жалғайын: Алдағы
өмірдің қатігез немесе қайырымды болуы
балаларды қалай тәрбиелеуімізге байланысты.
Қорытынды бөлім
21 слайд
Грек философы Платон: Етікші етікті нашар тіксе, мемлекет бұдан онша зардап шекпейді, ал мұғалім баланы нашар тәрбиелесе мемлекетке орасан зиян келеді. Себебі, мемлекетте надандар мен бұзақылар көбейеді. Мен бұл ойды былай жалғайын: Алдағы өмірдің қатігез немесе қайырымды болуы балаларды қалай тәрбиелеуімізге байланысты. Қорытынды бөлім
#22 слайд
Назарларыңызғ
а рахмет!
22 слайд
Назарларыңызғ а рахмет!
шағым қалдыра аласыз













