Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тілдің қоғамдық-
әлеуметтік мәні мен
қызметі
1 слайд
Тілдің қоғамдық- әлеуметтік мәні мен қызметі
2 слайд
Жоспары:
1. Тілдің шығуы.
2. Тіл мен қоғамның бірлігі.
3. Тілдің әлеуметтік мәні.
2 слайд
Жоспары: 1. Тілдің шығуы. 2. Тіл мен қоғамның бірлігі. 3. Тілдің әлеуметтік мәні.
3 слайд
Тілдің шығуы - адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы
адамдамың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылы
қарым-қатынас қажеттілігінің етелуі. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын
- қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық
қызмет үстіндегі кернекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін
күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап
сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың
пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен орайлас. Тілдің шығуы - адамның
әлеуметтік тіршілік иесіне айналуының алғы шарты. Дыбыстап сөйлеудің пайда болуы
адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды,
реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп,
қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен
жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі
тілдің саны 5 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты - біреу, ол - адамды
қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің
шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның ( homo sapiens) пайда болумен
тұспа-тұс келеді .
3 слайд
Тілдің шығуы - адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдамың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылы қарым-қатынас қажеттілігінің етелуі. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын - қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі кернекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен орайлас. Тілдің шығуы - адамның әлеуметтік тіршілік иесіне айналуының алғы шарты. Дыбыстап сөйлеудің пайда болуы адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды, реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп, қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі тілдің саны 5 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты - біреу, ол - адамды қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның ( homo sapiens) пайда болумен тұспа-тұс келеді .
4 слайд
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда
болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды:
1.Биологиялық теориялар
2.Қоғамдық-келісім теориялары
4 слайд
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды: 1.Биологиялық теориялар 2.Қоғамдық-келісім теориялары
5 слайд
Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі
мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу
қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға,
көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар
шығарудан бастайды (Х. Штейнталь).
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй
әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз
болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен»
бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі
адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен
байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель
мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
5 слайд
Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді. а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, олады белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь). б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазірге тілге негіз болады. в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
6 слайд
Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы
әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі
бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп
еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда
болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К.
Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы
теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен»
факторларға енеді.
Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық
қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық
құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
6 слайд
Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді. а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі. б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді. Қоғамдық теориялардың дұрыстығы – тілдің қоғамдық қажеттіліктен пайда болғаны шындық және ол қоғамдық құбылыс ретінде қоғамда пайда болып, онымен бірге дамиды.
7 слайд
Тілдің шығуы туралы теория ХҮІІІ ғ.
Руссо, Дидро, Гердер еңбектерінде орын
алды. Ж. Руссо тілдің шығу тегін
әлеуметтік-қоғамдық келісім және тілдің
эмоционалдық немесе еліктеу
теорияларымен байланыстырады, бұл
туралы “Адамдар арасындағы теңсіздіктің
басталуы және негіздемесі туралы ойлар”
(1715), “Тілдің шығуы туралы тәжірибе”
(1761 ) еңбектерінде айтады.
7 слайд
Тілдің шығуы туралы теория ХҮІІІ ғ. Руссо, Дидро, Гердер еңбектерінде орын алды. Ж. Руссо тілдің шығу тегін әлеуметтік-қоғамдық келісім және тілдің эмоционалдық немесе еліктеу теорияларымен байланыстырады, бұл туралы “Адамдар арасындағы теңсіздіктің басталуы және негіздемесі туралы ойлар” (1715), “Тілдің шығуы туралы тәжірибе” (1761 ) еңбектерінде айтады.
8 слайд
Руссо теориялары француз энциклопедисті
Д . Дидро(1713-1784) тарапынан сынға ұшырады.
“Энциклопедия немесе ғылым, өнер, қолөнерінің
түсіндірме сөздігі” еңбегінде (9 том): “Тіл ойды
дауыс арқылы білдіруге арналған әрі анықталған
ұлтқа тән дағдылар бірлігі ретінде” анықталды.
Дидро тілдің коммуникативтік қызметін атап
көрсетті. Тілдің қалыптасуына қоғамның негіз
болатыны туралы материалистік көзқарастан
идеалистік позицияға өтеді: “Қоғам қажеттілігі
тілдің дамуына ықпал етті, бірақ адам тіл бергені
үшін құдайға қарыздар”, -деді. Ол тілдің
шығуындағы еліктеу теориясымен келіспеді.
8 слайд
Руссо теориялары француз энциклопедисті Д . Дидро(1713-1784) тарапынан сынға ұшырады. “Энциклопедия немесе ғылым, өнер, қолөнерінің түсіндірме сөздігі” еңбегінде (9 том): “Тіл ойды дауыс арқылы білдіруге арналған әрі анықталған ұлтқа тән дағдылар бірлігі ретінде” анықталды. Дидро тілдің коммуникативтік қызметін атап көрсетті. Тілдің қалыптасуына қоғамның негіз болатыны туралы материалистік көзқарастан идеалистік позицияға өтеді: “Қоғам қажеттілігі тілдің дамуына ықпал етті, бірақ адам тіл бергені үшін құдайға қарыздар”, -деді. Ол тілдің шығуындағы еліктеу теориясымен келіспеді.
9 слайд
Дыбысқа еліктеу теориясында
Г.Лейбниц “Новые опыты о человеческом
языке” еңбегінде табиғи дыбыстарға
еліктеу теориясын ұсынды және тілдерді
дыбысқа еліктеуден пайда болған “алғашқы
тілдерге және солардың негізінде пайда
болған қазіргі туынды” тілдерге бөлді.
18-19 ғасырларда Г. Лейбниц алғашқы
адамдар жануарлар мен табиғат
құбылыстарының дыбыстарын, мысалы,
құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын,
өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға
еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды
дейді.
9 слайд
Дыбысқа еліктеу теориясында Г.Лейбниц “Новые опыты о человеческом языке” еңбегінде табиғи дыбыстарға еліктеу теориясын ұсынды және тілдерді дыбысқа еліктеуден пайда болған “алғашқы тілдерге және солардың негізінде пайда болған қазіргі туынды” тілдерге бөлді. 18-19 ғасырларда Г. Лейбниц алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат құбылыстарының дыбыстарын, мысалы, құстардың сайрауын, қасқырдың ұлуын, өзен суының сылдырын т.б. есітіп, соларға еліктеуден әртүрлі дыбыстар шығарды дейді.
10 слайд
Неміс ғалымы И.Гердер (1744-1803) “Тілдің шығу тегі
туралы зерттеулер” еңбегінде Руссо теорияларын сынай
келе, тілдің шығуы мен тарихы ойлаумен тығыз
байланысты екенін айтады. Адам объективті дүниеге назар
тігіп, оның сипатын аңғарады, осы сипат белгілері арқылы
нәрселерді ажыратады. Адам есінде бірінші сақталған
белгі сөзбен беріледі, сөйтіп тіл пайда болды. Гердердің
пікірі бойынша, тілді құдай жаратқан жоқ және кездейсоқ
та пайда болған жоқ. Тілдің пайда болуы - адам ойы мен
сезімінің дамуы барысындағы заңды құбылыс. Тіл
білімінде Гердер тілдің тарихи теориясын жасаушы
ретінде танылады. Оның тіл мен ойдың өзара
байланыстары туралы көзқарастары кейінгі ізбасарлары –
В.Гумболдьт, Г.Штейнталь, А.Потебняға ықпал етті.
10 слайд
Неміс ғалымы И.Гердер (1744-1803) “Тілдің шығу тегі туралы зерттеулер” еңбегінде Руссо теорияларын сынай келе, тілдің шығуы мен тарихы ойлаумен тығыз байланысты екенін айтады. Адам объективті дүниеге назар тігіп, оның сипатын аңғарады, осы сипат белгілері арқылы нәрселерді ажыратады. Адам есінде бірінші сақталған белгі сөзбен беріледі, сөйтіп тіл пайда болды. Гердердің пікірі бойынша, тілді құдай жаратқан жоқ және кездейсоқ та пайда болған жоқ. Тілдің пайда болуы - адам ойы мен сезімінің дамуы барысындағы заңды құбылыс. Тіл білімінде Гердер тілдің тарихи теориясын жасаушы ретінде танылады. Оның тіл мен ойдың өзара байланыстары туралы көзқарастары кейінгі ізбасарлары – В.Гумболдьт, Г.Штейнталь, А.Потебняға ықпал етті.
11 слайд
ХҮІІ - ХҮІІІ ғ. ғылымның дамуы, ғылымның тілге байланысты
талабының өсуі тілдің негізгі қасиетін зерттеуді өзалдына міндет
етіп қойған тіл философиясының тууына әкелді. Ағылшын ғалымы
Ф.Бэкон (1561-1626) өзінің филологиялық грамматикасының
негізіне эмпирикалық әдісті қолданды. Бұл әдіс бойынша кез келген
білімнің көзі табиғат нәрселеріне негізделген сезімдік тәжірибе
болып табылады. Оның негізгі көзқарастары
Жаңа Органон” (1620), “Ғылымның қадір-қасиеті және жетілдірілуі”
(1623) туралы еңбектерінде айтылады. Тіл - қарым-қатынас, ойды
білдіру құралы. Тілді эмпирикалық тұрғыдан, яғни оны жан-жақты
тәжірибелік жолмен зерттеу керек. Грамматиканы әріптік
(эмпирикалық) және философиялық деп бөлді. Грамматика
практикалық мақсаттарда қызмет етеді, тілді зерттеу әртүрлі
халықтың жан дүниесінің ерекшелігін, мінез-құлқын, салтын тануға
көмектеседі деп болжады. Философиялық грамматика сөздер мен
заттар, сөздер мен ой арасындағы қатынастарды зерттейді. Сөздер
заттарды, табиғатты объективті түрде тануда жеткіліксіз дей келіп,
ұғымдарды дәл әрі нақты белгілейтін жасанды философиялық тіл
жасауды ұсынды. Және оның негізінде барлығына ортақ бірыңғай
тіл жасауға болады деді. Ол тіл теориясын жан-жақты жасай
алмады.
11 слайд
ХҮІІ - ХҮІІІ ғ. ғылымның дамуы, ғылымның тілге байланысты талабының өсуі тілдің негізгі қасиетін зерттеуді өзалдына міндет етіп қойған тіл философиясының тууына әкелді. Ағылшын ғалымы Ф.Бэкон (1561-1626) өзінің филологиялық грамматикасының негізіне эмпирикалық әдісті қолданды. Бұл әдіс бойынша кез келген білімнің көзі табиғат нәрселеріне негізделген сезімдік тәжірибе болып табылады. Оның негізгі көзқарастары Жаңа Органон” (1620), “Ғылымның қадір-қасиеті және жетілдірілуі” (1623) туралы еңбектерінде айтылады. Тіл - қарым-қатынас, ойды білдіру құралы. Тілді эмпирикалық тұрғыдан, яғни оны жан-жақты тәжірибелік жолмен зерттеу керек. Грамматиканы әріптік (эмпирикалық) және философиялық деп бөлді. Грамматика практикалық мақсаттарда қызмет етеді, тілді зерттеу әртүрлі халықтың жан дүниесінің ерекшелігін, мінез-құлқын, салтын тануға көмектеседі деп болжады. Философиялық грамматика сөздер мен заттар, сөздер мен ой арасындағы қатынастарды зерттейді. Сөздер заттарды, табиғатты объективті түрде тануда жеткіліксіз дей келіп, ұғымдарды дәл әрі нақты белгілейтін жасанды философиялық тіл жасауды ұсынды. Және оның негізінде барлығына ортақ бірыңғай тіл жасауға болады деді. Ол тіл теориясын жан-жақты жасай алмады.
12 слайд
Француз ғалымы Р.Декарт жасанды тіл жасау теориясын ұсынды: сандардың
табиғи қатарының тәртібінде анықталғандай, барлық ойдың әдістемелік
орналасуын жүйелеу керек. Мұндай тіл сөзінің орналасуында, септелу,
жіктелуде бір ғана тәсіл болар еді »
12 слайд
Француз ғалымы Р.Декарт жасанды тіл жасау теориясын ұсынды: сандардың табиғи қатарының тәртібінде анықталғандай, барлық ойдың әдістемелік орналасуын жүйелеу керек. Мұндай тіл сөзінің орналасуында, септелу, жіктелуде бір ғана тәсіл болар еді »
13 слайд
Тілді философиялық тұрғыдан зерттеу
мәселесін ағылшын материалисті Д.Локк
“Адам ой-санасы туралы тәжірибе” (Опыт о
человеческой разуме) – 1690ж.
Философиялық еңбегінде қояды. Ол сөздің
мағынасына зор көңіл бөліп, бұл мәселені
тілдің мәні туралы іліммен тығыз
байланыстырады. Локк объективті дүние
заттарын адам сезім, түйсіну арқылы
қабылдайды. Сөз есіту мүшелері арқылы
қабылданған бөлшектенетін дыбыстардан
тұрады. Сөздің қызметі ойды жеткізу, бірақ
ойды түйсінуге болмайды, ойды жеткізу
үшін оны түйсіну мүшелері арқылы
қабылданатын таңбаларға жатқызу керек .
Мұндай белгі – сөз. Локк бойынша, сөз
ойдың түйсікте қабылданатын белгісі, ал
сөздің мағынасы - таным және түсініктің,
яғни ойдың орнын ауыстыру қабілеті.
13 слайд
Тілді философиялық тұрғыдан зерттеу мәселесін ағылшын материалисті Д.Локк “Адам ой-санасы туралы тәжірибе” (Опыт о человеческой разуме) – 1690ж. Философиялық еңбегінде қояды. Ол сөздің мағынасына зор көңіл бөліп, бұл мәселені тілдің мәні туралы іліммен тығыз байланыстырады. Локк объективті дүние заттарын адам сезім, түйсіну арқылы қабылдайды. Сөз есіту мүшелері арқылы қабылданған бөлшектенетін дыбыстардан тұрады. Сөздің қызметі ойды жеткізу, бірақ ойды түйсінуге болмайды, ойды жеткізу үшін оны түйсіну мүшелері арқылы қабылданатын таңбаларға жатқызу керек . Мұндай белгі – сөз. Локк бойынша, сөз ойдың түйсікте қабылданатын белгісі, ал сөздің мағынасы - таным және түсініктің, яғни ойдың орнын ауыстыру қабілеті.
14 слайд
Сөздің елеулі жағы – оның
абстрактілігі деп танылды. Кеңес
тілшісі М.В.Мачавариани: “Сөздің
мағынасын зерттей келе, Локк
субъективті-объективті,
индивидуалды-қоғамдық, нақты,
жалпы деп бөлшектеді. Сондықтан
оның теориясына субъективті-
идеалистік сипат тән”, - деді.
14 слайд
Сөздің елеулі жағы – оның абстрактілігі деп танылды. Кеңес тілшісі М.В.Мачавариани: “Сөздің мағынасын зерттей келе, Локк субъективті-объективті, индивидуалды-қоғамдық, нақты, жалпы деп бөлшектеді. Сондықтан оның теориясына субъективті- идеалистік сипат тән”, - деді.
15 слайд
Адам эволюциясының қазіргі деректер бойынша даму жолы
төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150-
200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения,
Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет
бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған
адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар)
олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60
мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып
орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың
оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен
Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі
түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден
әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан
50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.
15 слайд
Адам эволюциясының қазіргі деректер бойынша даму жолы төмендегідей. Қазіргі адамдар (гомо сапиенс сапиенс) бұдан 150- 200 жыл бұрын қазіргі Шығыс Африка территориясында (Кения, Танзания) пайда болған. Олар Еуразия құрылығына алғаш рет бұдан 70-80 мың жыл бұрын аяқ басқан, бұл аймақта кең таралған адам тәріздес «ағайындары» (негізінен неандертальдықтар) олармен бәсекеге төтеп бере алмай жойыла бастайды. Ал 40-60 мың жыл бұрын олар Оңтүстік Азия мен Еуропаға кеңінен таралып орналасқан. Одан кейін, бұдан 20-30 мың жыл бұрын адамдардың оңтүстікте Австралия мен аралдарға, солтүстікте Сібір мен Америкаға қарай таралуы жалғасады. Яғни тілдің қазіргі түрдегідей қалыптасқан кезін бұдан 200 мың жыл бұрынғы кезден әрі деп, ал қазіргі тілдердің бәріне негіз болған ең көне тілді бұдан 50 мың жыл бұрын өмір сүрген деп жорамалдауға болады.
16 слайд
16 слайд
17 слайд
Адамзат тілінің қазіргі күйінен
алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл»
деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық
ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл
тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына
білдіруде интонациялар және ымдаулар
маңызды орын алған. Бізді қазір үй
жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі-
үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол
диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге,
қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы
тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі
мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір
басты қағидаларға өзек болуда.
17 слайд
Адамзат тілінің қазіргі күйінен алдындағы тілдің түрін «диффузды тіл» деп атайды. Бұл тілдің дыбыстық ажыратылмайтын кезеңін білдіреді. Бұл тілде сөздер мен дыбыстардан гөрі мағына білдіруде интонациялар және ымдаулар маңызды орын алған. Бізді қазір үй жануарлары немесе кішкене сәбилер (екі- үш айға дейінгі) қандай да бір жолмен (сол диффузды түрде, яғни дауыс әуеніне, көзге, қимылдарға қарайды) «түсінеді». Жалпы тілдің ең бастау көздерін жануарлар әлемі мен инстинктілерден іздеу үрдісі қазір басты қағидаларға өзек болуда.
18 слайд
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің
нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп
қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және
болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да
прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл -
адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде
белгілі бір табысқа жету ді , көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара
пікір алысып, түсінісіп әрекет етуіні ң құралы. Демек, тіл мен
өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында
әрине өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып
табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту
үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы
түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу
құралын, яғни сөйлеу тілі н қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді
тудырды.
18 слайд
Философия тілді ең алдымен қоғамдық-тарихи прогрестің нәтижесінде пайда болған табиғи-әлеуметтік құбылыс деп қарастырады, өйткені қоғамнан тыс сөйлеу тілі жоқ, болған емес және болмайды да. Екінші жағынан алғанда, тіл жоқ жерде қоғамдасу да прогреске жету де жоқ. Тіл мен қоғам айырғысыз бірлікте. Тіл - адамдардың бірлесе қимылдан, материалдық игіліктер өндірісінде белгілі бір табысқа жету ді , көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін өзара пікір алысып, түсінісіп әрекет етуіні ң құралы. Демек, тіл мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-қатынасында әрине өндіріс алғашқылық, айқындаушы, шешуші фактор болып табылады. Дәлін айтқанда, адам өзінің тіршілік жағдайларын жақсарту үшін, табиғат жағдайларына және қоғамдық қатынастарға саналы түрде әсер ету үшін қарым-қатынас жасау және ой-пікір алмасу құралын, яғни сөйлеу тілі н қажет етеді, ал бұл қажеттілік тілді тудырды.
19 слайд
Материалдық өндірісті тудыратын тіл емес,
керісінше, өндіріс қажеттері бір ұжымдағы
адамдардың бәріне түсінікті ортақ тілдің болуын
қажетті түрде талап етті. Адамзат тілінің пайда болу
теориясының негізін салған К.Маркс пен Ф.Энгельс
бұл жөнінде былай деп жазды: "Тіл де , сана сияқты,
ертеден келе жатқан нәрсе; тіл, дәл айтқанда, (іс
жүзінде) алдымен басқалар үшін және тек осының
арқасында ғана мен өзім үшін де өмір сүретін шын
практикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана
сияқты тіл де басқа адамдармен қатынас жасау
қажеттігінен және мұқтаждығьнан туады".
19 слайд
Материалдық өндірісті тудыратын тіл емес, керісінше, өндіріс қажеттері бір ұжымдағы адамдардың бәріне түсінікті ортақ тілдің болуын қажетті түрде талап етті. Адамзат тілінің пайда болу теориясының негізін салған К.Маркс пен Ф.Энгельс бұл жөнінде былай деп жазды: "Тіл де , сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе; тіл, дәл айтқанда, (іс жүзінде) алдымен басқалар үшін және тек осының арқасында ғана мен өзім үшін де өмір сүретін шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана сияқты тіл де басқа адамдармен қатынас жасау қажеттігінен және мұқтаждығьнан туады".
20 слайд
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория
"қоғамдық шарт" теориясы. Бұл теория бойы н ша,
алғашқы адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы
таңдап алған. Тілді келісім арқылы жасау үшін келісімнен
бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені ондай тілсіз тіл
туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл логикалық
қисынсыздық "қоғамдық шарт" теориясының шындыққа
жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ
екендігін өзінен-өзі көрсетіп тұр.
20 слайд
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория "қоғамдық шарт" теориясы. Бұл теория бойы н ша, алғашқы адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді келісім арқылы жасау үшін келісімнен бұрын бір тіл болуы керек қой, өйткені ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге болады?! Бұл логикалық қисынсыздық "қоғамдық шарт" теориясының шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ екендігін өзінен-өзі көрсетіп тұр.
21 слайд
XIX ғасырда е ң бек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын т ұ рпайы материалистік
теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғаш қ ы адамдарды ң
еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайлары ның негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең
алдымен етістік сөздерді ң шығуына негіз болды деп пайымдады. Б ұ л т е орияны
жа қ таушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қ арым- қ аты нас кұралы ретінде түсінбей,
тек еңбек процесін қ остаушы көмекші кұрал деп түсінді.
21 слайд
XIX ғасырда е ң бек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын т ұ рпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғаш қ ы адамдарды ң еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайлары ның негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздерді ң шығуына негіз болды деп пайымдады. Б ұ л т е орияны жа қ таушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қ арым- қ аты нас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қ остаушы көмекші кұрал деп түсінді.
22 слайд
Тіл және қоғам .
Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда
пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар
арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге
(информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы)
болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б.
болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін
байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық
дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері:
1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни
тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, ма...
22 слайд
Тіл және қоғам . Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұжан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетінін байқауға болады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциялары деп аталады. Оның негізгілері: 1. Әлеуметтік дифференция әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, ма...