Төлеген Айбергенов. Слайд
Төлеген Айбергенов. Слайд

#1 слайд
«Бір тойымның
болатыны сөзсіз менің»
Сағыныштан жаралған
ақын Төлеген Айбергенов
75 жаста
1 слайд
«Бір тойымның болатыны сөзсіз менің» Сағыныштан жаралған ақын Төлеген Айбергенов 75 жаста
#2 слайд
Төлеген Айбергенұлы Айбергенов 1937 жылы
8 наурызда , Қоңырат ауданы,
Қарақалпақстанда дүниеге келген. Низами
атындағы Ташкент педагог и калық институтын
бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы
орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент
облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі
жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан
Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы
әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді.
Айбергеновтың өлеңдері республикалық
баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған
жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір
махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы
шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта
басылды.
2 слайд
Төлеген Айбергенұлы Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда , Қоңырат ауданы, Қарақалпақстанда дүниеге келген. Низами атындағы Ташкент педагог и калық институтын бітірген (1959). 1959-62 ж. Қоңырат аудындағы орта мектепте мұғалім, 1962-65 ж. Шымкент облысының Сарыағаш ауданындағы кешкі жастар I мектебінде директор. 1965 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросында қызмет істеді. Айбергеновтың өлеңдері республикалық баспасөзде 1957 жылдан жарияланды. Туған жерге деген албырт сағыныш пен мөлдір махаббатқа толы бір топ өлеңдері 1961 жылы шыққан "Жас дәурен" атты топтама жинақта басылды.
#3 слайд
Поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963),
"Өмірге саяхат" (1965), "Қ ұ мдағы мұнаралар"
(1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат"
(1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған
"Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық
көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья"
(1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері
аударылып, басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ
жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан",
"Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір
тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел
арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс
болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы
өлеңдер" жинағы мен ол туралы жазылған
"Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы
жарық көрді.
3 слайд
Поэтикалық жыр кітаптары - "Арман сапары" (1963), "Өмірге саяхат" (1965), "Қ ұ мдағы мұнаралар" (1968), "Мен саған ғашық едім" (1970), "Аманат" (1975), "Бір тойым бар" (1981), балаларға арналған "Бақшаға саяхат" сурет-кітапшасы (1985) жарық көрді. Сондай-ақ орыс тілінде "Мир созвездья" (1987) деген атпен таңдамалы өлеңдері аударылып, басылды. Айбергеновтың "Ақ ерке, Ақ жайық", "Жаңғырған Маңғыстау", "Қазақстан", "Сені ойладым", "Мені ойла", "Ақ қайыңдар", "Бір тойым бар", т. б. өлеңдеріне жазылған әндер ел арасына кеңінен танымал. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974, қайтыс болғаннан кейін). 1997 ж. ақынның "Таңдамалы өлеңдер" жинағы мен ол туралы жазылған "Біргемін мен сендермен" атты естелік кітабы жарық көрді.
#4 слайд
Жинақтары
4 слайд
Жинақтары
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
Ақындық
Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің,
қарағым,
Аузында болу бұл өзі сыздаған
барлық жараның.
Көкірегіңе құйып ап әлемнің асқақ
бар әнін,
Қосудың арпалысы бұл — тоғыспас
жолдар торабын.
Нахақтан күйіп баратса нұрлы күн
үшін бір тұтқын,
Кес-кестеп барып кеудеңді оғына
тосу мылтықтың.
Қалдырмау үшін ұятқа күнәсіз мынау
дүниені,
Жамау қып басу өзіңді аузына
барлық жыртықтың.
6 слайд
Ақындық Ақын боп өмір кешіру оңай деймісің, қарағым, Аузында болу бұл өзі сыздаған барлық жараның. Көкірегіңе құйып ап әлемнің асқақ бар әнін, Қосудың арпалысы бұл — тоғыспас жолдар торабын. Нахақтан күйіп баратса нұрлы күн үшін бір тұтқын, Кес-кестеп барып кеудеңді оғына тосу мылтықтың. Қалдырмау үшін ұятқа күнәсіз мынау дүниені, Жамау қып басу өзіңді аузына барлық жыртықтың.
#7 слайд
Атамекен
Көл-дария көкірегімнен бір тұнба
ашып.
Мен тұрмын ата-баба жұртын басып.
Жаутаңдап қазір менің жанарымда
Тұп-тұтас жиырма жеті жыл тұр
ғашық.
Түп-түгел төрт құбыламды түстік
етіп,
Туған жер, мен сен салған құс
түлетіп,
Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа
Тұрғаны өз топырағыңнан ыстық
өтіп.
О, менің мәңгі басар нық тұрағым,
Қалайша махаббатымды ұқтырамын?
Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте
Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын.
7 слайд
Атамекен Көл-дария көкірегімнен бір тұнба ашып. Мен тұрмын ата-баба жұртын басып. Жаутаңдап қазір менің жанарымда Тұп-тұтас жиырма жеті жыл тұр ғашық. Түп-түгел төрт құбыламды түстік етіп, Туған жер, мен сен салған құс түлетіп, Дүние-ай, қандай жақсы ед табаныңа Тұрғаны өз топырағыңнан ыстық өтіп. О, менің мәңгі басар нық тұрағым, Қалайша махаббатымды ұқтырамын? Мен сенің ақ төсіңе шаңқай түсте Көлеңкем түспесін деп тік тұрамын.
#8 слайд
Мені ойла
Сеземін сүйген жүрекке
Сағыну соқпас оңайға.
Дегенмен, қалқам, қалайда
Қалт еткен шақта мені ойла.
Таңертең тұр да шықты көр…
Оянған шақта мені ойла.
Шұғылаға шығыс түп-түгел
Боялған шақта мені ойла.
Дүниені нұрлы кірпігің
Қамастырғанда мені ойла.
Талдарға көктем бүртігін
Жаңа аштырғанда мені ойла.
8 слайд
Мені ойла Сеземін сүйген жүрекке Сағыну соқпас оңайға. Дегенмен, қалқам, қалайда Қалт еткен шақта мені ойла. Таңертең тұр да шықты көр… Оянған шақта мені ойла. Шұғылаға шығыс түп-түгел Боялған шақта мені ойла. Дүниені нұрлы кірпігің Қамастырғанда мені ойла. Талдарға көктем бүртігін Жаңа аштырғанда мені ойла.
#9 слайд
Туғанына 75 жыл тол ған ақын туралы
замандастары жазған естелікте рі
9 слайд
Туғанына 75 жыл тол ған ақын туралы замандастары жазған естелікте рі
#10 слайд
Әбіш КЕКІЛБАЕВ
Көктемнің жазға ұласар жайсаң шағы
Мен онда бұлай боларын білген жоқпын.
Көктемнің жазға ұласар шағы еді. Алматының
әсем бір таңында Жазушылар үйінің алдында оған
жолықтым. Қайқы төсін жасыл теректердің
арасынан жасырынып ескен майда лепке тосып,
алыстан менің келе жатқанымды көріп,
амандасқалы тоқтаған екен. Бұрын ылғи
жолыққан сайын, Жазушылар одағының
фойесіндегі шеттеу орындыққа жайғасып алып ол
маған Қашаған жырын соғатын. Сол әдетіммен:
«Қалай, Қашекеңді айтасың ба?» деп едім, ол:
«Қызметке орналасатын болдым, бүгін-ертең бір-
екі ақынды ертіп Қарақалпақстанға жүрмекпін», —
деді.
Бұл біздің ақырғы жолығысымыз екенін онда
екеуіміз де білген жоқпыз. Ол майса көктемнің
табиғаттың пісіп-толар сарша тамызға ұласар
шағы еді.
«Құмдағы мұнараларды» оқып отырғанда сол біз
ақырғы жолығысқан
көктемнің жазға ұласар жайсаң шағы еске түседі.
Бақсақ, Төлегеннен тек табиғаттың ғана емес, өз
творчествосының да нағыз бабына келген келісті
шағында айырылып қалыппыз.
10 слайд
Әбіш КЕКІЛБАЕВ Көктемнің жазға ұласар жайсаң шағы Мен онда бұлай боларын білген жоқпын. Көктемнің жазға ұласар шағы еді. Алматының әсем бір таңында Жазушылар үйінің алдында оған жолықтым. Қайқы төсін жасыл теректердің арасынан жасырынып ескен майда лепке тосып, алыстан менің келе жатқанымды көріп, амандасқалы тоқтаған екен. Бұрын ылғи жолыққан сайын, Жазушылар одағының фойесіндегі шеттеу орындыққа жайғасып алып ол маған Қашаған жырын соғатын. Сол әдетіммен: «Қалай, Қашекеңді айтасың ба?» деп едім, ол: «Қызметке орналасатын болдым, бүгін-ертең бір- екі ақынды ертіп Қарақалпақстанға жүрмекпін», — деді. Бұл біздің ақырғы жолығысымыз екенін онда екеуіміз де білген жоқпыз. Ол майса көктемнің табиғаттың пісіп-толар сарша тамызға ұласар шағы еді. «Құмдағы мұнараларды» оқып отырғанда сол біз ақырғы жолығысқан көктемнің жазға ұласар жайсаң шағы еске түседі. Бақсақ, Төлегеннен тек табиғаттың ғана емес, өз творчествосының да нағыз бабына келген келісті шағында айырылып қалыппыз.
#11 слайд
Қадыр МЫРЗА ӘЛІ
Қазақ жырына домбырадан келген
Мен Төлеген Айбергеновтің өлеңдері туралы өз
пікірімді әр жерде жазып та, айтып та жүрмін.
Қазақ поэзиясына сондай бір ақын келу керек еді,
ол келді де, әттең… ұзақ тұрмады. Бізге мәлім бір-
ақ Төлеген ғой бұл. Шын мәнінде, Алтай мен
Атырау арасында қаншама Төлегендер болды. Олар
әлі де бар. Айбергеновтің өмірі де, өлеңі де жаңа
өспірім жас таланттарға қамқорлықпен, сеніммен
қарау керек деген ақиқатты одан сайын ұқтыра
түседі.
Оның тіл сындырып, әріп таныған мектебі
домбыраның бауырынан өрбіген өлең-жырлар әлемі
еді. Қазір қазақ жырына домбырадан келетін
ақындар аз, ендігі жерде оңдайлар тіпті азая
бермек. Мұның жақсылығы да, жамандығы да бар.
Лайым, жақсылығы басым болғай. Бірақ бұл —
тілек қана. Тілек жүзеге асу үшін күресу керек.
Бардың нарқын, жоқтың парқын білмеумен күресу
керек. Басбұзарлыққа қарсы жұмыс жасалынып
жатса, тілбұзарлыққа қарсы сонша жұмыс
атқарылуы тиіс.
11 слайд
Қадыр МЫРЗА ӘЛІ Қазақ жырына домбырадан келген Мен Төлеген Айбергеновтің өлеңдері туралы өз пікірімді әр жерде жазып та, айтып та жүрмін. Қазақ поэзиясына сондай бір ақын келу керек еді, ол келді де, әттең… ұзақ тұрмады. Бізге мәлім бір- ақ Төлеген ғой бұл. Шын мәнінде, Алтай мен Атырау арасында қаншама Төлегендер болды. Олар әлі де бар. Айбергеновтің өмірі де, өлеңі де жаңа өспірім жас таланттарға қамқорлықпен, сеніммен қарау керек деген ақиқатты одан сайын ұқтыра түседі. Оның тіл сындырып, әріп таныған мектебі домбыраның бауырынан өрбіген өлең-жырлар әлемі еді. Қазір қазақ жырына домбырадан келетін ақындар аз, ендігі жерде оңдайлар тіпті азая бермек. Мұның жақсылығы да, жамандығы да бар. Лайым, жақсылығы басым болғай. Бірақ бұл — тілек қана. Тілек жүзеге асу үшін күресу керек. Бардың нарқын, жоқтың парқын білмеумен күресу керек. Басбұзарлыққа қарсы жұмыс жасалынып жатса, тілбұзарлыққа қарсы сонша жұмыс атқарылуы тиіс.
#12 слайд
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА
Ғасырға жол
Шын дарын жаспен өлшенбейді. Нағыз поэзия
иесінің том-том кітаптарының қалыңдығымен
немесе санының көптігімен бағаланбайды.
Елуге келмесе, елемейтін әдеттің қасаң
заңдылығын Төлеген де өлгесін бұзды,
таласып-тартыспай, жағынып-жалбарынбай,
бұғалыққа көнбес буырқанған жырларымен
бұзды. Қазақстан Ленин комсомолы
сыйлығының лауреаты атағы оған өзі дүние
салғаннан кейін берілді. Бұл баға — біздің
ұрпақтың ақынға деген тағзымы.
12 слайд
Фариза ОҢҒАРСЫНОВА Ғасырға жол Шын дарын жаспен өлшенбейді. Нағыз поэзия иесінің том-том кітаптарының қалыңдығымен немесе санының көптігімен бағаланбайды. Елуге келмесе, елемейтін әдеттің қасаң заңдылығын Төлеген де өлгесін бұзды, таласып-тартыспай, жағынып-жалбарынбай, бұғалыққа көнбес буырқанған жырларымен бұзды. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы оған өзі дүние салғаннан кейін берілді. Бұл баға — біздің ұрпақтың ақынға деген тағзымы.
#13 слайд
Сейфолла ОСПАН, ақын
Құйма жырдың киесіндей ақын
Арғы тегі Ақтөбе өңірін жайлап, кейінгі кер
заманда бірсыпырасы әрі кетіп, бірсыпырасы
бері кетіп, яғни Кеңес үкіметінің қолдан
жасаған аштық топалаңынан әркім ауған
жаққа жол кезіп кеткен ұрпақтың ата-
аналарының елімен қайта тоғысып, енді-енді
ес жия бастаған сыңайлы. Соның кепілдігі
болар жан-жаққа шашырап кеткен
жандардың сәулелі санасы, ізгілікті істердің
өз атамекеніне ойыса бастағаны. Біз де соған
куә бола бастадық, әйтеуір. Осы жайдың бір
куәгеріндей туған жері мен жүрген жерін,
қала берді, ата-бабаларының атамекенін
аңсап, сол өңірдің барша құнарын
аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен
бойына сіңірген Төлеген Айбергенов сияқты
дүниеден жастай кеткен ұлы
ақындарымыздың жөні бір бөлек еді. Мен
білетін Төлеген сонау ертеректе Арал теңізінің
солтүстігіне көзі жәудірей қарағанымен,
оңтүстігінде дүниеге келген сағынышы қай
елді мекенді болмасын көгертіп-көктетіп,
әлсін-әлі жыр арқауына өзгеге өрнек төктіріп
отырғандығы барша қазаққа аян.
13 слайд
Сейфолла ОСПАН, ақын Құйма жырдың киесіндей ақын Арғы тегі Ақтөбе өңірін жайлап, кейінгі кер заманда бірсыпырасы әрі кетіп, бірсыпырасы бері кетіп, яғни Кеңес үкіметінің қолдан жасаған аштық топалаңынан әркім ауған жаққа жол кезіп кеткен ұрпақтың ата- аналарының елімен қайта тоғысып, енді-енді ес жия бастаған сыңайлы. Соның кепілдігі болар жан-жаққа шашырап кеткен жандардың сәулелі санасы, ізгілікті істердің өз атамекеніне ойыса бастағаны. Біз де соған куә бола бастадық, әйтеуір. Осы жайдың бір куәгеріндей туған жері мен жүрген жерін, қала берді, ата-бабаларының атамекенін аңсап, сол өңірдің барша құнарын аталарының қанымен, аналарының ақ сүтімен бойына сіңірген Төлеген Айбергенов сияқты дүниеден жастай кеткен ұлы ақындарымыздың жөні бір бөлек еді. Мен білетін Төлеген сонау ертеректе Арал теңізінің солтүстігіне көзі жәудірей қарағанымен, оңтүстігінде дүниеге келген сағынышы қай елді мекенді болмасын көгертіп-көктетіп, әлсін-әлі жыр арқауына өзгеге өрнек төктіріп отырғандығы барша қазаққа аян.
#14 слайд
С ұ р а қ т а р:
1. Т.Айбергенов нешінші жылы дүниеге келген?
2. Оның жинақтары қалай аталады?
3. Ф.Оңғарсынова қандай пікір айтқан?
4. Ақынның атқарған қызметтері қандай?
5. Оның өлеңдері нешінші жылы жарық
көрген?
6. Қадыр Мырза Әлі қандай пікір айтқан?
7. «Апаларым» өлеңі кімге арналған?
8. Ә. Кекілбаев қандай пікір айтқан?
9. С.Мәуленов қандай пікір айтқан?
10. Т.Айбергенов неше жасында өмірден өтті?
14 слайд
С ұ р а қ т а р: 1. Т.Айбергенов нешінші жылы дүниеге келген? 2. Оның жинақтары қалай аталады? 3. Ф.Оңғарсынова қандай пікір айтқан? 4. Ақынның атқарған қызметтері қандай? 5. Оның өлеңдері нешінші жылы жарық көрген? 6. Қадыр Мырза Әлі қандай пікір айтқан? 7. «Апаларым» өлеңі кімге арналған? 8. Ә. Кекілбаев қандай пікір айтқан? 9. С.Мәуленов қандай пікір айтқан? 10. Т.Айбергенов неше жасында өмірден өтті?
#15 слайд
15 слайд
шағым қалдыра аласыз













