Түркі кезеңіндегі Қазақстан мәдениеті (IX-XII ғғ.): әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи және т.б.

#1 слайд
Түркі кезеңіндегі
Қазақстан мәдениеті ( IX-
XII ғғ.): әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұт
Қашқари, Ахмет Яссауи
және т.б.
1 слайд
Түркі кезеңіндегі Қазақстан мәдениеті ( IX- XII ғғ.): әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи және т.б.
#2 слайд
Әбу Насыр
Әл-Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби IX-X ғ. (870–950 жж.) Орта
ғасырдағы ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби Сырдария
өзенінің жағасында орналасқан Отырар (Фараб)
қаласында 870 жылы дүниеге келген. Толық аты-жөні –
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан. Асқан білімділігімен
«Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым
Әл-Фараби Бұхара, Самарқан, Дамаск, Бағдат, Александрия
қалаларында өз білімін жетілдірген. Ол – философ,
математик, тарихшы, физик, астроном, асқан дарын
иесі .
Араб, грек, парсы тілдерін еркін меңгерген. Архимед,
Аристотель, Евклид, Пифагор еңбектерін зерттеген.
Александрия, Отырар кітапханаларынан нәр алған. Оның
әйгілі «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың
шығуы», «Жұлдыздар бойынша болжаулар»,
«Мәселелердің түпкі мазмұны», «Вакуш туралы
трактат» т. б. еңбектері тамаша ғылыми жетістіктер екені
белгілі. Қыпшақ тайпасынан шыққан ұлы ойшыл Әл-
Фараби 950 жылы Дамаск (Шам) шаһарында қайтыс
болды.Ә
Л
-
Ф
А
Р
А
Б
И
2 слайд
Әбу Насыр Әл-Фараби Әбу Насыр Әл-Фараби IX-X ғ. (870–950 жж.) Орта ғасырдағы ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби Сырдария өзенінің жағасында орналасқан Отырар (Фараб) қаласында 870 жылы дүниеге келген. Толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан. Асқан білімділігімен «Шығыстың Аристотелі» атанған энциклопедист ғалым Әл-Фараби Бұхара, Самарқан, Дамаск, Бағдат, Александрия қалаларында өз білімін жетілдірген. Ол – философ, математик, тарихшы, физик, астроном, асқан дарын иесі . Араб, грек, парсы тілдерін еркін меңгерген. Архимед, Аристотель, Евклид, Пифагор еңбектерін зерттеген. Александрия, Отырар кітапханаларынан нәр алған. Оның әйгілі «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Жұлдыздар бойынша болжаулар», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Вакуш туралы трактат» т. б. еңбектері тамаша ғылыми жетістіктер екені белгілі. Қыпшақ тайпасынан шыққан ұлы ойшыл Әл- Фараби 950 жылы Дамаск (Шам) шаһарында қайтыс болды.Ә Л - Ф А Р А Б И
#3 слайд
Жүсіп
Баласағұни
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған.
Философия, математика, медицина,
астрономия, астрология, өнертану,
әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым
салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік
әдебиет пен мәдениет тарихында
«Құтадғу білік» ("Құтты білік") дастаны
арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл
дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі
жыл санау бойынша 1070 жылда жазып
бітірген. Дастанды «хандардың ханы» —
Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210)
негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 -
955) тарту етеді. Сол үшін хан өз
жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас
хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы
кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы
бар. Біріншісі, Герат қаласындағы
1439 жылы көне ұйғыр жазуымен
(қазір ол Вена қаласындағы Корольдік
кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14
ғасырдың 1-жартысында Египетте
араб әрпімен (Каирдың Кедивен
кітапханасы қорында) көшірілген. Ал
Наманған қаласынан табылған үшінші
нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен
қағазға түсірілген.
Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың
әрқайсысына тән өзіндік
ерекшеліктерді жинақтай отырып,
«Құтты білік» дастанының
ғылымының негізделген толық
мәтінін жасап шықты.
3 слайд
Жүсіп Баласағұни Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты.
#4 слайд
Махмұд
Қашқари
Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия,
Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған.
Түркі тілімен қатар, араб және парсы
тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани
лұғат ат-түрік» - Қашқаридың ең ұлы
шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне
қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл
тамаша энциклопедиялық туынды 1072-
1078 жылдары Бағдатта жазылған.
Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы
М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі
Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ
тіліне А. Егеубаев тәржімәлады.
Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы,
Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан
әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси
орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан.
Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар
тұрған. Оның аты жөніне қай жерден
шыққанын көрсететін дәстүрмен
«Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Махмұд Қашқари (араб.
Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн
Мұхаммед әл-Қашғари; 1029
—1101) — түркі ғалымы,
әйгілі «Диуани лұғат ат-
түрк» («Түркі сөздерінің
жинағы») атты еңбектің
авторы.
Туған жері, ежелгі үйсіндер
құрған, әртүрлі аталған
мемлекетінің, қазіргі
Қырғызстан жеріндегі
Ыстықкөл жағасындағы (кей
деректе Шу бойындағы)
Барсхан қаласы. Ыстықкөл
маңындағы болған Барысхан
қаласында әскерилер
отбасында дүниеге келген.
Қарахан әулетінен.
4 слайд
Махмұд Қашқари Қашқарда, Бағдатта білім алған. Византия, Түркия, Қытай және басқа елдерді аралаған. Түркі тілімен қатар, араб және парсы тілдерінде де еңбектер жазған. «Диуани лұғат ат-түрік» - Қашқаридың ең ұлы шығармасы. Онда көшпелілердің ой әлеміне қатысты да тамаша мұра жинақталған. Бұл тамаша энциклопедиялық туынды 1072- 1078 жылдары Бағдатта жазылған. Түпнұсқасы жоғалып кеткен. 1206 жылы М.А.Абулфатх жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Толық нұсқасын қазақ тіліне А. Егеубаев тәржімәлады. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Махмұд Қашқари (араб. Махмұт ибн әл-Хұсейн ибн Мұхаммед әл-Қашғари; 1029 —1101) — түркі ғалымы, әйгілі «Диуани лұғат ат- түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Туған жері, ежелгі үйсіндер құрған, әртүрлі аталған мемлекетінің, қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Ыстықкөл маңындағы болған Барысхан қаласында әскерилер отбасында дүниеге келген. Қарахан әулетінен.
#5 слайд
Қожа
Ахмет
Иассауи
Қожа Ахмет Иассауидың басты шығармасы «Диуани хикмат»
(Даналық жайындағы кітап) 4 томнан құралған. Ол 63 жасқа, яғни
Пайғамбар жасына жеткеннен кейін өзінше о дүниеде өмір сүреді.
Жер асты қапаста қалған өмірін өткізеді. Ахмет Иассауи өзінің
ұстазын Арыстан бабты қатты құрметтеген. XIV ғасырда Ақсақ Темір
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің басына
үлкен мазар салғызған. Сондықтан бұл жер мұсылмандардың
«екінші Меккесі» аталған. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа
Ахмет» деген сөз содан қалған.Қожа Ахмет Иассауи XII ғ. (1103–1167 жж.)
Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының сопылық
бағытын дамытқан тұлға. Ахмет Иассауи XII
ғасырда өмір сүрген. Өмірінің көбі Сайрам мен
Иасыда (Түркістан) өтеді. Бұхара қаласында діни
білім алған ол, Түркістан қаласында ислам дінін
уағыздайды. Бұл кез Қазақстан жерін ислам дінінің
жаңадан тарала бастаған уақыты болатын.
5 слайд
Қожа Ахмет Иассауи Қожа Ахмет Иассауидың басты шығармасы «Диуани хикмат» (Даналық жайындағы кітап) 4 томнан құралған. Ол 63 жасқа, яғни Пайғамбар жасына жеткеннен кейін өзінше о дүниеде өмір сүреді. Жер асты қапаста қалған өмірін өткізеді. Ахмет Иассауи өзінің ұстазын Арыстан бабты қатты құрметтеген. XIV ғасырда Ақсақ Темір Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің басына үлкен мазар салғызған. Сондықтан бұл жер мұсылмандардың «екінші Меккесі» аталған. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған.Қожа Ахмет Иассауи XII ғ. (1103–1167 жж.) Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының сопылық бағытын дамытқан тұлға. Ахмет Иассауи XII ғасырда өмір сүрген. Өмірінің көбі Сайрам мен Иасыда (Түркістан) өтеді. Бұхара қаласында діни білім алған ол, Түркістан қаласында ислам дінін уағыздайды. Бұл кез Қазақстан жерін ислам дінінің жаңадан тарала бастаған уақыты болатын.
#6 слайд
НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
6 слайд
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
шағым қалдыра аласыз


