Туған жерім-тұнған шежіре
Туған жерім-тұнған шежіре

#1 слайд
ТУҒАН ЖЕРІМ-
ТҰНҒАН
ШЕЖІРЕМ
114
жыл
1 слайд
ТУҒАН ЖЕРІМ- ТҰНҒАН ШЕЖІРЕМ 114 жыл
#2 слайд
Мақсаты:
- Туған елді, жерді сүюге, Отанға деген
сүйіспеншілікті арттыру
- Әр адам өз туған жерімен мақтана білуі
қажет және де өзінің туған жерінің тарихы
мен салт-дәстүр,әдет–ғұрыптарын жатқа
біліп, орындауы тиіс.
- Туған өлкемнен шыққан атақты
адамдарды мақтан тұтуымыз қажет.
Олардың өмірі шығармашылығымен біз
болашақ ұрпақ жете танысуымыз керек.
2 слайд
Мақсаты: - Туған елді, жерді сүюге, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру - Әр адам өз туған жерімен мақтана білуі қажет және де өзінің туған жерінің тарихы мен салт-дәстүр,әдет–ғұрыптарын жатқа біліп, орындауы тиіс. - Туған өлкемнен шыққан атақты адамдарды мақтан тұтуымыз қажет. Олардың өмірі шығармашылығымен біз болашақ ұрпақ жете танысуымыз керек.
#3 слайд
Тарихы
Іргетасы 1909 жылы Ресейден қоныс аударған мұжықтардың
елді мекен салуынан қаланады. Елді мекеннің атын, Балқантау
тауынан бастау алатын "Егіндібұлақ" атты бұлақтың атын
мұжықтардың орыс тіліне "Хлебородное" деп аударуымен, сол
кездегі Орынбордың генерал – губернаторы өз бұйрығымен
бекітеді.
1928 жылғы 17 қантарда Қарқаралы уезіне қарасты Қу, Едірей
және Байыр болыстарының ауқымды бөлігі негізінде
құрылып, оның әкімшілік орталығы болып – "Хлебородное"
ауылы белгіленеді. 1930 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің
Төралқасы жергілікті халықтың сұрауы бойынша аудан
орталығының атауын – Егіндібұлақ ауылы деп өзгерту туралы
өз Қаулысын қабылдайды.
Егіндібұлақ өңірі туған Тәттімбет Қазанғапұлы, ақиық ақын-
сазгер Мәди Бәпиұлы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері
Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов сынды көптеген ірі тұлғалар
туып өскен. Сондай-ақ бұл өңір - ұлы Абай Құнанбайұлының
анасы Ұлжанның туған жері, яғни ұлы ақынның нағашы
жұрты.
3 слайд
Тарихы Іргетасы 1909 жылы Ресейден қоныс аударған мұжықтардың елді мекен салуынан қаланады. Елді мекеннің атын, Балқантау тауынан бастау алатын "Егіндібұлақ" атты бұлақтың атын мұжықтардың орыс тіліне "Хлебородное" деп аударуымен, сол кездегі Орынбордың генерал – губернаторы өз бұйрығымен бекітеді. 1928 жылғы 17 қантарда Қарқаралы уезіне қарасты Қу, Едірей және Байыр болыстарының ауқымды бөлігі негізінде құрылып, оның әкімшілік орталығы болып – "Хлебородное" ауылы белгіленеді. 1930 жылы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы жергілікті халықтың сұрауы бойынша аудан орталығының атауын – Егіндібұлақ ауылы деп өзгерту туралы өз Қаулысын қабылдайды. Егіндібұлақ өңірі туған Тәттімбет Қазанғапұлы, ақиық ақын- сазгер Мәди Бәпиұлы, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Нығмет Нұрмақұлы Нұрмақов сынды көптеген ірі тұлғалар туып өскен. Сондай-ақ бұл өңір - ұлы Абай Құнанбайұлының анасы Ұлжанның туған жері, яғни ұлы ақынның нағашы жұрты.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
Географиялық орны
Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа
қарай 76 км-дей жерде, Балқантау тауының баурайында
орналасқан. Тауында қарағай, қайың, липа сияқты ағаштар
мен басқа көкжелектер тұқымына жататындар өседі, арқар,
қасқыр, түлкі, сілеусін, қоян және шыл, күрке тауық пен тағы
да басқадай аңдар мен құстар мекендейді. Ауыл аумағында
балық өсірілетін "Шұбаркөл" атты көл, оннан астам
бұлақтар бар. Ауылдың шығысында, 12 шақырым жерде
орналасқан "Қарабиік" өлкесінде қазба байлық – көмір
кеніші бар. Ауданның жер аумағы 23,5 мың га құрайды, оның
ішінде 21292 га ауылшаруашылық жерлеріне (жайлымдық)
жатады. Құрылыс пен жолдарға, электр желістері мен
телефон байланысына 2205 га бөлінген. Егіндібұлақ өңірі
сонымен қатар еліміздегі тұңғыш металлургия зауыты,
атақты Қоянды жәрменкесі ашылған жер.
6 слайд
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 км-дей жерде, Балқантау тауының баурайында орналасқан. Тауында қарағай, қайың, липа сияқты ағаштар мен басқа көкжелектер тұқымына жататындар өседі, арқар, қасқыр, түлкі, сілеусін, қоян және шыл, күрке тауық пен тағы да басқадай аңдар мен құстар мекендейді. Ауыл аумағында балық өсірілетін "Шұбаркөл" атты көл, оннан астам бұлақтар бар. Ауылдың шығысында, 12 шақырым жерде орналасқан "Қарабиік" өлкесінде қазба байлық – көмір кеніші бар. Ауданның жер аумағы 23,5 мың га құрайды, оның ішінде 21292 га ауылшаруашылық жерлеріне (жайлымдық) жатады. Құрылыс пен жолдарға, электр желістері мен телефон байланысына 2205 га бөлінген. Егіндібұлақ өңірі сонымен қатар еліміздегі тұңғыш металлургия зауыты, атақты Қоянды жәрменкесі ашылған жер.
#7 слайд
Қаз дауысты Қазыбек би
Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші.
Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауылы, 1995
жыл
1995 жылы бұрынғы мәлімет бойынша Ұлы
бидің туғанына 330 жыл толуына
байланысты ас беріліп, халықтың
жинаған қаржысына жасалған ескерткіш.
Авторы:
Жаубасар Қалиев
Ескерткіштің іргетасы қойылған шақта
соған арнайы барып данышпан
бабамыздың мүрдесі мәңгілікке дамылдап
жатқан Түркістан қаласындағы Әзіреті
Сұлтан қорымынан әкелінген бір уыс
топырағы салынды.
Қиырға жанарын тігіп, тас үстіне тізе
бүккен ұлы бидің мүсінінен ел болашағы
үшін жаны қиналған күрескер тұлғаның
бейнесі танылады.
Жыл сайын Егіндібұлақ ауылында
Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың
ескерткіші ашылған
күн «Ауыл күні» болып
аталып өтіледі.
7 слайд
Қаз дауысты Қазыбек би Қаздауысты Қазыбек би ескерткіші. Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауылы, 1995 жыл 1995 жылы бұрынғы мәлімет бойынша Ұлы бидің туғанына 330 жыл толуына байланысты ас беріліп, халықтың жинаған қаржысына жасалған ескерткіш. Авторы: Жаубасар Қалиев Ескерткіштің іргетасы қойылған шақта соған арнайы барып данышпан бабамыздың мүрдесі мәңгілікке дамылдап жатқан Түркістан қаласындағы Әзіреті Сұлтан қорымынан әкелінген бір уыс топырағы салынды. Қиырға жанарын тігіп, тас үстіне тізе бүккен ұлы бидің мүсінінен ел болашағы үшін жаны қиналған күрескер тұлғаның бейнесі танылады. Жыл сайын Егіндібұлақ ауылында Қаздауысты Қазыбек би бабамыздың ескерткіші ашылған күн «Ауыл күні» болып аталып өтіледі.
#8 слайд
НЫҒМЕТ
НҰРМАҚОВ
Халық игілігіне
қызмет еткен
күрескер
1895-1937
8 слайд
НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ Халық игілігіне қызмет еткен күрескер 1895-1937
#9 слайд
Мемлекет және
Қоғам қайраткері
Республика
прокуроры
публицист
Қазақтың
алғашқы бас
прокуроы
4 премьер-
министр
Қазақстанның
жоғарғы
сотының негізін
салушы
Алғашқы төраға
НЫҒМЕТ
НҰРМАҚОВ
9 слайд
Мемлекет және Қоғам қайраткері Республика прокуроры публицист Қазақтың алғашқы бас прокуроы 4 премьер- министр Қазақстанның жоғарғы сотының негізін салушы Алғашқы төраға НЫҒМЕТ НҰРМАҚОВ
#10 слайд
Нығмет Нұрмақовқа ескерткіш
орнатылатын орын
10 слайд
Нығмет Нұрмақовқа ескерткіш орнатылатын орын
#11 слайд
Жүсіпбек Елебеков ( 28 тамыз 1904,
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Қаратау ауылы — 12 тамыз 1977,
Алматы) — әнші, Қазақстанның халық
артисі (1942).
Арғын тайпасы Қаракесек руының
Көшім бөлімінен
.
Бес жасынан әншілік өнерге ден қойған.
Ән өнерін әкесінің інісі Жақыпбек
Балғабайұлынан үйренген. Кейін Ғ.
Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә.
Қашаубаевтан дәріс алады.
1920-22 жылдары Семейдегі "Ес аймақ"
группасының спектакльдері мен
концерттеріне қатысады.
1922-30 жылдары Түрксиб темір жол
құрылысы мен ет комбинатында жұмыс
істеді, бірақ ән өнерінен қол үзбеді.
1931-35 жылдары Қазақ мемлекеттік
драма театрында (қазіргі М.Әуезов
атындағы драма театры)
11 слайд
Жүсіпбек Елебеков ( 28 тамыз 1904, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қаратау ауылы — 12 тамыз 1977, Алматы) — әнші, Қазақстанның халық артисі (1942). Арғын тайпасы Қаракесек руының Көшім бөлімінен . Бес жасынан әншілік өнерге ден қойған. Ән өнерін әкесінің інісі Жақыпбек Балғабайұлынан үйренген. Кейін Ғ. Айтбаевтан, Қ. Байжановтан, Ә. Қашаубаевтан дәріс алады. 1920-22 жылдары Семейдегі "Ес аймақ" группасының спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1922-30 жылдары Түрксиб темір жол құрылысы мен ет комбинатында жұмыс істеді, бірақ ән өнерінен қол үзбеді. 1931-35 жылдары Қазақ мемлекеттік драма театрында (қазіргі М.Әуезов атындағы драма театры)
#12 слайд
Мәди Бәпиұлы
Тәттімбет Қазанғапұлы
12 слайд
Мәди Бәпиұлы Тәттімбет Қазанғапұлы
#13 слайд
Тәттімбет Қазанғапұлының
мазары
13 слайд
Тәттімбет Қазанғапұлының мазары
#14 слайд
Кәріпбек Күйіков Семей ядролық полигоны
орналасқан жерден 100 шақырымдай
жердегі Қарқаралы ауданына қарасты
Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы туған.
Ол полигонның ащы зардабын көрген
жандардың бірі. Туғанынан қолы жоқ болса
да, ол еш мойымай, Семей полигонының
жабылуына атсалысады. Кәріпбек
Күйіковтің ядролық қаруға төзуге
болмайтынын Қазақстанға ғана емес, бүкіл
әлемге дәлелдеп жүрген қайсарлығы
көпшілікке белгілі. Оның тісімен немесе
аяқтарының башпайының көмегімен салған
суреттері полигонның қасіретін көз алдыңа
әкеледі. Оның туындылары Түркияда,
Жапонияда, АҚШ-та, Германияда, тағы
да басқа шет мемлекеттердің көрмесіне
қойылды. Ал суретшінің «Жарылыс» атты
туындысын Елбасы АҚШ президенті Барак
Обамаға табыстаған еді. Суретші және
АТОМ жобасының құрметті елшісі
Кәріпбек Күйіков бейбітшілік саласындағы
Нобель сыйлығына ұсынылды.
14 слайд
Кәріпбек Күйіков Семей ядролық полигоны орналасқан жерден 100 шақырымдай жердегі Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы туған. Ол полигонның ащы зардабын көрген жандардың бірі. Туғанынан қолы жоқ болса да, ол еш мойымай, Семей полигонының жабылуына атсалысады. Кәріпбек Күйіковтің ядролық қаруға төзуге болмайтынын Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге дәлелдеп жүрген қайсарлығы көпшілікке белгілі. Оның тісімен немесе аяқтарының башпайының көмегімен салған суреттері полигонның қасіретін көз алдыңа әкеледі. Оның туындылары Түркияда, Жапонияда, АҚШ-та, Германияда, тағы да басқа шет мемлекеттердің көрмесіне қойылды. Ал суретшінің «Жарылыс» атты туындысын Елбасы АҚШ президенті Барак Обамаға табыстаған еді. Суретші және АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды.
#15 слайд
Суреттері
15 слайд
Суреттері
#16 слайд
•Мақпал Мұхамедиярқызы
Жүнісова (1964 жылы 11 қаңтарда
Қарағанды облысы Қарқаралы
ауданы Теректі ауылында туған)
— кеңестік және қазақ эстрада
әншісі (драмалық сопрано),
профессор. Қазақстанның халық
әртісі (1994 ж.), ҚР Мемлекеттік
сыйлығының иегері (1999 ж.).
Халықаралық конкурстардың
лауреаты.
•Көптеген халықаралық
конкурстардың гран-при иегері
болған Мақпал Жүнісова 22
жасында Қазақстанның еңбек
сіңірген әртісі, 31 жасында
Қазақстанның халық әртісі
атанды. 1981 жылы
Днепропетровск қаласында өткен
бүкілодақтық конкурста гран-при
иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел
әншілерінің үздік ондығы кіріп,
үлкен танымалдылыққа ие болды.
16 слайд
•Мақпал Мұхамедиярқызы Жүнісова (1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған) — кеңестік және қазақ эстрада әншісі (драмалық сопрано), профессор. Қазақстанның халық әртісі (1994 ж.), ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері (1999 ж.). Халықаралық конкурстардың лауреаты. •Көптеген халықаралық конкурстардың гран-при иегері болған Мақпал Жүнісова 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 31 жасында Қазақстанның халық әртісі атанды. 1981 жылы Днепропетровск қаласында өткен бүкілодақтық конкурста гран-при иеленіп КСРО-ның ең үздік әйел әншілерінің үздік ондығы кіріп, үлкен танымалдылыққа ие болды.
#17 слайд
Егіндібұлақ селосындағы Мәдениет үйі
жанында халық өнерін насихаттап, оны
дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген,
жоғары халықтық деген атаққа иелен-ген:
Халық драма театры, Тәттімбет атындағы
халықтық ұлт аспаптар оркестрі жә-не
«Балқантау сазы» фольклорлық ансамблі
мен өнерпаз ардагерлердің «Замандас-тар»
клубы жұмыс істейді.
17 слайд
Егіндібұлақ селосындағы Мәдениет үйі жанында халық өнерін насихаттап, оны дамытуға өзіндік үлес қосып жүрген, жоғары халықтық деген атаққа иелен-ген: Халық драма театры, Тәттімбет атындағы халықтық ұлт аспаптар оркестрі жә-не «Балқантау сазы» фольклорлық ансамблі мен өнерпаз ардагерлердің «Замандас-тар» клубы жұмыс істейді.
#18 слайд
БАЛҚАНТАУ САЗЫ
фольклорлық ансамблі
18 слайд
БАЛҚАНТАУ САЗЫ фольклорлық ансамблі
#19 слайд
Егіндібұлақ ауылының «Замандастар» ардагерлер хоры 1987 жылы құрылды. Құрамында
60-80 жас аралығындағы 30 қатысушы бар.
Хор жетекшісі-Рысты Айтбақаева
Сүйемелдеушісі-Шынар Қабыкенов
19 слайд
Егіндібұлақ ауылының «Замандастар» ардагерлер хоры 1987 жылы құрылды. Құрамында 60-80 жас аралығындағы 30 қатысушы бар. Хор жетекшісі-Рысты Айтбақаева Сүйемелдеушісі-Шынар Қабыкенов
#20 слайд
Энциклопедиялық мәліметтерге жүгінсек, Балқантау батыстан шығысқа қарай 20 шақырымға
созылып, терістігі мен түстігінің аралығы 15 шақырымды алып жатқан бірнеше тау жотасы. Таудың
теңіз денгейінен өлшегендегі абсолюттік биіктігі 1366метр. Әлемдік географиялық картаға «қазақтың
ұсақ шоқылары» деген атаумен енген аласа таулардың арасында Балқантаудың шоқтығы жоғары.
Оның төңірегіндегі бұйыратты өңірді өзен арналары, сай-жыралар, құрғақ аңғарлар, ойпаттар қатты
тілімденген.
20 слайд
Энциклопедиялық мәліметтерге жүгінсек, Балқантау батыстан шығысқа қарай 20 шақырымға созылып, терістігі мен түстігінің аралығы 15 шақырымды алып жатқан бірнеше тау жотасы. Таудың теңіз денгейінен өлшегендегі абсолюттік биіктігі 1366метр. Әлемдік географиялық картаға «қазақтың ұсақ шоқылары» деген атаумен енген аласа таулардың арасында Балқантаудың шоқтығы жоғары. Оның төңірегіндегі бұйыратты өңірді өзен арналары, сай-жыралар, құрғақ аңғарлар, ойпаттар қатты тілімденген.
#21 слайд
Балқантаудың қойнауларынан басталатың бұлақтар мен өзендердің барлығы дерлік төңіректегі тұйық
көлдер мен Ертістің су алабына жатады. Олардың көпшілігі қар және жаңбыр суларымен, ішінара жер
асты сулармен қоректенеді. Осынау өзендер менбұлақтар қазан айының соңы мен қарашада қатып,
наурыздың соңы мен көкекте ериді. Жаз ортасы ауа өзен-бұлақ арналары күрт төмендеп, тұздылығы
артады. Тіпті, қарасуларға бөлініп, кейбіреулері тартылып, кеуіп қалады. Балқантаудың төңірегінде
Шұбаркөл, Балықтыкөл, 50-60 шақырымдай қашықтықта Қарасор мен Саумалкөл тәрізді су айдындары
орналасқан. Олардың терендігі 1 метрден 4 - 5 метрге дейін жетеді. Көпшілігі минералдылығы жоғары,
күкіртті-сутекті болғандықтан, шипалы балшықтарын шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары
пайдаланады.
ШҰБАРКӨЛ
ҚАРАСОР КӨЛІ
21 слайд
Балқантаудың қойнауларынан басталатың бұлақтар мен өзендердің барлығы дерлік төңіректегі тұйық көлдер мен Ертістің су алабына жатады. Олардың көпшілігі қар және жаңбыр суларымен, ішінара жер асты сулармен қоректенеді. Осынау өзендер менбұлақтар қазан айының соңы мен қарашада қатып, наурыздың соңы мен көкекте ериді. Жаз ортасы ауа өзен-бұлақ арналары күрт төмендеп, тұздылығы артады. Тіпті, қарасуларға бөлініп, кейбіреулері тартылып, кеуіп қалады. Балқантаудың төңірегінде Шұбаркөл, Балықтыкөл, 50-60 шақырымдай қашықтықта Қарасор мен Саумалкөл тәрізді су айдындары орналасқан. Олардың терендігі 1 метрден 4 - 5 метрге дейін жетеді. Көпшілігі минералдылығы жоғары, күкіртті-сутекті болғандықтан, шипалы балшықтарын шипажайлар мен емдеу-сауықтыру орындары пайдаланады. ШҰБАРКӨЛ ҚАРАСОР КӨЛІ
#22 слайд
Күн бесінге қарай
еңкейіп қалған шақта
Нығмет қуанғанынан:
«Әке,Қу көрінді, біздің
тау көрінді!» деп
дауыстап та жіберді.
Алпыс - жетпіс
шақырымнан көзге
шалынған көгілдір тау
Затаевич күнделігінде
былай сипатталған:
«Алыстан мұнартып
Қудың тауы асқақ
көрінді. Бұл - Нұрмақов
жолдастың туған
жері»...
22 слайд
Күн бесінге қарай еңкейіп қалған шақта Нығмет қуанғанынан: «Әке,Қу көрінді, біздің тау көрінді!» деп дауыстап та жіберді. Алпыс - жетпіс шақырымнан көзге шалынған көгілдір тау Затаевич күнделігінде былай сипатталған: «Алыстан мұнартып Қудың тауы асқақ көрінді. Бұл - Нұрмақов жолдастың туған жері»...
#23 слайд
Қарқаралы ауданы, Едірей ауылы маңында
орналасқан. Едірей – Сарыарқадағы, Арқалық
және Мыржық тауларының солтүстіндегі
таулы жоталар. Көптеген жақпартасты
шоқылар мен қырқалардан тұрады.
Беткейлері тік құламалы, жартасты, аз
тілімденген. Пермь мен девонның граниттері
мен гранитті сиениттерінен түзілген. Қызғылт
қоңыр сортаң топырағында бетеге, селеу,
сұлыбас, жусан, қараған, тобылғы өседі.
Аңғарларында шөпті айрауықты, шилі-
бетегелі шалғындар кездеседі. Едірей
тауларындағы Үшқарада Мәди Бәпиұлының
үңгірі орналасқан. 1748 жылы Алтай және
Қаракесек руларымен бірге Бөкей сұлтан да
келеді. Осы жазбаларда Қарауыл мен Ұлы
жүзге қарасты Қырғыз руының аралас көшіп
қонатындықтарын баяндай келе, олардың да
қаркесектермен қатар, Арқалық туларының
баурайларынан қоныс тепкендіктері аталады.
Ал, негізінен Қарқаралы, Кент, Боқты, Қу,
Едірей тауларын қаракесек рулары иемденген.
Қазақ тілінің едірею етістігімен бәлендей
байланысы жоқ атау. Этимологиясы: көне
түрік тілінде еді («жеті») және әрей («арай»)
сөздерінен қалыптасқан атау. Мәди Бәпиұлы
патша үкіметінің қудалауына ұшырап, қашып
жүргенде осы үңгірді паналаған.
Қудалаушылардан қашып жүрген кезінде
үңгірге тығылған сәттерінде от жаққан пеш
орны бар.Ол пештің бір қасиеті от жаққан
кезде түтіні тау жақпарларының арасымен
кетіп, 2 шақырым жерден шығады.
23 слайд
Қарқаралы ауданы, Едірей ауылы маңында орналасқан. Едірей – Сарыарқадағы, Арқалық және Мыржық тауларының солтүстіндегі таулы жоталар. Көптеген жақпартасты шоқылар мен қырқалардан тұрады. Беткейлері тік құламалы, жартасты, аз тілімденген. Пермь мен девонның граниттері мен гранитті сиениттерінен түзілген. Қызғылт қоңыр сортаң топырағында бетеге, селеу, сұлыбас, жусан, қараған, тобылғы өседі. Аңғарларында шөпті айрауықты, шилі- бетегелі шалғындар кездеседі. Едірей тауларындағы Үшқарада Мәди Бәпиұлының үңгірі орналасқан. 1748 жылы Алтай және Қаракесек руларымен бірге Бөкей сұлтан да келеді. Осы жазбаларда Қарауыл мен Ұлы жүзге қарасты Қырғыз руының аралас көшіп қонатындықтарын баяндай келе, олардың да қаркесектермен қатар, Арқалық туларының баурайларынан қоныс тепкендіктері аталады. Ал, негізінен Қарқаралы, Кент, Боқты, Қу, Едірей тауларын қаракесек рулары иемденген. Қазақ тілінің едірею етістігімен бәлендей байланысы жоқ атау. Этимологиясы: көне түрік тілінде еді («жеті») және әрей («арай») сөздерінен қалыптасқан атау. Мәди Бәпиұлы патша үкіметінің қудалауына ұшырап, қашып жүргенде осы үңгірді паналаған. Қудалаушылардан қашып жүрген кезінде үңгірге тығылған сәттерінде от жаққан пеш орны бар.Ол пештің бір қасиеті от жаққан кезде түтіні тау жақпарларының арасымен кетіп, 2 шақырым жерден шығады.
#24 слайд
ТУҒАН ЖЕР
24 слайд
ТУҒАН ЖЕР
#25 слайд
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде-құрбылармен алысқам,
Анау жерде құрбы жанмен табысқам,
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!
25 слайд
Таныс өлке, Таныс аймақ, Таныс маң: Анау жерде-құрбылармен алысқам, Анау жерде құрбы жанмен табысқам, Айналайын! Атамекен, Ақ мекен! Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?! Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен!
#26 слайд
Туған жер – өздерің дәлелдегендей киелі де
қасиетті мекен. Өз жерімізде көк туымыз
желбіреп, әнұранымыз орындала берсін.
Тұғырымыз мықты болып, келешек
ұрпағымыздың көкейінде туған жерге деген
сүйіспеншілік алауы мәңгі лаулап, жалындай
берсін.
26 слайд
Туған жер – өздерің дәлелдегендей киелі де қасиетті мекен. Өз жерімізде көк туымыз желбіреп, әнұранымыз орындала берсін. Тұғырымыз мықты болып, келешек ұрпағымыздың көкейінде туған жерге деген сүйіспеншілік алауы мәңгі лаулап, жалындай берсін.
#27 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ
27 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
шағым қалдыра аласыз













