ұбт слайд
ұбт слайд

#1 слайд
Хақназар хан
1538-1580 жылдары
1 слайд
Хақназар хан 1538-1580 жылдары
#2 слайд
2 слайд
#3 слайд
Қазақ хандығының хандары
01
Керей
03
Бұрындық
04
Қасым
06
Тахир,
Бұйдаш
02
Жәнібек
05
Мамаш
3 слайд
Қазақ хандығының хандары 01 Керей 03 Бұрындық 04 Қасым 06 Тахир, Бұйдаш 02 Жәнібек 05 Мамаш
#4 слайд
ХVI ғасырдың 20–30
жылдары
Жәнiбектiң
ұрпақтары
Мамаш хан
Тахир хан
Бұйдаш хан
Бұл кезең көршiлермен арадағы жиi-жиi соғыстармен, мемлекеттің
негiзгi аумағынан айырылуымен, Қазақ хандығының әлсiреуiмен сипатталады. Қазақ
билеушiлерiне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты
4 слайд
ХVI ғасырдың 20–30 жылдары Жәнiбектiң ұрпақтары Мамаш хан Тахир хан Бұйдаш хан Бұл кезең көршiлермен арадағы жиi-жиi соғыстармен, мемлекеттің негiзгi аумағынан айырылуымен, Қазақ хандығының әлсiреуiмен сипатталады. Қазақ билеушiлерiне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы қалыптасты
#5 слайд
«Тарих-и-Рашиди» еңбегiнде:
«Қазақ хандығында Мамаш хан 1522 жылы
өлгеннен кейiн үлкен келiспеушiлiк басталды, Дештi Қыпшақ сұлтандары
бiр-бiрiмен ұзақ соғысты. Ең соңында Тахир сұлтан хан болып
жарияланды»,
«ол табиғатынан мейiрiмсiз және қатал, еш пендеге сенбейтiн адам
болатын. Осыған байланысты сұлтандардың одан көңiлдерi қалды», –
деп жазады.
5 слайд
«Тарих-и-Рашиди» еңбегiнде: «Қазақ хандығында Мамаш хан 1522 жылы өлгеннен кейiн үлкен келiспеушiлiк басталды, Дештi Қыпшақ сұлтандары бiр-бiрiмен ұзақ соғысты. Ең соңында Тахир сұлтан хан болып жарияланды», «ол табиғатынан мейiрiмсiз және қатал, еш пендеге сенбейтiн адам болатын. Осыған байланысты сұлтандардың одан көңiлдерi қалды», – деп жазады.
#6 слайд
Хақназар ханның билікке келуі
Осылайша Қасым ханнан
кейін Қазақ хандығын
билеген төрт хан да елді
біріктіре алмады. Қазақ
хандығы үшке бөлініп,
сыртқы жаулардан
қорғануы қиындай түсті.
Осындай жағдайда атақты
Қасым ханның ұлы
Хақназар хан Қазақ
хандығының тағына
отырды.
Ол қазақ даласына хан
болу үшін оның орталық
және шығыс өңірлеріндегі
сұлтандарға өзінің билігін
мойындатуы керек болды.
6 слайд
Хақназар ханның билікке келуі Осылайша Қасым ханнан кейін Қазақ хандығын билеген төрт хан да елді біріктіре алмады. Қазақ хандығы үшке бөлініп, сыртқы жаулардан қорғануы қиындай түсті. Осындай жағдайда атақты Қасым ханның ұлы Хақназар хан Қазақ хандығының тағына отырды. Ол қазақ даласына хан болу үшін оның орталық және шығыс өңірлеріндегі сұлтандарға өзінің билігін мойындатуы керек болды.
#7 слайд
Хақназар хан
1538-1580 жж.
Хақназар
ханның
сыртқы
саясаты
1.Хан тағына отырған Хақназар алғашында Қазақ
хандығының Жайық жағасындағы жағдайын нығайтты. Ол
жерлерден ноғай мырзаларын Едiлдiң арғы жағына
ығыстырды.
2. Хақназар ХVI ғасырдың 60–70-жылдары Ноғай
Ордасына қарсы жорықтар жасады. Ол Аралдың солтүстік
бойы мен Жайық жерiн қосып алды. Соның нәтижесiнде
ноғай руларының үлкен тобы Қазақ хандығының құрамына
қосылды.
3. ХVI ғасырдың 60–70
жылдары
Хақназар хан билiгiн
башқұрт пен ноғайлардың кейбiр руларына жүргiзді.
Олардан алым-салық жинап, өзiн «қазақтар мен
ноғайлардың ханы» атады. Оңтүстiк көршi – қырғыздармен
де осындай қатынас орнатты, тарихшылар оны «қазақ пен
қырғыз ханы» деп те атайды.
4.Хақназар Сiбiр ханымен де күрес жүргiздi. Оның қол
астына бұрын Сiбiр хандығына енген рулардың басым
бөлiгi қарады.
5. ХVI ғасырдың 70–80-жылдары аралығында
Мауараннахрда Бұхара билеушiсi шайбанилық Абдаллах
басқарған мықты мемлекет құрылды. Хақназар хан
Абдаллахпен «достық және әскери одақ туралы ант берiскен
келiсiм» жасайды. Бұл одақ Ташкенттiң билеушiсi Баба
сұлтанға қарсы бағытталған болатын.
7 слайд
Хақназар хан 1538-1580 жж. Хақназар ханның сыртқы саясаты 1.Хан тағына отырған Хақназар алғашында Қазақ хандығының Жайық жағасындағы жағдайын нығайтты. Ол жерлерден ноғай мырзаларын Едiлдiң арғы жағына ығыстырды. 2. Хақназар ХVI ғасырдың 60–70-жылдары Ноғай Ордасына қарсы жорықтар жасады. Ол Аралдың солтүстік бойы мен Жайық жерiн қосып алды. Соның нәтижесiнде ноғай руларының үлкен тобы Қазақ хандығының құрамына қосылды. 3. ХVI ғасырдың 60–70 жылдары Хақназар хан билiгiн башқұрт пен ноғайлардың кейбiр руларына жүргiзді. Олардан алым-салық жинап, өзiн «қазақтар мен ноғайлардың ханы» атады. Оңтүстiк көршi – қырғыздармен де осындай қатынас орнатты, тарихшылар оны «қазақ пен қырғыз ханы» деп те атайды. 4.Хақназар Сiбiр ханымен де күрес жүргiздi. Оның қол астына бұрын Сiбiр хандығына енген рулардың басым бөлiгi қарады. 5. ХVI ғасырдың 70–80-жылдары аралығында Мауараннахрда Бұхара билеушiсi шайбанилық Абдаллах басқарған мықты мемлекет құрылды. Хақназар хан Абдаллахпен «достық және әскери одақ туралы ант берiскен келiсiм» жасайды. Бұл одақ Ташкенттiң билеушiсi Баба сұлтанға қарсы бағытталған болатын.
#8 слайд
Қазақ-өзбек қатынасы
1579 жылы Бұхар ханы Абдаллах пен Ташкент
билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін
талас басталды.
Абдаллах VS Баба сұлтан
Хақназар жасырын түрде екеуіне де қолдау
көрсетті.
Абдаллах Түркістан аймағындағы бірнеше
қаланы
Баба сұлтан Түркістан, Сауран қалаларын
сыйға берді.
1579 жылдың соңында
Баба сұлтан келiсiм
жүргiзу үшiн келген
Хақназардың екi ұлын
өлтiруге бұйрық бердi.
Ташкент билеушiсiмен
арадағы қиян-кескі
күрес барысында
Хақназар 1580 жылы
қаза тапты.
8 слайд
Қазақ-өзбек қатынасы 1579 жылы Бұхар ханы Абдаллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Абдаллах VS Баба сұлтан Хақназар жасырын түрде екеуіне де қолдау көрсетті. Абдаллах Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы Баба сұлтан Түркістан, Сауран қалаларын сыйға берді. 1579 жылдың соңында Баба сұлтан келiсiм жүргiзу үшiн келген Хақназардың екi ұлын өлтiруге бұйрық бердi. Ташкент билеушiсiмен арадағы қиян-кескі күрес барысында Хақназар 1580 жылы қаза тапты.
#9 слайд
Хақназар ханның
қазақ
тарихындағы
рөлі.
Хақназар хан Қазақ хандығының территориясын кеңейтті.
Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының территориясы:
Батыс-Жайық
Солтүстік-Есіл
Шығыс-Балқаштың арғы жағы
Оңтүстік-Ташкент
Оның тұсында 1552 ж Қазан, 1556 жылы Астрахань Ресейге қосылып, Мәскеу
билеушiсi Иван Грозныймен елшілік қарым-қатынас орнатты.
Қорытынды Хақназардың ұлдары қазақ жерлерi үшiн ұрыста қазаға ұшырап, билiк Жәнiбектің
басқа ұрпағына өттi. «Оның ұрпағы бұдан былай хандық етпедi», – деп атап өтедi
ХVII ғасырдың басындағы тарихшы Қадырғали Жалаири.
9 слайд
Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі. Хақназар хан Қазақ хандығының территориясын кеңейтті. Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының территориясы: Батыс-Жайық Солтүстік-Есіл Шығыс-Балқаштың арғы жағы Оңтүстік-Ташкент Оның тұсында 1552 ж Қазан, 1556 жылы Астрахань Ресейге қосылып, Мәскеу билеушiсi Иван Грозныймен елшілік қарым-қатынас орнатты. Қорытынды Хақназардың ұлдары қазақ жерлерi үшiн ұрыста қазаға ұшырап, билiк Жәнiбектің басқа ұрпағына өттi. «Оның ұрпағы бұдан былай хандық етпедi», – деп атап өтедi ХVII ғасырдың басындағы тарихшы Қадырғали Жалаири.
#10 слайд
Шығай хан
1580-1582 жылдары
Хақназар мен оның ұлдарының
өлiмiнен кейiн ақсүйек
қауымының құрылтайында
Жәнiбектiң немересi Шығай
сұлтан 1580 жылы хан болып
сайланды.
Шығай хан туралы толық
деректердi Қадырғали Жалаири
келтiредi.
Ол Шығай хан мен оның
батырлығы туралы аңыз
«қазiрге дейiн халық жадында
сақталғандығын» жазады.
10 слайд
Шығай хан 1580-1582 жылдары Хақназар мен оның ұлдарының өлiмiнен кейiн ақсүйек қауымының құрылтайында Жәнiбектiң немересi Шығай сұлтан 1580 жылы хан болып сайланды. Шығай хан туралы толық деректердi Қадырғали Жалаири келтiредi. Ол Шығай хан мен оның батырлығы туралы аңыз «қазiрге дейiн халық жадында сақталғандығын» жазады.
#11 слайд
VI ғасырдың 80-жылдарының басында Шығайдың ұлы
Тәуекел қазақтардың Ташкент билеушiсi Баба сұлтанмен
шайқасына қатысты. Қазақ сұлтаны Тәуекелдің батыл
әрекеттеріне шайбанилықтар сарайында үлкен құрмет
көрсетілді.
1582 жылы Тәуекел Баба сұлтанға қарсы шайқаста жеңiске
жеттi.
1583 жылдың жазында кезектi жорықтан кейiн Бұхараға қайтып
оралған Тәуекел Абдаллахтың «достық ниетiнен» күмәнданып,
Қазақ даласына кетедi.
11 слайд
VI ғасырдың 80-жылдарының басында Шығайдың ұлы Тәуекел қазақтардың Ташкент билеушiсi Баба сұлтанмен шайқасына қатысты. Қазақ сұлтаны Тәуекелдің батыл әрекеттеріне шайбанилықтар сарайында үлкен құрмет көрсетілді. 1582 жылы Тәуекел Баба сұлтанға қарсы шайқаста жеңiске жеттi. 1583 жылдың жазында кезектi жорықтан кейiн Бұхараға қайтып оралған Тәуекел Абдаллахтың «достық ниетiнен» күмәнданып, Қазақ даласына кетедi.
#12 слайд
Қазақ жерлерін біріктіруге зор еңбек сіңірген қазақ хандары
арасында Тәуекел ханның орны ерекше.
Тәуекелдің қолбасы және қайраткер ретінде қалыптасуына оның әкесі
Шығай хан көп еңбек сіңірді. Ол XVI ғасырдың 70-жылдарынан бастап
үлкен ұлы Тәуекел мен Есімді қолбасылыққа, соғыс өнеріне және ел
басқару ісіне баулыды.
12 слайд
Қазақ жерлерін біріктіруге зор еңбек сіңірген қазақ хандары арасында Тәуекел ханның орны ерекше. Тәуекелдің қолбасы және қайраткер ретінде қалыптасуына оның әкесі Шығай хан көп еңбек сіңірді. Ол XVI ғасырдың 70-жылдарынан бастап үлкен ұлы Тәуекел мен Есімді қолбасылыққа, соғыс өнеріне және ел басқару ісіне баулыды.
#13 слайд
Ұлы Далаға қайтып оралған Тәуекел ханның
мұндай қадамға баруының себебi:
ол Абдаллахтың ықпалында қалса, өз халқының
тәуелсiз билеушiсi бола алмайтын еді.
Баба сұлтанмен соғыстың аяқталуына
байланысты бұхарлықтар мен қазақтардың ортақ жауы
жойылған еді.
қазақ сұлтандары ендi Абдаллахты одақтас
емес, Сырдария бойындағы қалаларды иелену
жолындағы бәсекелес ретiнде көрдi.
13 слайд
Ұлы Далаға қайтып оралған Тәуекел ханның мұндай қадамға баруының себебi: ол Абдаллахтың ықпалында қалса, өз халқының тәуелсiз билеушiсi бола алмайтын еді. Баба сұлтанмен соғыстың аяқталуына байланысты бұхарлықтар мен қазақтардың ортақ жауы жойылған еді. қазақ сұлтандары ендi Абдаллахты одақтас емес, Сырдария бойындағы қалаларды иелену жолындағы бәсекелес ретiнде көрдi.
#14 слайд
Ұлы Далаға келген соң мұнда оны жошылық қазақ сұлтандары қуана қарсы алып,
1583 жылы ресми түрде хан көтерді.
14 слайд
Ұлы Далаға келген соң мұнда оны жошылық қазақ сұлтандары қуана қарсы алып, 1583 жылы ресми түрде хан көтерді.
#15 слайд
ХVI
ғасыр
соңы
Тәуекел ханның сыртқы саясатының басты бағыттары:
Сырдария бойы қалалары үшін және Сiбiр ханы Көшiммен күрес болды.
Тәуекел әскери жорықтары мен оңтайлы дипломатиясының арқасында
қазақ жерінің аумағын кеңейтті. Ол ұлдарының бiрiн қарақалпақ руларының
билеушiсi, ал iнiсiн қалмақтарды басқарушы етіп қойды. Қазақ ханы
Қашғардағы Моғол мемлекетiнің iшкi саясатына белсенді түрде араласты.
1594Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін Бұхар ханы Абдаллахпен
алдағы күрес кезінде Ресей мемлекетінің қолдауын қалады. Осы мақсатпен
ол Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған елшi жiбердi.
Елшiлiктiң мақсаты: Оразмұхаммед сұлтанды тұтқыннан босату, Мәскеу
мемлекетiмен әскери одақ келiсiмiн жасау, орыс патшасынан «от қаруды»
(оқ-дәрiмен атылатын қару) алу.
15 слайд
ХVI ғасыр соңы Тәуекел ханның сыртқы саясатының басты бағыттары: Сырдария бойы қалалары үшін және Сiбiр ханы Көшiммен күрес болды. Тәуекел әскери жорықтары мен оңтайлы дипломатиясының арқасында қазақ жерінің аумағын кеңейтті. Ол ұлдарының бiрiн қарақалпақ руларының билеушiсi, ал iнiсiн қалмақтарды басқарушы етіп қойды. Қазақ ханы Қашғардағы Моғол мемлекетiнің iшкi саясатына белсенді түрде араласты. 1594Тәуекел хан Сырдария бойындағы қалалар үшін Бұхар ханы Абдаллахпен алдағы күрес кезінде Ресей мемлекетінің қолдауын қалады. Осы мақсатпен ол Мәскеуге Құл-Мұхаммед бастаған елшi жiбердi. Елшiлiктiң мақсаты: Оразмұхаммед сұлтанды тұтқыннан босату, Мәскеу мемлекетiмен әскери одақ келiсiмiн жасау, орыс патшасынан «от қаруды» (оқ-дәрiмен атылатын қару) алу.
#16 слайд
Сырдария бойы аймағы үшiн күрес 1597-1598 жж.
Бұхара ханы
Абдаллахқа
жалғыз ұлы
қарсы шыға
бастады. Осыны
пайдаланып қалу
үшін қалың
ескермен Тәуекел
хан Ташкентті
басып алуға
аттанды.
Абдаллах оган
қарсы жасақ
аттандырды.
Шайқас Ташкент
пен
Самарқандтың
арасындағы жерде
болды.
Бұл соғыста
Абдаллахтың
сүлтандары
күйрей жеңіліп,
Бұхараға қайтып
кетті. Тәуекелге
қарсы қалың
әскер
жинамақшы
болған Абдаллах
1598 жылдың
наурыз айында
аяқастынан
ауырып қайтыс
болды.
Тәуекел хан
Мәуереннахрды
басып алу үшін
қалың қолмен
аттанады. Ол алғаш
Түркістан аймағын,
Сайрам, одан әрі
Ташкент арқылы
Самарқандты,
Әндіжанды
бағындырды.
Тәуекел
Самарқандта 20 мың
әскермен інісі Есім
сұлтанды
қалдырып, 70 мың
қолмен Бұхараны
бағындыруға
аттанды.
Алай да Бұхара
түбіндегі шайқаста ол
ауыр жараланып,
әскерімен Ташкентке
шегінуге мәжбүр
болды. Осында
Тәуекел хан 1598
жылы көп кешікпей
көз жұмды. Тәуекел
ханның қазақ жерін
бір орталыққа
біріктіру жолындағы
қажырлы қызметін
оның туған інісі Есім
хан жалғастырды.
16 слайд
Сырдария бойы аймағы үшiн күрес 1597-1598 жж. Бұхара ханы Абдаллахқа жалғыз ұлы қарсы шыға бастады. Осыны пайдаланып қалу үшін қалың ескермен Тәуекел хан Ташкентті басып алуға аттанды. Абдаллах оган қарсы жасақ аттандырды. Шайқас Ташкент пен Самарқандтың арасындағы жерде болды. Бұл соғыста Абдаллахтың сүлтандары күйрей жеңіліп, Бұхараға қайтып кетті. Тәуекелге қарсы қалың әскер жинамақшы болған Абдаллах 1598 жылдың наурыз айында аяқастынан ауырып қайтыс болды. Тәуекел хан Мәуереннахрды басып алу үшін қалың қолмен аттанады. Ол алғаш Түркістан аймағын, Сайрам, одан әрі Ташкент арқылы Самарқандты, Әндіжанды бағындырды. Тәуекел Самарқандта 20 мың әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырып, 70 мың қолмен Бұхараны бағындыруға аттанды. Алай да Бұхара түбіндегі шайқаста ол ауыр жараланып, әскерімен Ташкентке шегінуге мәжбүр болды. Осында Тәуекел хан 1598 жылы көп кешікпей көз жұмды. Тәуекел ханның қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жолындағы қажырлы қызметін оның туған інісі Есім хан жалғастырды.
#17 слайд
Тәуекел хан сыртқы белсенді саясаты арқылы мынадай жетістік-
терге қол жеткізді:
1. Сырдарияның орта ағысындағы қалалар қазақтардың қол астына
өтті.
2.Орыс үкiметiмен байланыстар орнады.
3.Қазақ хандығының ықпалы ноғайлар мен башқұрт елiнiң шегаралық
аймақтарына таралды.
4. Сібір ханы Көшімнің иелігіндегі жерлер Қазақ хандығының
құрамына қосылды.
17 слайд
Тәуекел хан сыртқы белсенді саясаты арқылы мынадай жетістік- терге қол жеткізді: 1. Сырдарияның орта ағысындағы қалалар қазақтардың қол астына өтті. 2.Орыс үкiметiмен байланыстар орнады. 3.Қазақ хандығының ықпалы ноғайлар мен башқұрт елiнiң шегаралық аймақтарына таралды. 4. Сібір ханы Көшімнің иелігіндегі жерлер Қазақ хандығының құрамына қосылды.
шағым қалдыра аласыз













