Ұлттық деректану ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым - Қамбар Махамбетұлы
Ұлттық деректану ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым - Қамбар Махамбетұлы

#1 слайд
ҰЛТТЫҚ ДЕРЕКТАНУ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА
ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМ
1 слайд
ҰЛТТЫҚ ДЕРЕКТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМ
#2 слайд
Қамбар
Махамбетұлы
1980 жылдардың соңы – 1990 жылдардың бас
кезінде қоғамдық-саяси өмірде түбегейлі өзгерістерге
байланысты Қазақстанның тарих ғылымында және тарихи
деректану ғылымында да үлкен бетбұрыс басталды.
Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар алдында өткен тарихи
жолды жаңа тұрғыда зерделеу міндеті тұрды. Осы
кезеңнен бастап, тарих ғылымдарының докторы, профессор
Қамбар Махамбетұлы Атабаев Қазақстан Республикасы
тарихына, оның ішінде ұлттық тарихи деректану
ғылымының өзекті мәселелерін көтере отырып, деректану
ғылымын жаңаша жазуға, зерттеуге зор үлес қосты.
КСРО-ның ыдырауы, Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы,
ұлттық сана-сезімнің өсуі, тарих және деректану
ғылымының қоғамдағы орнын өзгертуді және өткен
тарихты зерттеудің деректік негіздерін оның ішінде Кеңес
дәуірінің тарихы да бар, жаңа тұжырымдық негіздегі
методологиялық әдістерін қарастыруды талап етті.
2 слайд
Қамбар Махамбетұлы 1980 жылдардың соңы – 1990 жылдардың бас кезінде қоғамдық-саяси өмірде түбегейлі өзгерістерге байланысты Қазақстанның тарих ғылымында және тарихи деректану ғылымында да үлкен бетбұрыс басталды. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар алдында өткен тарихи жолды жаңа тұрғыда зерделеу міндеті тұрды. Осы кезеңнен бастап, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қамбар Махамбетұлы Атабаев Қазақстан Республикасы тарихына, оның ішінде ұлттық тарихи деректану ғылымының өзекті мәселелерін көтере отырып, деректану ғылымын жаңаша жазуға, зерттеуге зор үлес қосты. КСРО-ның ыдырауы, Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы, ұлттық сана-сезімнің өсуі, тарих және деректану ғылымының қоғамдағы орнын өзгертуді және өткен тарихты зерттеудің деректік негіздерін оның ішінде Кеңес дәуірінің тарихы да бар, жаңа тұжырымдық негіздегі методологиялық әдістерін қарастыруды талап етті.
#3 слайд
ТАЛДАУ ЖАСАУЫ
Кеңестік режим мен коммунистік
идеология тыйым салған ХХ ғасырдың бас
кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы, Алаш
және Алашорда тарихы да белсенді
зерттеле бастады. Бұрын бұл мәселелерге
тыйым салынып, жазыла қалған күнде де
жағымсыз сипатта берілетін. Қамбар
Махамбетұлы осы Алаш және Алашорда
тарихының деректеріне деректанулық
талдау жасап, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасыр басындағы Алаш тарихының жазба
деректерінің негізі болған «Айқап»
журналы мен «Қазақ» газетінің шығу
тарихымен қазақ баспасөзінің пайда
болуы, қалыптасып даму тарихын ғылыми
зерттеуге бағыттап, сүбелі үлес қосты. Алаш зиялы қауым өкілдерінің өмірі
мен шығармашылығын, баспасөздің
қалыптасуына қосқан үлесін
зерделеп, бүркеншік аттардың кімге
тиесілі екендігін деректанулық
талдау негізінде анықтап берді.
Оған, «Қазақ» баспасөзі
Қазақстан тарихының дерек көзі
(1870-1918 ж)» атты ғылыми
монографиясы, «Ұлт және тарих»,
«Қазақ» газетінің жүз жылдығын
жетім қыздың тойындай өткізетін
жөніміз бар ма?» атты мақалалары
қоғамдық санаға серпіліс бергендігі
куә.
3 слайд
ТАЛДАУ ЖАСАУЫ Кеңестік режим мен коммунистік идеология тыйым салған ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысы, Алаш және Алашорда тарихы да белсенді зерттеле бастады. Бұрын бұл мәселелерге тыйым салынып, жазыла қалған күнде де жағымсыз сипатта берілетін. Қамбар Махамбетұлы осы Алаш және Алашорда тарихының деректеріне деректанулық талдау жасап, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы Алаш тарихының жазба деректерінің негізі болған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің шығу тарихымен қазақ баспасөзінің пайда болуы, қалыптасып даму тарихын ғылыми зерттеуге бағыттап, сүбелі үлес қосты. Алаш зиялы қауым өкілдерінің өмірі мен шығармашылығын, баспасөздің қалыптасуына қосқан үлесін зерделеп, бүркеншік аттардың кімге тиесілі екендігін деректанулық талдау негізінде анықтап берді. Оған, «Қазақ» баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918 ж)» атты ғылыми монографиясы, «Ұлт және тарих», «Қазақ» газетінің жүз жылдығын жетім қыздың тойындай өткізетін жөніміз бар ма?» атты мақалалары қоғамдық санаға серпіліс бергендігі куә.
#4 слайд
«Деректану
және
Тарихнама
кафедрасы»
Қамбар Махамбетұлы дамыған елдердің
деректану ғылымы саласында ғасырлар
бойы қол жеткізген нәтижелерін меңгеру
және солар сияқты, ғылым мен техниканың
жетістіктерін пайдалану арқылы олардың
бірнеше ғасырда жүріп өткен жолын, біздің
бірнеше онжылдықтарда өту мүмкіндігіміз
бар деп есептеген ғалым, шұғыл шаралар
қабылдап, ауқымды істер атқарды. Осы
бағытта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті, тарих факультетінде
Қазақстан тарихының деректанулық
негіздерімен, оның теориялық және
методологиялық проблемаларымен арнайы
айналысу мақсатында 1998 жылы
«Деректану және Тарихнама
кафедрасының» ашылуына оң ықпал
етті. Қамбарбек Махамбетұлы
табиғатынан ұстаз,
ағартушы, ұйымдастырушы
іздемпаз ғалым еді. Бар
саналы ғұмырын ғылымға
арнады. Қазақстандық
деректану ғылымындағы
санаулы ғалымдардың бірі де
бірегейі. Отандық деректану
ғылымдарының теориялық-
методологиялық, іргелі
мәселелерін зерттеп,
зерделеуге қомақты үлес
қосты.
4 слайд
«Деректану және Тарихнама кафедрасы» Қамбар Махамбетұлы дамыған елдердің деректану ғылымы саласында ғасырлар бойы қол жеткізген нәтижелерін меңгеру және солар сияқты, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану арқылы олардың бірнеше ғасырда жүріп өткен жолын, біздің бірнеше онжылдықтарда өту мүмкіндігіміз бар деп есептеген ғалым, шұғыл шаралар қабылдап, ауқымды істер атқарды. Осы бағытта әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, тарих факультетінде Қазақстан тарихының деректанулық негіздерімен, оның теориялық және методологиялық проблемаларымен арнайы айналысу мақсатында 1998 жылы «Деректану және Тарихнама кафедрасының» ашылуына оң ықпал етті. Қамбарбек Махамбетұлы табиғатынан ұстаз, ағартушы, ұйымдастырушы іздемпаз ғалым еді. Бар саналы ғұмырын ғылымға арнады. Қазақстандық деректану ғылымындағы санаулы ғалымдардың бірі де бірегейі. Отандық деректану ғылымдарының теориялық- методологиялық, іргелі мәселелерін зерттеп, зерделеуге қомақты үлес қосты.
#5 слайд
«Тарих пен
дерек көзі –
фольклор»
Соның бірі «Тарих пен дерек көзі – фольклор» (Қазақ әдебиеті 2
тамыз, 2002 ж.) атты ғылыми мақаласында фольклор деректанудың
да көзі екенін айта келіп, «Тарихымызды қамтитын хронологиялық
шеңберінің кеңдігі, беретін мәліметтерінің көлемінің көптігі
жағынан фольклор басқа дерек көздері арасында ерекше орын
алады. Фольклорды жете меңгеру тарихшыларға нақты құбылыс
тарихын зерттеуде өз көмегін тигізері даусыз», - деп айтқан едіҚолданбалы деректану бойынша алғаш
рет ана тілімізде 2000 жылы «Мерзімді
басылым Қазақстан тарихының дерек
көзі (1870-1918 жж)» деген тақырыпта
докторлық диссертациясын қорғады.
Қамбар Атабаев төл деректерімізді тани
білу ісіне арналған көптеген ғылыми
мақалаларын жариялады.
5 слайд
«Тарих пен дерек көзі – фольклор» Соның бірі «Тарих пен дерек көзі – фольклор» (Қазақ әдебиеті 2 тамыз, 2002 ж.) атты ғылыми мақаласында фольклор деректанудың да көзі екенін айта келіп, «Тарихымызды қамтитын хронологиялық шеңберінің кеңдігі, беретін мәліметтерінің көлемінің көптігі жағынан фольклор басқа дерек көздері арасында ерекше орын алады. Фольклорды жете меңгеру тарихшыларға нақты құбылыс тарихын зерттеуде өз көмегін тигізері даусыз», - деп айтқан едіҚолданбалы деректану бойынша алғаш рет ана тілімізде 2000 жылы «Мерзімді басылым Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918 жж)» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. Қамбар Атабаев төл деректерімізді тани білу ісіне арналған көптеген ғылыми мақалаларын жариялады.
#6 слайд
«Ә. Бөкейханов
және тарихи
деректану
ғылымы» «Ә. Бөкейханов және тарихи деректану ғылымы» атты еңбегінде
халық ауыз әдебиетінің туындыларына қатысты деректанулық
көзқарастарын білдірген қазақ ғалымдары Ә. Бөкейхан және А.
Байтұрсынұлы болды деген ғылыми тұжырымын растайды. Бұл
Алаш көсемдерінің өткен ғасырдың басында айтқан деректанулық
ойларының бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтпауы, олардың
тұжырымдарының дұрыстығының айқын дәлелі.
6 слайд
«Ә. Бөкейханов және тарихи деректану ғылымы» «Ә. Бөкейханов және тарихи деректану ғылымы» атты еңбегінде халық ауыз әдебиетінің туындыларына қатысты деректанулық көзқарастарын білдірген қазақ ғалымдары Ә. Бөкейхан және А. Байтұрсынұлы болды деген ғылыми тұжырымын растайды. Бұл Алаш көсемдерінің өткен ғасырдың басында айтқан деректанулық ойларының бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтпауы, олардың тұжырымдарының дұрыстығының айқын дәлелі.
#7 слайд
Мәселен, Әлихан
Бөкейхановтың
деректану
саласындағы
еңбектерін үш топқа
бөледі:
0
2 Деректерді іздеп оларды
жариялауы0 1
ХХ ғасыр басындағы
қазақ қоғамының
жағдайы туралы дерек
беретін
Ә. Бөкейхановтың өз
еңбектері 0 3
Деректанушылық ойлары
7 слайд
Мәселен, Әлихан Бөкейхановтың деректану саласындағы еңбектерін үш топқа бөледі: 0 2 Деректерді іздеп оларды жариялауы0 1 ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының жағдайы туралы дерек беретін Ә. Бөкейхановтың өз еңбектері 0 3 Деректанушылық ойлары
#8 слайд
А. Байтұрсыновтың да өз
еңбектерінде деректанушылық ой-
пікірлерін білдіріп отырғандығын,
ол өзінің «Әдебиет танытқыш»
(1926 ж) атты зерттеуінде
деректерге қатысты
«мағлұматтарды сымға
тартқандай салып, мінсіз етіп
көрсетуі қажет, шежірешілер
естіген-білгенін сол қалпында,
шикі түрінде жазады, ал
тарихшылар құр естігенмен
қанағаттанбай, рас, өтірігін
тексеріп, расын ғана алады», -
деген пікірін деректанушылық
ереже деуге болады.
Е. Бекмаханов, О. Сүлейменовтың еңбектерінде деректанушылық ой-пікірлерден гөрі деректанушылық әдіс-
тәсілдер бар. Е. Бекмахановтың деректермен қалай жұмыс істегенін зерттей келе, ол – қазақтың тұңғыш
кәсіпқой деректанушы ғалымы деп танып, бағалайды. Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Е.
Бекмаханов, О. Сүлейменов еңбектері деректану ғылымының бастау көздері екенін айғақтайды.
8 слайд
А. Байтұрсыновтың да өз еңбектерінде деректанушылық ой- пікірлерін білдіріп отырғандығын, ол өзінің «Әдебиет танытқыш» (1926 ж) атты зерттеуінде деректерге қатысты «мағлұматтарды сымға тартқандай салып, мінсіз етіп көрсетуі қажет, шежірешілер естіген-білгенін сол қалпында, шикі түрінде жазады, ал тарихшылар құр естігенмен қанағаттанбай, рас, өтірігін тексеріп, расын ғана алады», - деген пікірін деректанушылық ереже деуге болады. Е. Бекмаханов, О. Сүлейменовтың еңбектерінде деректанушылық ой-пікірлерден гөрі деректанушылық әдіс- тәсілдер бар. Е. Бекмахановтың деректермен қалай жұмыс істегенін зерттей келе, ол – қазақтың тұңғыш кәсіпқой деректанушы ғалымы деп танып, бағалайды. Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, Е. Бекмаханов, О. Сүлейменов еңбектері деректану ғылымының бастау көздері екенін айғақтайды.
#9 слайд
Белгілі ғалымдардың
бағасы
•
Қамбар Атабаев туралы Қазақстанға белгілі ғалымдарымыз т.ғ.д. профессор Қойгелдиев М. Қ., т.ғ.д. профессор Т.О.
Омарбеков, т.ғ.д. профессор Қ.С. Қаражан, т.ғ.д. профессор Т.Ә. Төлебаев, т.ғ.д. профессор Б.Б. Карибаев т.б. елімізге
танымал ғалымдар, өздерінің ғылыми мақалаларында ғалымның Қазақстан тарихы ғылымына қосқан елеулі үлесі, оның
еңбектерінің маңыздылығы, тарихымызды тану ісінің жаңа саласы – ұлттық деректану ғылымының негізін қалаушы
ретінде және деректану саласындағы жемісті еңбектерін жоғары бағалайды.
9 слайд
Белгілі ғалымдардың бағасы • Қамбар Атабаев туралы Қазақстанға белгілі ғалымдарымыз т.ғ.д. профессор Қойгелдиев М. Қ., т.ғ.д. профессор Т.О. Омарбеков, т.ғ.д. профессор Қ.С. Қаражан, т.ғ.д. профессор Т.Ә. Төлебаев, т.ғ.д. профессор Б.Б. Карибаев т.б. елімізге танымал ғалымдар, өздерінің ғылыми мақалаларында ғалымның Қазақстан тарихы ғылымына қосқан елеулі үлесі, оның еңбектерінің маңыздылығы, тарихымызды тану ісінің жаңа саласы – ұлттық деректану ғылымының негізін қалаушы ретінде және деректану саласындағы жемісті еңбектерін жоғары бағалайды.
#10 слайд
Қорытынды
Ғалым деген ұлы атқа жеткізетін адамның –
білімі, данышпан ойы, ғылым мен еңбекке деген
құштарлығы болса керек. Өзіндік орны бар, өз
білімімен биікті бағындырған, өз еңбегімен аты
шыққан, өмірін ғылым саласына арнап, ұстаздық
еткен, менің ғылыми жұмысыма ресми оппонент
болған, тарих ғылымдарының докторы,
профессор, ұлттық деректану ғылымының негізін
салған ағамыз Қамбар Махамбетұлының ғылыми
мұрасы, оның өмір жолы шәкірттеріне үйреткен
адал істері тарихта қалатындығына сенімдіміз.
10 слайд
Қорытынды Ғалым деген ұлы атқа жеткізетін адамның – білімі, данышпан ойы, ғылым мен еңбекке деген құштарлығы болса керек. Өзіндік орны бар, өз білімімен биікті бағындырған, өз еңбегімен аты шыққан, өмірін ғылым саласына арнап, ұстаздық еткен, менің ғылыми жұмысыма ресми оппонент болған, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ұлттық деректану ғылымының негізін салған ағамыз Қамбар Махамбетұлының ғылыми мұрасы, оның өмір жолы шәкірттеріне үйреткен адал істері тарихта қалатындығына сенімдіміз.
#11 слайд
НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
11 слайд
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
шағым қалдыра аласыз













