"Ұлттық ойындар"




1 слайд
1 слайд

2 слайд
2 слайд

3 слайд
3 слайд

4 слайд
4 слайд

5 слайд
Жамбы ату, қазақ, халқында кең тараған мергендік
сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер
екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі
нысананы атып құлатуға тиісті. Ереже бойынша
жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады.
Төреші белгі берісімен олар жыл0ыларын тез
ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды
атып құлатуға тиісті. Терешілердің ұйғарымы
бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір
олимпиялық ойындардан кейін оның
бағдарламаларына енген спорт түрлернің
халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер,
өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ
халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де
қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады.
Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай
өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек.
Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, "қазақ
биатлоны" өмірге келер еді?..
5 слайд
Жамбы ату, қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен олар жыл0ыларын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Терешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек. Сонда жаңа спорт түрі жазғы биатлон, "қазақ биатлоны" өмірге келер еді?..

6 слайд
Қыз қуу—өте көне ойындардың бірі. Ол
республикамыздың халықтарының арасында кеңінен
тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден
келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз
қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін
оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс
өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай
болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп
бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында
өткізілген Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне
қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен
некелесуге құқы болмаған. Қыз қуу-ды қазіргі бағытымен
келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар.
Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне
айналдыру үшін мүмкіншілік толық. Ол өзінің маңызы
жағынан дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай
келеді.
6 слайд
Қыз қуу—өте көне ойындардың бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Қыз қуу-ды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне айналдыру үшін мүмкіншілік толық. Ол өзінің маңызы жағынан дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай келеді.

7 слайд
Қазақша күрес – қазақ халқымен бірге
жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар
ойын. Адамның жеке күш-қайраты
сынға салынады. Бұл тұста ел
жастарды «Күш – атасын танымас»
деп қайрайды. Бұл күштілерді
дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер
сайыс майданына түскен кіммен болса
да тайсалмай күресуге тиіс.
Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек.
Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін
сақталып келеді. Халық оның тәлімдік
маңызына ерекше көңіл боліп,
дәріптеген.
7 слайд
Қазақша күрес – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан, ұзақ тарихы бар ойын. Адамның жеке күш-қайраты сынға салынады. Бұл тұста ел жастарды «Күш – атасын танымас» деп қайрайды. Бұл күштілерді дарақылыққа итермелеу емес. Жігіттер сайыс майданына түскен кіммен болса да тайсалмай күресуге тиіс. Қарсыласқысы келгеннен аянбау керек. Курес қазақ арасында күні бүгінге дейін сақталып келеді. Халық оның тәлімдік маңызына ерекше көңіл боліп, дәріптеген.

8 слайд
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі.
Ойынның атауы “көк бөрі” сөзінен шыққан.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған
серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі
жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді.
Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан
Көкпарға тартпайды. Көкпар жігіттердің күш-жігерін,
төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде
мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар
Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін,
жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және
дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста
әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода
тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны
кейде марта тарту деп те атайды.
8 слайд
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрі” сөзінен шыққан. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды. Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.

9 слайд
Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті,
күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін
ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан
аударып алуға тырысады). Ойында аты белді, жарамды,
өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп
шығады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол
қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды.
Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне
сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін
қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы
шарт. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер
үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші
мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында
ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе
жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап,
қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді
қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де
шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір
түрі ретінде көрсетіліп жүр
9 слайд
Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады). Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр

10 слайд
Аламан бәйге — ат жарысы. Қазақтың ертеден
келе жатқан ұлттық ойыны. Аламан бәйгеге
20-60, кейде одан да көп сәйгүлік қосылады. Ат
25-100 шақырым қашықтыққа шабады.
Жолда өзен, көл кездесуі де мүмкін. Жарыс
тәртібін бақылайтын арнаулы адамдар
белгіленеді. Бәйге атына салмағы жеңіл жас
балалар мінгізіледі. Аламан бәйге елге күні
бұрын хабарланып, жүйрікті ерте баптауға
мүмкіндік жасалады. Той (ас) иесінің
шамасына қарай, 1-ден 9-ға дейін жүлде
аталады.
Аламан бәйге кейін ипподромдарда бастады
10 слайд
Аламан бәйге — ат жарысы. Қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойыны. Аламан бәйгеге 20-60, кейде одан да көп сәйгүлік қосылады. Ат 25-100 шақырым қашықтыққа шабады. Жолда өзен, көл кездесуі де мүмкін. Жарыс тәртібін бақылайтын арнаулы адамдар белгіленеді. Бәйге атына салмағы жеңіл жас балалар мінгізіледі. Аламан бәйге елге күні бұрын хабарланып, жүйрікті ерте баптауға мүмкіндік жасалады. Той (ас) иесінің шамасына қарай, 1-ден 9-ға дейін жүлде аталады. Аламан бәйге кейін ипподромдарда бастады

11 слайд
«Теңге ілу» — ұлттық ойын.
Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа
бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат»
қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді.
Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады.
Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір
қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он-
оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер
шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады.
Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын
құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі
шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп
алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге
болмайды.
Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының
санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай
жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты
дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.
11 слайд
«Теңге ілу» — ұлттық ойын. Ойынға қатынасушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы жеке-жеке шыбықты «ат» қып мінеді. Ойынды бастаушы жүргізеді. Ойын кезегі басталатын жерге сызық сызылады. Одан әрі 20—30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он- оннан тас салады. Содан екі топтан екі сайыскер шығады да, сызыққа келіп, қатарласып тұрады. Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып, шаба жөнеледі. Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп, қол сұғып жібереді де, тасты іліп алып, әрі өтіп кетеді. Шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді. Ойын жылдамдықты дамытып, тез әрі дәл әрекет етуді үйретеді.

12 слайд
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны.
Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.
Күндізгісі – мергендікке, түнгісі
– ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына
қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға
арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны –
сақа, жақсылары – оңқы аталадыАсық ойыны
қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ
малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған
жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде
түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік
деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып
жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы -
оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай
түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан
ату), қақпақыл, т.
12 слайд
Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталадыАсық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Иіргенде түскен алпына қарай асық - алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалғаны- сақа, оң қолмен атуға ыңғайлысы - оңқы асық аталады.Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.

13 слайд
Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын.
Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында
өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан
кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан
орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан
бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы
тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі
топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы
мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп
тұрады.
Ойын басқарушының берген командасы бойынша
қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен
бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне
дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп
жағы бір бөлек бөлініп шығады.
Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына
арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп
тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына
дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады.
13 слайд
Арқан тартыс ойыны — ұлттық ойын. Ойынды жазда көгалды алаңда, спорт залында өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады. Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады. Күн ілгері сызып қойған үш сызықтың ортасына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады да, арқанның шеткі белгісінен бастап ұшына дейін ойыншылар қос қолдап ұстап тартып тұрады.

14 слайд
Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны.
Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады.
Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш
арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып,
аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп
орнатады да жоғары жағы сырықпен
жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына
екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан
тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел
сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі.
Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел
арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші
адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер
қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар
қосылып, думандатып әкетеді.
Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес
таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке
бейімдейді.
14 слайд
Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді. Ойын көпшілікке арналған. Жастарды әріптес таңдауға, ептілікке, тапқырлыққа, өнерлілікке бейімдейді.

15 слайд
Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық
дәстүрлі
ойындарының
бірі, ақыл-ой ойыны.
Соңғы
деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4
мың
жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір
мамандардың
айтуынша, оның пайда болған кезі
бұдан
да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз-
құмалақ
өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең
тараған
ойын болатын.
15 слайд
Тоғыз-құмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғыз- құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.
![Ақсүйек ойыны [1] — қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ақсүйек ойыны – айлы түндерде ойналатын жастардың кең таралған дәстүрл Ақсүйек ойыны [1] — қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ақсүйек ойыны – айлы түндерде ойналатын жастардың кең таралған дәстүрл](https://api.ust.kz/storage/files/materials/pptx/image/2018/october/d17/1539754181-16.jpeg)
16 слайд
Ақсүйек ойыны
[1]
— қазақтың ұлттық
ойындарының бірі. Ақсүйек ойыны – айлы
түндерде ойналатын жастардың кең таралған
дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында
лақтырылатын сүйектің өзі «ақсүйек» деп
аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері,
көбінесе жаздыгүні қыз бен жігіт, бозбалалар
ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп,
қораланып болғаннан кейін күзет түнінде ауыл
шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі
қараның жілігі пайдаланылған. Ақсүйек
ойынының бірнеше нұсқасы бар.
16 слайд
Ақсүйек ойыны [1] — қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ақсүйек ойыны – айлы түндерде ойналатын жастардың кең таралған дәстүрлі ойыны. Ақсүйек ойынында лақтырылатын сүйектің өзі «ақсүйек» деп аталады. Бұл ойынды ай жарық түндері, көбінесе жаздыгүні қыз бен жігіт, бозбалалар ауыл сыртында ойнайды. Мал келіп, қораланып болғаннан кейін күзет түнінде ауыл шетінде ойын басталады. Ойынға ертеде ірі қараның жілігі пайдаланылған. Ақсүйек ойынының бірнеше нұсқасы бар.

17 слайд
«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де,
далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада
да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып,
дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір
адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған
ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп
қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр
теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға
тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның
көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды.
Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы
қарай жалғаса береді.
17 слайд
«Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойын үйде де, далада да ойнала береді. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол устаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Өйтпеген жағдайда соқыр теке ойыны apы қарай жалғаса береді.

18 слайд
Сақина салу - Қазақтың ұлттық
ойындарының бірі.
Ойында
саны 10-ға жететін жастар қатысады.
Қатысушылар
шеңбер бойынша қатарға отырады.
Алақандарын
бір-біріне қысып, қолдарын алдында,
тізе
үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша)
шеңбер
ортасында тұрып, өз алақандар арасында
сақинаны
(тиынды) салып, өз алақандарымен
сақинаны
олардың алақандарын ашып салған сияқты
боп,
солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны
біреуге
салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп:
“қайда
менім сақинам?” – деп айтады. Сұрақты
естіген
соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта
отырған
көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін)
ұстау
керек. Егер сақинаға ие болып жүрген
ойнаушыны
көршісі ұстай алмаса, онда көршісін
жазалайды,
ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда
оны
өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін:
жеңімпазды
арқасына отырғызып жүріп келу, бір
аяқпен
секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған
тапсырманы
жасағаннан кейін жүргізуші болады және
ойын
жалғаса береді.
18 слайд
Сақина салу - Қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Ойында саны 10-ға жететін жастар қатысады. Қатысушылар шеңбер бойынша қатарға отырады. Алақандарын бір-біріне қысып, қолдарын алдында, тізе үстінде ұстайды. Жүргізуші (жіребе бойынша) шеңбер ортасында тұрып, өз алақандар арасында сақинаны (тиынды) салып, өз алақандарымен сақинаны олардың алақандарын ашып салған сияқты боп, солай бүкіл қатысушыларды өтеді. Сақинаны біреуге салып, ол бірнеше қадамға артқа қарай кетіп: “қайда менім сақинам?” – деп айтады. Сұрақты естіген соң, сақинаның иесі тұру керек. Оң жақта отырған көршінің тапсырмасы оны (сақина иесін) ұстау керек. Егер сақинаға ие болып жүрген ойнаушыны көршісі ұстай алмаса, онда көршісін жазалайды, ал егер сақина иесі тұра алмаса, онда оны өзің жазалайды. Жаза әр түрлі болуы мүмкін: жеңімпазды арқасына отырғызып жүріп келу, бір аяқпен секіру, билеу, ән айту және т.б. Жазаланған тапсырманы жасағаннан кейін жүргізуші болады және ойын жалғаса береді.