Үндестік заңы
Үндестік заңы

#1 слайд
Үндестік заңы
1 слайд
Үндестік заңы
#2 слайд
1) сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың
біріңғай жуан немесе жіңішке болып
үндесуі;
2) қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне
ықпал етіп үндесуі.
Үндестік заңы дегеніміз –
2 слайд
1) сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың біріңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі; 2) қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Үндестік заңы дегеніміз –
#3 слайд
Үндестік заңының 2 түрі бар:
Буын үндестігі Дыбыс үндестігі
3 слайд
Үндестік заңының 2 түрі бар: Буын үндестігі Дыбыс үндестігі
#4 слайд
Буын үндестігі (сингарманизм) -
сөз ішіндегі және сөз бен қосымша
арасындағы дауысты дыбыстардың
біріңғай жуан немесе жіңішке болып
үндесуі.
4 слайд
Буын үндестігі (сингарманизм) - сөз ішіндегі және сөз бен қосымша арасындағы дауысты дыбыстардың біріңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі.
#5 слайд
Төмендегідей сөздерде буын үндестігі
сақталмай, дауысты дыбыстар жуан-
жіңішке болып араласып келеді:
1) Күрделі сөздерде буын үндестігі сақталмайды:
А) Қос сөз: аман-есен, асты-үсті т.б.
Ә) Біріккен сөз: баспасөз, көзқарас т.б.
Б) Тіркесті сөз: ала бер, он бір т.б.
2) Кірме сөздерде буын үндестігі сақталмайды:
А) араб тілі: кітап, құдірет, қазір т.б.
Ә) орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б.
Б) парсы тілі: рәсуа, күнәһар т.б.
5 слайд
Төмендегідей сөздерде буын үндестігі сақталмай, дауысты дыбыстар жуан- жіңішке болып араласып келеді: 1) Күрделі сөздерде буын үндестігі сақталмайды: А) Қос сөз: аман-есен, асты-үсті т.б. Ә) Біріккен сөз: баспасөз, көзқарас т.б. Б) Тіркесті сөз: ала бер, он бір т.б. 2) Кірме сөздерде буын үндестігі сақталмайды: А) араб тілі: кітап, құдірет, қазір т.б. Ә) орыс тілі: кино, театр, алгебра т.б. Б) парсы тілі: рәсуа, күнәһар т.б.
#6 слайд
Сөзге қосымша буын үндестігі арқылы жалғанады. Егер сөздің соңғы
буынында жуан дауысты дыбыс болса, қосымшадағы дауысты да жуан
болады.
Кейбір қосымшалар сөзге буын үндестігіне бағынбай жалғанады. Буын
үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар:
А) Көмектес септік жалғауы: - пен, -мен, -бен (ақпен, аңмен, тұзбен)
Ә) Тәуелдік мағынадағы жұрнақ: -нікі, -дікі, -тікі (Асандікі, баланікі)
Б) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар: -еке, -ке, -сымақ, -тай, -жан
(басеке, кісісымақ, шешетай, әкежан);
В) Белгілі бір сөздерге жалғанатын шет тілінен енген жұрнақтар: -паз, -қор, -
ғой, -гөй, -кер, -гер, -кеш, -ист, -изм, -бан, -тал, -хана, -ов, -ев, -ова, -ева, -
ин, -ина, -бей, -би, -кес (әсемпаз, еңбекқор, әзілқой, ақылгөй, жұмыскер,
Әуезов, арбакеш, мейірбан, сезімтал)
6 слайд
Сөзге қосымша буын үндестігі арқылы жалғанады. Егер сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, қосымшадағы дауысты да жуан болады. Кейбір қосымшалар сөзге буын үндестігіне бағынбай жалғанады. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар мыналар: А) Көмектес септік жалғауы: - пен, -мен, -бен (ақпен, аңмен, тұзбен) Ә) Тәуелдік мағынадағы жұрнақ: -нікі, -дікі, -тікі (Асандікі, баланікі) Б) Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтар: -еке, -ке, -сымақ, -тай, -жан (басеке, кісісымақ, шешетай, әкежан); В) Белгілі бір сөздерге жалғанатын шет тілінен енген жұрнақтар: -паз, -қор, - ғой, -гөй, -кер, -гер, -кеш, -ист, -изм, -бан, -тал, -хана, -ов, -ев, -ова, -ева, - ин, -ина, -бей, -би, -кес (әсемпаз, еңбекқор, әзілқой, ақылгөй, жұмыскер, Әуезов, арбакеш, мейірбан, сезімтал)
#7 слайд
Кірме сөздерге жалғанатын қосымшаларға қатысты жағдайлар:
А) Соңғы буынында «ә» әрпі бар сөздерге (кінә, күмән) қысаң
дауысты қосымша жіңішке болып жалғанады (шүбәлі, күмәнді),
ал ашық дауыстылар жуан болып жалғанады (кінәла, күмәндан).
Ә) «х, я» әріптеріне аяқталған сөздерге қосымша жуан түрде
жалғанады. Мысалы, тарих-тың, цех-тан, полярлық, аяла т.б.
Б) «ю» мен «рк, рг, ск, лк, нк, нкт, кс, кт» әріптеріне аяқталған
сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк-
тен, танкі-ні т.б.
В) «ь» әрпіне аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде
жалғанады (рольді, ролі, рульді, рулі т.б.)
7 слайд
Кірме сөздерге жалғанатын қосымшаларға қатысты жағдайлар: А) Соңғы буынында «ә» әрпі бар сөздерге (кінә, күмән) қысаң дауысты қосымша жіңішке болып жалғанады (шүбәлі, күмәнді), ал ашық дауыстылар жуан болып жалғанады (кінәла, күмәндан). Ә) «х, я» әріптеріне аяқталған сөздерге қосымша жуан түрде жалғанады. Мысалы, тарих-тың, цех-тан, полярлық, аяла т.б. Б) «ю» мен «рк, рг, ск, лк, нк, нкт, кс, кт» әріптеріне аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады. Мысалы: парк- тен, танкі-ні т.б. В) «ь» әрпіне аяқталған сөздерге қосымша жіңішке түрде жалғанады (рольді, ролі, рульді, рулі т.б.)
#8 слайд
Дыбыс үндестігі
Терме диктант
Балықшы, батыр, тікұшақтар, данышпан,
өрмектер, ұршықтар, өрмекші, бозбалалар,
іскерлік, кәсіпкерлер, қуанышты, қорек,
тоқымашылар, мақсатты, итбалықтар,
замандастар, көгершіндер, көтергіш, амалдар,
басқарма, хабарлама, таяқтар, қалампырлар,
ұнтақ, анықтамалар.
Көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазу.
8 слайд
Дыбыс үндестігі Терме диктант Балықшы, батыр, тікұшақтар, данышпан, өрмектер, ұршықтар, өрмекші, бозбалалар, іскерлік, кәсіпкерлер, қуанышты, қорек, тоқымашылар, мақсатты, итбалықтар, замандастар, көгершіндер, көтергіш, амалдар, басқарма, хабарлама, таяқтар, қалампырлар, ұнтақ, анықтамалар. Көптік жалғауы жалғанған сөздерді теріп жазу.
шағым қалдыра аласыз













