Ұрмалы аспаптар
Ұрмалы аспаптар

#1 слайд
Ұ Р М А Л Ы
АС П А П ТА Р
1 слайд
Ұ Р М А Л Ы АС П А П ТА Р
#2 слайд
2 слайд
#3 слайд
Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрі бар: қазандауылпаз, нардауылпаз. Ертеректе бұл аспап
соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды
аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың
шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей
шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге
арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың
шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды.
Дауылпаз – қазақ ұрмалы аспаптарының қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан,
кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан
тұтас ойып жасаған. Дауылпаздың көлемі әрқалай болғанмен, оның жасалуы оңай шаруа
емес. Біріншіден, ол жасалатын ағаштың тұлғасы да берік. Оның жарылып кетпес үшін өте
ыждағатты шыдамдылық пен асқан шеберлікті талап еткен. Дауылпаздың ойылған бетіне
әбден илеуі қанған теріні бекітеді. Салмағы қолға түспес үшін оған мойынға асып жүру үшін
бау тағылып және дауысы анық әрі нық шығу үшін арнайы ұратын таяқ жасайды.
Дауылпазды қолдануына қарай түрліше безендіреді. Хан сарайындағы дауылпаздар түрлі
зергерлік әшекейлер мен алтын, асыл тастармен әдіптеледі. Дауылпазды пайдаланатын
ортасына байланысты көлемін де әрқалай қылып жасайды. Ханның соғыс үшін қолданатын
дауылпазы адам көтере алмас ауыр әрі өте үлкен болған. Оны орданың ортасына қойып,
жанына дауылпазшыны сайлаған. Дауылпазды қарапайым адамдар жасай алмаған. Оны қыр-
сырына қанық шеберлер ғана жасап шығарған. Дауылпазды ұлттық ойындарымыз «қыз қуу»,
«арқан тарту», «қазақша күрес» т.б. ойындарымыздың басталғаны мен аяқталғанын аңғарту
үшін де дабыл орнына пайдаланған.
Дауылпаз тек қазақ халқында ғана кездеспейді. Түбі бір түркі жұртында, оның ішінде өзбек
пен қырғыз ағайындарымызда тұрқы дауылпазға келетін музыкалық мұралары бар. Атаулары
да қазақтың дауылпазына ұқсайды. Өзбектерде «тәбльбасс» делінсе, қырғыздарда «доолбас»
деп аталады.
3 слайд
Дауылпаз – дауылпаздың бірнеше түрі бар: қазандауылпаз, нардауылпаз. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндеп жасайды. Дауылпаз – қазақ ұрмалы аспаптарының қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан, кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан тұтас ойып жасаған. Дауылпаздың көлемі әрқалай болғанмен, оның жасалуы оңай шаруа емес. Біріншіден, ол жасалатын ағаштың тұлғасы да берік. Оның жарылып кетпес үшін өте ыждағатты шыдамдылық пен асқан шеберлікті талап еткен. Дауылпаздың ойылған бетіне әбден илеуі қанған теріні бекітеді. Салмағы қолға түспес үшін оған мойынға асып жүру үшін бау тағылып және дауысы анық әрі нық шығу үшін арнайы ұратын таяқ жасайды. Дауылпазды қолдануына қарай түрліше безендіреді. Хан сарайындағы дауылпаздар түрлі зергерлік әшекейлер мен алтын, асыл тастармен әдіптеледі. Дауылпазды пайдаланатын ортасына байланысты көлемін де әрқалай қылып жасайды. Ханның соғыс үшін қолданатын дауылпазы адам көтере алмас ауыр әрі өте үлкен болған. Оны орданың ортасына қойып, жанына дауылпазшыны сайлаған. Дауылпазды қарапайым адамдар жасай алмаған. Оны қыр- сырына қанық шеберлер ғана жасап шығарған. Дауылпазды ұлттық ойындарымыз «қыз қуу», «арқан тарту», «қазақша күрес» т.б. ойындарымыздың басталғаны мен аяқталғанын аңғарту үшін де дабыл орнына пайдаланған. Дауылпаз тек қазақ халқында ғана кездеспейді. Түбі бір түркі жұртында, оның ішінде өзбек пен қырғыз ағайындарымызда тұрқы дауылпазға келетін музыкалық мұралары бар. Атаулары да қазақтың дауылпазына ұқсайды. Өзбектерде «тәбльбасс» делінсе, қырғыздарда «доолбас» деп аталады.
#4 слайд
•
Даңғара — қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты
дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған,
ішкі жағынан темір алқалар, сақиналар мен сылдырмалар
ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет-
ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды. Аспап
дауылпаз, керней, дабыл сияқты тұрмыста кеңінен
пайдаланылған. Даңғара аспабының үні жаугершілік кезінде
сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты
тоқтатуға бағытталған. Аспап бақсылардың ішінде қобыз
сияқты кеңінен таралған. Даңғараның дыбысының емдік
қасиетке бай, ол адам бойындағы жағымсыз күштерді
шығарады. Даңғара аспабының шанағы қарағай ағашынан
жасалады. Сыртқы жағы ешкі терісімен қапталады. Ішкі жағына
шығыршық, қоңырау, шынжыр, сылдырмақ тағылады. Қосымша
дыбыстық реңк беру үшін аспаптың бетіне ішек тартқан.
Даңғараның көлемі қолданылуына байланысты әр түрлі болады.
Бақсылар көбіне көлемі 1-1,5 метрге, ал әскербасылар 2-2,5
метрге дейін жететін даңғараны қолданған.Даңғара аспабына
ұқсас аспаптар өзге елдерде де кездеседі. Ол ұйғыр халқында
«дап», қалмақтарда «дунгурга», чуваш халқында «хангрма»,
өзбектерде «дойра» деп аталады.
4 слайд
• Даңғара — қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар, сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. Даңғыра шамандық әдет- ғұрыптардың бөлінбес белгілемесі болып табылды. Аспап дауылпаз, керней, дабыл сияқты тұрмыста кеңінен пайдаланылған. Даңғара аспабының үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған. Аспап бақсылардың ішінде қобыз сияқты кеңінен таралған. Даңғараның дыбысының емдік қасиетке бай, ол адам бойындағы жағымсыз күштерді шығарады. Даңғара аспабының шанағы қарағай ағашынан жасалады. Сыртқы жағы ешкі терісімен қапталады. Ішкі жағына шығыршық, қоңырау, шынжыр, сылдырмақ тағылады. Қосымша дыбыстық реңк беру үшін аспаптың бетіне ішек тартқан. Даңғараның көлемі қолданылуына байланысты әр түрлі болады. Бақсылар көбіне көлемі 1-1,5 метрге, ал әскербасылар 2-2,5 метрге дейін жететін даңғараны қолданған.Даңғара аспабына ұқсас аспаптар өзге елдерде де кездеседі. Ол ұйғыр халқында «дап», қалмақтарда «дунгурга», чуваш халқында «хангрма», өзбектерде «дойра» деп аталады.
#5 слайд
•
Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті
тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген
түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп
жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін
айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден
кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды.
Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен
қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы
шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы
шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының
ептілігі мен икемділігін қажет етеді. Ертеде Кепшікті қыз
- келіншектер бидай суырып, сұлы ұшырып, тары тазалау
үшін тұрмыстық мақсатта қолданып келген. Кейін келе
оны би ырғақтарын сүйемелдеуге, ал бақсы - балгерлер
зікір салып, ауруларға ем жасағанда өз әуендерін
сүйемелдеуге қолданатын болған. Музыкалық мақсат
үшін соқпалы құрал ретінде пайдалану ісі осы
бақсылардың өз дауыстарын сүйемелдеп зікір салу
әрекетінен туындаған.
5 слайд
• Кепшік – қазақ халқының көне ұрмалы аспабы. Кепшікті тұтас ағаштан шауып жасаған. Кейінгі жетілдірілген түрлері тегенге ұқсас – дөңгелек шеңбер ағаш. Иіліп жасалған ағаш шеңберге иленбеген мал терісін айналдыра қайыс баумен байлап бекітеді. Тері әбден кепкен соң шеңбер кенересіне тартып қаптайды. Кепшіктің іші қуыс, бір жағы ғана көн терімен қапталады. Даңғыра аспабынан айырмашылығы шанағының ішіне темір теңгешелер ілінбейді. Дыбысы шаңқылдаған ащы. Кепшікте ойнау саусақ буындарының ептілігі мен икемділігін қажет етеді. Ертеде Кепшікті қыз - келіншектер бидай суырып, сұлы ұшырып, тары тазалау үшін тұрмыстық мақсатта қолданып келген. Кейін келе оны би ырғақтарын сүйемелдеуге, ал бақсы - балгерлер зікір салып, ауруларға ем жасағанда өз әуендерін сүйемелдеуге қолданатын болған. Музыкалық мақсат үшін соқпалы құрал ретінде пайдалану ісі осы бақсылардың өз дауыстарын сүйемелдеп зікір салу әрекетінен туындаған.
#6 слайд
•
Дабыл - қазақтың ұрмалы саз аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы
болған. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді ағаштардан
дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалады. Алып жүруге
ыңғайлы болуы үшін қайыс бау немесе ағаш тұтқы бекітіледі. Дабыл
арнайы қол шоқпармен ұрып ойналады. Дабылдың екі түрлі үлгісі
сақталған. Оның бірі - шеңбер аумағы 1 м 56 см-лік фольклорлық мақсатта
көне аспаптар ансамблі үшін қолданылатын шағын түрі, екіншісі шеңбер
аумағы 3 м 40 см, ені 30 см, биіқт. 1 м 50 см болып келетін үлкен жорық
дабылы. Дабылдың Қазақстаннан табылған көне нұсқалары қазіргі кезде
Санкт-Петербургтің, Семей мен Омбының, Астрахан мен Алматының
мүражайларында сақтаулы. Көне аспапты қалпына келтіріп, қайтадан
қолданылуы еңбек сіңірген шеберлер: А.Аухадиев, Д.Шоқпар-ұлы,
Ш.Байжігітов, С.Кенжеғараев, А.Құмаров, О.Бейсенбаев, А.Хасенов, т.б
•
Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған.Дауысы зор болғандықтан
дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға
аттанар жасақты жиюға қолданған. Дабылды жауынгерлер әдетте жауға
қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып,
ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл даусының ақырын, қатты
болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған. Ауыз әдебиетінде
айтылатын, жорықта қолданылатын дабыл дауысы күндей күркүреп
шығатын аса үлкен аспап болыпты. Ол XVI–XVII ғасырлардың көптеген
эпикалық аңыз, жырларынан да кездеседі.
6 слайд
• Дабыл - қазақтың ұрмалы саз аспабы. Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған. Дабылдың шанағы тал, қайың, тораңғы секілді ағаштардан дөңгелек шеңбер түрінде иіліп, оған тері қапталып жасалады. Алып жүруге ыңғайлы болуы үшін қайыс бау немесе ағаш тұтқы бекітіледі. Дабыл арнайы қол шоқпармен ұрып ойналады. Дабылдың екі түрлі үлгісі сақталған. Оның бірі - шеңбер аумағы 1 м 56 см-лік фольклорлық мақсатта көне аспаптар ансамблі үшін қолданылатын шағын түрі, екіншісі шеңбер аумағы 3 м 40 см, ені 30 см, биіқт. 1 м 50 см болып келетін үлкен жорық дабылы. Дабылдың Қазақстаннан табылған көне нұсқалары қазіргі кезде Санкт-Петербургтің, Семей мен Омбының, Астрахан мен Алматының мүражайларында сақтаулы. Көне аспапты қалпына келтіріп, қайтадан қолданылуы еңбек сіңірген шеберлер: А.Аухадиев, Д.Шоқпар-ұлы, Ш.Байжігітов, С.Кенжеғараев, А.Құмаров, О.Бейсенбаев, А.Хасенов, т.б • Дабыл ежелден дыбыс беру құралы болған.Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған. Дабылды жауынгерлер әдетте жауға қарсы шабуылға көтерілгенде немесе туған елге қайтып оралып келе жатып, ауылдың іргесіне таяп қалғанда қолданған. Дабыл даусының ақырын, қатты болып келуіне қарай әр түрлі көлемде жасалған. Ауыз әдебиетінде айтылатын, жорықта қолданылатын дабыл дауысы күндей күркүреп шығатын аса үлкен аспап болыпты. Ол XVI–XVII ғасырлардың көптеген эпикалық аңыз, жырларынан да кездеседі.
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
12 слайд
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
14 слайд
шағым қалдыра аласыз













