Материалдар / Вариатив "Ертегілер әлемі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Вариатив "Ертегілер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
өз тәжірейбемді бөліскім келеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2021
666
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Ертегілер жинағы

1 слайд
Ертегілер жинағы

1 слайд

Ертегілер жинағы

Мазмұны: “ Шалқан” ертегісі “ Түлкі мен құмыра” “ Күн, Ай, және Әтеш” “ Түлкі мен тырна” “ Қызыл алма” “ Үндемес ит” “ Бала қарғ

2 слайд
Мазмұны: “ Шалқан” ертегісі “ Түлкі мен құмыра” “ Күн, Ай, және Әтеш” “ Түлкі мен тырна” “ Қызыл алма” “ Үндемес ит” “ Бала қарға”

“ Шалқан” ертегісі Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады.

3 слайд
“ Шалқан” ертегісі Атай шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ боп, шалқалай тартады. Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суыра алмайды. Атай әжейді шақырады. Әжей атайдын белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, тартып суыра алмайды. Әжей немере қызын шақырады. Немере қызы әжейдің белінен ұстайды, Атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылайды, бұлай тартұылайды суыра алмайды. Немересі күшігін шақырады. Күшік мысықты шақырады. Мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, қыз әжейдің белінен ұстайды, олай тартқылайды, бұлай тартқылайды, суыра алмайды. Мысық тышқанды шақырады, тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың етегінен ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды, атай шалқанның желегінен ұстайды, олай тартқылап, бұлай тартқылап, ақыры шалқанды суырып алыпты .

«Түлкі мен құмыра» Егін ора келген шаруа сүт құйып алған құмырасын шөптің арасына тығып, өзі алқапты аралап кетеді. Бұны сол м

4 слайд
«Түлкі мен құмыра» Егін ора келген шаруа сүт құйып алған құмырасын шөптің арасына тығып, өзі алқапты аралап кетеді. Бұны сол маңда жортып жүрген түлкі көріп қояды. Оңтайлы сәтті пайдаланып, бұғынып келеді де, құмыраның ішіне басын тығып жіберіп, сүтті түк қалдырмай ішіп алады. Енді басын шығарайын десе, басы кептеліп қалыпты. Ол құмыраны түсіре алмай, әбден әуреге түседі. Дегбірі кеткен түлкі: -Әй, құмыра, біраз ойнадың, жетер енді, жібер менің басымды? – деп жалына бастайды. Жұлқынса да, жалынса да басы шықпайды. Сонда ол ашуланып: Қап, бәлем тұра-тұр! Жақсылықпен жібермесең, суға батырамын деп жүгіріп келіп өзенге күмп беріпті. Сөйтіп, ашқарақ түлкі құмырамен бірге суға батып кетіпті.

«Күн, Ай, және Әтеш» Ерте, ерте, ертеде аспанда ағайынды үш бала өмір сүріпті.Үлкені –Күн, ортаншысы - Ай, кішісі – Әтеш екен.

5 слайд
«Күн, Ай, және Әтеш» Ерте, ерте, ертеде аспанда ағайынды үш бала өмір сүріпті.Үлкені –Күн, ортаншысы - Ай, кішісі – Әтеш екен. Күн жерде тіршілік ететін адамдарға, өсімдіктер мен жануарларға жарық пен жылу таратуға кеткенде, үйдегі Аймен Әтеш үнемі келіспей қала береді екен. Бір күні әбден ыза болған Ай Әтешті айдарынан ұстап алып, жерге лақтырып жіберіпті. Кешке үйге келген Күн болған жағдайды естіп біледі. Ашуға бұлығап Айға: -Туған ініңді көзің қиып қалай лақтырдың? Сендей рақымсызды көргім келмейді. Бұдан былай аспанға мен күндіз, сен түнде шығатын боламыз. Ал Әтеш жақын інім болып қала береді. Ол мені ұмытпайды,- дейді. Сол уақыттан бастап Әтеш таң атысымен, Күнді көргенде «Кукареку!» деп айқай салатын болыпты. Бұл «Амансыз ба? Күн –аға!»дегені екен. Ал кеш түссе, қонақтауға кетеді. Өйткені, аспанға шыққан Айды көргісі келмейтін көрінеді.

« Түлкі мен тырна» Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір адам түсіп, інге

6 слайд
« Түлкі мен тырна» Бір түлкі тырнамен жолдас болып, түлкінің апанына келіп кіріпті. Бұлардың ізіне бір адам түсіп, інге келіпті: інді қазып, әлгілерге жақындаган мезгілде шыбық салыпты. Шыбық тиген соң, тырна түлкіге айтыпты: «Алпыс амал түлкіде, алпыс екі амал адамда деуші еді, сол амалыңның біреуімен құтқар,- деді, - құтқармасаң өлеміз», -деді . Сонда түлкі «Амалым құрыды», - деді. Тағы өлуге жеткен соң, тырна айтыпты: «Олай болса,менің бір амалым бар! Сол амалмен құтылармыз»,- деді. Түлкі айтыпты: «Мен өлген боп, ауыз жағында жатайын. Сонда ол қол созар да мені алып тастар, жемтік екен деп. Сонда мен айғай салып ұшармын, ол жалт қарағанда, сен жүгіріп кет», - деді де, інінің аузына барып жатыпты. Жігіт қол созыпты,тырна қолына ілініпті, кісі алып қараса,өлген тырна екенін көрген соң ,жерге тастай беріпті. Сонда тырна айғай салып ұша жөнеліпті. Кісі «ах» деп жалт қарағанда, түлкі шыға жөнеліпті. Сөйтіп, екеуі де құтылыпты.

“ Қызыл алма” Орман аралап жүрген Қоян алманы б айқап қалады. Қоян: - Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте секіріп жете а

7 слайд
“ Қызыл алма” Орман аралап жүрген Қоян алманы б айқап қалады. Қоян: - Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте секіріп жете алмайсың! Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды. Қарға: - Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян: -Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! - дейді. Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұмсығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп қалады. Қоян: - Рақмет, саған, Қарға! - деді де Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді. - Бұл қалай? Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп: - Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! - деп айғайлады. - Менің алмамды қайда алып бара жатырсың? Кірпі кідірместен: Бұл - менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым. Қоян да қояр емес! - Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады. - Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік- шынын араластыра. Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман айғайдан у-шу болып кетеді. Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады. - Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап: -Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондықтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? - деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды. Аю сәл ойланып, сұрады: - Алманы кім тапты? - Мен! - деді Қоян . - Ал, алманы кім үзіп алды? - Мен! - деп қарқ етті Қарға . - Жақсы. Кім оны ұстап алды? - Мен ұстап алдым! - деді Кірпі . - Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі! - Мұнда бір алма ғой! - деді Кірпі, Қоян, Қарға түк түсінбей. - Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! - деді аю . Мұны естіп бәрі қуанып кетті: - Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: - Бұл саған, Қоян - сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін Қарғаға беріп: - Бұл саған, Қарға - сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі аузына салып: - Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған - мен! Кірпі Аюға төртінші бөлігін беріп: - Бұл саған, Аю! - Маған, не үшін? - деп таңқалды Аю. - Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! - деді ол, риза кейіппен. Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді. «Береке басы - бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді.

« Үндемес ит » Ерте заманда үй жануарлары – түйе, сиыр, қой, жылқы, ит- бәрі бас қосыпты. Түйе тұрып : -Менің адам баласын

8 слайд
« Үндемес ит » Ерте заманда үй жануарлары – түйе, сиыр, қой, жылқы, ит- бәрі бас қосыпты. Түйе тұрып : -Менің адам баласына пайдам шаш етектен! Көшсе – көлікпін. Сүтімнен шұбат ішеді. Жүнімнен неше түрлі киім киеді.....-деп мақтаныпты. Бұдан соң қой,сиыр, жылқыларда өз қасиеттерін айтып асып тасады. Олар осылай шалқып отырғанда,ит-үн- түнсіз қалғып- мүлгіп жата береді.Сонда түйе: -Әй,салпаң құлақ! Негып ауызыңа құм құйылып қалды? Ауыз толтырып айтатын ештемең жоқ-ау, сірә?-дейді. Сол кезде бұл әңгімені қожайындары да тыңдап тұр екен. -Ит болмағанда, ол сендерді күзетпегенде, қасқыр бәрінің түбіңе жетер еді, - депті ол. Бұл жөн сөзге жануарлар сөз қайтара алмай қалыпты.

« Бала қарға » Ала қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып,айдалада жатқан жемтікке келіпті.Балапаны анасынан бұрын бас са

9 слайд
« Бала қарға » Ала қарға жаңа ұшырған балапанын ертіп алып,айдалада жатқан жемтікке келіпті.Балапаны анасынан бұрын бас салып, жемтікті шоқи беріпті. Ана қарға жан-жағына жалтақтай қарап: -Балам, біздің жауымыз көп. Сондықтан тамақ жегенде бір шоқып, төңірегіне бір қарап ал-деп ақыл айтыпты. - « Сақтықта қорлық жоқ » апа. Өзің бір шоқып,жаң- жағыңа екі қарай тұр,-деп бала қарға жемтікті шоқи берген екен. Содан бері қарғалар бір шоқып, екі қарайтын болыпты.