Ыбырай Алтынсарин. "Қыпшақ Сейітқұл" әңгімесі

#1 слайд
Ыбырай Алтынсарин
«Қыпшақ Сейітқұл»
әңгімесі
1 слайд
Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
#2 слайд
Ыбырай (Ибраһим)
Алтынсарин –
қазақтың ағартушы-
ұстазы, ақын,
жазушы, қоғам
қайраткері. Ыбырай 1841 жылы қазан
айының 20-сында қазіргі
Қостанай облысы, Қостанай
ауданында дүниеге келген. Үш-
төрт жасында әкесі Алтынсары
қайтыс болып, атасы
Балғожаның қолында өсіп,
тәрбиеленеді.
Ыбырай Алтынсарин
шығармаларының көбі шағын әңгіме
түрінде берілген. Жазушы ретінде қазақ
әдебиетіндегі әңгіме жанрының
қалыптасуына ықпал етті.
2 слайд
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин – қазақтың ағартушы- ұстазы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері. Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. Үш- төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Ыбырай Алтынсарин шығармаларының көбі шағын әңгіме түрінде берілген. Жазушы ретінде қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының қалыптасуына ықпал етті.
#3 слайд
Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы – еңбекті сүю және қадірлеу.
Өзінің шағын әңгімелерінде жазушы жастарды еңбекқор болуға, өнер
үйренуге, белгілі бір кәсіптің иесі болуға үндейді. Өзінің «Білгеннің
пайдасы», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Шеше
мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Атымтай жомарт», «Әке мен
бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» т.б.
әңгімелеріндегі шағын оқиғалар арқылы үлгі-өнеге беруге тырысады.
3 слайд
Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы – еңбекті сүю және қадірлеу. Өзінің шағын әңгімелерінде жазушы жастарды еңбекқор болуға, өнер үйренуге, белгілі бір кәсіптің иесі болуға үндейді. Өзінің «Білгеннің пайдасы», «Дүние қалай етсең табылады», «Талаптың пайдасы», «Шеше мен бала», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Атымтай жомарт», «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» т.б. әңгімелеріндегі шағын оқиғалар арқылы үлгі-өнеге беруге тырысады.
#4 слайд
Әңгіме – оқиғаны
қарасөзбен
баяндайтын шағын
көркем шығарма
жанры.
Сюжет - адамдардың
әрекетiнен, қарым-
қатынасынан туындайтын
оқиғалар бөлшегi.
Композицияның әр элементi
сюжет болып есептеледi.
Әңгіменің көлемі шағын,
кейіпкерлер саны аз, сюжет
ұйтқысын құрайтын
оқиғаның басталуы,
шарықтау шегі мен шешімі
болады. Әңгіме жанры аз сурет
арқылы көп жайды
аңғарта білетін
айрықша көркемдік
шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші
жақтан баяндалып,
әңгімешінің оқиғаға
тікелей қатыстылығын
көрсетеді.
4 слайд
Әңгіме – оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Сюжет - адамдардың әрекетiнен, қарым- қатынасынан туындайтын оқиғалар бөлшегi. Композицияның әр элементi сюжет болып есептеледi. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйтқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді.
#5 слайд
Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің сюжетінде Қыпшақ
Сейітқұлдың елі үшін аянбай еңбек еткені баяндалады. Қыпшақ
Сейітқұл елінің жағдайын жақсарту мақсатымен Асан қайғы бабамыз
секілді біраз жерді аралаған екен. «Ат арық болса жер семіз» деп атын
қамшылап, біраз жерді шарлаған.
Диқан бабамыз бармағы майысқан шебер, сөзге шешен адам болған.
Ел аузында Сейітқұл айтыпты деген, кәсіпшілікке байланысты
қанатты сөздер көп сақталған. «Ексең егін – ішерсің тегін», «Жеті күн
жауған жаңбырдан желіп өткен су артық», «Өзен жағалағанның өзегі
талмас», «Тамыр тартқан тарықпас», т.б. мағыналы сөздерін халық
қалтқысыз қағидадай қабылдап, мақалға айналдырған.
5 слайд
Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің сюжетінде Қыпшақ Сейітқұлдың елі үшін аянбай еңбек еткені баяндалады. Қыпшақ Сейітқұл елінің жағдайын жақсарту мақсатымен Асан қайғы бабамыз секілді біраз жерді аралаған екен. «Ат арық болса жер семіз» деп атын қамшылап, біраз жерді шарлаған. Диқан бабамыз бармағы майысқан шебер, сөзге шешен адам болған. Ел аузында Сейітқұл айтыпты деген, кәсіпшілікке байланысты қанатты сөздер көп сақталған. «Ексең егін – ішерсің тегін», «Жеті күн жауған жаңбырдан желіп өткен су артық», «Өзен жағалағанның өзегі талмас», «Тамыр тартқан тарықпас», т.б. мағыналы сөздерін халық қалтқысыз қағидадай қабылдап, мақалға айналдырған.
#6 слайд
Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта:
«Бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын?» деп ойға
қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады,
ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін
де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп
жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына
тоқтады. «Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және
жаманшылық болса, қалың қыпшақ деген руға жақынырақ екен» деп, сол жерді ұнатып
қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп,
Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны
әдет еткен, інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей,
ескі орны Түркістан жағында қалды.
Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен
беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып
шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жыйып алып, артығын төңірегіндегі
көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді
жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол
күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың
малдары көбейіп, бай болды. Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейді, ел
жыйылып Сейітқұл жұрт ағасы болды. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
6 слайд
Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта: «Бұл отыз үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын?» деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ, барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп, Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай төресіндегі Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. «Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан шетірек және жаманшылық болса, қалың қыпшақ деген руға жақынырақ екен» деп, сол жерді ұнатып қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен, інісінің қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды. Қабырғаның бойына келген соң, Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су жіберді. Егіні піскен соң орып, жыйып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан-жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып, суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Сейітқұлдың өзі де, жыйылған халқы да адалдары көбейді, ел жыйылып Сейітқұл жұрт ағасы болды. «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі
#7 слайд
СӨЗ МАРЖАН
Тобыр – белгілі бір мақсатпен жиналған
халық, топтасқан топ.
Барымта – көне сөз. Жауласқан екі рудың
бірінің – бірі мал – мүлкін күшпен тартып
алуы, кек қайтару.
Кетпен – арық қазуға, жер өңдеуге
арналған құрал.
Шығыр – көне сөз. Құдықтан су тартып
шығаруға арналған жүк көтергіш құрал.
Шым – бұл жерде: жерден ойып алынған
шым кесегі, яғни саз.
Жабағы – бұл жерде: түйе мен қойдың
ұйысқан түрі.
7 слайд
СӨЗ МАРЖАН Тобыр – белгілі бір мақсатпен жиналған халық, топтасқан топ. Барымта – көне сөз. Жауласқан екі рудың бірінің – бірі мал – мүлкін күшпен тартып алуы, кек қайтару. Кетпен – арық қазуға, жер өңдеуге арналған құрал. Шығыр – көне сөз. Құдықтан су тартып шығаруға арналған жүк көтергіш құрал. Шым – бұл жерде: жерден ойып алынған шым кесегі, яғни саз. Жабағы – бұл жерде: түйе мен қойдың ұйысқан түрі.
#8 слайд
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің сюжеттік дамуы
Оқиғаның басталуы: Сейітқұлдың арманы
Оқиғаның дамуы: Сейітқұлдың жайлы қоныс
іздеуі
Оқиғаның шиеленісуі: Жаңа кәсіппен
айналысқан ел
Оқиғаның шарықтау шегі: Сейітқұл
ағасының тағдыры
Оқиғаның шешімі: Жұрт ағасы болған
Сейітқұл
8 слайд
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің сюжеттік дамуы Оқиғаның басталуы: Сейітқұлдың арманы Оқиғаның дамуы: Сейітқұлдың жайлы қоныс іздеуі Оқиғаның шиеленісуі: Жаңа кәсіппен айналысқан ел Оқиғаның шарықтау шегі: Сейітқұл ағасының тағдыры Оқиғаның шешімі: Жұрт ағасы болған Сейітқұл
шағым қалдыра аласыз













