Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 13 материал
Шу ауданында әйел жамағатына арналған семинар курс өтті
Муратбаев Каныбек
16 Қазан 2025
30
Шу ауданында ҚМДБ-ның ұстазы, бала психологы Қасым Анараның жетекшілігімен «Арабша грамматика» және «Бала тәрбиесі» тақырыптарында семинар курс ұйымдастырылды. Шараға 30-дан астам әйел жамағаты қатысып, діни білім мен отбасы тәрбиесіне қатысты тың мәліметтер алды. Семинар барысында қатысушылар араб тілінің негізгі грамматикалық ерекшеліктерін үйреніп, ислам тәрбиесінің бала психологиясына оң әсері жайында мағыналы әңгіме тыңдады. Сонымен қатар спикер ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, рухани және моральдық құндылықтардың маңызы туралы ой қозғап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай шаралар әйелдердің діни сауатын арттыруға, отбасы құндылықтарын нығайтуға және қоғамдағы рухани мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа
Мақала
Басқа
Жуалы ауданында ұлттық жоба мен көші-қон саясаты түсіндірілді
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
17
"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессоры, «Өңіртану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы жергілікті ауыл тұрғындары мен этнос өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2023–2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы түсіндірілді. Сонымен қатар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, араздық тіліне жол бермеу, тілдік және этникалық негізде кемсітушіліктің алдын алу, этносаралық толеранттылықты қалыптастыру мәселелері де сөз болды. Спикер құжаттарда көрсетілген басымдықтарға тоқталып, өңірлерді дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, көші-қон үдерістерін тиімді басқару және қоғамдағы
Басқа
Мақала
Басқа
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, ЖУАЛЫ АУДАНЫ, Б.МОМЫШҰЛЫ АУЫЛЫНДА “ҮЕҰ-МЕМЛЕКЕТ-БИЗНЕС” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
16
"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің қызметін дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жобасының аясында Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында “ҮЕҰ-Мемлекет-Бизнес” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған семинардың мақсаты үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қолдау болып табылады. "NURAI PLAZA" бизнес орталығында "Іскер әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Малибекова Нурила үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен өз тәжірибесімен бөлісті.
Басқа
Мақала
Басқа
Жуалы ауданында ата-аналармен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
36
"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, психолог Тілеухан Бақдәулет Мамырханұлының қатысуымен №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде мектеп оқушыларының ата-аналарына арнап түсіндіру кездесуі өткізілді. Шара барысында ата-аналарға нашақорлықтың жеке тұлға мен қоғамға тигізер зияны туралы кеңінен айтылып, жасөспірімдердің бойында теріс әдеттердің алдын алу үшін отбасының рөлі ерекше екені баса назарға алынды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарымыздың жастарды жаман әдеттерден алшақтататын тәрбиелік маңызы жан-жақты түсіндірілді. Кездесу соңында ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін арттыруға, ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.
Басқа
Мақала
Басқа
Әскери бөлімде «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» тақырыбында кездесу өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
20
Жуалы ауданындағы №91678 әскери бөлімінде «Суицидтің өршуі – қоғамға келген қатер» атты тақырыпта тәрбие бағытына арналған кездесу өткізілді. Шараға 200-ден астам әскери қызметкер қатысып, қоғамда өзекті мәселеге айналып отырған суицидтің алдын алу жолдары мен оның теріс салдары жайлы түсінік алды. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы, теолог Рамазан Абделиев арнайы қатысып, деструктивті ойлардың адам өміріне келтіретін зияны туралы жан-жақты баяндап берді. Сонымен қатар, өмірді бағалау, төзімділік, қиындықтарды еңсеру жолдары мен діннің асыл құндылықтары арқылы адамның рухани тұрақтылығын арттырудың маңызына тоқталды. Кездесу барысында әскери қызметкерлер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай іс-шаралар жастар мен әскери қызметкерлердің психологиялық тұрақтылығын арттыруға, өмірге деген құлшынысын күшейтуге ықпал етеді.
Басқа
Мақала
Басқа
Жуалы ауданында оқушылар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында семинар-тренинг өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
14
«Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық “Жастар” денсаулық орталығының жетекшісі, психолог Қалдыбаева Гүлзира Бекболатовна Жуалы ауданы Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында “Оқушылар арасында суицидтік мінез-құлықты анықтау және алдын алу жолдары” тақырыбында мектеп психологтары мен сынып жетекшілерге арналған семинар-тренинг өткізді. Іс-шараның мақсаты – педагогтар мен психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру, оқушылардың психологиялық жағдайын ерте анықтау әдістерін үйрету және суицидтің алдын алу тетіктерін талқылау болды. Семинар барысында қатысушыларға оқушылардың мінез-құлқындағы қауіпті белгілерді тану, психологиялық қолдау көрсету, ата-анамен байланыс орнату және дағдарыстық жағдайларда әрекет ету жолдары бойынша тәжірибелік кеңестер берілді. Тренинг соңында қатысушылар сұрақтар қойып, тәжірибе алмасып, өзара пікір а
Басқа
Мақала
Басқа
Жуалы ауданында «Нашақорлық – құрдымға апарар жол» тақырыбында кездесу өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
17
Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылдық округі №1 Ш.Мұртаза мектебінде «Нашақорлық – құрдымға апарар жол» атты тақырыпта тәрбиелік маңызы зор кездесу ұйымдастырылды. Шараға 150-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысып, зиянды әдеттердің жастар өміріне тигізер зардабы жайында мағлұмат алды. Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы, теолог Рамазан Абделиев арнайы қатысып, нашақорлықтың жеке тұлғаға, отбасына және тұтас қоғамға тигізетін ауыр зардаптары туралы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, діннің асыл құндылықтары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы жайында өз ойымен бөлісті. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тағылымды ой түйді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың дұрыс бағытта дамуына, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауына ықпал етеді.
Басқа
Мақала
Басқа
Жуалы ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты ұранмен бұқаралық спорт түрінен жарыс өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
14
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу мақсатында Жуалы ауданында стритболдан жарыс ұйымдастырылды. «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында өткен спорттық шараға аудан жастары белсене қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар спорт арқылы денсаулықты нығайтудың, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызына көз жеткізді. Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, қатысушыларға салауатты өмір салтының қоғам үшін маңызы түсіндірілді. Мұндай спорттық бастамалар жастарды дұрыс бағытқа жетелеп, олардың бойында ұжымшылдық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа
Мақала
Басқа
Жуалы ауданында нашақорлыққа қарсы акция өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
15
Жуалы ауданында нашақорлыққа қарсы акция өтті 26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай Жуалы ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты акция ұйымдастырылды. Шара барысында аудан тұрғындарына нашақорлықтың жеке адам өміріне, отбасы мен қоғамға тигізер зиянды әсері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Акцияға дәрігерлер арнайы қатысып, есірткі қолданудың денсаулыққа қауіпті салдары мен оның алдын алу жолдары жайында кеңінен ақпарат берді. Мұндай шаралар қоғамда салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауына ықпал етеді.
Басқа
Мақала
Басқа
Шу ауданында діни бағыттағы семинар өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
19
Бүгін Шу ауданында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Данияр Еркінұлының қатысуымен маңызды семинар өтті. Аталған жиын «Аманат» партиясының аудандық филиалы ғимаратында ұйымдастырылды. Семинар барысында «Дін және мәдениет қатынасы: зайырлы ел ұстанымы» және «Шариғаттағы имамға деген талаптар» тақырыптары кеңінен талқыланды. Данияр Еркінұлы Қазақстандағы зайырлы мемлекет ұстанымының ерекшеліктерін, діни сананы қалыптастырудағы мәдениеттің рөлін және қазіргі қоғамдағы имамдардың жауапкершілігі мен міндеттерін атап өтті. Іс-шараға ауылдық округтердегі дін саласына жауапты мамандар, мешіт имамдары, ардагерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды. Семинардың негізгі мақсаты – діни тұрақтылықты сақтау, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу және дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Басқа
Мақала
Басқа
Шу ауданында мешіт жамағаты арасында Құран жарысы өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
29
«Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы ЖҚБ ұйымдастыруымен Шу ауданының орталық мешітінде жамағат арасында Құран жарысы өтті. Шараның мақсаты – жамағаттың Құран іліміне деген қызығушылығын арттыру, діни білімді тереңдету және имандылық құндылықтарын насихаттау болды. Жарыс барысында қатысушыларға Құран Кәрімге қатысты сұрақтар жазылған арнайы парақшалар таратылып, жауаптарын белгілеу арқылы білімдерін сынады. Нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында аудан имамы ұйымдастыру ісіне атсалысқан барша жамағатқа ризашылығын білдіріп, осындай рухани бәсекелердің жамағатты біріктіріп, білімге ынталандыратынын атап өтті.
Басқа
Мақала
Басқа
Шу ауданында «Дін рухани тәрбиенің ұлттық құндылығы» тақырыбында кездесу өтті
Муратбаев Каныбек
10 Қазан 2025
29
Шу ауданы, Әбу Бәкір мешітінде «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «JASTAR» дамыту орталығы ЖҚБ ұйымдастыруымен РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұлдың қатысуымен «Дін рухани тәрбиенің ұлттық құндылығы» атты кездесу өтті. Шараға 30-дан астам мешіт жамағаты жиналды. Олардың қатарында ардагерлер, мешіт имамдары, жастар және жергілікті тұрғындар болды. Кездесу барысында дін мен қоғамның өзара байланысы, жастардың тәрбиесі, экстремизмнің алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу мәселелері қозғалды. Қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, білікті маманнан тұшымды жауап алды. Мұндай іс-шаралар қоғамда діни сауаттылықты арттыруға, ұлттық құндылықтарды нығайтуға және жастардың дұрыс бағытта дамуына ықпал етеді.
Басқа
Мақала
Басқа
ДІН МАМАНДАРЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Муратбаев Каныбек
25 Сәуір 2024
247
Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының мұрындық болуымен дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған екі күндік облыстық оқыту семинарын өтті. Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш семинарға облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мешіт имамдары мен теолог мамандар қатысты. Іс-шараға бас-аяғы 150-ге жуық адам қамтылды. Оқыту семинарын арнайы шақырылған республикалық маңызы бар лекторлар, атап айтқанда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Түркістан қаласының дінтанушылары мен оқытушылары, психологтар мен блогерлері жүргізіп, актуалды тақырыптарда дәрістер оқып, тәжірибе алмасты. Семинарда қозғалған тақырыптардың бірі - діни гомилетика (дағуат
Дінтану
Мақала
Басқа