Жуалы ауданында ата-аналармен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Жуалы ауданында ата-аналармен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті
Материал туралы қысқаша түсінік
"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «JASTAR» дамыту орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары, психолог Тілеухан Бақдәулет Мамырханұлының қатысуымен №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде мектеп оқушыларының ата-аналарына арнап түсіндіру кездесуі өткізілді.
Шара барысында ата-аналарға нашақорлықтың жеке тұлға мен қоғамға тигізер зияны туралы кеңінен айтылып, жасөспірімдердің бойында теріс әдеттердің алдын алу үшін отбасының рөлі ерекше екені баса назарға алынды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарымыздың жастарды жаман әдеттерден алшақтататын тәрбиелік маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Кездесу соңында ата-аналар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін арттыруға, ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
10.10.2025
36
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз













