Жуалы ауданында «Нашақорлық – құрдымға апарар жол» тақырыбында кездесу өтті
Тақырып бойынша 11 материал табылды
Жуалы ауданында «Нашақорлық – құрдымға апарар жол» тақырыбында кездесу өтті
Материал туралы қысқаша түсінік
Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылдық округі №1 Ш.Мұртаза мектебінде «Нашақорлық – құрдымға апарар жол» атты тақырыпта тәрбиелік маңызы зор кездесу ұйымдастырылды.
Шараға 150-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысып, зиянды әдеттердің жастар өміріне тигізер зардабы жайында мағлұмат алды.
Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру және талдау бөлімінің инспекторы, теолог Рамазан Абделиев арнайы қатысып, нашақорлықтың жеке тұлғаға, отбасына және тұтас қоғамға тигізетін ауыр зардаптары туралы кеңінен сөз қозғады. Сонымен қатар, діннің асыл құндылықтары арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы жайында өз ойымен бөлісті.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тағылымды ой түйді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың дұрыс бағытта дамуына, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауына ықпал етеді.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
10.10.2025
17
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз













